Развивающая социальные навыки и навыки самообучения детей раннего возраста



бет13/64
Дата21.07.2020
өлшемі150,01 Kb.
#63582
түріПрограмма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Сауықтыру-шынықтыру шаралары

Медицина қызметкерінің жетекшілігімен ауада және суда шынықтыру шараларын жүргізу.

Балаларды денсаулықты сақтауға ықпал ететін қарапайым іс-әрекеттерге үйрету: ауызға ұсақ заттарды салмау, өткір заттарды қолға алмау, баспалдақтан аттамау, электр құралдарын, ажыратқыштарды, розеткаларды ұстамау.

Күтілетін нәтижелер:

- дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді;



- ересектердің көмегімен өзін ретке келтіреді;

-үстел басына қолды жуғаннан кейін отырады;

- тамақтанып болған кейін майлықты қолданады, алғыс айтады;

- киімді шешеді және шкафқа салады, орнын біледі;

- түбекке сұранады, оның орнын біледі және уақытында қажеттілігі туралы айтады;

-тазалыққа және ұқыптылыққа рахаттану сезімін білдіреді.
«Коммуникация» білім беру саласы

«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны -сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

«Коммуникация» білім беру саласының мазмұны баланың тілін дамытуды, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруды, белсенді және пассивті сөздік қорын, тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетін, баланың байланыстырып сөйлеуін басқа білім салаларымен кіріктіру арқылы жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Мақсаты: тілдік қарым-қатынасқа қажеттілікті қалыптастыратынжағдайлармен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- қарым-қатынастың коммуникативтік дағдыларын және тыңдау мәдениетін дамыту;

- тілдің сөздік қорын қалыптастыру;

- тілдің грамматикалық құрылымына, сөзді дыбыстау мәдениетіне, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Бірінші жартыжылдықтың маңызды міндеті ересектердің сөйлеу тілін түсінуін дамыту болып табылады. Екінші жартыжылдықта белсенді сөйлеуін дамытуға баса назар аудару.

Балалар:

- өзінің, жақын туыстарының есімін, киім, жиһаз, ыдыс-аяқтардың, кейбір көлік құралдарының, бірнеше таныс жануарлар мен өсімдіктерді атауды;

- өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың жекелеген дене мүшелерін ажыратып, атай білуді;

- құрылымы және мазмұны бойынша қарапайым сөз тіркестерін түсінуді, өтініштерді орындауды, тұрмыстық және қызықты жағдайларды суреттейтін 1-3 әрекеттен тұратын ойыншықтармен күрделі емес шағын қойылымдар көрсетуді;

- тілді көрнекіліксіз түсіну, заттарды табу және оларды суреттен тану, елеулі белгілері бойынша заттарды іріктеуді, тапсырмаларды орындауды;

- сәйкес суреттерді, ойыншықтарды,іс-әрекеттерді көрсету арқылы кейіннен көрнекіліксіз мазмұны бойынша шағын, қарапайым әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды түсінуді;

-шығармаларды тыңдау, оны қабылдау, мазмұнына эмоционалды жауап беруді үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет