Әлеуметтік педагог сөзі:
Ұлы ойшылдардың бірі «Дүниенің ең тамаша туындысы тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады» деген екен. Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болуын ойласақ, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап бей-жай қарамауымыз қажет. Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
11. Қорытынды
Құрметті ата-аналар! Сіздермен біріге отырып, ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей екеніне көз жеткізіп «Ертеңде күн бар ғой, тәйірі, бәріне үлгереміз» деп салдыр-салақ күн кешетіндердің өкініші удан да ащы боларын,«Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ» іс екенін ойға түйдік.
Балаларымызға күннің шуақты шапағындай мейірім, жылуымызды шаша отырып, «Отбасы мықты болса, Отан да мықты» яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі –саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болуы даусыз екеніне көз жеткіздік. Отан- отбасынан, отбасы- ошақ қасынан басталатынын әсте ұмытпайық! Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңыз үшін мың алғыс! Келесі кездескенше сау болыңыздыр!!!
Достарыңызбен бөлісу: |