Баға дегеніміз – қоғамдық қажетті жұмыс уақытындағы өнім өндіруге кеткен шығынды өлшеуге мүмкіндік беретін экономикалық категория товар құнының ақшалай көрінісі. Баға сұраным мен ұсыным заңына сәйкес өзгеріп отырады. Егер тауарға деген қажеттілік көп болса, тауар өндіруші бағаны көтереді, сұраныс көбейсе баға өседі.
Бағаның негізгі функциялары:
Есептік функциясы - баға өнімді өндіруде және өткізуде кеткен қоғамдық қажет шығынын көрсетеді;
Ынталандыру функциясы – өнім шығарушы неғұрлым жетілген жаңа технологияны, техниканы қолдану арқылы шығындарын азайтады, сол арқылы бағаны төмендетуге болады.
Сұраныс пен ұсынысты баланстау функциясы – ұсыным азайған кезде тауар бағасын өсіруге болады.
Баға түрлері:
Реттелу дәрежесіне қарай келесіге бөлінеді:
Еркін бағалар;
Реттелетін бағалар;
Арнайы тағайындалатын бағалар (мемлекет тарапынан тағайындалады);
Қызмет көрсету сфера сипаты бойынша:
Транспорт тарифы;
Ауыл шаруашылық өнімін сату бағасы;
Өнеркәсіптік көптеп сату бағасы;
Бөлшектеп сату бағасы;
Құрылыс өнімдеріне қойылған бағалар;
Өнеркәсіп өнімін көптеп сату бағалары бұл көптеп сату айналымы бойынша сатып алынатын және шығарылатын бағалар. Осы баға түрі екіге бөлінеді:
Кәсіпорынның көптеп сату бағасы;
Өнеркәсіптің көптеп сату бағасы;
Экономиканың салалары мен бөлімшелері.
Экономика – тауарларды және қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесі. Сондай-ақ, экономика - қолда бар шектелген ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану тәсілдерін зерттейтін ғылым. Экономика-жекелеген өңірдің, мемлекеттің, мемлекеттер тобының, бүкіл әлемнің шаруашылығы. Осы үш мағынасы негізінде экономиканың барынша ортақ анықтамасын ұсынуға болады. Экономика - адамдардың өмірдің материалдық жағдайларын қамтамасыз етуімен байланысты кез келген қызметі.
Тауарларды өндіру экономиканың негізі болып табылады. Өндіріссіз сауда да, айырбастау да, тұтыну да болмайды.
Өндіріс үшін табиғи, өндірістік және еңбек ресурстары қажет. Ресурстар шектелгендіктен, оларды барынша тиімді пайдалану қажет. Бұл тиісті ресурстарды аз шығындап, барынша жоғары нәтижеге жету керек дегенді білдіреді. Айтылған ресурстарды сатып алу үшін не өзіндік, не қарызға алынған ақша қаражаты қажет.
Өндіріс - қандай да бір материалдық нәрсені дайындау немесе өсіру. Сонымен бірге экономика көзқарасы тұрғысынан "өндіріс" ұғымына адамдар ақша төлеуге дайын әртүрлі қызметтерді көрсету де қамтылады.
Бөлу-әртүрлі кәсіпорындарға және салаларға шектелген ресурстарды ұсыну. Сонымен қатар бөлу - кәсіпорынның қосалқы иелерімен оның жарғысына сәйкес пайданы немесе тауарларды беруді білдіреді.
Тұтыну - өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарларды және қызметтерді пайдалану. Тұтынушылық тауарлар ұзақ уақыт және қысқа уақытта пайдаланылатын тауарлар деп бөлінеді.
Айырбастау - өнімнің өндірушіден тұтынушыға дейін ілгерілетудің күрделі жүйесі. Оған тасымалдау, несиелеу, сақтандыру, жарнама, көтерме және бөлшектеп сауда жасау, сондай-ақ әртүрлі қызметтер қамтылады. Айыбастау барысында төлеудің жалпымен қабылданған құралы ретінде ақша туындады және пайдаланылып келеді.
Ресурстардың шектелуіне және адам қажеттіліктерінің шексіздігіне байланысты ресурстарды үнемдеу қажет. Экономиканың ғылым ретінде туындаудың себебі де осы болып табылады.
Экономика макро және микроэкономика деп бөлінеді. Макроэкономика заңдылықтарды сала, мемлекет және бүкіл әлем деңгейінде зерттейді, ал микроэкономика жекелеген кәсіпорын немесе бірлестік деңгейіндегі үдерістерді зерттейді.
Ресурстарды бөлу және өндіріс пен айырбастау үдерістерін басқару мәселелерінің қалай\ шешілетініне байланысты экономикалық жүйелердің келесі негізгі типтерін бөледі.
Дәстүрлі экономика. Ол дәстүрлерге негізделеді және өмірлік салтының ұзақ уақыт бойы өзгермеуімен, өмірдің салыстырмалы төмен деңгейімен және нені және қалай шығару және бөлу қажет деген сұрақтарға жауаптары бұрыннан белгілі болуымен сипатталады.
Нарықтық экономика. Ресурстарға қатысты жеке меншікпен және нарықтар жүйесінің болуымен сипатталады. Адамдарда өзіндік фирманы ашу-ашпау, нені және қалай шығару, өзінің табыстарын қалай жұмсау еркіндігі бар. Әдетте, бұл кезде адам жеке пайдасын көздейді. Ресурстарды бөлу нарықтағы бағалардың сұраныс және ұсынысқа байланысты табиғи өзгеруіне байланысты жүргізіледі. Жетіспеушілік болғанда бағалар өседі, артық өндіріс кезінде төмендейді. Кәсіпорындар жұмысының басты стимулы - пайда.
Командалық экономика. Экономикалық шешімдерді ұжымдық қабылдаумен және орталықтандырылған жоспарлаумен, материалдық ресурстарға деген қоғамдық меншікпен сипатталады. Кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады және мемлекеттік органдардың директивалары негізінде әрекет етеді. Бағалар мемлекетпен белгіленеді және сұраныс пен ұсынысқа байланысты болмайды. Жетіспеушілік карточкалық жүйені енгізуге әкеледі. Кәсіпорындардың басты мақсаты пайда емес, мемлекетпен белгіленген жоспарды орындау болып табылады.
Аралас экономика. Дамыған мемлекеттердің экономикалық жүйелері экономиканың нарықтық та, командалық та элементтерін қамтиды. Бұл бір тип артықшылықтарын пайдалануға және оның кемшіліктерін басқасының элементтері есебінен өтеуге мүмкіндік береді. Мысалы, АҚШ нарықтық экономикағы мейлінше жақын. Алайда мемлекетте өзіндік кәсіпорындары бар. Ол басқа фирмалардың қызметіне экономиканы тұрақтандыру және ұлттық мүдделерді қорғау үшін араласады.
#
Инвестицияның экономикалық тиімділігі.
«Инвестиция» түсініктемесі латын сөзінен (investre) аударғанда болашаққа немесе алдағы уақыттағы мерзімге салынатын ақша құралдарын жұмсау (салу) деген мағынаны білдіреді.
Инвестиция – қосымша табыс әкелетін және болашақта қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын қолда бар кез келген құралдар жиынтығы. Әртүрлі экономикалық жобаларды жүзеге асыру үшін ақша құралдарын және басқа да капиталдар түрлерін қолдану және олардың өсуі инвестициялау деп аталады. Ал жұмсалатын құралдар инвестиция түсініктемесін құрайды.
Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау мақсаттары келесі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:
Тәуелсіз инвестициялық жобаларды қабылдау немесе одан бас тарту үшін тиімділігін анықтау
Бірнеше баламалы нұсқалардың бірін қабылдау мүмкіндігін бағалау үшін өзара байланысы жоқ жобалардың тиімділігін анықтау (салыстырмалы тиімділік)
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың негізгі принциптері:
1. Жобаның өмірлік циклі бойынша шолу (есеп айырысу мерзімі) - алдын ала инвестициялаудан жоба аяқталғанға дейін зерттеу;
2. Ақшалай қаражаттардың қозғалысын модельдеу, оның ішінде жобаға байланысты ақшалай түсімдер мен есептік кезеңдегі шығындар;
3. Әртүрлі жобаларды салыстыру шарттарының салыстырмалығы (жоба нұсқалары);
4. Оң принцип және максималды тиімділік;
5. Уақыт факторын есепке алу;
6. Алдағы шығындар мен кірістерді есепке алу;
7. «Жобамен» және «жобасыз» салыстыру;
8. Көп сатылы бағалау;
9. Жобаны іске асырумен бірге болатын белгісіздіктер мен тәуекелдердің сандық көрсеткіштерін есепке алу және т.б.
Шаруашылық субъектісінің қаржы ресурстары.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты – халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы
ретінде қоғам экономикасының іргетасын материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар - ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық зандардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық
қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қогамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық салааралык,, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан
қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
- басқа әр турлі кәсіпорындармен және ұйымдармен;
- өзінің еңбек ұжымымен;
- мемлекетпе;
- банктермен;
- сақтық органдарымен;
- жогарыұуйымдармен;
- құрылтайшылармен.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
1 қаржы қатынастарының көпқырлылыгы, олардың нысандары мен мақсатты
арналымының сан алуандығы;
2 өндірістік құралдардың (капиталдардың) қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы;
3 жоғары белсенділіі;
4 шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы айқындаушы негізі болып табылады.
#
Еңбекті нормалау түрлері.
Еңбекті нормалау – бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен еңбек шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.
Жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде еңбек нормаларының мынадай түрлері қолданылады: уақыт, өндіру, сан, қызмет көрсету нормалары, сондай-ақ нормаланған тапсырмалар.
Уақыт нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс бірлігін орындау үшін белгіленген жұмыс уақыты шығындарының көлемі.
Өндіру нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінде орындауға (жасауға, тасымалдауға және т.б.) міндетті белгіленген жұмыс көлемі (өнім бірлігінің саны).
Қызметкерлер санының нормасы – белгілі бір кәсіптікбіліктілік құрам қызметкерлерінің белгілі бір ұйымдықтехникалық жағдайларда нақты өндіріс қызметін немесе жұмыс көлемін орындауы үшін қажетті қызметкерлердің белгіленген саны.
Қызмет көрсету нормасы – бұл тиісті біліктілігі бар бір қызметкердің немесе қызметкерлер тобының белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайларда жұмыс уақыты бірлігінің ішінде қызмет көрсетуге міндетті өндірістік объектілер (жабдықтардың, жұмыс орындарының және т.б. бірліктері) саны.
Нормаланған тапсырма – бір қызметкер немесе қызметкерлер тобы жұмыс ауысымында немесе жұмыс уақытының өзге бірлігінде орындайтын жұмыстың белгіленген көлемі.
Басқарушылық нормасы – бұл белгілі бір ұйымдастырушылықтехникалық жағдайда бір қызметкер басқаруға тиіс қызметкерлердің регламенттелген саны (бөлімшелер саны).
Еңбек нормалары жеке операцияға (операциялық нормаға) немесе операциялар тобына, жұмыстардың аяқталған кешеніне (ірілендірілген, кешенді норма) белгіленеді.
Нормалардың дифференциация дәрежесі өндіріс типімен, өндірілетін бөлшектер (бұйымдар) партиясының көлемімен шығарылатын өнімнің ерекшеліктерімен, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру формаларымен айқындалады.
#
Кәсіпорын шығындарының түрлері.
Өндіріс шығындары ұдайы өндірісте үлкен мәнге ие келесі топтарға бөлінеді:
Өндіріске және қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар – бұл көрсетілетін қызметтердің және өткізілген өнімнің өзіндік құнынан өтелетін ағымды шығындар;
Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға жұмсалатын күрделі шығындар. Олар амортизациялық қормен, кәсіпорынның пайдасымен, бағалы қағаздар және несие арқылы өтеледі;
Кәсіпорынның әлеуметтік-мәдени тұрғын үй мұқтаждарына жұмсалатын шығындары. Өнім өндірісімен тікелей байланыспаған және арнаулы қордан кәсіпорын пайдасымен өтелетін шығындар;
Кәсіпорындағы шығындарды топтастыру.
1.Өндіріс шығындары экономикалық белгілері бойынша келесі топтарға бөлінеді:
негізгі шығындар – бұйым дайындаудың технологиялық процессімен тікелей байланысты (мысалы, шикізат, материал, жартылайфабрикаттар, негізгі өндіріс жұмысшылары жалақысы);
үстеме шығындар – кәсіпорынның жұмысы мен өнім өндіру үшін қажетті жағдай жасаумен байланысты шығындар (мысалы, жабдықты күту шығыны, басқару-ұйымдастыру шығындары т.б.);
Өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу тәсілі бойынша: тура және жанама болып бөлінеді. Тура шығындар – нақты өнімді дайындаумен тікелей байланысты шығындар. Тура шығындар, мысалы материал, энергия, жалақы, отын т.б.
Жанама шығындар - өнім өндіруге байланысты емес шығындар және өзіндік құнға жатқызылады. Жанама шығындар: өндірістен тыс шығындар, құрал-жабдықтарды пайдалануға байланысты шығындар(амортизация) .
Өнім өндіру көлемінің өзгеруіне байланысты: тұрақты және ауыспалы шығындар болып бөлінеді. Тұрақты шығындар өнім өндіру көлемі өзгерсе де өзгермейді. (мысалы аренда төлемі, амортизация шығыны, ғимаратты күту, сақтандыру т.б.). Ауыспалы шығындар өнім өндіру көлеміне тікелей байланысты өзгеріп отыратын шығындар. Кәсіпорында өнім шығару артса, ауыспалы шығындар мөлшері де артады. Мысалы, шикізат, материал, жартылай фабрикаттар, негізгі өндіріс жұмысшылары жалақысы, транспорт шығындары, отын т.б.
Өндірістегі шығындарды пайдалану мерзіміне байланысты: ағымдағы шығындар (жұмысшылардың айлық жалақысы, өндіріс процессінде күнделікті жұмсалатын шығындар) және бір мезеттік шығындар (инвестиция, күрделі қаржы салымы жұмсалатын шығындар: жаңа жабдық, техника сатып алу т.б.) болып бөлінеді.
Шығындарды топтастырудың күрделілігіне қарай: жай (простые) және кешенді (комплекстік) шығындар болып бөлінеді. Жай шығындар – бір элементтен тұратын шығындар. Кешенді (комплекстік) шығындар – бірнеше элементтерден тұратын шығындар (цех шығындары, жалпы зауыттық шығындар, арзан бағалы шығындар).
RAZDEL3
Кәсіпорында есептік жылдағы жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 4000 адам. Оның ішінде жұмысты 3400 адам, қызметкерлермен 600 адам. Жыл соңында жұмысқа 800 адам, оның ішінде жұмысшы 760, қызметкерлер 40 адам қабылданды. Сол жылы 900 адам жұмыстан шығарылды. Оның ішінде жұмысшы 850, қызметкерлер 50 адам. Қабылдау мен ауысым коэффициенттерін аныктаңыз.
Берілгені:
|
Шешуi:
|
Np-4000 адам
Npж-3400 адам
Npк-600 адам
Nпp-800 адам
Nпpж -760 адам
Nпpк-40 адам
Nув-900 адам
Nyвж-850 адам
Nувк-50 адам
Кпр, Ксм-?
|
Кприём(қабылдау коэф)=800/4000=0,2
Кпрж(жұмысқа қабылдану)=760/3400=0,224
Кпрк(қызметкерлер қабылдау)=40/600=0,066
Ксм(ауысым)=900/4000=0,225
Ксмж(ауысым жұмысқа)=850/3400=0,25
Ксмк(ауысым қызметкерлер)=50/600=0,083
|
Кәсіпорынның жұмыскерлер қозғалысын көрсететін көрсеткіштерді анықтаңыз. Жыл басындағы жұмысшы саны 2886 адам. Жұмысқа қабылданган 1468 адам, жұмыстан шыққан 1206 адам. Соның ішінде өз қалауымен 1180 адам, еңбек тәртібін бұзған 1 адам, әскерге кеткен, зейнетке шыққан 20 адам, лауазымдық дәрежесінде байланысты 3 адам. Төмен көрсеткіш көрсеткен 2 адам. Кәсіпорындағы жұмысшының саны тізімдік 2799 адам.
Берілгені:
|
Шешуi:
|
Np-2799 адам
Nпp-1468 адам
Nув-1206 адам
Кпр, Ксм, Nн, Ксм -?
|
Кпр=1468/2799=0.5
Ксм=1206/2799 =0,4
Ксмж=1+2+1180=1183
Ксмк=1183/2799=0,4
|
Қор қайтарым, кор сыйымдылығы, қормен жарақтануды анықтаңыз: Егер негізгі қордың жыл басындагы кұны 653495 мың теңге болса. Жыл бойы негізгі қорлардың енгізілуі 1 мамырдан 1278 мың тг, 15 шілделе 4360 мың тг. Негізгі корлардың шыққаны 1 наурызда 575 мың тг, 1 казанда 2134 мың тг. Өнім шығару 17 млн 261292 мың тг. Жұмысшы саны 2886 адам.
Берілгені:
|
Шешуi:
|
Cжб - 653495 мың тг
C 01.05 -1278 мың тг
C 15.07 - 4360 мың тг
С 01.03 - 575 мың тг
С 01.10 - 2134 мың тг
Nж-2886
Q-17261292 мың тг
Снк, ҚҚ-?
|
Снк = 653495+(1278*8/12+4360* 5,5/12) - (575*2/12- 2134*9/12)= 656409,2
ҚҚ =17*261292/656409,2=26,2 мың тг
|
Экстенсивті пайдалану коэффициентін анықтаңыз: Егер цехта 30 станок жұмыс істесе 1 жылда станоктың нақты жұмыс сағаты 105620 ст/сағ. 1 жылда күнтізбелік күндер саны 365 күн. Оның ішінде мейрам мен демалыс күн саны 107 күн. Кәсіпорындағы жұмыс істеу реттілігі 2 ауысымды 8 сағ. жұмыс күні. Аспаптың жөндеу уақыты режимдік уақыт корынан 2,5%. Экстенивті пайдалану коэффициентін анықтау үшін тиіді (жоспарлы уақыт қорын пайдаланыңыз).
Берілгені:
|
Шешуi:
|
Тн- 105620 ст/сағ
Nж-30
Тк-258 күн
Тж, Тр, Кэкс-?
|
Тр=258*2*8*30=123840 ст/сағ
Тж=123840*2,5%=120744 ст/сағ
Кэкс = 105620/120744 = 0,87
|
Кәсіпорын негізгі өнімді 325,6 мың теңге сомасына шығарды. Шетке орындалған жұмыс кұны 41,15 мың теңгені кұрды. Өз өндірген жартылай фабрикат - 23,7 мың теңге, оның ішінде 80% өзінің өндірісінде пайдаланды. Жыл аяғында аяқталмаған өндіріс көлемі 5,0 мың теңгеге көбейді. Материалдық шығын тауарлы өнімнің құнынан 40%-ды құрды. Сатылған өнім, жалпы және таза онім көлемін анықтау керек.
Берілгені:
|
Шешуi:
|
Q =325,6 мың тг
S = 41,15мың тг
Спр = 23,7 мың тг – 80%
Q ж.а = 5,0 мың тг
См = S – 40%
Qто, Qжо, Qсо - ?
|
Qто = 325,6+41,15+23,7*0,2 = 371,49 мың тг
Qжо = 371,49 + 5,0 = 376,49 мың тг
См=371,49*0,4=148,596 мың тг
Qсо = Qто = 371,49 мың тг
|
Аякталмаған өндірістегі айналым қаржыларының нормативін және шығындарының өсу коэффициентін келесі шарт бойынша аныкта. Зауытта шығарылатын өнімнің өндірістік өзіндік кұн кұрылымы: шикізат, негізгі материалдар - 20%, сатып алынған шала фабрикаттар - 65%, жалақы және жанама шығындар - 15%. Жоспардағы өнімнің өндірістік өзіндік кұны - 85 мың теңге, жылдық өнім шығару - 300 дана. Өндірістік циклдің ұзақтығы 30 күн болса.
Берілгені:
|
Шешуi:
|
S - 85000 тг
C- 20%
Сф- 65%
Ca- 15%
Q- 300 дана
Т-30күн
Кшө, Аөк-?
|
См = 17000 тг
Сф = 55250 тг
Сa = 12750 тг
Кшө = C1+0,5 C2/S
Кшө = 17000 +55250+0,5* 12750/85000 = 0,925
Аөк = 85000*30*0.925/ 360 = 6552 тг
|
Кесімді сыйақы түрі бойынша жалақыны анықтау керек. Егер токарь 1 сағатта 10 деталь жасаса, 1 айда 1630 деталь шығарған. Сағаттық тарифтік ставкасы 200 тг сағатына. Өнімді нормадан артық орындағаны үшін кесімді жалақыдан 20% сыйақы тағайындалса.
Берілгені:
|
Шешуi:
|
H 1 сағ - 10деталь
H 1 ай – 1630 деталь
І сағ = 200 тг/сағ
Сыйақы мөлшері - 20%
ЖА кес - ?
|
І сағ = 200 тг/сағ
І пб = І сағ/ H 1сағ = 200/10 = 20
ЖА кес = І пб*Q = 20*1630 = 32600 тг
ЖА с кес = 32600*1,2 = 39120 тг
|
Айнаным қаражатының айналым коэффициентінің өзгерісін және айналым қаражатының босатылуын анықта. Берілгені: алдыңғы жылы кәсіпорындағы айналым каражатының нормативі 800 мың теңгені құрайды. Өткізілген өнім көлемі - 1800 мың теңге. Есептік жылы өткізілген өнім көлемі 12%-ға артты. Ал айналым каражатының нормативі 3%-ға артты.
Берілгені:
|
Шешуi:
|
АйҚ – 800000 тг
Q – 1800 мың тг
АйҚ - 3% +
Q - 12% +
Кайн-?
|
Кайн = Q/АйҚ = 1800/800 = 2,25
800 мың тг (3%) = 824 мың тг
1800 мың тг (12%) = 2016 мың тг
Кайн = 2016/824 = 2,45 мың тг
|
Жылдық өнім шығару көлемі 10 000 дана. Бұйымның өзіндік құны 80 тг. Бұйым бағасы өзіндік құнға қарағанда 25%-ға артық. Айналым қаражаттарының орташа жылдық қалдығы 50 000 тг. Бұйымды дайындау үрдісінің ұзақтығы 5 күн. Аякталмаған өндірісте шығынның өсу коэффициенті 0,5% екені белгілі болған жағдайда кәсіпорында айналым каражаттарылық айналымдығын, өндірісте аяқталмаған өндірістің айналым қаражаттарын анықтау қажет.
Берілгені:
|
Шешуi:
|
Q - 10000 дана
Тr = 5 күн
S = 80 тг
Ц = S+25%
Сайн = 50000 т
Кшө - 0,5
Наө, Кайн - ?
|
Кайн = Qө/Сак
Q = 10000 дана-тг = 10000*80*1,25 = 1000000
Кайн = 1000000/50000 = 20 айн
Ск = 10000*80/365 = 2192 тг
Наө = Ск*Тң*Кшө = 2192*5*0,5 = 5480 тг
|
Кәсіпорында 1 тоқсанда 250 000 тг-ге өнім сатты. Осы тоқсанда айналым қаражатының калдығы 25 000 тг құрады. 2-ші тоқсанда өнім сату көлемі 10% -ға өсті. Ал бір айналым каражатының айналымдылығы 1 күнге кысқарды. Анықтау керек: а) 1 айналым қаражатының айналым коэффициентін және бірінші тоқсандағы 1 айналым ұзақтығы, б) Айналым коэффициентін және оның екінші тоқсандағы абсолюттік шамасын, в) Айналым қаражатының 1 айналым ұзақтығын қысқарту қорытындысында айналым каражатының өндірістен босатылуын анықтаңыз.
Берілгені:
|
Шешуi:
|
Q1 – 250000 тг
Сак1 – 25000 тг
Q2 – 10% +
Тс2 – 1 күнге –
Кайн1, Тс1, Тс2, Δа - ?
|
Кайн1 = 250000/25000 = 10 айн
Tc1 = 25000/(250000/90) = 25000/2777 = 9 күн
Тс2 = 9-1 = 8күн
Q2 = 250000*1,1 = 275000 тг
Сак2 = 24440 тг
Кайн2 = 275000/24440 = 11,25 айн
Δа = 25000-24440 = 560 тг
|
Берілгені:
|
Шешуi:
|
Берілгені:
Q – 50 дана
См – 2000 тг
Сш – 4800 тг
Спроч – 2100 тг
Соналыс – 180 тг
Табу керек: S-?
|
Шешімі:
S= Собщ/Q
Собщ= См+Сш+Спроч
Собщ= 2000+4800+2100= 8900 тг
S= 8900/50= 178 тг
Жауабы: S = 178 тг
|
Берілгені:
См – 45000 тг
Сзп – 60000 тг
Сзп нет – 70%
Сам – 3000 тг
Табу керек: Сауст-?
|
Шешімі:
Сауст = См+Сзп+Спроч
Сауст = 60000+(60000-70%) = 87000 тг
Жауабы: Сауст = 87000 тг
|
Берілгені:
Q – 1000 дана
Qоткан – 850 дана
Ц – 100 тг
Табу керек: Сауст-?
|
Шешімі:
Д = Ц * Q (ҚҚС-сыз)
Д= 100*850= 85000 тг
Жауабы: Д = 85000 тг
|
Берілгені:
S – 10%
Rq – const
Табу керек: Ц -?
|
Шешімі:
Ц = S * (1+R3)
Ц = 90*100/100= 90%
Жауабы: 10% - ға төмендейді
|
Берілгені:
См – 45000 тг
Сзп – 60000 тг
Сзп нет – 70%
Сам – 3000 тг
Спроч – 17000
Табу керек: Стүр - ?
|
Шешімі:
Стүр = Сам+Спроч+Сзп нет
Стүр = 3000 + 17000+ (60000 – 70%) = 38000 тг
Жауабы: Стүр = 38000 тг
|
Берілгені:
Q – 50 дана
См – 2000 дана
Сзп – 4800 тг
Спроч – 2100 тг
Сондаус – 180 тг
Табу керек: S -?
|
Шешімі:
Собщ = См+Сзп+Спроч+Сондаус
S= Собщ/Q
Собщ = 2000 + 4800 + 2100 – 180 = 9080 тг
S = 9080/50= 181,6 тг
Жауабы: S = 181,6 тг
|
Берілгені:
|
Шешімі:
|
Берілгені:
V = 3,2 кВт
qv – 0,87
Tэн – 7 сағ
Dp – 250 күн
Ц – 4 тг
Табу керек: Сэл -?
|
Шешімі:
Сэл = V * qv * Tэн * Dp
Сэл = 3,2*0,87*7*250 = 4872
Сэл = 4872*4= 19488 тг
Жауабы: Сэл = 19488 тг
|
Берілгені:
Стүр – 2200 мың тг
Саусп – 600 тг
Q – 11000 дана
Табу керек: Цmin -?
|
Шешімі:
S= Стүр/Q
Цmin = S + Саусп
S = 2200000/11000 = 200 тг
Цmin = 200+600 = 800 тг
Жауабы: Цmin = 181,6 тг
|
Берілгені:
См – 546 мың тг
Sм – 60 %
Табу керек: S -?
|
Шешімі:
S= (См*100)/ Sм
S = (546*100) / 60 = 840 тг
Жауабы: S = 840 тг
|
Берілгені:
r – 20%
IC – 200 мың тг
1 ж – 100
2 ж – 100
3 ж - 120
Табу керек: NPV -?
|
Шешімі:
NPV>0; 27,21>0
Жауабы: NPV = 27,21 тг
|
Берілгені:
r – 20%
1 ж – 400
2 ж – 450
3 ж - 600
Табу керек: PV -?
|
Шешімі:
Жауабы: PV = 993,05 тг
|
Берілгені:
Стүр – 1800 мың тг
Саусп – 60 тг
Q – 45000 дана
Табу керек: Цmin -?
|
Шешімі:
S= Стүр/Q
Цmin = S + Саусп
S = 1800000/45000 = 40 тг
Цmin = 40+90 = 130 тг
Жауабы: Цmin = 130 тг
|
Берілгені:
Q – 100 дана
См – 5000 дана
Сзп – 10800 тг
Спроч – 1100 тг
Сондаус – 2000 тг
Табу керек: S -?
|
Шешімі:
Собщ = См+Сзп+Спроч
S= Собщ/Q
Собщ = 5000 + 10800 + 1100 = 16900 тг
S = 16900/100= 169 тг
Жауабы: S = 169 тг
|
Берілгені:
См – 60000 тг
Сзп – 75000 тг
Сзп нет – 75%
Сам – 5000 тг
Табу керек: Саусп -?
|
Шешімі:
Саусп = См+Сзп нет
Саусп = 60000+(75000-75%)=116250 тг
Жауабы: Саусп = 116250 тг
|
Берілгені:
Q – 3000 дана
Qоткан – 1500 дана
Ц – 150 тг
Табу керек: Д-?
|
Шешімі:
Д = Ц * Q (ҚҚС-сыз)
Д= 150*1500= 225000 тг
Жауабы: Д = 225000 тг
|
Берілгені:
S – 20%
R3 – const
Табу керек: Ц -?
|
Шешімі:
Ц = S * (1+R3)
Ц = 80*100/100= 80%
Жауабы: 20% - ға баға төмендейді
|
Берілгені:
См – 70000 тг
Сзп – 90000 тг
Сзп нет – 60%
Сам – 2000 тг
Спроч – 20000
Табу керек: Стүр - ?
|
Шешімі:
Стүр = Сам+Спроч+Сзп нет
Стүр = 2000 + 20000+ (90000 – 60%) = 58000 тг
Жауабы: Стүр = 58000 тг
|
Берілгені:
Q – 80 дана
См – 2300 дана
Сзп – 27000 тг
Спроч – 7100 тг
Сондаус – 320 тг
Табу керек: S -?
|
Шешімі:
Собщ = См+Сзп+Спроч+Сондаус
S= Собщ/Q
Собщ = 2300 + 27000 + 7100 + 320 = 36720 тг
S = 36720/80= 459 тг
Жауабы: S = 459 тг
|
Берілгені:
V = 3,2 кВт
qv – 0,75
Tэн – 7 сағ
Dp – 265 күн
Ц – 8,12 тг
Табу керек: Сэл -?
|
Шешімі:
Сэл = V * qv * Tэн * Dp
Сэл = 3,2*0,75*7*265 = 4452
Сэл = 4452*8,12= 36150,24 тг
Жауабы: Сэл = 36150,24 тг
|
Берілгені:
Стүр – 4500 мың тг
Саусп – 350 тг
Q – 10000 дана
Табу керек: Цmin -?
|
Шешімі:
S= Стүр/Q
Цmin = S + Саусп
S = 4500000/10000 = 450 тг
Цmin = 450+350 = 800 тг
Жауабы: Цmin = 800 тг
|
Берілгені:
См – 875 мың тг
Sм – 73 %
Табу керек: S -?
|
Шешімі:
S= (См*100)/ Sм
S = (875*100) / 73 = 1198,6 тг
Жауабы: S = 1198,6 тг
|
Берілгені:
r – 30%
IC – 300 мың тг
1 ж – 100
2 ж – 200
3 ж - 120
Табу керек: NPV -?
|
Шешімі:
NPV > 0; -50,12 > 0
Жауабы: NPV = -50,12 тг
|
Берілгені:
r – 15%
1 ж – 300
2 ж – 550
3 ж - 400
Табу керек: PV -?
|
Шешімі:
Жауабы: PV = 941,91 тг
|
RAZDEL4
Кәсіпорын өндірістік қызметіне құны 5 мың $ тұратын жұмыс жабдығын қолданысқа енгізілген. Жабдықтың жылдық амортизация нормасы 7 % белгіленген. Амортизация сызықтық әдіс бойынша өндіріске 3 жыл мерзім пайдаланылған. Үш жылдан кейін кәсіпорын жабдығының қалдық құнын анықтаңыз. Сқалд =3,95 мың
#Сост=Сбал-Сизн
А0=Сбал*На/100=5000*7/100=350$
Сизн=А0*Тэ=350*3=1050$
Сост=5000-1050=3950$
Жауабы: 3950$
#
Кәсіпорында станоктың құны 870 мың тенге. Станоктың жойылу құны 8 мың тенге. Өндіріске пайдаланылған қызмет мерзімі 15 жылға есептелсе, станоктың ай сайынғы амортизация нормасы (На) қанша пайызға тең екенін есептеңіз. Сқалд =3,95 мың
#На=Сбал-Сликв/Тэ*Сбал*100
На=870000-8000/15*870000*100=6,6%
6,6%/12=0,55%
Жауабы:0,55%
#
Кәсіпорында жылына жоспар бойынша машина 1300 аусымды жұмыс істеуі керек. Кезек ауысым ұзақтығы (есеп бойынша) 6 сағат, жыл ішінде есеп бойынша жұмыс машинасының орташа жөндеуде тұруы 120 сағат, ал күрделі жөндеуде тұруы 450 сағат болды. Техниканың экстенсивті пайдалану көрсеткішін анықтаңыз. Кэ= 0,926
Достарыңызбен бөлісу: |