Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет32/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
109
тырылды. Ұстаз-ғалым Х.Сүйіншәлиев өзінің өмірлік-
ғылыми тәжірибесінде әдебиет тарихын зерттеудегі 
сыңаржақтыққа жол бермеуге тырысады. Ғалымның: 
«Тарихты тарих деп түсіну абзал. Оның әрбір кезеңінде 
өмір сүрген қайраткерлердің өмір талғамы, түсініктері, 
қиялдауы, ой өрістері бір емес. Озық ойларына қоса, 
қайшы пікірлерге бой ұрған өнер өкілдері де аз болған 
жоқ. Зерттеушінің міндеті – сол міндетті бұрмаламай, 
орынсыз сақтыққа салынып, жалтақтамай, озық ілім 
тұрғысында баяндай білу: олардың шығармаларын-
дағы идеялық ақауды сылап-сипамай, сынай отырып, 
әдебиетке қосқан үлестеріне жете назар аудару» /1,15/, 
– деген бағалы ой-пікірлері болашақ зерттеушілерге 
айтқан өсиеті іспеттес екені дау тудырмайды. Әдебиет 
тарихының белгілі зерттеушісі Х.Сүйіншәлиев әлгін-
дей кемістіктердің болуының себептерін әдебиет та-
рихы ғылымының кенжелігімен, әдебиеттануда теріс 
ағымдардың болуымен, жеке адамдарға табынушылық-
тың зардаптарымен түсіндіреді. Әсіресе, көшпенділер 
мәдениетіне топырақ шашпақ болғандарды тұқыртатын 
ғылыми негізді ой-пікірлерінен ғалымның ұлтжанды-
лығы айқын аңғарылады. Оның осы орайда: «Халқы-
мыздың көнерек тарихына көз салсақ, қазақ өмір бойы 
көшіп қонып қана жүрген, отырықшылық өмірді мүл-
де білмеген ел емес. Көшпенділік оның шаруа жайына
не сыртқы жауының қысымына байланысты қолданған 
стратегиясы болған» /1,8/, – деп жазуы тарихи дәлелі 
ұтымды пікір екені айқын.
Х. Сүйіншәлиев әдебиет пен тарихтың тамырласты-
ғын тұтастыра танып,терең біле отырып, XIX ғасыр-
дың екінші жартысында қазақ халқының мәдениеті мен 
әдебиеті жөнінде тұңғыш ой-пікірлер айтқан В.Радлов, 
Я. Лютш, Г. Потанин, В. Васильев, т.б. сияқты орыс 
ғалымдары мен Шоқан, Абай, Ыбырай еңбектерін 
құрметпен атай отырып: «Мәдениеті ерте дамыған ел-
дердің әдебиет тарихы XX ғ-ға дейін-ақ зерттеліп, оқу 
орындарында пән ретінде жүргізіліп, жүйелі тәжірибе 
қорытылып келген болса, қазақ әдебиетінің тарихын 
зерттеу шын мәнінде XX ғасыр басынан, егемендікке 
ұмтылу дәуірінде басталды»/1,15/, – деп қынжылысты 
пікір де білдіреді. Оның түркі тілдеріне ортақ көне мұ-
ралардың әдебиетіміз тарихына қатыстылығы жайында 
алғаш пікір айтқан академик Ә.Марғұлан мен профес-
сор Б.Кенжебаев есімдерін ілтипатпен атауынан, сон-
дай-ақ кейінгі замандас зерттеушілер М. Мағауин, М. 
Жолдасбеков, Ә. Қоңыратбаев, А. Қыраубаева секілді 
ғалымдардың зерттеулерінің ерекше сипаттарын та-
нып, бағалауынан әдебиет тарихын зерттеуге қосылып 
жатқан еңбектердің біртіндеп молая бастағанына қуан-
ған пейілін де аңғарамыз.
Х. Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихын» (1997) 
толықтырып, жаңа заман талабына сай қайта жазуға 
құлшына кіріседі. Кеңестік кезеңде қақпақыл көріп 
келген ойларын ортаға салады, әдебиет тарихынан 
өзінің лайықты орнын ала алмай жүрген ақтаңдақтарға 
орын береді. Осы орайда ол: « Қазақ әдебиетінің қалып-
тасу, даму жолында жеке авторлы поэзия ерекше орын 
алады. Әсірес, шешен-билер, жыраулар мен ақпа-төкпе 
ақындар бұған көп үлес қосты» (1,13) , – деп жазады. 
Ғалымның бұл ой-пікірі осы күнге дейін авторлығы 
ауызша сақталып келген шешендік сөздер мен ақын-
жыраулардың бай поэзиясын авторлы әдебиет қатарын-
да танытқан Р. Сыздықованың /2,22/, Е. Тұрсыновтың 
/3,95/ ой-тұжырымдарымен үндеседі. Бұл Х. Сүйіншә-


110
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
111
лиев оқулығының соны бір сипаты десе болады. Ке-
ңестік жүйе тұсындағы зерттеушілерді айпағанның 
өзінде, бүгінгі тәуелсіздік туы желбіреп тұрған шақта 
да, шешендік сөздерді фольклорға телушілер кездеседі. 
Ғалым ондай пікірлерге: «Халқымыздың даналығы мен 
саналылығының айқын көрінісі, оның бай ауыз әде-
биеті десек, оның ең алғашқы туғызушысы да, жетіле 
жырлап, талай ғасырлардан аман алып шығып, кейінгі 
ұрпақтың қолына аман табыс етушісі де жезтаңдай жы-
раулар мен адуын ақпа ақындар» (1,11), – деп уәж айта-
ды. Әрине, бұл фольклорға авторлығы ауызша сақтал-
ған (Сыпыра, Қазтуғандардан бастап, бергі Махамбет, 
Жамбыл, Кенен, Исаға дейінгі ақын-жыраулардың және 
би-шешендердің ) «көрпесін» жабу емес. Рас, М.Әуезов 
пен С.Сейфуллин шешендік сөз нұсқаларының билер 
сөзі екенін айтқан . М. Әуезов «Әдебиет тарихы» (1927) 
атты еңбегінде ауызша әдебиет түрлерін («Билер айты-
сы», «Зар заман ақындары») көрсете отырып, оларды 
фольклор қатарында қарастырады. Бұл, әрине, ауызша 
әдебиет терминінің сол саяси кезеңге тән қайшылықты 
қыры.(4, 3). Демек, бүгінгі күні де айтарымыз – келер 
ұрпаққа фольклор мен авторлығы ауызша сақталған 
әдебиеттің ара жігін ашып танытуда Х.Сүйіншәлиев 
оқулығын өнеге ете білудің қажеттігі.
Ендігі айтпағымыз, Х.Сүйіншәлиевтің аталмыш 
оқулығының «XVIII ғасыр әдебиеті» тарауына енген 
би-шешендер шығармашылығы туралы зерттеулерінің 
мән-маңызы хақында болмақ. Әрине, әдебиет тарихын 
зерттеуші XVIII ғасырдағы қазақ шешендік өнерінің 
даму, гүлдену кезеңдерін күрделі тарихи оқиғалармен 
сабақтастырады. Оқулық авторы қазақтар мен жоң-
ғарлар арасындағы ұзаққа созылған жойқын соғыстар 
жайын баяндауда тарихшылар мәліметтеріне сүйенеді. 
Сол қиын-қыстау кезеңде қазақ хандығының саяси 
өмірінде ерекше орын алған би-шешендердің қоғамдық 
қызметін дәріптейді. Ғалым қазақ би-шешендерінің ел 
басына қысылтаяң кез туғанда, алауыздыққа жол бер-
мей, қазақ хандығын билеу ісін қолға алып, елдікті 
сақтап қалғандығын, ел ішіндегі телі мен тентекті жөн-
ге салып, ел мен жер, жесір, құн дауларын әділ шеш-
кендігін жеріне жеткізе түсіндіреді. Зерттеуші би-ше-
шендердің көркем сөз мұраларын: «Олар халқымыздың 
ұлттық әдебиетінің өзіндік бетін танытатын, өзге елдер 
өнерінен өзгешелейтін таза, төл туындылар» /1,312/, – 
деп бағалайды. Бұған қоса, ғалымның: «Асылы, кейін 
зерттеу жұмыстары жолға қойылған кезде, біз қазақ ше-
шендері мен билері өнерінің тарихын өзіне бөлек жасап, 
оны дербес ғылым дәрежесіне көтеруге тиіспіз./1,313/, 
– деп зерттеу көздеріне ашық бағыт сілтеуі де тыным-
сыз ізденімпаздығының, ғалымдық қырағылығының 
айғағы. Әйтсе де, ғалымның біраз ой-арманы бүгінде 
іске асырылуда десек те болады.
Олай болса, Х. Сүйіншәлиев елдің үш арысы атанған 
Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің шығармашылығын сөз 
еткенде, олардың шешендік өнерінің қандай ерекшелік-
терін тап басып таныта алды, қандай жаңаша тұжы-
рымдар ұсынады деген мәселеге ойыспақпыз. Оқулық 
авторы әйгілі үш бидің шешендік өнерінің өрістеуіне 
олар өмір сүрген замандағы ел басына төнген қауіп-
қатер, ішкі-сыртқы қоғамдық жағдай, дау-дамайлар 
түрткі болғанын көрсетеді және би-шешендер аралас-
қан оқиғалардың тарихилығын дәйектейді. Мысалы, 
Төле Әлібекұлы (1663-1756) жайында: «Қазақтың тө-
реші, әрқашан әділ төбе биі. Тәуке ханның тұсында 


112
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет