Развивающая социальные навыки и навыки самообучения детей раннего возраста



бет12/64
Дата21.07.2020
өлшемі150,01 Kb.
#63582
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
3. Тәрбие мен оқытудың мазмұны.

1 жастан 1 жас 6айға дейін:

«Денсаулық» білім беру саласы

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты денсаулықтысақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың толыққанды денесін және психикасын дамытатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимылдарды дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.

Міндеттері:

-гигиеналық талаптарды сақтау дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру;

-баланы жуынудың, киінудің, шешінудің қарапайым дағдыларына және түбекке сұрануға үйрету;

-ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, (бетінің, қолының, мұрныныңластығын байқау, оларды жууды, сүртуді сұрау, дымқыл киімін шешу).

Осы жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын игеру білім беру салаларын кіріктіру және заттық-дамытушы ортаны қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Тамақтану кезінде:

- тамақ ішу алдында қолды жуу;

- тамақты тек өз тәрелкесінен ішу;

- балалар орындығына өзі отыру және оны ересектің көмегімен жылжыту;

- орындыққа өзі отырып, одан өзі тұру;

- тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, тамақтан соң майлықты пайдалану, алғыс айту.

Жуыну кезінде:

- қолдарын өзі жуу (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі бөлігін алақанмен жуу;

- ересектің көмегімен беті-қолдарын сүрту.

Киініп-шешіну кезінде: киімдерін белгілі тәртіппен шешу және кию, оларды дұрыс жинау.

Баланың түбекке сұрана білу дағдыларын қалыптастыру; өзінің түбегінің орнын білу; тек өз түбегіне отыру.

Қол ормалмен ескерткен кезде мұрнын сүрту, оны қалтасынан өзі алу және салу.

Өзінің заттарын, сүлгісін сақтайтын орынды білу, үстел басындағы өзінің орнын, киімге арналған шкафты білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет