Разакова А. М., аға оқытушысы, техника және технология магистрі



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#95469
1   2   3   4   5
Байланысты:
Статья Разакова А.М.

Қорытынды. Зерттеу жұмысының көрсеткіштері бойынша, ырғай шырынын қосу арқылы дайын өнімге ұнамды әсер ететінін байқадық. Жоғары қышқылдыққа ие қамырдың көтерілу жылдамдығына және қамырдың пісу ұзақтылығына әсер етуі зерттелді.
Бұдан басқа, ырғай жидегі табиғи қантты құрайды, яғни қамыр дайындауда қант мөлшерін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ырғай шырынын қосу дайын өнімнің тағамдық құндылығын арттырады, себебі ырғай жидегі С дәрумені және каротинді заттарға бай.
Жүргізілген зерттеулер нанның сынау үлгілеріне ырғай жемісі түріндегі хош иіс жасаушы қосындыларды қосқанда, нанның органолептикалық көрсеткіштері жақсаратынын көрсетті. Ырғай жидегінен тосап түрінде қосып дайындаған нан сынамалары жоғары көлемге, тартымды түрге, сынықсыз және жыртылусыз дұрыс пішінге, жағымды дәм, және хош иіске ие ашық қоңыр түсті қабыққа ие болған.
Ырғай жидегін нан өнімдері өндірісінде қолдану арқылы оның сіңімділігін және биологиялық құндылықтарын жоғарылататыны осы зерттеулер арқылы байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет