Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Байтұрсынов А. «Ақ жол»: Өлеңдер мен тәржімелер, публ.
Мақалалар және әдеби зерттеу /Құраст. Р. Нұрғалиев. –Алматы:
Жалын, 1991. – 464 бет.)
2.Хализев В.Е. Теория литературы: Учебник/ В.Е. Хализев.– 4-е
изд., испр.и доп.– М.: Высш. шк., 2005 – 405 с.
3.Веселовский А.Н. Историческая поэтика/Вступ.ст. И.К. Горс-
кого; Сост., коммент. В.В. Мочаловой. – М.: Высш. шк., 1989. – 406
с. – (Классика литературной науки)
4.Бахтин М. М. Эстетика словесного творчества. 2-е изд. – М.:
Искусство, 1986. – 445 с.
5. Р.Уэллек, О. Уоррен. Теория литературы. – М.: Прогресс,
1978. – 325с.
6.Тюпа В. И., Ромодановская Е. К. Словарь мотивов как научная
проблема // Материалы к «Словарю сюжетов и мотивов русской
литературы»: От сюжета к мотиву. Под ред. В. И. Тюпы. Новоси-
бирск: Институт филологии СО РАН, 1996. – С. 3-15.
7.Гаспаров Б. М. Язык, память, образ. Лингвистика языкового
существования. Текст. / Б. М. Гаспаров — М.: Новое литературное
обозрение, 1996.-352с.
8.Меднис Н. Е. Мотив воды в романе Ф. М. Достоевского «Прес-
тупление и наказание» // Роль традиции в литературной жизни эпо-
хи. Сюжеты и мотивы. Новосибирск, 1995. – С.79-88.
ПОРТРЕТТЕР
ЖӘНЕ
ЕСТЕЛІКТЕР
II бµлiм
106
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
107
х. сүйіншӘлиевтің Әдебиет
тарихы Жайлы толғамдары
Х
анғали Сүйіншәлиев – қазақ әдебиетін дәуірлеу
мәселесіне, оның өсу, даму тарихын жүйелеп
зерттеу ісіне саналы өмірін арнаған ғалым. Ол туған
әдебиет тарихын халқымыз бастан кешкен қоғамдық,
саяси-экономикалық тарихымен тығыз ұштастыра
зерттеді. «Әдебиет тарихы – ең алдымен, тарихи ғы-
лым. Әр дәуірдің әдебиет қайраткерлеріне сол дәуір
талабы тұрғысында баға беріледі, оның өзі өмір сүріп
отырған заманның басты мәселелерін қаншалықты ай-
қын танып, қоғамдық ой мен өнердің дамуына қанша-
лықты үлес қосқанын айқындап алуды қажет етеді» / 1,
13-14/ , – деп жазады ғалым «Қазақ әдебиетінің тари-
хы» (1997) оқулығының кіріспесінде. Сондай-ақ, ол қа-
зақ мәдениеті мен әдебиетінің қалыптасып, дамып, өр-
кендеуі жайлы кеңінен ой қозғайды. Халық тарихының
қалың қатпарларына үңіліп, онымен біте қайнасып жат-
қан әдебиет, сөз өнерінің сырлы сарайларына да сергек
ой, сұңғыла таным отын жағады. Ең алдымен, әдебиет
тарихы нені зерттейді деген сұраққа тұрлаулы жауап
айтады: « Әдебиет тарихы өткен дәуірлер суреткерлері
жасаған көркем туындыларды талдап, поэзиямыздың
қалыптасуына өз еңбектерімен ықпал еткен ақын, жа-
зушылар творчествосын зерттейді. Олардың өнер тари-
хынан алатын орнын белгілейді. Бірақ әдебиет тарихын
көркем шығармалар мен өткен дәуір жазушыларының
ғана сарабына айналдыруға әсте болмайды. Оны әде-
би ағымдардың жиынтығы деп қарау да орынсыз. Өйт-
кені әдебиет тарихы – күрделі де жанды процесс. Ол
әрбір идеялық, көркемдік ағымдар мен мен бағыттар-
дың жеке топтармен қайшы идеялық күресін, әдебиет
жанры, стилі, әдістерінің есею,кемелдену, қалыптасу
сатыларын, көркем сөз өнерінің даму кезеңдерін, тілдік
құралдарының жетілу жолдарын т.б. тарихи заңдылық-
тарын танытады. Белгілі тарихи дәуірлер көркем туын-
дыларының тұтас бет алысын, негізгі нысанасын анық-
тау белгілі дәрежеде, сол бір халық әдебиетінің тұтас
даму процесін, бүкіл ішкі сырын ашу қажет болады» /1,
14/. Шынында, ғалым өз оқулығында әдебиет тарихы
алдына қойған осынау міндет-мақсаттарды түбегейлі
атқарып шыққанына көз жеткізуге болады. Анығында,
оның әдебиет тарихын тапжылмай зерттеп, тынымсыз
тер төгіп түйген тұжырымдарының қай-қайсысы да
әдебиеттану ғылымындағы мәнін жоғалтпақ емес.
Әдебиет тарихын терең де шынайы зерделеу жо-
лында ғалым тоталитаризм тосқауылына да тап болды.
Соған қарамастан бұл тұста әдебиет тарихын зерттеу
сияқты күрделі де жауапкершілігі мол іске батыл кіріс-
кендердің бірі болды. 1967 жылы ғалым «Қазақ әде-
биетінің қалыптасу кезеңдері» деген монографиясын
жариялады. Бұнда қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі
қайта қаралды, оның көне дәуірден бастап, XIX ғасыр-
дың аяғына дейінгі даму тарихы жүйеленді. Ал, кейін-
нен тәуелсіздікке қол жеткен кезде «Қазақ әдебиетінің
тарихы» (1997) атты оқулығын жазды. Бұнда қазақ
әдебиетінің VIII ғасырдан XX ғасырға дейінгі тарихы
жаңаша көзқараста танылып, тың деректермен толық-
108
МС
Достарыңызбен бөлісу: |