Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде


Өнімнің өзіндік құн калькуляциясын құру



бет26/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza
Документ (1), Список не сдавших заявлении, тест база эк нег және кәсіпкерлік 2022 2, РЕФЕРАТ О КОНТ
Өнімнің өзіндік құн калькуляциясын құру.
Калькуляция өнім бірлігінің әр түріне келетін шығынды анықтау үшін қолданылады. Калькуляция баптары бойынша шығындардың топтастырылуы:

  1. Шикізат, негізгі материалдар, жартылай фабрикаттар.

  2. Көмекші материалдар.

  3. Технологиялық мақсаттарға жұмсалған отын шығыны.

  4. Энергия шығыны.

  5. Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы.

  6. Өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы.

  7. Өндірістік жұмысшылардың жұмысынан алынатын жарна.

  8. Құрал-жабдықты пайдалану, күту шығыны. (амортизация, жөндеу жұмыстарына кеткен шығындар)

Технологиялық өзіндік құн

  1. Цехтық шығындар.

Цех өзіндік құны

  1. Жалпы өндірістік шығындар.

Өндірістік өзіндік құн

  1. Өндірістен тыс шығындар

Толық өзіндік құн
Цехөзіндік құн= Тех.өз.құн+ Цехшығын
Өнд.өз. құн = Цехөзіндік құн + Жалпыөнд. шығындар
Толық өз. құн= Өнд. өз. құн+ Өнд.тыс шығындар
Технологиялық өзіндік құн – технологиялық процессті орындаумен байланысты шығындардың қосындысымен анықталады.
Цехтық өзіндік құн – барлық цехтар бойынша өнімді дайындаумен байланысты шығындар.
Өндірістік өзіндік құн - өнім өндірісінің шығынының барлық түрлері.
Толық өзіндік құн – кәсіпорынның өнімді өндіру және өткізу шығындары.

Кәсіпорындағы баға белгілеу.


Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.


Баға жасау қағидалары:

  1. Ішкі факторларға бағдарлану (шығындарға):

а)баға шығындарды қайтарып, кәсіпорын дамуына қажет пайда әкелуге тиіс;
б) баға өндіріс факторларын қолдану тиімділігімен анықталады.

  1. Сыртқы факторларға бағдарлану (сұраныс, ұсыныс, тұтынушылық қасиеттер және т.б.:

  2. Аралас (ішкі факторлар ұсынысты, сыртқы факторлар сұранысты сипаттайды).

Баға белгілеу әдістері:
Жалпы алғанда шығынды және нарықтық әдіс болады. Фирма келесі бағалар түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:
1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен қорғалған нарық үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар үшін бағаны анықтау, нарықта бар тауарларға ұқсас болатын тауар-имитаторға бағаны анықтау. Тауар-имитатор бойынша фирма оның нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет. Ол үшін баға және сапа көрсеткіштерінің ара-қатыстары қарастырылады.
2) Тауар номенклатурасы шеңберінде баға жасау. Мұнда фирма өзі шығаратын тауар номенклатурасы бойынша бағалар жүйесін құрып максимальды пайда алуға тырысады. 4 типтік жағдай болуы мүмкін:

  • тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау. Әртүрлі тауарларға әртүрлі деңгейлі бағалар орнатылады (барлық факторлар, әсіресе шығындар деңгейі, бәсекелестер бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек)

  • толықтырғыш тауарларға баға орнату. Негізгі тауарға фирмалар кейде қосымша толықтырғыш тауарлар ұсынады. Негізгі мәселе: стандартты тізімге және қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген сұрақты шешу.

  • Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл қосылымдар негізгі тауармен қоса қолданылу қажет. Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды.

  • Өндірістің қосалқы өнімдеріне бағаны орнату. Оларды өткізу нәтижесінде негізгі тауардың бағасы кемиді.

3) Бағаларды географиялық қағидаға байланысты орнату. 5 түрлі вариант болады:

  • тауар шығару орнында бағаны анықтау

  • транспорттау шығындарын қосып біріңғай бағаны анықтау

  • зональды бағалар анықтау

  • базистік нүктеге қарай баға орнату

  • фирма транспорттау шығындарын өзі төлеп баға орнатады.

4) Шегерімдері немесе келісулері (зачеты) бар бағаларды орнату.
5) Өткізуді ынталандыруға арналған бағаларды орнату.
6) Дискриминациялық бағаларды орнату.

Баға және оның қызметтері.


Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.


Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:

  1. есебке алу функциясы

  2. Ынталандырушы функция.

  3. Бөлу функциясы.

  4. Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.

  5. Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы.

Кәсіпорындағы баға стратегиясы.


Баға саясаты деп өз тауарларына, қызметтеріне бағаларды орнатуда фирма жетекшілері ұстанатын жалпы қағидалар жиынтығын атайды. Баға стратегиясы деп осы қағидаларды іске асыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын атайды. Баға саясаты жалпы фирма стратегиясының бір бөлімі ретінде қарастырылады.


Көптеген кәсіпорындар нарық жағдайларында өз қызметін әртүрлі жағдайларға байланысты өзгертуге мәжбүр, бұл орайда, олардың қолданатын баға жүйелері және деңгейлері де өзгереді.
Бағаның өзгеруі аз зерттелген және ТМД елдерінде аз қолданылады. Баға өзгерту әдістерінің мақсаттары:

  • ұзақ мерзімге пайда алу;

  • нақты келісім шарттан мақсатты пайда алу;

  • тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру арқылы сатуларды өсіру;

Баға өзгерту себептері: жер қашықтығы (сыртқы саудада); бағаны шегерім және қосылым жүйелері арқылы өзгерту; сатуды ынталандыру; баға дискриминациясы; тауарға бағаны сатылап төмендету.
Бағаны сонымен қатар әртүрлі шегерімдер (жеңілдіктер) және қосылымдар жасап өзгертеді. Оның алғышарттарына сатуларды және пайданы өсіру, бәсекелестерді ығыстыру, нарықтағы орнын сақтау немесе жаңа нарыққа ену, өткізуді ынталандыру, жалпы шығындарды азайту міндеттері болып табылады.

#


Еңбек төлемінің формалары мен жүйелері және оларды есептеу тәртібі.

Еңбек ақы – тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді.


Еңбекті төлеу қорын қалыптастырудың әртүрлі әдістері бар, оның ішінде әсіресе қолайлы әдіс – нормативті әдіс болып табылады. Бірақ, оны қолданудың бірқатар шарттары бар: 1) нормативтер тұрақты, ұзақ мерзімді болу керек, өндіріс көлемінің өзгеруі ұжымның еңбек жағдайларымен байланысты болмайтын факторлар әсерінен ғана болады. 2) нормативтер жеке емес топтық болу керек.
Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:

  1. Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) – әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады.

  2. Тарифтік сетка – бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент – эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар.

  3. Тарифтік ставка – уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады.

  4. Аудандық коэффициент – жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады.


Структура заработной платы




Тарифтік қорға қосымша төлемдерге ТБА мен көзделмеген жұмыс үшін берілетін төлемдер кіреді (түнде жұмыс істеген үшін, оқушыларды оқыту үшін, бригадаға басшылық жасау үшін, жұмыс зияндылығы және т.с.с үшін).
Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдерге орындалмаған еңбек үшін емес, заңмен белгіленген жағдайлар үшін берілетін төлемдер ( 1 күн ішінде мемлекеттік, қоғамдық міндеттерді орындау үшін, 1 күн ішінде әкімшілік рұқсатпен алынған демалыстар үшін, кәсіпорын жауапты болған тоқтап қалулар үшін және т.с.с.).
Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер – бұл сағаттық еңбек ақыға берілетін төлемдер сияқты, бірақ бір күннен артық уақыт үшін.
Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді. Ол үшін эксперттер тобы берілген жұмыс орынға сипаттама және қойылатын талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына қарай жұмыс орындарды жеке класстарға бөледі. Кәсіпорынның жалпы балл сомасын тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын есептейді және өнім бірлігіне немесе тауар айналымы бірлігіне саналған еңбек ақы мөлшерін есебке алатын коэффициентті анықтайды.

- бәсекелестің тауарлық өнімі.
Одан кейін бір баллдың құнын анықтайды:

Одан кейін әр жұмыс орны бойынша минимальды еңбек ақы мөлшерін анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды сомасын бір балл құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін жұмыс орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді.
Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі бір балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын бойынша қосылады да бір балға саналған пайда үлесін табады:

Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі.


Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады:

Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін.


Еңбекақы:маңызы мен принциптері.


Еңбек ақы – жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы.


Еңбек ақы қажетті өнімнің негізгі формасы болып табылады. Қажетті өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор); жұмыс күші құны бойынша берілетін төлем (кооператив, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорын); акция дивидендтері; жеке еңбек қызметінен түсетін табыс; тұтынудың қоғамдық формалары, сақтық және мейірімділік қорлары ретінде қарастыруға болады.
Еңбек ақы тікелей еңбек нәтижелерімен байланысқан. Оңтайлы ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы әсер береді, яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді.
Еңбек ақы – тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді.
Еңбекті төлеу қорын қалыптастырудың әртүрлі әдістері бар, оның ішінде әсіресе қолайлы әдіс – нормативті әдіс болып табылады. Бірақ, оны қолданудың бірқатар шарттары бар: 1) нормативтер тұрақты, ұзақ мерзімді болу керек, өндіріс көлемінің өзгеруі ұжымның еңбек жағдайларымен байланысты болмайтын факторлар әсерінен ғана болады. 2) нормативтер жеке емес топтық болу керек.
Экономикасы дамыған елдерде еңбек ақыны ұйымдастырудың икемді тәсілдері қолданылады, яғни еңбек ақы мөлшері шаруашылық қызмет нәтижелеріне, өндіріс нәтижелігіне тәуелді болу керек. Оны ұжымды келісім шарт арқылы іске асыруға болады. Бұл келісім шартта еңбекті төлеу ережелері, еңбек ақы деңгейі мен еңбек нәтижелері арасында тура тәуелділікті белгілеу қажет.
Еңбекті төлеуді ұйымдастыру келісіні көздейді:

  • кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу формаларын және жүйелерін анықтау;

  • кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке жетістіктері үшін қосымша берілетін төлемдердің шарттарын және көлемін анықтау;

  • қызметкерлердің лауазымдық жалақылар жүйесін құрастыру;

  • жұмыскерлерге сый-ақы берудің көрсеткіштерін және жүйесін дәлелдеу.

Еңбекті төлеу қағидалары:

  • шығындар және нәтижелер бойынша төлеу қағидасы;

  • өндіріс нәтижелігінің өсуі негізінде еңбекті төлеу деңгейін көтеру қағидасы;

  • қоғамдық еңбек өнімділігі өсімінің еңбек ақы өсімінен жоғары болу қағидасы;

  • еңбек нәтижелегін өсіруге материалдық мүдделіктің болуы қағидасы.

Дұрыс ұйымдастырылған еңбек ақы жүйесі жұмыскерлерді еңбек өнімділігін өсіруге және біліктілікті көтеруге ынталандырады.

Өндіріс шығындарының жіктемесі.


Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді:



  1. Экономикалық мағынасына қарай:

  • Материалдық шығындар – шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны.

  • Еңбек ақы.

  • Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына

  • Амортизация

  • Басқа шығындар – жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с.

  1. Шығын баптары бойынша

Шығын баптары деп бір немесе бірнеше экономикалық элементі бар шығындарды айтады. Калькуляция баптары шығындардың мақсатын және пайда болу орнын есебке алады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау процесін атайды. Негізгі шығындар өнім өңдірумен тікелей байланысты болады, ал үстеме және мерзім шығындары бөлімшелерге, жалпы өндіріске қызмет көрсету және басқару шығындарын сипаттайды.
Шығындарды сондай-ақ, тура және жанама деп бөлуге болады,

  • егер шығын нақты өнім шығарумен байланысты болса, оны тура деп атайды,

  • егер ол бірнеше өнімге қатысты болса, оны жанама деп атайды.

Өнімнің өзіндік құнын анықтау.


Өзіндік құн – өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі: ӨҚ = М + А + ЕА. Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады: Б = ӨҚ + П + ҚҚС


Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:

  • Бағаны анықтау үшін;

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет