Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде



бет31/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza

NPV= (4)

Р- әртүрлі кезеңдердегі ақша түсімдері


r – дисконт қойылымы, %
IC – инвестиция немесе күрделі салым.
Инвестициялық жобаның тиімділігін NPV бойынша талдау кезінде келесі шарттар қолданылады:
NPV >0 жобаны жүзеге асыруға болады, жоба тиімді
NPV <0 жобаны жүзеге асыруға болмайды, жоба тиімсіз
NPV =0 жоба пайдалы да зиянды емес.
Инвестиция рентабельдігі:
Rинв = (Таза табыс / Инвестиция) х 100 (5)
Рентабельділік индексі IR
IR=PV / CI (6)

PV –келтірілген түсімдер


CI - келтірілген шығындар
PV= (7)
Егер IR>1, онда жоба рентабельді
Егер IR<1, онда жоба тиімсіз
Егер IR=1, онда басқа көрсеткіштерге назар салу керек.
Келесі көрсеткіш жобаның Ішкі табыстылық нормасы IRR. Тағы бір атауы рентабельділіктің ішкі қойылымы.
IRR – бұл пайыздық есептік қойылымының әдісі NPV=0 болғандағы дисконт қойылымы. Басқаша айтсақ, рентабельділіктің ішкі қойылымы - келтірілген түсімдер келтірілген шығындарға теңескен кездегі дисконт қойылымы. Жоба тиімді, егер rIRR ≥ r шарты орындалса.
0= кезіндегі r =IRR (8)
Жобаның IRR көрсеткішін табу кезінде есептеу әрекеті кері ретпен орындалады. NPV=0 болғандағы дисконт нормасын көрсетуге негізделген.
Егер IRR > r жоба рентабельді
IRR < r онда жоба қабылданбайды
IRR = r онда жоба пайдалы да зиянды да емес
Жобаның IRR дегеніміз – күтілетін табыстылық деңгейі: одан артық болу мүмкін емес, және кем болмағаны дұрыс.
Егер NPV >0, онда IRR > r шарты орындалады.
Басқа жағынан, егер IRR капитал құнынан аз болса, онда мұндай жобаны таңдау акционерлердің ағымды капиталының азаюына әкеледі. Тек IRR қасиеті инвестициялық жобаларды бағалауда талдау жасаушылардың қолданатын - зиянсыздық нүктесін көрсетеді.
Рентабельділіктің ішкі қойылымы нақты жобаның тиімділігі белгісі ретінде инвесторлардың жеке және сондай-ақ мемлекеттік секторларда кеңінен қолданатын статистикалық көрсеткіші болып табылады. Бірақ, бұл көрсеткіш кейде инвестицияның пайдалылығын білдіргенімен инвестициялық шешімдердің сенімді критериі бола алмайды. IRR мәнін табу NPV есептеу формуласы бойынша сынау және қателіктер әдісімен NPV 0-ге теңескенге дейін r-дің кездейсоқ мәндерін қою арқылы орындалады.
NPV және IRR есептеулерінің нәтижелері бір қорытындыға алып келді, себебі, екі әдіс те бір формулаға бағытталған (егер NPV = 0, онда IRR= r).
IRR көрсеткіші жобаның қауіпсіздігі туралы ақпарат береді.

Ұйымдық құрылымды қалыптастыру үрдісі.




Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы деген ұғымға келсек, бұл сол компанияны дербес заңды тұлға ретінде ұстап тұрған барлық бөлімшелердің, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктердің жиынтығы және олардың иерархиялық сипаты (тік бағыныстылық және көлденең өзара байланыс) болып табылады. Құрылымдық бөлімшелердің атаулары иерархия (бағыныстылық) бойынша (басшылық, негізгі қызмет орындары, көмекші қызмет орындары, қызмет көрсету салалары т.б.) немесе топтарға бөлініп көрсетіледі.
Кәсіпорынның штат мөлшері немесе кәсіпорын штаты дегеніміз – кәсіпорындағы жалдамалы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі және сандық мөлшері. Тізбеде құрылымдық бөлімшелер (ұйымдық құрылымдар) бойынша лауазымдық жалақылар (тарифтік ставкалар), қосымшалар мен сыйақылар (пайыздық мөлшері немесе жалпы сомасы) немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері, сондай-ақ айлық жалақы қоры көрсетіледі. Ұйымдық құрылым сипаты жазылып, штаттық кесте берілген құжат мәтіні, әдетте, кесте формасында жасалады.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы мен штат саны негізгі ұйымдық-құқықтық құжаттар қатарына жатады. Ұйымдық құрылыммен тікелей басшының өзі немесе оның тапсырмасы бойынша бухгалтерлердің, кадр қызметкерлерінің, заңгерлер мен экономистердің айналысады. стихиялы түрде белгіленеді.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, оның құрылымдық бөлімшелері мен қызмет орындарының (бөлімдердің, бөлімшелер мен топтардың) тізбесі, штаттық қызметкерлер санын құрайтын жұмыскерлердің жалпы жиынтық мөлшері болып табылады.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының мынадай түрлері бар:
1. Сызықтық ұйымдық құрылым – басқару аппараты тек өзара бір-біріне бағынышты бөлімшелердің иерархиялық сатылы бағыныстылығы түрінде құрылады.
2. Аралас ұйымдық құрылым – жүйе басшылары жетекшілік ететін арнаулы бөлімшелерге ие. Бұл бөлімшелер басшыларының басқару шешімдерін қабылдауға және қандай да бір төменгі тұрған бөлімшелерге немесе орындаушыларға нұсқау беруге құқы жоқ, олар тек жүйе менеджеріне жекелеген басқару функцияларын орындауда штаттағы белгілі бір мамандар күшімен көмек көрсетеді.
3. Функционалдық ұйымдық құрылым – басқарудың барлық деңгейінде белгілі бір функциялар көлемін атқару үшін арнаулы бөлімшелер құруды талап етеді.

Ұйымдық шешімдердің тиімділігін анықтау.


Ұйымның қалыптасқан құрылымның тиімділігін бағалау жобалық және жоспарлы шешімдерді әзірлеудің маңызды элементі болып табылады.


Ұйымдық құрылымның тиімділігі критерийлерінің жиынтығы оның қызметін бағалаудың екі бағытында жүргізіледі:
- бекітілген мақсаттарға қол жеткізілген нәтижелердің сәйкестік дәрежесі бойынша;
- жүйенің қызмет ету процесінің оның мазмұнына, ұйымдастыру мен нәтижелеріне объективті талаптармен сәйкестік дәрежесі бойынша.
Ұйымдық құрылымның тиімділігін бағалау кезінде қолданылатын көрсеткіштер үш өзара байланысқан топтарға бөлінеді:
- басқаруға шығындар мен ұйым қызметінің соңғы нәтижелері арқылы жүйе тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер тобы. Оларға жатады: пайданың жоғарлауы, өзіндік құнның төмендеуі, капиталдық салымдарға үнемдеу, өнім сапасы, жаңа техниканы енгізу мерзімі және т.б.;
- басқару процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуын сипаттайтын көрсеткіштер тобы. Оларға жатады: басқарушылық еңбекке шығындар, басқару аппаратының өнімділігі, бейімділік (өзгеретін жағдайлардың диапазоны), икемділік (өзгеру және жаңа байланыстарды құру қасиеті), жеделдік (басқарушылық проблемаларды уақытында анықтау және шешу), сенімділік (қызмет етудің мүлтіксіздігі), тыңғылықтылық (бекітілген мерзімде тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету қабілеті);
- ұйымдық құрылымның тиімділігі мен оның техника-ұйымдық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер тобы. Оларға жатады: басқару жүйесінің буындылығы, функциялардың орталықтану деңгейі, қабылданған басқару нормалары, құқықтар мен жауапкершілікті бөлудің теңгерімділігі, мамандану және қосалқы жүйелердің функционалдық тұйықтық деңгейі.
Жобаланатын ұйымның басқару жүйесінің тиімді әрекеті дұрыс жөнге салынған ақпараттық қамтамасыз ету кезінде ғана мүмкін. Ол қоршаған ортамен қажетті байланыстарды, басшылардан орындаушыларға бұйрықтар мен жарлықтардың тез баруын, жүйенің барлық буындарын оперативті бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйеден тұрады. Ақпараттық қамтамасыз ету сызбасын әзірлеу – ұйымдық жобалаудың соңғы сатысы.

Кәсіпорынды басқарудың өндірістік құрылымы.


Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және тағы басқа жұмыстарды іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыда көрсетілген операциялардың ролі әртүрлі. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.


Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі орлардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс әрекетін көрсетеді.
Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрамына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
- шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
- өндірістің ауқымы;
- кооперациялау денгейі.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәреже цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымы және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша технологиясы мен ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін.

Кәсіпорынды басқарудың құқықтық құрылымы.


Кәсіпорын құрылымы – бұл бүтін шаруашылық объектіні құрайтын ішкі буындардың: цехтар, учаскелер, бөлімдер, лабораториялар және басқа да бөлімшелердің құрамы мен ара-қатынастары. Оның жалпы, өндірістік және ұйымдық құрылымы болады.

Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл басқару аппараты бөлімшелері және олардың өзара байланыстары мен өзара бағыныштылығының құрамы.


Кәсіпорынның басқару аппараты – басқарушылық шешімдерді дайындауға және оны жүзеге асыруға жауапкершілік жүктелген басшылар мен мамандар тобы. Басқару аппаратының ұйымдық құрылымы бірнеше буын сандарымен сипатталады, көбіне үш буынды жүйе қолданылады: президент (директор, басқарушы) – цех (бөлім) басшысы – мастер (бригадир). Әрқайсы өзіне жүктелген жұмыс учаскесіне жауапты болады.


Басқару құрылымының түрлері: сызықты, функционалды, сызықты-функционалды, сызықты-штабты, өнімдік, дивизионалды, жобалық, матрицалық, бағдарламалы-мақсатты, бригадалық, төңкерілген пирамида түріндегі басқару құрылымдары болады.


Сызықты басқару құрылымы ең қарапайым болып саналады және де ол екі деңгейлі еңбек бөлінісін көрсетеді: басшы-орындаушы.


Функционалды ұйымдық құрылым көп жағдайда дәстүрлі немесе классикалық деп те атайды. Осы құрылымдағы бөлімшелер қызметінің нақты сипаттамалары ұйым қызметінің басты бағыттарын қамтиды. Ұйым қызметінің дәстүрлі функционалды зоналарына (аймақтарына) маркетинг, өндіріс және қаржы бөлімшелері жатады. Бұл ұйымдық құрылымның негізгі идеясы мамандандыру артықшылықтарын толықтай пайдалану және басшылықтың шамадан артық болмауын қадағалайды.
Дивизионалдық құрылымда ұйымды құрылымдық бөлімшелер мен элементтерге бөлу товарлар мен қызмет түрлері бойынша, сатып алушылар топтары немесе географиялық аймақтар бойынша жүргізіледі. Бұл құрылымдарды сәйкесінше келесідей атайды: өнімдік құрылым, сатып алушыға бағытталған құрылым, аймақтық құрылым.

Көлденең еңбек бөлінісіне негізделген функционалды және дивизионалды құрылымдармен салыстырғанда сызықтық құрылымның элементтері тік сызық бойынша бағынышты иерархиясы болады.


Сызықтық құрылым көп үлкен емес ұйымдар үшін тиімді. Ұйымның өсуіне байланысты басқарудың түрлі деңгейлеріне маманадар мен эксперттерді тартудың қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда құрылым сызықты-штабтық деп аталады. Ұйымның функционалды күрделілігінің және орындалатын жұмыстарының артуы жағдайында сызықты-штабтық құрылымды пайдаланады.


Жұмыстардың жобалық ұйымы өзінің мәні бойынша нақты мәселені (міндетті) шешу үшін құрылатын уақыттық құрылым болып табылады. Осы жұмыстар ұйымының мәні мынада: күрделі жобаны белгіленген уақытқа және белгіленген сапаға сәйкес орындау үшін ұйымның біліктілігі жоғары қызметкерлерінен бір команданы (топты) құру. Команда жоба аяқталғанға дейін бірге жұмыс жасайды.


Матрицалық құрылымдағы жоба басшылары толықтай нақты жоба бойынша қызметтің барлық түрлері мен ресурстарын интеграциялауға жауапты. Оларға қажетті барлық материалды және қаржы ресурстары бөлінеді. Жоба басшысында жобалық өкілеттік болады. Мұндай өкілеттіктер компаниядағы жұмыстарды ұйымдастыруда кең көлемде өзгеруі мүмкін.


Кәсіпорынның ішкі ортасы оның миссиясы мен мақсаттарына байланысты қалыптасады, ал олар өз алдына көп жағдайда сыртқы ортамен анықталады. Кәсіпорынның ішкі ортасы құрамына адамдар, техника, технология, ақпараттар, өндірісті ұйымдастыру мен басқару және т.б. енеді. Оны бірнеше негізгі кіші жүйелер арқылы көрсетуге болады:


· әлеуметтік;


· технологиялық;


· өндірістік-техникалық;


· экономикалық;


· ақпараттық;


· ұйымдастырушылық;


· қаржылық;


· маркетингтік;


· ғылыми-инновациялық;


· коммерциялық және т.б.


Өндіріс шығындарының сметасы


Кәсіпорында өзіндік құнды жоспарлау процесінде келесі шаралар жүргізіледі:



  1. Өндірістік бағдарламаны орындауға қажет барлық шығындар көрсетілетін өндіріс шығындарының сметасы құрастырылады. Көбінесе, сметаны жалпы кәсіпорын бойынша емес, жеке цехтер, бөлімшелер бойынша құрастырылады, одан кейін нәтижелер қосылады.

  2. Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялайды (жеке тапсырыстар, секциялар, партиялар және т.с.с. бойынша). Біріңғай өнім шығаратын көмекші цехтарда (эл. энергия, көлік қызметтері және т.с.с.), калькуляция объектісі ретінде шығарылатын өнімнің бірлігі алынады (кВт./сағ, т. Және т.с.с).

Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіщтері қолданылады:

  1. Өндіріс шығындарының сметасы.

  2. Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны.

  3. Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері.

  4. Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.

Баға түрлері, оның жіктелуі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет