Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет37/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
127
да талқыға салды» «1,7)-дей келіп, Сәкенді халқымен 
қалтқысыз табыстырған сол «Мағжан-Сәкен» ғылыми 
эссесін сәкентанудың үшінші кезеңіндегі іргелі еңбек 
ретінде бағалайды. Автор сәкентанушы Т. Кәкішұлы 
зерттеулерінің бірегей сипаттарын танытып, оның 
қилы қыртыстарындағы ғалымның қазыналы ойын жас 
шәкірт-студенттер санасына сіңіруде тың толғамдарға 
бойлайды.
Еңбекте сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішұлының ға-
лымдық, азаматтық келбеті тұтастандырыла сипат-
талады. Алайда, бұның екеуі де өзгеше қасиетке ие. 
Қай құбылысты да мұрағат дерегіне сүйеніп пайымдау 
– ғалымдық ұстанымы болса, ардың ісі – әдебиет жо-
лындағы «тура биде туған жоқ» дейтін алдаспан ақи-
қатшылдығы. Зерттеуші Т. Кәкішұлының азаматтық 
тұлғасының айшықталуын уақытпен үндестікте қарас-
тырып: «XX ғасырдың ауық-ауық аунап түсіп, сынаптай 
сырғып ойнақшыған саяси тарихын қазақ тағдырымен 
астастыра алып сөйлеу үшін білімпаздық та, ұлтжанды-
лық та, ақкөйлек азаматтық, адамгершілік қасиет те, ту-
раға тартқан бірбеткей мінез де қажет екен» (1,8),- деп 
толғанады. Зерттеушінің таутұлға ұстаздың шынайы 
ғалымдық, адами қасиеттерін жас ұрпаққа ғибрат етуі 
оған деген ізгі ниетті, таза шәкірттік ақжарма жүректі 
аңғартады.
Т. Кәкішұлының қызыл сұңқар атанған С. Сейфул-
линнің тарихи тағдырын арқау еткен «Сәкен Сейфул-
лин» атты ғұмырбаяндық шығармасы «Тамаша адамдар 
өмірі» сериясымен Мәскеуде жарық көргені баршамыз-
ға аян. Расында, бұл еңбек Т. Кәкішұлының өзі айт-
қандай, бүкіл түркі тілдес халықтардың қайраткеріне 
арналған түңғыш кітап болды. (1,10) Кітапта әйгілі 
төңкерісшіл, күрескер Сәкеннің «халық жауы» болып, 
ұсталғаннан кейінгі тағдыры ұлтының қасіретімен қа-
быса зерделенгені анық. Ал, Сәкенді саяси ақтаудан 
кейінгі көлеңкелі жайлар «Сәкен» деп таңын атырып, 
«Сәкен» деп тыныстап келе жатқан» қазақтың біртуар 
ғалымы Т. Кәкішұлының жан әлемін күйзелтпей қойған 
жоқ (1,9). Аталмыш оқу құралының авторы осы тұста 
біртуар ғалымның тағы да парасат шыңына шырқап, 
Сәкеннің ғұмырнамасын қайта өңдеп, оны әртүрлі жел 
сөзден біржола саф таза алтындай аршып алу мақсаты-
мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік 
комитетінің төрағасына өтініш жазғанын келтіреді. 
Әйгілі сәкентанушы ғалымның өтпелі кезеңнің өкпек 
желіне қарсы тұрып, алаш қайраткерлері ақталғаннан 
кейінгі 20 жылда «Санадағы жаралар», «Кер заманның 
кереғар ойлары», «Ескірмейді естелік», «Сәкен-Мағ-
жан», «Сәкен Сейфуллин» (толықтырылған басылым ), 
«Сәкен сүйген сұлулар», «Дала дауылпазы», «Толғам» 
т.б. еңбектерін жазғаны белгілі. Профессор Қ. Мәдібай 
осыларды айта келіп, ұлтжанды қайраткер Т. Кәкішұ-
лының аталған еңбектерінде «кесек-кесек тарихи әлеу-
меттік толғамдарға барғанын», ал бұның өзі сәкента-
нудағы жаңа бір бағыт болғандығы жөнінде байлам 
жасайды (1,10). 
Біз жоғарыда сөз еткен зерттеуші Қ. Мәдібайдың 
«Тұрсынбек Кәкішұлы – сәкентанушы» атты көмекші 
оқу құралының «Той –рухани тоғаю» атты беташар 
бөліміндегі ғылыми пайымдаулар осындай ой-тол-
ғамдармен түйіледі. Ал, еңбектің «Қиядан ұшқан қы-
зыл сұңқар» атты бөлімінде «Қазақ әдебиеті сынының 
тарихы» жалпы курсын және «Сәкеннің жаңашылды-
ғы», «XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік 


128
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
129
ізденістер» арнаулы курстарын оқытуда пайдалануға 
қажетті бағалы тұжырымдар аз емес. Өйткені, автор 
аталған бөлімде профессор Т. Кәкішұлының «Дәуір су-
реттері» (1967) зерттеу еңбегі мен «Қызыл сұңқар» әде-
би-көркем-публицистикалық шығармасының танылым 
өрісін сөз етіп, сыни пікірлерге де өз тарапынан байлам 
жасайды. «Дәуір суреттеріне» газет беттерінде берілген 
бағалы ой-пікірлерді назарға ұсынады. Әсіресе, қазақ 
әдебиетінің классигі С. Мұқановтың «Қызыл сұңқар-
дың» қадау-қадау құндылықтарын көрсетуі, көрнекті 
қазақ жазушысы Т. Әлімқұловтың жанрлық көркемдігі-
не берген зор бағасы Кәкішұлының тек сәкентануда 
ғана емес, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің негізін 
қалаушылар шығармашылығын зерттеудегі шынайы 
ғалымдық дарынын әспеттейді. Оқу құралының авторы 
бұны дәйексөздермен нақтылай түсіндіреді. Сондай-ақ, 
сыншы Т. Тоқбергеновтің «Қызыл сұңқар» құндылығын 
таныту барысындағы кейбір сын пікіріне: «Біздіңше, 
Тұрсынбек Кәкішұлы сол уақытта Сәкен Сейфуллиннің 
«Тар жол, тайғақ кешуін», 1959 жылғы экспедиция ма-
териалдарын әдеби айналымға тартқан тұста шығарма-
шылық өрісін кеңге салып жазғанымен, Сәкен өмірінің 
тұтас бір ақиқатымен ашып тастауға өмірлік материал-
дың әлі де толық еместігі өз алдына, айтуға болмайтын 
ақиқаттардың тосқауылынан аттап өтуге тәуекелі де 
жете бермеуі, оған қоса «Алаш» дейтін атаудан ат-то-
нымызды алып қашқан замананың ыңғайынан да бой 
тартуы әбден мүмкін» (1,17),-деп өз тоқтамын айтқан 
Қ. Мәдібай: «Тұрсынбек Кәкішұлы өзінің кейінгі кезең-
дегі зерттеулерінде осы олқы тұсты, Төлеген Тоқберге-
нов атап атап отырған 1925-1937 жылдар аралығын бар 
мәнде толықтырумен келеді»(1,17),-деп оны да дәйек-
тейді. Автор «Қызыл сұңқарды» ғұмырбаяндық жанрда-
ғы жаңа бағыт деп бағалаған Тұрсынбек Кәкішұлының 
өз ұстазы, көрнекті әдебиеттанушы Есмағамбет Ысма-
йыловтың да пікірін алға тартады. Бұлардың баршасы 
ғылыми өрісіміздің кеңдігін, ғылыми тұжырымдардың
жаңғырып-жаңарумен дамитындығын көрсетеді.
Қ. Мәдібай еңбегінің «Ақталғаннан кейінгі ақтаңдақ-
тар» бөлімінде тағы да тынымсыз, тоқтаусыз зерттеу 
үстіндегі ғалым көз алдымызға келеді. Алайда, автор 
осы тұста сәкентанушы Т.Кәкішұлының жазу мәнері-
не көңіл аударып: «Болған жайды қаз-қалпында, сырт 
баяндауына ішкі әлемін қоса отырып, өзгеше бір мәнер, 
өзіндік әңгімешілдікпен айқын суреттейтін Тұрсынбек 
Кәкішұлының жазу мәнері де арнайы сөз етуді сұрап 
тұрған өзгеше бір машық» (1,20),-деп жас зерттеуші-
лерге ой салады. Сол «өзгеше бір машықпен» жазған 
«Ескірмейді естелік» эссе кітабында да Тұрсынбек 
Кәкішұлы «Сәкен Сейфуллиннің қайраткер тұлғасын 
өткенді айыптап жатқан, кінәлап жатқан ендігі уа-
қыттың асығыс, аптыққан айыптауынан биік тұрған 
қалпында және бір тың қырларынан жарқыратып, жа-
сытпай көрсетуге белін бекем буды» (1,20-21). Бірақ, 
естеліктерінің көпшілігі Сәкен жайы болғанмен, автор 
оларды екіге тарқата талдайды: «Бірі – ілгерідегінің 
көзін көргендердің әңгімесін баяндауы. Яғни, өзгеден 
естіген шындығы. Екінші – қазақтың 59,60,70,80 жыл-
дардағы биік тұлғаларымен тағдыр, еңбекте дәмдес, 
құрдас болуды бұйыртқан. Солардың жанын ашу. Со-
лардың сырын жеткізу. Замандарда үлкен аға, кіші ініге 
деген өз ықылас, пейіл, бағасына орап отырып жеткізу» 
(1,22).


130
МС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет