РҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ



бет10/12
Дата02.02.2017
өлшемі3,33 Mb.
#8495
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ.

ЖАҺАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ ФЕНОМЕНІ
Мемлекеттер тарихы, бүкіл адамзат тарихы сияқты, шексіз әрі сан қырлы. Сондай оқиғалар мен тарих барысына ықпал еткен тек кейбір айқын оқиғалар, жасампаз процестер, кең ауқымды соғыстар, жеке әйгілі тұлғалардың әрекеттері мен қызметі ұғынылады. Тарих өзінен өзі пайда болмайды. Оны халық, халықтың дарынды да жарқын басшылары жасайды. Әр ұлт пен халықтың өзінің талантты да алдағы өкілдерімен бағаланатындығы кезедейсоқ емес, сол тұлғалардың арқасында ол әйгілі болып, тарих алаңына шығады.

Қазақстан халқының тағдыры бұл жағынан қайғылы оқиғалар мен кезеңдерге де, өз өмірін ел тәуелсіздігіне, халқының еркіндігі мен бақытына арнаған көрнекті тұлғаларға бай. Өкінішке орай, бұл жолда құрбан болғандар мен жеңіліс тапқандар көп болады, бұған тарих куә. Халық жадында өткен күндер ғана қалмау керек, ол тәуелсіздік үшін күрескендерді құрметтей отырып, өткен күндердің қателіктері мен жеңілістерін қайталамау керек.

Кеңес одағынан кейінгі кеңістікте 90-жылдардың бірінші жартысында орын алған дағдарыс пен ішкі саяси хаос Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі ең ауыр соққы болды. Көптеген өңірлерде азаматтық бағынбаушылық, абдырау, тығырыққа тірелу, этникалық топтар арасындағы жанжалдар орын алып, бұрынғы Одақ кеңістігіне тез тарады. Мұндай мәселелердің салдарынан ірі және шағын зауыттар мен фабрикалар тоқтап қалды, өндіріс дамымай қалды, нәтижесінде бұқаралық жұмыссыздық орын алды.

Көмір, кен, руда және басқа салаларда одақтық қолданыстағы өнеркәсіптік алыптар өз жұмысын тоқтатты. Жұмыссыздық өрши түсті, жаппай экономикалық көші-қон басталды.

Мұндай жағдайда не істеуге болар еді? Халықтың алып күші мен жоғары әлеуетін конструктивтік арнаға қаплай бағыттау керек? Қоғамдағы көптеген сұрақтарға қалай жауап беру керек?

Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біздің мемлекетіміз, басқа да республикалар сияқты, өзінің мемлекеттілігін асқақтатуды, нарықтық экономикаға көшуді, демократиялық қоғам құруды және ұлттық сана-сезімді нығайтуды өзіне мақсат етті. Біздің республикамыздың басшылығының алдында дамудың басым бағыттарын таңдай отырып, реформалар ерітн дұрыс таңдау сияқты қиын мәселе тұрды.

Осындай қиын саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар орын алғанда, біздің жас мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мойнына өрлеу мен дамудың дұрыс әрі жеңіліссіз жолын таңдау, мемлекеттілікті сақтап қалу мен нығайту, оның заманауи және болашақ сын-қатерлерге қарсы тұра алу іс-әрекетіне қабілеттілігін арттыру, әлемдік қауымдастықта бәсекеге қабілетті бола алуды қамтамасыз ету артылды.

Біздің жаңа мемлекет құрыла бастағанда, оның болашағына қатысты пікірлер әр түрлі болды. Шетел аналитиктерінің бірі реформалар мен өзгерістердің кореялық жолын ұсынса, бірі түріктердің жолымен жүруді болжады, алайда оның бәрі Қазақстанның ерекшеліктерін білген жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлы көптеген мемлекеттерді зердесінен өткізіп, олардың ең үздік тәжірибесін үлгі етіп, Қазақстанның даму жолын жариялады. Президент Н.Ә. Назарбаев экономикалық даму мәселесін саяси өзгерістерден бұрын қойып, экономиканы бірте-бірте өзгерту жолын таңдады. Өмірдің өзі көрсеткендей, Елбасының таңдауы дұрыс болған екен. Н.Ә. Назарбаевтың «алдымен – экономика, сосын – саясат» деп ұсынған формуласы Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі сәтті реформалар әдістемесінің классикалық көрінісіне айналды. Біздің еліміздің жетістікке жетуінің арқасында, «қазақстандық даму моделі» деген ұғым кең тарады, бұл терең ойластырылған әрі жан-жақты сараланған негізде, нақты бағыт бойынша алға қарай қозғалу дегенді білдіреді. Тарихи өлшемдер бойынша өте қысқа мерзім ішінде Қазақстан дербес, саяси және экономикалық тәуелсіз мемлекет ретінде бой көтерді.

Мемлекеттің жалпы дамуының экономикалық және саяси факторларының алға жылжу шамасына қарай әлеуметтік, рухани және мәдени салаларындағы мәселелер алға жылжиды. Егер бірінші, яғни әлеуметтік бағыт бойынша практикалық түрде түрлі оқылу болмайтын болса, арифметикалық прогрессияда экономиканың артуына қарай әлеуметтік салалар нығаятын болса, онда басқа даму векторлары тереңдік және жұқа материялар болып табылады. Әңгіме біздің жалпы рухани құндылықтарымыз бен мәдени жетістіктеріміз туралы болады, оларды біз сақтауымыз, қолдауымыз және жаһандық масштабта барлық жағынан алға жылжытуымыз керек. Бүгінгі күні барлық жерде және бәрінде төтенше бәсекелестік жүріп жатыр, барлық осы процестердің негізі ретінде, ең алдымен, қоғамдық құндылықтар мен идеялар бәсекелестігі орын алады.

Осы ракурста табыспен жүзеге асырылған және халықаралық қауымдастық мойындаған «қазақстандық даму жолын» біріктіргіштердің бірі болып табылатын идеяға ерекше назар аударған жөн. Біздің ноу-хау экономика басымдығын негізге алады – бұл Назарбаевтың уақыттың қатал сынынан сүрінбей өткен басты постулаты. Біздің табыстарымыз бізге ғана емес, әлемдік қауымдастыққа да әсер қалдырады. Экономиканы дамыту қарқыны бойынша әлемдегі табысты елдердің бірде-бірі осындай динамикада дамыған емес.

Тарихи параллельдер жүргізген кезде Н.Ә. Назарбаевтың ролін ұлт көшбасшысы ретінде атап өтуге болады. ХХ ғасырдың барлық көрнекті көшбасшылары, әрқайсысы өз уақытында өзінің ұлты мен елі үшін белгілі бір стратегиялық мәселені шешуге лайықталған. Сонымен, мысалы, Рузвельт АҚШ-тың Ұлы депрессиядан шығуын қамтамасыз етті, Ататүрік Турцияның одан әрі дамуының негізгі бағыттарын жасады, Ли Куан Ю Сингапурдың жаңғыртуға ұмтылыс бағдарламасын жүзеге асырды, Дэн Сяопин қытайдың «толқу» кезеңінен кейін қайта өрлеу мәселесін шешті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінде және Қазақстанның дамуында сол параллельдерді – елдің және оның халқының барлық болашақ дамуы үшін маңызы бар кешенді стратегиялық мәселелердің: маңызды экономикалық, сондай-ақ саяси, әлеуметтік және мәдени-адамгершілік шешімін көреміз. Нақ сондықтан да 1990 жылдары «Назарбаев феномені» термині таралды, ол динамизмді, реформаларға талпынысты, «оңшылдарсыз» және «солшылдарсыз» центризм саясатын, мұқтаждық болдырмаудың икемді философиясын жүргізу, прагматизмді және басқарудың жоғары тиімділігін бірегей үйлестіру – осының бәрі қорыта келе, күшті экономиканың қалыптасуына және қазақстандық сәйкестіктің пайда болуына алып келді. Міндеттердің кең ауқымда қойылуы, олардың нақты ұйымдастырылуы мен олардың орындалуын қатаң бақылау, - осының бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық жүргізудегі өзіндік ерекшелігі болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы деген дәрежеге дейін көтерілген беделі бүкіл мемлекеттік аппараттың Президенттің идеялары мен жарлықтарын жүзегне асырудағы жауапкершілігін арттырды, түбегейлі әрі жылдам өзгертулерді жүзеге асырғызды, реформалар жүргізуді жылдамдатып, олардың тиімділігіне қойылатын талаптарды күшейтті. Өте қысқа мерзімде нарықтық өгерістердің заңнамалық «іргетасы» қаланды, күшті мемлекеттік биліктің тиімді нарықтық экономика мен демократиялық қоғам құра алатындығы байқалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «алдымен – экономика, сосын – саясат» деген формуланы ұсына отырып, адамдарды ортақ мүдделер айналасына біріктіру дегенді білдірді. Өмір сүру деңгейі мен сапасы – аталған формуланың басты өлшемі мен мағынасы осы. Бұл идея барлығына ортақ мүдделерді көрсете отырып, шынайы әрекет ететін құралға айналады. Бұл құрал өте тиімді жұмыс істейді. Идея әрқайсымыздың қажеттіліктеріміз бен сұраныстарымызға нақты жауап береді. Бұл формуладан шығатыны: болашағы жарқын өмірді өзімізден басқа ешкім жасай алмайды деген сөзді саналы түрде ұғыну. Экономика мен қоғамдық процестер саласында жаңа дүниетаным қалыптасады. Дәл осы формула өндірісті қалыпқа келтіруге, жұмыс орындарының ашылуына, шағын бизнестің өсуіне шешуші ықпал тигізді, бұл, өз кезегінде, әрине, қоғамдағы тұрақтылықты сақтап қалу, өзара түсіністік пен этносаралық әрі дінаралық келісім қалыптастыру сияқты оң көзқарас тудырады. Идеология дегеніміз осы. Идеология дегеніміз – өмір игілігі үшін жетістіктер мен табыстарға жету мақсатындағы сенім. Мұндай көзқарас ұстана отырып, Елбасының саяси, демократиялық реформалар туралы ұмытпағандығы да айта кеткен жөн. Барлық қабылданған заңдар мен шаралар экономиканың нарықтық формаларын енгізуді болжайды, ал олар, өз кезегінде, бүкіл жүйені демократияландыруға бағытталады. Мемлекеттің экономикалық қызметіне еш кедергісіз қатысу үшін сенімді заңнамалық база мен құқықтық кепіл тудыру әр азаматты лайықты өмір сүруге жетелейді, міне, барлық деңгейдегі билік органдарының күнделікті жұмысы осы. Бұл – мемлекет саясатының басты мақсаты, сол үшін реформалар жүргізіледі.

Қоғамның әр түрлі қабаттарының арасындағы келісім, өзара сенім мен құрмет салыстыра тексерілген, әділетті құқықтық саясат арқасында бекітіледі және нығая түседі, бұл заманауи қоғамның айнасы іспеттес. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында шетелдің көптеген аналитиктері Қазақстанның көп ұлтты екендігін айтып, біздің қоғамда ымырасыз жанжалдар мен қарама-қайшылықтардың болатындығы болжады. Алайда сол аналитиктер мемлекеттік институттар тарапынан болатын тиімді құқықтық әрекеттерді болжай алмады. Пессимистік көзқарастарға қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы бұл бағытта көптеген бастамалар ұсынды, олар тез әрі үйлесімді сіңісе отырып, біздің қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналды.

Жаңа мемлекет құрған, әлемге танылған, бүгінгі күні өңірдегі ең табысты экономикаға ие болып отырған, ұлтаралық бірлік тәжірибесінде бірегей Қазақстан үшін өзін-өзі сәйкестендіру, қазақстандық патриотизм мәселесі өте маңызды болып табылады. Кеңес үкіметінен кейінгі көптеген мемлекеттерде жаңа мемлекеттілік құру тәжірибесі консервативті көпшіліктің ұлттықтан жоғары мүдделерін басшылыққа ала отырып, қоғам үшін ішкі теңгерімді сақтап қалудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Кез келген қоғамда, әсіресе көп ұлтты қоғамда, кез келген уақытта жеке көшбасшылар мен саясаткерлер табылады, олар үшін қандай да бір ұлттың, этникалық топтың мүддесі жалпы ұлт мүддесінен жоғары тұрады. Осыған куә болған тарих беттері көрсеткендей, мұндай саясаткерлер билікті өз қолына алады да, мемлекеттілікті құртады, қоғамға зиянын тигізеді. Осындай саясаткерлердің өздеріне тоқтау қойып, олардың ойы мен идеяларын әрі қарай дамытпау, яғни қоғамның мұндай құбылыстарға қарсы тұра алуын қамтамасыз ету ұлт көшбасшысының басты борышы болып табылады. Біздің еліміздің қазіргі даму кезеңін кейбір саясаткерлер тиімді орныққан көп ұлтты мемлекет ретінде анықтайды.

1997 жылы «азиялық дағдарыс» жағдайында Президентіміз ұсынған ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясы бар болғаны 15 жылдың ішінде орындалды. Басқа мемлекеттерге қарағанда, Қазақстан тұрақты экономикалық өсу дәрежесін және 2007–2009 жылдарда орын алған жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде азаматтардың өмір сүру деңгейін сақтап қалды. 2012 жылға қарай еліміз экономикалық бәсекеге қабеліттілігі бойынша әлемдегі 50 мемлекеттің біріне айналды.

Президенттің жаңа бастамасы – 2050 стратегиясы – тіпті жоғары. Оның басты мақсаты – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі. Ұлттық құндылықтың барлығы шикізат және ауыл шаруашылығы ресурстарына бағыттаған мемлекет таяудағы 10–15 жылда заманауи, ғылымды қажетсінетін экономикалық базис құру туралы, дәстүрлі өнеркәсіпті де, аграрлық секторды да инновациялық жолға салу туралы, мобильді және мультимедиялық, нанотехнологиялар мен ғарыш технологиясы, робототехника, гендік инженерияның жаңа салаларын жасау туралы шешім қабылдайды.

Президент Жолдауында айтылғандай, 2050 стратегиясы басты мақсатты назардан тыс қалдырмай, адамдардың күнделікті өміріндегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: «Яғни біз халқымыздың өмірін 30–50 жылдан кейін емес, жыл сайын жақсартып отырамыз».

Еліміздің болашаққа бастаған жолын Президент Н. Назарбаев халық әлеуетін арттыруға арналған жаңа мүмкіндіктерді жасаумен байланыстырады: "XXI ғасырдағы дамыған мемлекет – бұл белсенді, білімді және дені сау азаматтар». Барлық дамыған мемлекеттер сияқты, Қазақстан ең жоғары әлемдік стандарттарға жауап берумен қатар өзінің, бірегей білім беру жүйесін қалыптастырады. Сәйкесінше жаңа бағдарламалар мен оқытудың жаңа әдістері мектепке дейінгі деңгейден бастап жоғары оқу орны деңгейіне дейін қайта қаралады, жаңа буынның білікті кадрлары дайындалады. Ал денсаулық сақтауда мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі межициналық көмек көрсету жүйесінің басты принципі болып жарияланды. Салауатты өмір салты мен медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін созуға және одан жоғары етуге мүмкіндік береді. Қазақстандықтардың мәдени ділдігін дамытуды, тұрғындардың көп ұлттылығын ескерумен мәдегни кластерлерді қалыптастыруды алға қойған Ұзақ мерзімді мәдени саясат концепциясы әзірленуде.

Бүкіл халықтың Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлт көшбасшысы ретінде мойындауы оның жаһандық ауқымдағы оқиғаларды болжай алатын қабілеті бар стратег әрі ойшыл тұрғысындағы ерекше қадір-қасиетіне негізделеді. Ол әлемдік саясаткерлердің бірі болып КСРО-ның күйреуін, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал ететіндігін айтып, негізгі үрдістердің ТМД кеңістігінде ғана емес, әлемдік қауымдастықта да күшею қаупі тіралы ескертті. Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай жағымсыз үрдістерге қарсы тұруда мынадай тәсіл ұсынды – саяси тәуелсіздік, ұлттық ерекшелік, өзара экономикалық пайда принциптері тұрақсыз болса да, мемлекеттер мен халықтарды біріктіру. Бірінші кезекте бұл ұсыныс Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте пайда болған тәуелсіз мемлекеттерге жасалды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болуының өзі Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Біздің көшбасшымыз ТМД-ның пікірі бойынша өзінің идеясымен және әрекеттерімен Беловежская пущадағы саяси келісімге тоқтау қойды (1991 жыл). ТМД құру туралы келісімге қол қойғандардың көпшілігінің бастапқыда оны формальдылық деп түсінуіне қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев, ең бастысы, өз ойынан арылған емес.

1994 жылы, саяси және әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуында жағымды әрі қарқынды процестермен ерекшеленбеген ТМД елдерінде Нұрсұлтан Назарбаев табандылық білдіреді: «Мәдени мен өркениеттілік факторлардың маңызын теріске шығармай-ақ, ең алдымен экономикалық прагматизм негізіндегі интеграцияны құру керек. Абстрактілі геосаяси идеялар мен ұрандар емес, экономикалық мүдделер интеграциялық үдерістердің басты қозғаушысы болмақ. Сондықтан болашақ Еуразиялық Одақтың бастапқы негізі – Біртұтас экономикалық кеңістік біздің халықтарымыздың бірлесе табысты дамуының ауқымды ареалы ретінде болмақ. Әрбір мемлекет пен қоғам жаһанданушы әлемде өзіндік болмысқа шексіз бас ұра берушіліктің және өз шекараларында тұйықталып қалудың мағынасы жоқ екендігін түсінуге дербес келуі тиіс. Халық пен мемлекеттің мүдделерін басшылыққа алған ерікті интеграция – мемлекеттің өркендеуінің ең қысқа жолы».

Бұл үшін жиырма жылдай ерен еңбек ету қажет болды, осы жолда Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері айқын көрінді, ол өз ойын қолданысқа келтірді: 2014 жылғы 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойылды, ол оның құрамына кіретін мемлекеттердің егемендік теңдігі, олардың саяси құрылысындағы ерекшеліктерін құрметтеу, өзара тиімді ынтымақтастық қамтамасыз ету, тараптардың тең құқылы болуы мен мүдделерінің ескерілуі, нарықтың экономика мен адал бәсекелестікті сақтау қағидаттарына негізделген.

Бұл Қазақстан Президентінің стратегиялық ойлауының шегі болған жоқ: Еуразиялық экономикалық одақты ол болашақ Еуразия өркениетінің интеграциялық өзегі, Еуразия континентіндегі елдер үшін ғана емес, барлық әлем үшін ашық алаң ретінде қарастырады. Өз ойын берік ұстанған Нұрсұлтан Верный своей идее интеграции, Нұрсұлтан Назарбаев мұны жаһандық мазмұны бар деп танып, оның тарихи болашағын көреді: «Біз тек осындай жолды ұстана білсек қана еуразиялықтың тартымдылығын арттырамыз және оның айқын мақсаттарына деген күмәнді біржолата жоятын боламыз».

Елбасымыздың жаһандық шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде өмірге келген барлық оқиғалар мен процестер, әрине, біздің еліміздің беделін көрсетеді, қоғамды демократияландыруға ықпал етеді, құқықтық дамудағы ұстанымымызды растайды. Әр түрлі қоғамдық институттар азаматтық қоғамдағы адамдар үшін қолайлы жағдайлар ұсынады.

Мемлекет имиджін қалыптастыру процесі көптеген факторларға –мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу табыстылығына, оның ішкі саясатын жүргізу ерекшеліктеріне, экономиканың тиімділігіне, қоғам көзқарастарының ерекшеліктеріне және т.б. тәуелді.

Мемлекеттің оң имиджін қалыптастырудағы анағұрлым маңызды факторлардың бірі оның көшбасшысының ролі болып табылады. Мемлекет көшбасшыларының жеке тұлғасын бағалау призмасы арқылы қоғам мен мемлекеттің даму деңгейінің жағдайын бағалау, оның саяси және экономикалық табыстары жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Нақ осы тұрғыдан мемлекет көшбасшысының ролі жаңа әлемде мемлекеттің оң имиджін қалыптастырудың түйінді факторларының бірі болып табылады.

Адамзат жадында Әз-Жәнібек, Ярослав Мудрый, Давид Строитель, Шарль де Голь, Франклин Рузвельт, Мұстафа Кемал Ататүрік, Махатма Ганди, Дэн Сяопин, Ли Куан Ю, Махатхир Мохаммад сияқты көрнекті есімдер мәңгілікке қалды. Олардың жарқын өмірі, жемісті еңбектері қарапайым адам үшін ең қалаулы және тартымды мақсатқа – жарқын және тұрақты болашақ үшін халықты біріктіруге және тұтастыруға арналған болды. Олар туралы контексте тарихтағы тұлғалар ролінің айтылуы кездейсоқ емес, себебі осы адамдар өзінің ұлты мен мемлекеттерінің мүдддесі үшін ең бастысын жасады. Олар, экономикаға, саясатқа және мәдениетке стратегиялық серпілісті қамтамасыз етіп, өз елдерінің мәртебесі мен жаһандық ролін көтеріп қана қоймады. Ерекше маңыздысы – олар өз ұлтын көпшілігіне жақын және түсінікті оң идеялар айналасына біріктіру және тұтастыру факторы ретінде араласып, дамудың күрделі кезеңінде қоғамға сенімді жол ұсына білді. Нәтижесінде олар өз халықтарының жадысында мәңгілікке қалды.

Осы ұлы атаулар тізіміне ешбір жалтақтамастан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін енгізуге болады. Оның мемлекет Басшысы орнында көрнекті қызметін ел тұрғындарының абсолютті көпшілігі тұтастай қолдайды. Ұлт Көшбасшысы біздің тарихымыздағы барлық жылдар бойы бүкіл қазақстандық қоғамды біріктіруші фактор болып келді және болып та қалады. Рсепубликамызда өткен барлық президенттік сайлаулардың қорытындысынан Назарбаев бастаған бағытты көпшіліктің қолдап отырғанын көруге болады.

Н.А. Назарбаевтың еңбегі, елдің дамуының жай басты бағытын ғана әзірлеп қоймауынан тұрады. Ең бастысы – өзі жариялаған сол қарапайым және табиғи құндылықтар жылдар бойы өз бетіндік құндылықтарға және қазақстандық қоғам басымдықтарына, қазақстандық сәйкестік факторларына рәсімделді. Олар қоғамдық идеология іргетасы болды. Н.Назарбаев – бұл тұрақты даму, этника аралық және конфессия аралық келісім, ұлттық бірлік фактісін белгілеуге болады. Қоғам осы құндылықтарды сіңірді, ол бізбен бірге өмір сүреді. Нақ осы базалық құндылықтарға бұлжымастық қазақстандық қоғамды біріктіруші фактор болды. Сондықтан Н.Ә. Назарбаев Қазақстан үшін – ең алдымен оның біріктіруші бастауы ретінде өз ұлтына қажетті көшбасшы.

Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықта Нұрсұлтан Назарбаев мүмкін дегеннің өзін кеңейте алатын көшбасшы ретінде сипатталады. Қазіргі таңда шынымен де бұзып өтетін бастамалар ұсына отырып, қазақстандық Елбасы біздің мемлекетіміз үшін ғана емес, халықаралық әрі ғаламдық ауқымда жаңа экономикалық-әлеуметтік және рухани-адамгершілік даму жолын бастады.


Әдебиеттер тізімі
1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь: - 2050. Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.

2. О концепции внешней политики Республики Казахстан на 2014-2020 годы от 21 января 2014 года № 741.

3. Калетаев Д. Феномен национального лидера: история и современность. - Астана, 2013.

4. Жолдасбеков М. Верный курс Президента // Казахстанская правда, 2015, 3 июля.





О.М. Хмельницкая,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының оқытушысы,

Әлеуметтік ғылымдар магистрі

e-mail: olesya_hmelnick@mail.ru

БОЛАШАҚТЫ АНЫҚТАҒАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылдың 29 наурызында М. Ломоносов атындағы ММУ жоғары және беделді трибунасында ресейлік ғылыми қауымдастықтың бетке ұстар тобының алдында жұртшылықтың назарына «Еуразиялық мемлекеттер одағын құру туралы жобасын» ұсынған сол тарихи күннен бері жиырма жыл өтті.

Қазіргі таңда, посткеңестік кеңістікте КСРО құлағаннан кейін орталықтан сыртқа ұмтылулар үстемдік еткен, аяғына тұрған әлеуметтік-экономикалық байланыстардың құлдырауы жүріп жатқан және көптеген, тіпті соғысқа дейін баратын қақтығыстар туындаған жағдайларда таңбалы оқиға болғанын түсінеміз. Адамдар ұлтаралық шиеленістің күшеюіне тап болды, қашқындар пайда болды, өмір сүру деңгейі қатты төмендеді. Сол кезде жаңа тәуелсіз мемлекеттер араларындағы қарым-қатынастардағы мәселелердің шешімін опыр-топыр және аса қарама-қайшы іздеумен айналысқан. Оларға сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүлдем басқа стратегиясын құру және өзгерген геосаяси реалийлерге сәйкес келетін өзара әрекет етудің түбегейлі жаңа механизмдерін қалыптастыру керек болды.



Қазақстан Президентімен ұсынылған еуразиялық ықпалдастық стратегиясы ХХ ғасырда әр түрлі құрлықтарда жүзеге асырылатын аймақтық интеграцияның әлемдік үлгілеріне негізделген [1]. Н.Ә. Назарбаевтың ойы бойынша, Еуразиялық одақ әрбір қатысушы елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделері жүзеге асырылатын және жалпы бірлескен әлеует пайдаланылған бірдей құқықты тәуелсіз мемлекеттердің одағы болуы керек [2, 3 б.]. Еуразиялық одақ елдердің нарықтық қайта құруларды жүргізуге келісілген амалдардың қолдануын, ұлттық қауіпсіздікті, әлемдік экономикалық жүйеге бірлесіп қосылуын қамтамасыз етуі керек. Бұл міндетті мемлекеттермен бірыңғай экономикалық, кедендік, сауда және әлеуметтік-гуманитарлық кеңістік аумағын құру жолымен жүзеге асыру жөн болар еді [2, 65 б.]. Сонымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен салыстырғанда бірлесу негізі дәл экономикалық өзара байланыс болуы керек еді. Еуразиялық одақты рәсімдеу егемендікке қысым жасаусыз, мемлекеттің ішкі істеріне араласпау, өз елінде мемлекеттік құрылымның тәртібін анықтаған әр халықтың құқығын құрметтеу кезінде болуы керек. Ықпалдастыққа прагматикалық амалдың қажеттігі, бірлесудің экономикалық мақсатқа лайықтылығы мен еріктілігі оны қалыптастырудың басымдылық принциптерімен мойындалды.

Еуразиялық мемлекеттердің ықпалдастығының басты мақсаттары тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, аумақтың әлеуметтік-экономикалық жаңаруы деп аталды. Сонымен қатар, жобада Еуразиялық одақта Еуропалық одақтың үлгісі бойынша өзіне әр түрлі қызмет саласында елдердің өзара қарым-қатынасын реттеу функциясын алатын ұлт үстіңгі органдар құрылатындығы аталып өткен.

Еуразиялық ықпалдастық идеясының тәжірибелік іске асуы 1995 жылғы 20 қаңтарда Белорусь, Қазақстан және Ресей елдерінің Кедендік одағы туралы Келісімді жасаудан бастау алады, кейін бұл одаққа 1996 жылы Қырғызстан және 1999 жылы Тәжікстан қосылды. 1996–1998 жылдары Кедендік одақ туралы Келісімді дамытуға тағы бірқатар мемлекетаралық келісімдер қабылданды, себебі сол сәтте дезинтеграцияланған тенденциялар жеткілікті мықты болды.

1999 жылғы 26 ақпанда Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы Шартқа қол қойылды, бірақ ортақ сыртқы шекараларымен және ортақ басқару жүйесімен бірыңғай кедендік аумақты қалыптастыру бойынша жоспарлар жүзеге асырылған жоқ. Сондықтан 2000 жылға дейінгі кезең еуразиялық ықпалдастық процестерінің даму контексінде сынау жолдарын және едәуір тиімді интеграциялық моделдің қателерін іздеу уақыты ретінде сипаттауға болады. 

Еуразиялық ықпалдастықтың тағдырын шешуші кезең 2000 жылғы 10 қазанда Астанада бес мемлекеттің (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) басшыларымен Еуразиялық экономикалық қауымдастықты (ЕурАзЭҚ) – нақты жазылған функционалдық құрылымға және тиімді қызмет механизмдеріне, анық және түсінікті мақсаттарға ие халықаралық ұйымды құру болды. ЕурАзЭҚ кезінде бақылаушы мәртебесін Армения, Молдова және Украина алды. 2006–2008 жылдарда қауымдастықтың құрамына Өзбекстан кірген. Бұл құрылым оның шеңберінде Кедендік одақты және Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК) қалыптастыру, сонымен қатар, әлемдік экономикаға және халықаралық сауда жүйесіне ЕурАзЭҚ мүше-елдерінің қарым-қатынасын ықпалдастыру мақсатымен құрылған. Қауымдастық елдері қызметінің стратегиялық бағыты – бірлескен табиғи, экономикалық, ғылыми және адами әлеуетті тиімді пайдалану кезінде олардың динамикалық әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл қоғамның үдемелі дамуының және адами және биологиялық ресурстарын тұрақты ұдайы өсуінің, экономикалық даму деңгейін және біздің елдердің өмір сүру деңгейін жоғарылатудың маңызды факторы болды [1, 72 б.].

ЕурАзЭҚ ұйымдастыру туралы шартына қол қою сәтінен бастап 13 жыл өтті. Осы уақыт бойы ол алдына қойылған міндеттерді сәтті орындап келеді. Өзінің қызметінің бастапқы кезеңінде Қауымдастық кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы іскерлік байланыстарды тереңдетуді қамтамасыз етті.

Еркін сауда зонасының арқасында ЕурАзЭҚ елдерінің тауарларын өзара сату көлемі Қауымдастықтың сегіз жыл жұмысында бірінші рет 4 есе артты. Осы жетістіктердің негізінде 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның, Ресейдің және Белорусь Кедендік одағы жұмыс істей бастады, ал 2011 жылғы 1 шілдеден бастап барлық халықаралық стандарттар бойынша толық форматты режимде әрекет етеді. Осы кезеңде Кедендік одаққа ЕурАзЭҚ үш елі қабылданған әр түрлі жылдамдықты және әр түрлі деңгейлі интеграцияның тұжырымдамасына толық сәйкестікте кірді, соған сәйкес, өзара ынтымақтастықтың түрлері, қарқыны мен деңгейі мемлекеттердің дайындылығы мен мүдделілігінің деңгейіне қарай таңдап алынады. 

Кедендік одақтың толық форматты жұмысы кооперациялық байланыстардың кеңеюіне және кәсіпорын мен халықта уақыт пен қаражат шығынының азаюына әкелді. Оның мүше-елдерінің тауарларын өзара сату көлемдері 2010 жылы 29 %, 2011 ж. – 34 %, 2012 ж. – 7,5 % өсті.

«Известия» газетінде 2011 жылғы 25 қазанда жарияланған «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына қарай» атты іргелі мақаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «кедендік одақ – бұл бүкіл ТМД кеңістігінде шынымен ерікті және тең құқылы ықпалдасудың бірінші түрі. Ол алғаш рет тарихта біздің елдің халықтарын өзара сыйластық, ұлттық ерекшелікті сақтау және ортақ болашақтың үздіксіздігін ұғыну негізінде жақындастырады. ЕЭК Кедендік одақтың бірізді өзгеруі, ал уақыт өткен соң, Еуразиялық экономикалық одақ біздің елдеріміздің өркендеуіне мықты стимул болатынына, елдерімізді жаһандық әлемде алдағы қатарға шығарады деген сенімдемін» - деп атап өтті [3, 4 б.].

Сыртқы сұраныс емес, Кедендік одақ ішіндегі сұраныс өнеркәсіптің әр түрлі салаларында, ауыл шаруашылығында, қызметтер саласында үш елдің кәсіпорындарын салуды қамтамасыз етеді. «Үштіктің» шеңберінде Белорусь пен Қазақстанның үлес салмағы ұлғаяды. Кедендік одақтың қызмет етуі барысында өзара саудадағы шикізат ресурстарының үлесі 40 бастап 33% төмендеді, яғни, тауар айналымының құрылымы жақсарды, технологиялық өніммен, жоғары қосымша құны бар тауарлармен шикізат тауарларын ауыстыру жүргізілді.

Қауымдастық елдерімен бірлескен мемлекетаралық мақсатты бағдарламалары әзірленеді және жүзеге асырылады. Еуразиялық даму банкы және Еуразиялық іскерлік кеңес белсенді жұмыс істейді. Сауда-экономикалық ықпалдасудағы жетістіктермен қатар, әлеуметтік, еңбектік және көші-қон саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және экология салаларында әлеуметтік-гуманитарлық блоктың маңызды сұрақтары нәтижелі шешіліп жатыр. Еуразиялық біріктіру дамуының әрбір кезеңінде сарапшылар бірауыздан осы процестердің дамуында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы рөлін атап өтті. «Солтүстік - Оңтүстік» саяси орталығының қазіргі атқарушы директоры өз сөзінде «жүзеге асырудың жүйелілігі, теория мен тәжірбиенің үйлесімді қатынасы, заң бойынша «Нұрсұлтан Назарбаевтың жобасы» деп аталатын «еуразиялық жобаның» жетістігін айқындады». ТМД елдеріндегі қоғамдық-саяси процестерінің жетекші сарапшыларының бірі Алексей Власов, Еуразиялық одақ Нұрсұлтан Назарбаев үшін өмірлік іс сияқты: «Еуразиялық одақ құру идеясы әуел бастан Қазақстан Президентіне тиесілі». Екі онжылдық бойы ол үнемі біріктіру процесін итермелеп отырды және әрдайым: «Біріктіру – ол өркендеудің қысқа жолы» деп қайталаудан жалықпады. Назарбаевтың сенімді және қол жетімді мақсатқа қырағылықпен бағыттағанын уақыт көрсетті».

Атақты кеңес және ресей публицисті, жазушы-тарихшы Рой Медведев, Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық доктринасы жайлы айта отырып, оның жаңашылдығын және сонылығын көрсете отырып, XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы еуразиялық доктринамен ол тек қатысты және терминологиялық байланыста. Оның бағалауынша, «Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобасы әртүрлі мистикадан алыс және қандай да бір абстрактылы геосаясаттың догмасына негізделмеген, орын алған экономикалық және саяси жағдайлармен анықталатын барлығына түсінікті формулаларға негізделген».

ЕурАзЭҚ халықаралық мәртебеге ие және БҰҰ-да бақылаушы болып табылады. Оның бірқатар маңызды жобаларды бірге жүзеге асыратын басты халықаралық серіктестері болып БҰҰ ЕЭК, АТМЭӘК, ЮНИДО, ЮНЕСКО, БҰҰ дамыту бағдарламасы, ХАЭҰ, Көші-қон бойынша халықаралық ұйым, Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарлама, Дүниежүзілік кедендік ұйым, ЕҚЫҰ, ЕҚ өкілеттігі, Азиядағы өзара әрекет етулер мен шаралар бойынша кеңесі алға шығады. Ерекше орынға аймақтық құрылымдармен – ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ ынтымақтастық ерекше орын алады [1, 100 б.].

ЕАҚ құру туралы жобамен еуразиялық интеграциялық құрылымдарды қалыптастыру кезінде Еуроодақтың тәжірибесін пайдалану алдын ала қарастырылды. Сонымен, ЕҚ кейінгі жылдарда ол үстіңгі органдардың қызмет етуімен байланысты күрделі мәселелер, институционалдық және функционалдық мәселелері, сонымен қатар, Еуроодақты және оның ішіндегі еңбектің көші-қонды кеңейтуге байланысты мәселелер ашылды. Осының барлығы ЕурАзЭҚ, Кедендік одақты және ЕЭК құру кезіндегі тәжірибелік жұмыста ескерілді. Осында ЕҚ тәжірибесі сынды түрде қайта түсіндірілді және біздің елде қалыптасқан жағдайларға бейімделді. 

2011 жылғы 18 қарашада үш елдің президенттерімен Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы Декларацияға қол қойылды, соған сәйкес ең жақын интеграциялық міндет – Кедендік одақтың және ЕЭК әлеуетін толық жүзеге асыру, ал одан әрі – осының негізінде Еуразиялық экономикалық одақты құру, онда тек нарықтар емес, сонымен бірге стратегиялық жоспарлар мен елінің экономикасын дамыту перспективалары біріктірілген. Жаңа бірлестік технологиялық, модернизациялық, инновациялық салаларда, білім облысында тиімді кооперация үшін қосымша мүмкіндіктерді ашуға арналған.

2014 жылдың наурыз айында еуразиялық жобаның «туғанына» 20 жыл толды. Еуразиялық ықпалдастық идеясының жылжуы, шын мәнінде, Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірлік ісі болды. Сонымен, Ресей Президенті В.В. Путин Н.Ә. Назарбаевпен 2013 жылы шілдеде Астанада өткен кездесуінде келесіні атап өтті: «Сіз, шын мәнінде, біздің Кедендік одақтың негізін қалаушы-атасысыз, бұл Сіздің идеяңыз болды, біз оны жүйелі түрде дамытамыз. Атап өткім келеді, бұл, күмәнсіз, посткеңестік кеңістікте ықпалдастық бағытындағы ең үлкен қадам. Қазір біз оның қайтарылуын сеземіз». 



Қазіргі заманғы реалийлерде Қазақстан көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың идеясы практикалық еурозиялылықтың жаңа кезеңінің басы болды. Сонымен, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі, оның еуразиялық теорияны саяси тәжірибемен күшейте алуында, сонымен, еуразиялық тұжырымдаманы едәуір өмірге бейімді және тиімді жасай отырып, күшейте алуында.

Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен Қазақстанның қазіргі әлемде лайықты орынға қарай магистральды жылжу және жаңа астана – Астананың құрылысы байланысты. Сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысы әлемге Қазақстанның және халқымыздың жаңа бейнесін ғана көрсеткен жоқ. Өткен жылдарда оның еуразиялық идеясының «үш киты» толық жүзеге асырылды - Еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕурАзЭҚ), Азияда өзара әрекет ету және шаралар бойынша кеңесі (АӨӘЕШК) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [2, 3 б.]. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше еңбегі, оның еуразиялық теорияны саяси тәжірибемен күшейте алуында, сол арқылы еуразиялық тұжырымдаманы едәуір өмір сүруге бейімді және тиімді ете алуында.

2012 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Президенті «Қазақстан-2050» жаңа Стратегиясын ұсынды, онда кезекті жаһандық жарып шығуды жасау және 2050 жылы әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттерінің қатарына ену жоспарланады. Бұл құжат – қалыптасқан мемлекеттің үдемелі дамуының жаңа жаһандық бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының дамыған әлем елдерінің отыздығына кіруі Нұрсұлтан Назарбаевпен оның 2014 жылғы 17 қаңтардағы халыққа Жолдауында ұсынылған. Ол екі кезеңнен тұрады: 2030 жылға дейін жаңартылған ұмтылыс жасау, экономиканың дәстүрлі салаларының динамикалық өсуін және мықты өңдеуші индустриалдық секторды құру талап етіледі; 2030–2050 жылдарда ғылымға сыйымды экономика принциптерінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет: мықты өңдеуші өнеркәсіпті қалыптастыру, дәстүрлі салаларда жоғары қайта бөліс өнімдерді шығаруға көшу, инжинирингтік қызметті дамыту.



Қазақстан Президенті «дамыған 30-топ әлем елдеріне кірудің маңызды механизмін біздің аймақтық және жаһандық экономикалық жүйемізге шоғырланудың тереңдігін анық көреміз. Бұл, ең алдымен, біздің Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға қатысуымызбен, Дүниежүзілік сауда ұйымына енуімізбен байланысты – деп атап айтады [1, 56 б.].

Елбасы болашақ энергиясын дамытуға ерекше мән береді. Үш жылдан кейін Астанада осы тақырыпқа арналған «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі өтеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі бойынша, «бұл көрме елдің «жасыл» даму жолына көшуге мықты қарқын береді. Астанада ғылым мен техниканың ең үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар өздерінің көздерімен «біз ұмтылатын болашақ энергиясын» көре алады» [3, 3 б.].

Қазіргі еуразиялық идеяның авторы экономикалық мақсатқа лайықтылықпен қатар гуманитарлық құраушы бөлікті, интеграцияны «адами өлшеуді» де маңызды деп санайды. Еуразиялық стратегияның барлық элементтерінің тәжірибелік іске асырылуы бұрыштың басына рухани және адами құндылықтар жүйесін, тұлғаға деген құрметті, мәдениеттердің өзара байытылуын қояды. Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен еуразиялықтың «әр алуандылық арқылы бірлікке қарай» басты ұранының теориялық және практикалық толығуы байланысты.

2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ өзінің жұмысын бастады. Армения мен Қырғызстанның интеграциялық бірлестігіне қосылу процесін бастай отырып, бірнеше айдың ішінде «еуразиялық үштік» «еуразиялық бестікке» айналды. ЕЭО-пен ынтымақтасуда көптеген мемлекеттер қызығушылық танытуда, жуырда Вьетнаммен еркін сауда одағының аймағын құру туралы бірінші келісімге қол қойылды. Еуразиялық экономикалық біріктіру және қытай бастамасымен Жібек жолының экономикалық аймағын біріктіру тұрғысынан алғанда қызықты болашақ ашылуда [5, 6 б.].

Жаңа бірлестік шын мәнінде оның әлеуетін ескергендегі тартылыс орталығы баршаның назарын аудартуда. Армения мен Қырғызстанның ЕЭО мемлекеттерінің жалпы нарығына қосылуы, 180 млн-нан аса тұтынушыларды құрайды, бұл орасан зор өндірістік, ғылыми және технологиялық әлеуетті, аса ірі табиғи ресурсты (мемлекет-қатысушыларының үлесіне әлемдегі зерттелген барлық пайдалы қазбалардың шамамен жартысы тиеді) бірлестік.

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мемлекет-мүшелерінің басқа мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен өзара қатынасына ешқандай әсер етпейтінгідігі маңызды. Осы интеграциялық бірлестіктің бөлігі ретінде мемлекеттер ынтымақтастықты жолға қоюға, инвестициларды тартуға көптеген мүмкіндіктер ала алады деп сеніммен айтуға болады [5, 6 б.].

… Қазақстан Президенті идеясының жүзеге асуы үшін жиырма жыл қажет болды. Адамзат тұрғысынан қарасақ ол аз уақыт емес. Алайда, мысал ретінде алсақ, Еуропаға кеден одағын құруға 11 жыл, жалпы нарықты қалыптастыруға – 34 жыл және экономикалық және валюта одағына 40 жыл қажет болды. Яғни, еуразиялық біріктіру еуропаға қарағанда екі есе жылдам дамыды. Мұндай қарқындылық барлық болып жатқан процестерге нақты әсерін тигізетін жаңа реалиялармен, жаңа тарихи жағдаймен байланысты болды. Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «ХХI ғасырдағы масштабты технологиялық өзгерістердің болашақ нәтижесі ретінде бізге жаһандық экономикалық цейтнот жағдайында әрекет етуге тура келеді» » [5, 6 б.].

Еуразиялық біріктірудің көптеген тәжірбиелік мәселелерін өте қысқа мерзімде шешуге тура келеді, алайда, әрбір шешім сапалы және әбден пысықталған, сараланған. Себебі, одақтың әрбір қатысушысы ЕЭО – ол шындап және ұзаққа құрылған бірлестік екенін сезінеді.


Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы: Атамұра, 1999. - 296 с.

2. Новый Казахстан. Разговор о стране. Интервью Главы государства Нурсултана Назарбаева ведущим авторских программ республиканских каналов // Казахстанская правда, 2007, 10 апреля.

3. Нурсултан Назарбаев – главный архитектор евразийской интеграции// Казахстанская правда, 2014, 12 марта.

4. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.



5. Идея, определившая будущее // Казахстанская правда, 2015, 15 июля.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет