Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы
e-mail: a.sivodedova@kstu.kz
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ – ҚАЗАҚСТАН БОЛАШАҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН САЯСАТ
Жалпыға бірдей жаһандану мен жаңғырту жағдайында сыртқы шарттардың талаптарына сәйкес білім беру жүйесіндегі өзгерістер аса маңызды болып табылады. Адамзаттық капиталға, оның ішінде білім беру жүйесіне салынған инвестициялар экономика мен қоғам үшін маңызды қайырым беруіне септігін тигізеді.
Бұл өзгерістер жылдам өзгерілетін әлемде бейімделе алатын, техникалық үдемелі, өндірістік жұмыс күшін құруға аса қажетті. Халықтың білім беруге, дағдылыққа, қабілеттілікке инвестиция салған елдер ғана болашақта жетісті экономика болады.
Білім беруді тек әлеуметтік қажеттіліктерге арналған шығындар ретінде ойламай, экономикалық инвестиция ретінде түсіну керек. Білім беру мен экономикалық өсімді байланыстыратын көптеген дәлелдемелер бар: макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім беру, табыс және өнімділік арасында тығыз байланыс бар екенін куәләндырады. Сондай-ақ білім берудің ерте кезеңіндегі инвестициялардан қайтарымның үлкен өсімі байқалады; зерттеулер білім беруді дамытуда инвестициялардың аса маңыздылығын дәлелдейді.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауында атап өткендей: «Білім беру – дегеніміз адамзат тіршілігінің стратегиялық маңызды саласы, тұлғаның қабілеттілігін дамытатын бірегей әлеуметтік институт. Білім берудің сапасынан технологиялық, экономикалық, саясаттық үдерістің қарқыны, қоғамдағы мәдениет пен руханият жағдайы және ақырында адамның саулығы байланысты. Білім беру саласындағы Қазақстанда өткізіліп жатқан мемлекеттік саясат Республикамыздың ең маңызды мақсатына бағытталған – бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру» [1].
Білім беру экономикалық табыстан басқа, өзге әлеуметтік табыстарға алып келеді, әлеуметтік капиталды қалыптастыруға көмектеседі – азаматтық қатысушылықтың үлкен үлесі, жоғары әлеуметтік ауызбірлігі мен ықпалдастығы бар, қылмыс деңгейі төмен қоғам.
Осы мақсаттарды шешу мақсатында, 2005 жылдан бастап, Қазақстан Республикасында 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік бағдарламасын, 2008 – 2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіби білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданды. 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезінде жоғарғы білім беру жүйесінде айқын оңтайлы нәтижелерге қол жетілді. Қазақстандық жоғарғы мектеп үш деңгейлік білім беру жүйесіне (бакалавр, магистр, доктор PhD) көшті. Кезеңдердің жаңа жүйесі өзінің құқықтық бекітілуін «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты (2007 жыл).
Қазақстан жоғары мектебінің мақсаты жоғарғы білім берудің еуропалық аймағына кіру болып табылады. 2010 жылы Болондық үдеріске қатысатын елдердің Білім беру Министрлерінің ІІ Болондық Форумында – Қазақстан Болондық үдеріске енді. Болондық үдерістің қатысушылары бірқатар шарттарды орындауға міндетті: жоғарғы білім берудің көп деңгейлік жүйесін енгізу; студенттер мен оқытушылардың жинақылығын мадақтау; бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және оқудың аяқталуы бойынша қос немесе бірлескен дипломдарды беруді тәжірибелеу, сондай-ақ әр түрлі елдердегі жоғарғы оқу орындар түлектерінің құқықтарын теңестіру тәсілі ретінде дипломға еуропалық қосымша беру, оның ішінде еңбек нарығында, ECTS (European Credit Transfer System) еуропалық үлгісіндегі академиялық кредиттерді қолдану және тағы басқалар.
Еуропалық білім беру кеңістігіндегі бірлестік (жоғарғы мектеп түсінігінде) ең алдымен үш деңгейлік оқыту жүйесін енгізумен қамтамасыз етіледі - бакалавриат, магистратура, докторантура. Біріншісі – 3 жылдан кем емес оқу жылын қамтиды; екіншісі 1 немесе 2 жыл (егер бакалаврлар аталған жоғарғы оқу орнында 3 жыл оқыса, магистратура екі жылдық болу керек деп ұйғарылады, ал егер – 4, онда магистр 1 жыл оқиды). Үшінші деңгей – докторантура (3 жыл). Соңғы жылдардағы көп деңгейлі оқытудың қазақстандық тәжірибесі келесі модель бойынша орналасқан: 4 жыл – бакалавриат, 2 жыл - магистратура, 3 жыл – күндізгі аспирантура. Бұл модель еуропалық қағидалардан басқаша, бірақ Болондық үдеріспен рұқсат етіледі.
Университеттік бағдарламалар өмір бойғы оқу кепілдігін қарастыратын, еңбекпен қамту мүмкіндігін бере отырып, еуропалық еңбек нарығына бағыттала, үйлесімді болу керек.
Еуропа университеттері ұтқырлықты горизонталь бойынша да, сондай-ақ вертикаль бойынша да, мойындау мен ұтқырлықтың (ECTS, дипломдардың конверсияланғыштығы, оқыту бағдарламаларының сәйкестігі және т.б.) әрекеттегі аспаптарына сүйене отырып, марапаттауға міндетті. Қатысушы елдердің барлық университеттері жоғарғы білім берудің (бакалавр плюс магистр немесе доктор) көп деңгейлі жүйесіне ауысуы, ECTS-ке және басқа ЖОО алынған кредиттердің сабақтастығы туралы шешім қабылдау құқығына негізделген жинақтаушы-қайта сынау кредиттік жүйесін пайдалануы керек.
Оқыту негізгі әлем тілдерінде жүргізіледі, нәтижесінде Болон процесіне қатысушылар профессорлар мен еуропалық студенттер үшін қолайлы білім алу ортасын құруға үміттенеді, ол оларға бір университеттен басқасына еркін орын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастыру, берілген кеңістікке мүмкіндігінше көп мемлекет санының енуі – тым күрделі проблема, көп жоспарлы. Жас Қазақстан мемлекеті үшін ол маңызды. Білім сапасын арттыру, оқыту процесінде өз бетіндік компонентті ұлғайту, педагог мамандығының беделділігін арттыру, қазақстандық дипломдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – ҚР білім берудің негізгі міндеттері осы.
Қазақстан Республикасында 2005 – 2010 жылдары Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде барлық білім беру деңгейлері институционалды түрде сәйкес ұйымдар желісімен қамтамасыз етілген. Мамандықтардың іріленген топтарынан тұратын, Қазақстан Республикасы жоғарғы және ЖОО кейінгі білім беру мамандықтарын жіктегіш бекітілді.
Жоғарғы және ЖОО кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға Мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылы 25 710-нан 2010 жылы 35425 дейін артты. Білімді ақпараттандыруды дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Қазіргі кезде бір компьютерге 18 оқушы келеді. 2005 жылы берілген көрсеткіш 41 құрады, оның ішінде 36 – ауылдық жерде [2].
Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға көп назар аударылады. Орталық және жергілікті атқару органдарында, республика аумақтарының ЖОО жанында қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беру мектептерінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту енгізілді.
Ұлттық жоғары мектепте әлемдік білім беру деңгейіне жету шаралары қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім беру кеңістігіне енді, Болон Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі – «Назарбаев Университеті» беделді жоғарғы оқу орны құрылды. Оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда ЖОО академиялық еркіндігі кеңейді: таңдау бойынша компонент ұлғайды - бакалавриатта 40 % бастап 50 %, магистратурада – 50 % бастап 60 % дейін және докторантурада - 70 % бастап 80 % дейін. Сапалы жоғарғы білім алуды қалайтын студенттер саны артып келеді. 20 мыңнан астам қазақстандықтар шетелде білім алады. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясының 3000 жуық стипендиаттары әлемнің 27 елде білім алады.
Шетелдіктер үшін жоғарғы білім тартымдылығын арттыру үшін жағдай жасау бойынша шаралар қолданылады. Республиканың ЖОО-да 10 мыңнан астам азаматтар білім алады.
Қазақстан қазіргі кезде білім саласында негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл Еуропа аймағында жоғарғы білімге жататын біліктілігін мойындау туралы Лиссабон Конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.
2020 жылға дейін елдің дамуының Стратегиялық жоспарының басымдықтарының бірі ретінде адам ресурстарының дамуы анықталды.
Сондықтан жаңа ұлттық көріну ұсынылады: 2020 жылы Қазақстан – білімді ел, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білімнің дамуы платформа болуы тиіс, оған еліміздің болашақ экономикалық, саяси және мәдени-әлеуметтік гүлденуі сүйенеді.
Білім беру саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастыру негізі Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға, қазақстандық білім беруді түрлендірудің жалғасын қамтамасыз ететін Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы болуы тиіс.
Бағдарлама білім беру саласында мемлекеттік саясаттың ұйымдастыру негізі ретінде білім беру және тәрбие беру құрылымында, мазмұнында және технологияларында, басқару жүйесінде, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастыру түрлерінде және қаржылық-экономикалық механизмдерінде өзгерістерді қамтитын ресурстар мен іс-шара мерзімдері бойынша өзара байланысқан кешендер болып табылады.
ҚР Үкіметі 2011 жылы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылады: 2011-2015 жылдар және 2016-2020 жылдар.
Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2011 - 2015 жылдары) жеке бағыттар бойынша білім беруді дамыту модельдерін әзірлеуге, олардың сынамасына, сонымен қатар ауқымды түрлендірулер мен эксперименттердің басталуына байланысты жұмыстар жүргізу қарастырылды.
Екінші кезеңде (2016-2020 жылдар) басымдық, жабдық, білім беру жүйесін дамыту мәселелерін шешуге бағытталған шараларға инвестициялар сатып алуды болжайтын іс-шараларды (білім берудің материалдық инфрақұрылымын түрлендіруге және басқа шығыны жоғары жұмыстар, әдістемелік, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету) жүзеге асыруға беріледі, алдыңғы кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылды.
Кезеңнің әрқайсысында Бағдарламаны жылдар бойынша жүзеге асыру барысын сипаттайтын көрсеткіштердің өзгеруі және бағдарламалық-іс-шаралардың білім беру жүйелерінің жағдайына әсері жоспарланады.
2011 ж. бастап 2015 ж. дейін созылатын бірінші кезең үшін әсіресе төменде аталған мәселелерді шешу маңызды.
Еңбек нарығы талаптарын, елдің, жеке тұлғаның индустриялық-инновациялық даму міндеттерін қанағаттандыратын және білім беру саласында әлемдік үздік практикаларға сәйкес келетін жоғары білім беру сапасының жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін келесі шаралар ұсынылады: бакалаврлардың, магистрлар мен PhD докторлардың біліктілігін Дублиндік дескрипторлармен сәйкестікке келтіру; ECTS типі бойынша кредиттерді қайта сынаудың қазақстандық моделі бойынша халықаралық семинарлар өткізу; 2014-2015 жылдарға магистратурада және докторантурада даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыру; педагогикалық және техникалық мамандықтар бойынша практикаға кредиттер көлемін арттыру бойынша МЖМБС-та өзгерістер енгізу; институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің жоғары білім беру саласында Еуропалық сапаны қамтамасыз ету желісі (ENQA) әзірлеген «Еуропалық аймақта жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттарына және нұсқаулығына» сәйкестігін қамтамасыз ету; студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (АКТ) және кең жолақты интернетке тең қол жеткізуін қамтамасыз ету; Болон процесінің міндетті, ұсыныстық және факультативтік параметрлерін орындау; Қазақстан ЖОО әлемдік рейтингтерге қатысуы; Назарбаев университеті моделі бойынша ЖОО автономиясын жүзеге асыру механизмін әзірлеу; ЖОО оқу әдебиеті қорын ұдайы толықтыру; Қазақстан Республикасының ЖОО базалық оқулықтармен, оның ішінде мемлекеттік тілде және экономикалық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша шетелдік оқулықтармен қамтамасыз ету; шет ел студенттерін қатыстыру, халықаралық шарттар шеңберінде баламалы алмасуды жүзеге асыру, сонымен қатар, ауған азаматтары үшін білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; студенттердің Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана арқылы әлемнің алдыңғы қатарлы шетелдік университеттерінің үздік білім беру ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету; бизнес-инкубаторлар, технопарктер, «Энергетика», «Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы», «Химия өнеркәсібі», «Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі», «Машина жасау», «Жеңіл өнеркәсіп» бағыттары бойынша ғылыми әзірлемелер мен технологияларды коммерциялау орталықтарының мұнай-газ секторының инфрақұрылымы және мұнайды қайта өңдеу.
Жаңа заманғы білім беру кеңістігінде әсіресе педагог мамандығының беделін арттыру маңызды болып табылады. Бұл үшін Бағдарлама шеңберінде төмендегілер қарастырылды: біліктілік категориясы үшін педагогикалық қызметкерлердің лауазымдық төлемақы мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын дифференцияланған коэффициенттер енгізуді қарастыратын педагогикалық қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің жаңа моделіне берілетін ұсыныстар, нәтижеге бағдарланған еңбекақы төлемін енгізу механизмін әзірлеу, педагогикалық қызметкерлердің жалақысын экономиканың жеке меншік секторындағы жалақыға жуықтату; ЖОО-ның алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік өнеркәсіптік кәсіпорындарымен басым бағыттар бойынша, жан-жақты кооперация мақсаттарында жыл сайын 100 адамға дейін ПОҚ-тың шетелде біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; педагогтың қоғамда жағымды имиджін қалыптастыру жұмысын жүргізу («Жыл мұғалімі» конкурстары, акциялар, БАҚ-мен бірлескен жобалар, шебер-кластар, педагогикалық династиялар слеттері, ғылыми-практикалық семинарлар мен симпозиумдер, семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер) және т.б.
Өте ерте жастан бастап білім әлеуметтік, эмоциялық және басқа өмірлік маңызды машықтарды қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Осымен көз жеткізерлік аргументтер білім беру қызметінің барлық спектрін одан әрі дамыту пайдасы шектеледі. Қазақстанға білім беруді түбегейлі өзгерту қажет: білім беруге инвестицияларды айтарлықтай және тұрақты арттыру, оның сапасын жақсарту.
Әдебиеттер тізімі
1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.
2. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. // www.edu.gov.kz/
3. О стратегическом плане развития Республики Казахстан до 2020 года. Указ Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2010 года № 922 // Казахстанская правда, 2010, 2 февраля.
4. Конституция Республики Казахстан. Алматы. - 2007.
Н.А. Қазбеков,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
ПРЕЗИДЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Аса танымал емес Қазақстан Республикасы бүгінде аймақтық саясаттың көшбасшысына, сондай-ақ, жаһандық процестердің белсенді және белгілі қатысушысына айналды. 1990 жылдың 25-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларацияны қабылдады. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында Республиканың тұңғыш Президентін таңдайтын бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық еркінің нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев сайланды. 1991 жылдың 10 желтоқсанында бүкілхалық сайлаған тұңғыш Президент қызметіне кірісті, республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылдады, ал, 1991 жылдың 16 желтоқсанында республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Осы күннен бастап, жаңа мазмұнмен толыққан Қазақстан республикасының халықаралық құқықтық субъектілігі есептеледі деуге болады [1]. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылдың мамыр айында баспадан шыққан «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стартегиясы» атты еңбегінде қазақстанның сыртқы саясатының алғашқы Концепциялары анықталған. Орын алған жағдайда Н.Ә. Назарбаев қазақстандық сыртқы саясатының маңызды принциптерін анықтады [2]. Оның алғашқы байсалды дебюті 1992 жылдың қазан айында Нью-Иорктағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 7-ші сессиясына қатысуы болып табылады. Осы сессиядағы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасында аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің ауқымды міндеттері қойылып, әлемдік жағдайларға шынайы баға берілді, әлемдік даму перспективаларының айқын көрінісі ұсынылды, бірнеше жыл өткен сон жүзеге асқан сын қатерлер мен қауіптер жөнінде де болжамдар айтылды. Сол уақытта мемлекет Басшысы Нью-Иоркта алғашқы рет Еуропада ЕҚЫҰ қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органның, Азияға да қажеттігі туралы мәселені көтерді. Азиядағы (СВМДА) өзара әрекеттесу және сенім шаралары бойынша Мәжілісі сияқты диалогтік алаңды құру туралы сөз болды. Осы сессиядағы Президенттің сөйлеген сөзі ұзақ жылдарға бағдарламалық құжат болып қалды. Бүгінде Азиядағы (СВМДА) өзара әрекеттесу және сенім шаралары бойынша Мәжілісі беделді халықаралық ұйым болды, оның құрамына 26 мемлекет-қатысушылары және 8 мемлекет-бақылаушылары кіреді. Нью-Иорктегі мемлекет Басшысының сөз сөйлеуінің маңызды тармағы бірегей еуразиялық қауіпсіздік пен ынтымақтастық жүйелерін құру қажеттілігі туралы болды. Жылдар өте Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтті, оның қорытындысы бойынша Астаналық декларация қабылданатын болды, онда қауіпсіздіктің Еуро-Антлант және Еуразиялық қауымдастығын құрудың маңыздылығы көрсетіледі. Қазақстан СМВДА, ЕҚЫҰ сияқты келешекте мемлекет-төрағасы бола отырып, осы екі құрылымның тиімді қызметіне қол жеткізе алды. Мысалға, біздің мемлекет 11 жылдың ішінде алғаш рет ЕҚЫҰ елдерінің көшбасшыларын 2011 жылы Астанада өткен ұйым саммитінде бірге жинай алды. Бүгінде Астаналық декларация осынау маңызды халықаралық ұйымның негізгі бағдарламалық құжаты болып қалды.
БҰҰ БА сессиясында сөз сөйлеген Президент шаруашылық байланыстардың алшақтығы мен өндірістің төмендеуін болдырмас үшін аймақтық экономикалық біріктіруді сақтау қажеттігін баса айтты. Яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы кеңес үкіметінен кейінгі мемлекеттер арасындағы кеден кедергілерін алу және экономикалық әлеуетті біріктіру барлық аймаққа тиімді және сыртқы әсерлердің жағымсыз факторларынан берік қорғаныс болатындығын түсінді. Ол уақыттарда бұл батыл мәлімдеме болатын. Бүгінде біз мемлекет Басшысының бұл мақсаты Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) құрылуына әкелгенін көреміз [3].
Белгілі болғандай сыртқы саясаттың стратегиялық міндеттері – ол тұрақтылық, тәуелсіздік, аймақтық тұтастық және еліміздің шекарасына қол сұқпау туралы негізгі тәртіптерге басшылық жасау. Қазақстан сыртқы саясатының табандылығы бейбітшілдік пен серіктестікте. Бұндай саясаттың басты жетістігі деп 2 фактіні мойныдауға болады. Біріншісі. 1994 жылдың желтоқсан айында ЕҚЫҰ Будапештік мәжілісінде Ресейдің, АҚШ-тың және Ұлыбританияның ядролық қаруды таратпау туралы шарты, онда Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолдану туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы міндеттер қарастырылды. Кейін өздерінің шарттарын ҚХР мен Франция жіберді.
Біздің республикамыз әлемнің саяси картасында пайда болып, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғау саясатын табанды жүргізе бастады, бұның астарында ең алдымен аумақтық бүтіндік пен егемендік жатыр. Сондықтан біз бірнеше проблеманы шешуге тиіс болдық.
Біріншіден, біздің мемлекетіміз шындығында қандай екенін көрсету.
Екіншіден, Қазақстанның халықаралық мойындалуын ғана емес, сондай-ақ оның қауіпсіздігін, аумақтық бүтіндігін қамтамасыз ету.
Үшіншіден, бейбір-шаруашылық экономикалық байланыстарға қосылу. Сол кезде біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасуы басталады.
Қайтадан мемлекет аралық қатынастардың барлық шарттық базасын жасау керек болады. 1992 жылы 5 наурызда БҰҰ қабылданды. Осыған байланысты Бас Ассамблеяның 47-сессиясында болған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ сөйлеген сөзі анықтаушы мән алды, онда тәуелсіз Қазақстанның осы халықаралық ұйым қызметіне қатысу принциптері, оның жаңа әлемдегі ролін көруіміз мазмұндалған. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдіктері БҰҰ, басқа халықаралық форумдар құжаттарында әзірленген, әрі мазмұндалған және мемлекеттер арасындағы қатынастарда жалпы мойындалған болып табылады. Егеменділікті алумен, БҰҰ енумен қатар және Қазақстанның тұтас қатары жеке сыртқы саясатының, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларына, әлем экономикасына және әлемдік қауымдастыққа өз бетінше кіру проблемаларына жолықты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінде негізгі бағыттар анықталды:
1) ҚР мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту;
2) саясатты жаңғырту, нарықтық экономиканы құру курсы;
3) қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, онсыз даму болуы мүмкін емес;
4) азаматтық әлем, ұлтаралық келісім;
5) ТМД елдерімен және әлемдік қауымдастықпен бірігу [2, 11 б.].
Биполярлы әлемнің ыдырау кезеңінде Қазақстан әлемдік саясаттың эпицентрінде болды. Біздің алдымызда халықаралық байланыстарды жолға қою ғана емес, сондай-ақ кейбір саясаткерлер және бұқаралық ақпарат құралдары құрастырған қуатты жағымсыз бөгетті игеру міндеті тұр. Қазақстан аймақта да, сондай-ақ бүкіл әлемде де өзара сенімділік пен ынтымақтастық атмосферасын құруға байланысты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін заңды түрде байланыстырды. 1993 жылы желтоқсанда Қазақстан ядролық емес мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартты бекітті. Бұны әлемдік қауымдастық біздің еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіне практикалық үлесі ретінде оң бағалады. Ядролық қаруды игеруден өзінің ерікті бас тартуы арқылы Қазақстан әлемге халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде жетілген тәсіл мен жауапкершілікті көрсете отырып, халықаралық беделін айтарлықтай арттырып қоймай, сондай-ақ ел егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтуда шешімді түрде алға жылжыды. Бұл ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, ҚХР, Францияның біздің еліміздің аумақтық бүтіндігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беру шешімдерінде көрнекті байқалды.
Қазақстан өзінің геосаяси жағдайының ерекшеліктеріне орай еуропалық және азиялық елдермен теңдестірілген қарым-қатынасты дамытуға бағыт жасай отырып, көпвекторлы саясатты ұстануды жөн көрді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда Қазақстанның жаңа даму сатысында «Қазақстан-2030» Стратегиясы Жолдауының екінші бөлімінде елдің сыртқы саясатының ең маңызды бағыттары анықталды. Мемлекеттік саясат Қазақстанды әлемдік экономикаға сәтті шоғырландыруға бағытталды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында жаңа аймақтық және геосаяси жауапкершілігін жариялады:
1. Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көп бағытты сыртқы саясаттың дамуы және жаһандық қауіп-қатерлермен күресуге қатысу.
2. Аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, Орталық Азия елдерінің экономикалық шоғырлануын дамытуда және Каспий және Қара теңіз аймағында динамикалық рынокты қалыптастыруда белсенді ролі.
3. «Өркениет диалогын» дамытуда мәдениет аралық және конфессия аралық келісім орталығы ретінде Қазақстанның ұстанымын бекіту [4].
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған 2007 жылдың 28-ақпанындағы Қазақстан дамуының Жаңа кезеңіндегі «Қазақстан-2030» Стратегиясы мен Жолдауының екінші бөлімінде еліміздің сыртқы саясатының маңызды бағыттары анықталған. Мемлекеттік саясат Қазақстанды ойдағыдай әлемдік экономикаға біріктіруге бағытталды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы жаңа аймақтық және геосаяси жауапкершілігін жариялады:
1. Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көпвекторлы сыртқы саясатының дамуы және жаһандық қауіп-қатерлермен күресу. 2. Аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету, Орталық Азия елдеріндегі экономикалық бірігуінің дамуы және Каспий және Қара теңіз аймақтарында динамикалық нарықты қалыптастыру Қазақстанның белсенді рөлі болып табылады. 3. Қазақстанның бағдарын «өркениет диалогы» дамуындағы мәдениаралық орталық және конфессияаралық бірлік ретінде нығайту» [5].
Бүгінгі күні біздің республикамыздың халықаралық байланыстар географиясы практикалық түрде барлық континенттерді қамтиды. Біздің серіктестеріміз арасында Азияның, Еуропаның, Американың жетекші елдері бар. Латын Америкасы бағытында және Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттерімен бірге жылжуы байқалды. Араб және тұтастай мұсылман әлемімен байланыстар жандануда. Алайда қазіргі кезде әлемде саяси және әлеуметтік күштерді жаңадан таратып қою қалыптасты. Жаңа әлемдік тәртіп бекітіледі, құндылықтар жүйесі және саяси басымдықтар өзгереді.
2014 жылы 21 қаңтарда Президент Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға жаңа тұжырымдамасын бекітті. Қазақстан Республикасының сыртқы саясат тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің - «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында мазмұндалған қағидаларға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің принциптері мен тәсілдері, мақсаттары, басымдықтары мен міндеттеріне негізін салушы көзқарастар жүйесін көрсетеді. Берілген тұжырымдаманың бірінші пунктінде былай айтылған: «Қазақстан Республикасының сыртқы саяси даму көрінісі өз тәуелсіздігінің үшінші он жылдығына Қазақстан экономикасы динамикалық дамыған және сыртқы саяси басымдықтары айқын қойылған қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде енді. Әлемдік аренада Қазақстанның ұлғайған субъектілігі мемлекет ролінің және халықаралық беделінің артуы, аймақтық салмағының артуы, жаһандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызының артуы туралы куәландырады. Сонымен қатар, жаңа заманғы реалийді ескергенде, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты прагматизм принциптерінде ұлттық мүдделерді жаңғыртуды және алға жылжытуды талап етеді».
Жаңа заманғы жаңа белдесулерге жауап бере отырып, Тұжырымдамада ҚР сыртқы саяси қызметінің негізгі мақсаттары анықталған. «Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес басты сыртқы саяси күштер келесі негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырланады: 1) ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, ел егемендігі мен аумақтық бүтіндігін жан-жақты қамтамасыз ету; 2) бейбітшілікті, аумақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 3) тұрақты позицияларды қамтамасыз ету және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру; 4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші ролі кезінде әділ және демократиялық бейбітшілік тәртіп орнату; 5) аймақтық және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі шоғырлану; 6) «Стратегия-2050» табысты жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдай жасау, халықтар өмірінің жоғары деңгейіне қол жеткізу, көп ұлтты қоғамның, құқықтық қоғамның және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адам құқықтары мен еркіндігін жүзеге асыру; 7) диверсификация, индустриялық-технологиялық даму және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 8) елдің әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттері қатарына енуінің және дамуының «жасыл» жолына сатылап көшуі; 9) ұлттық-мәдени ерекшелігін сақтау және мемлекеттің одан әрі дамудағы өзіндік жолымен жүру; 10) Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың шетелде жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау; 11) қазақ диаспорасын және шетелде қазақ тілін қолдау».
Қойылған мақсаттарға сәйкес, жаңа Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің негізгі принциптері анықталған. Қазақстанның сыртқы саясаты көп бағыттылық, прагматизм, өзара пайда принциптеріне, елдің ұлттық мүдделерін қатаң қорғауға негізделген. Қазақстан әлемдегі барлық мемлекеттердің теңдігі, өзара мүдделерін есепке алу және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауы үшін, сонымен қатар халықаралық проблемалар мен жанжалдарды БҰҰ және халықаралық құқық үстіндегілердің Жарғысы негізінде бейбітшілікпен және ұжымдық шешу үшін күреседі. Қазақстанның сыртқы саясаты шет елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесудің дифференциялық және түрлі деңгейдегі тәсіл принципі қолданылатын мүдделер балансы негізінде құрылады.
Жаңа Тұжырымдамада Орталық Азияда аймақ ішілік шоғырландыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тұжырымдамада айтылғандай: «Еуразиялық экономикалық шоғырлануды елдің бейбіт-шаруашылық байланыстары жүйесінде тұрақты позицияға жылжуының әрекетті тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті, осының негізінде Еуразиялық экономикалық одақ құру мақсатында нығайтады. Осы процесс шеңберінде: саяси егемендіктің мызғымастығы, қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі, сатылық, прагматизм және өзара пайда, барлық ықпалдасу органдарда тараптардың тең өкілеттілігі және өзара ықпалдастық әрекет деңгейлерінде консенсус сияқты негізін қалаушы принциптер сақталады» [6].
Жаңа заманғы Қазақстан БҰҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азияда өзара әрекеттесу және сенімділік шаралары бойынша Мәжіліс, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымдары, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропада қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөнінде ұйымдар, ОЦАС, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі тілдес мемлекеттердің және басқа халықаралық ұйымдар мен форумдардың ынтымақтастық кеңесі қызметінің жауапты қатысушысы болып табылады. Қазақстандық сыртқы саясаттың айтарлықтай жетістігі ретінде ұлы державалармен – Ресеймен, Қытаймен және АҚШ-пен теңестірілген, салмақты қарым-қатынастар жасау. Қазақстан тәуелсіздіктің барлық кезеңі бойынша жеткілікті түрде тұрақты және бірізді сыртқы саясатты жүргізеді. 1990 жылдардағы көп бағытты саясат Қазақстанға көптеген мемлекеттермен дипломатиялық байланыстар орнатуға, өзін халықаралық аренада халықаралық қатынастардың өзіндік субъектісі ретінде позициялауға мүмкіндік берді.
Әдебиеттер тізімі
1. Н.А. Назарбаев. «Стратегия становления и развития суверенной Республики Казахстан». гл. 3. Стратегия в области внешней политики и национальной безопасности. Алмата,1992 г.
2. Н.А. Назарбаев «Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства», Алматы, 1992.
3. Президентская дипломатия // Казахстанская правда, 2015, 20 июня.
4. К.К. Токаев. «Внешняя политика Казахстана», Алматы, 1995 г.
5. Послания Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана Стратегия «Казахстан-2030» на Новом этапе развития Казахстана от 28 февраля 2007 года. http: // online . zakon . kz / Document / ? doc_id=30090778.
6. Концепция внешней политики Республики Казахстан на 2014–2020 годы. Утвержден 21.01.2014. http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1400000741.
А.М. Беркінбекова,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы
e-mail: Azhar-b@yandex.ru
Достарыңызбен бөлісу: |