Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет30/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Пайдаланылған әдебиеттер:
1Дүйсенов М. Жансүгіровтің прозасы.// Сөзстан: 8-кітап /Құ-
раст. Б. Сарбалаев.-Алматы, 1987.-118-133бб.
2.Иманғазинов М. І. Жансүгіров/ ҚазҰУ.-Алматы: Қазақ уни-
верситеті, 2004.-218 бет: Монография
3.Жансүгіров Ілияс. Көп томдық шығармалар жинағы.-Алматы: 
«Қазығұрт» баспасы.-2004. Екінші том: «Жолдастар». Роман.-448 
бет.
 
мотив теориясының дамуы
М
отив (moveo) – латын етістігі, «қозғаймын» де-
ген ұғым береді. Мотив термині тек әдебиет-
тануда ғана емес, тілтану, заң, психология және басқа 
ғылым салаларында қолданылады. Әдебиеттануға «мо-
тив» ұғымы музыкадан келді деген пайымдар кездеседі. 
Әдебиеттануда мотив мәселесін зерттеу ерекше маңыз-
ды болып табылады Өйткені, мотивтік тұрғыдан тал-
дау көркем мәтінді жаңаша қырынан пайымдауға, атап 
айтқанда, оны нақты автордың мәтіндер жүйесіне, сол 
кезеңдегі әдеби дәуірге тән элемент сипатында қарас-
тыруға мүмкіндік береді. 
Алайда, мотивтің әдебиеттану термині ретіндегі 
мән-маңызын айқындау оңай емес. Ғұлама А. Байтұр-
сынов мотив терминін арнайы қолданбағанмен, ауыз 
әдебиетіндегі мазмұны, мағынасы, қызметі жағынан 
мотивке жақын мәндегі ұғымдарды қарастырады:«Са-
рындама (сарын сөз) саласы. Сарындама үш тарау: 1. 
Салт сөзі. 2. Ғұрып сөзі. 3. Қалып сөзі» /1,422 / Қазақ 
әдебиеттануында мотивті әдебиет пен фольклорға қа-
тысты жүйелеу үрдісі қалыптасып келеді. Мәселен, С. 
Қасқабасов, Ш. Сәтпаева, Ш.Ыбыраев, А. Жақсылықов 
, Е. В. Корнеева, Н. И. Колодина, Ж. Сыдықова сияқ-
ты тағы басқа көптеген ғалымдардың еңбектерін атауға 
болады. Дегенмен, қазіргі қазақ прозасын, әсіресе поэ-
зияны мотивтік тұрғыда талдау енді ғана қолға алына 
бастады десек те болады.


100
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
101
Зерттеушілер мотив туралы сөз қозғағанда, тарихи 
поэтиканың негізін салушы А.Н. Веселовскийдің әйгілі 
«Историческая поэтика» еңбегіндегі мотив жайлы ал-
ғашқы пайымдауларын дәйім алға тартады. Әдебиет 
теоретигі В.Е. Хализев: «Так, А.Н. Веселовский в своей 
незавершенной «Поэтике сюжетов» говорил о мотиве 
как о простейшей, неделимой единице повествования, 
как о повторяющейся схематической формуле, ложа-
щейся в основу сюжетов (первоначально – мифа и сказ-
ки)» /2,280/, – деп жазады. А. Н. Веселовскийдің бұн-
дай мотивтерге сұлу қызды әлдекімнің алып қашуы, 
оны күшпен немесе тапқырлықпен тауып алу, күнді 
әлдекімнің ұрлауы т.с.с. мысал етіп келтіргені белгілі. 
Осындай мотивтердің әралуан тайпалар ортасында 
өздігінен туатынын айта келіп, олардың біркелкілігін
немесе олардың ұқсастығын алмасумен түсіндіруге 
болмайтындығын, керісінше олардың тұрмыс-тіршілік 
шарттары мен оларда қалыптасқан психикалық үдеріс-
тердің біртектілігімен түсіндіру керектігін ескертеді. 
Сондай-ақ, ғалым мотивтің мынадай қарапайым фор-
муласын көрсетеді: « а+b: жауыз кемпірдің сұлу қызды 
жеккөруі – оған өмірге қауіпті тапсырма беруі». Осы 
формуланың әр бөлігінің түрін өзгертуге, әсіресе b-ның 
өсуге қабілетті екенін дәлелмен көрсетеді. А.Н. Весе-
ловскийдің тұжырымдауынша, мотив өсіп, ұлғайып, 
сюжетке айналады, сюжет мотивтер жиынтығы болып 
табылады /3, 301/. Бұл айтылғандардан ғалымның мо-
тивті сюжетпен тығыз байланыста қарастырғанын түсі-
нуге болады. Мотив те, сюжет те тарих айналымына 
енеді: бұл ұлғайып отыратын идеялық мазмұнды беру 
формалары. Осы талапқа жауап бере отырып, сюжеттер 
вариацияланады: сюжетке бірнеше мотивтер кірігеді, 
немесе сюжеттер бір-бірімен тоғысады /3, 305/. Мотив-
тер, Веселовскийше, тарихи тұрақты және шексіз қай-
таланып отырады /3,281/. Түптеп келгенде, мотив сю-
жетпен тығыз байланысты, сюжет мотивтер жиынтығы 
болып табылады. В. Я. Пропп та мотивті сюжеттік са-
рындармен байланыста қарастырады.
Әлем әдебиеттануында мотивтің мәні қаншалықты 
кең болса, ол жөнінде қалыптасқан теориялық тұжы-
рымдар да соншалық қайшылықты деуге болады. А.Н. 
Веселовкий тұжырымдарына О.М. Фрейденберг, В. То-
машевский, В.Я. Пропп сияқты ғалымдардың сын көз-
бен қарағанына көз жеткізуге болады /3,400-401/.
Көрнекті орыс ғалымы М. Бахтин «Эстетика словес-
ного творчества» (1986) деген еңбегінде сюжет пен мо-
тивтерді көркемдік сипатта байланыстырып, маскарад-
тық мотивтер табиғатын ашып береді/4/. Маскарадтық 
мотивтер өзін-өзі таныту әлеміне құрылады.
Шетелдік ғалымдар Р.Уэллек, О. Уоррен «Теория ли-
тературы» еңбегінде : «Мотив – қайталанып отыратын 
сөз, сөз тіркесі, оқиға, зат және идея. Көбінесе, мотив 
термині әдеби шығармаларда қайталанып кездесіп оты-
ратын оқиғаларды білдіру үшін қолданылады. Мысалы, 
кедейдің кенеттен байып кетуі»(5,230). Ал, «Аналити-
ка художественного» (2001) деген еңбегінде мотивті 
шығарма фабуласының элементі ретінде қарастырады,
фабуланы барлық мотивтер жиынтығы деп пайымдай-
ды. Белгілі орыс ғалымдары В. И. Тюпа мен Е. К. Ро-
модановская: «Мотив – это прежде всего повтор. Но 
повтор не лексический, а функционально-семантичес-
кий»,-деп жазады./6,15/ Б. В. Томашевский, Р.Уэллек, 
О. Уоррен мотив пен лейтмотивтің («лейтмотив» неміс 
термині – жетекші мотив деген мағынаны білдіреді) 


102
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
103
тығыз байланыстылығын ескертеді. Лейтмотив деп 
бір шығарма ішіндегі қайталауды айтуға болады. Ол 
мәтіннің қандайда бір компонентін күшейтуге қызмет 
етеді.
Мотив терминіне әйгілі орыс ғалымы Б. М. Гаспа-
ров: «В роли мотива может выступать любой феномен, 
любое смысловое «пятно» – событие, черта характе-
ра, элемент ландшафта, любой предмет, произнесен-
ное слово, краска, звук и т. д.; единственное, что оп-
ределяет мотив – это его репродукция в тексте», – деп 
кеңінен анықтама береді /7, 30/. Ғалым мотивтің мәтін 
өріліміндегі «қозғалмалы компонент» екенін және 
оның тек басқа компоненттермен тоғысу үдерісінде 
өмір сүретінін, оның ерекшеліктері әр жолы қайтадан 
өсіп отыратынын, өзін-өзі талдау үдерісінде және әрбір 
жаңа қадам сайын, жалпы мағыналық өрілімнің әрбір 
өзгерісі сайын түрленетінін айрықша айтады /7,301/.
Жалпы, мотивтің ең басты сипаты оның бір немесе 
бірнеше шығармада, жеке шығармашылықта қайтала-
нып отыратындығы. Зерттеуші Н. Е. Меднис: «Мотив, 
при его огромной эстетической и семантической зна-
чимости в художественном тексте, не имеет собствен-
ной очерченной телесной оболочки. Он являет собой 
нечто вроде души, которая в конкретном тексте может 
обретать сюжетное, временное, пространственное или 
какое-то иное воплощение, не замыкая себя при этом 
в жестко обозначенных границах»,-деп атап көрсе-
теді./8,79/ Анығында, ғалым мотивке сюжетке қатысты 
анықтама береді. Қорыта келгенде, мотив сюжет құрау-
дың негізі, композиция түзуде белсенді қызмет атқара-
ды, мотив оқиға барысымен, кейіпкер әрекеттерімен
сезім құбылыстарымен, салт нұсқаларымен тығыз бай-
ланысты. 
Егер мотивті көбіне прозалық шығармаларға қатыс-
ты сөз еткен зерттеушілер пікіріне сүйенер болсақ, сю-
жет элементі немесе нақты бір танымал дәстүрлі сюжет 
сипатында түсінуге болады. Зерттеушілердің пайым-
дауынша, мотив зат немесе дерексіз құбылысты білді-
ретін көбінесе архетиптік, мәдени танымға және автор-
лық семаға ие символикалық мәні бар жеке сөз болуы 
да мүмкін.
Мотивке анықтама беруде көбінесе прозалық шы-
ғармаларға қатысты тұжырымдарды қарастырғанымыз 
рас. Өйткені, поэзияға қатысты зерттеулер орыс әде-
биетінде болмаса, қазақ әдебиеттануында жоқтың қасы 
деуге болады. Дегенмен, көркем шығарманы мотивтік 
тұрғыда талдауға байланысты тұжырымдардың әрқи-
лылығы байқалады. Бұл мотив теориясының қалыпта-
сып болмағандығын, мотивке нақты анықтама берудің 
қиындығын көрсетеді.
Мәселен, поэзиядағы жалғыздық мотиві орыс әде-
биетінде А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов пен М. И. 
Цветаева лирикаларына қатысты зерттелгені белгілі. 
Жалғыздық мотиві Абайдан бергі ақындардың бәрінде 
де ұшырасатынына күмән туғызуға болмайды. Бірақ, 
олардың мотивтік талдау тұрғысынан зерттелмегені 
белгілі. Мысалы, әралуан ақындардың шығармашылық 
жүйесінің түйісу тұстарын мотивтік талдау арқылы
айқындау зерттеушілердің қызығушылығын туғызуға 
тиіс. Біздіңше, жалғыздық мотиві қазақ лирикасына қа-
тысты арнайы сөз болған емес. Егер бұл мәселені қа-
зақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаев лирикасы 
төңірегінде қарастырар болсақ, Мұқағали лирикасы-


104
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
ның философиялық мазмұнынан адамның жатсырауы 
мен жалғыздығы мәселесі, өмірдің мәні, жақсылық 
пен жауыздықтың мәңгілік күресі, үндестік пен үй-
лесімсіздік мәселелері көрініс берері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет