2. Олай болса Ой қозғау ретінде
Сіз үшін “Бала деген кім?” әрбір ата-ана өз жауаптарын айтады. (Болашағымыз, Асыраушымыз, Көмекшіміз, Ақылшымыз, Өміріміздің жалғасы, Үмітіміз, Бауыр етіміз)
Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл-күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл-күйіне әсер етеді екен.
1. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
2. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
3. Балаңыздың тәтті қылықтары
4. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
3. Жаттығу
Ата–аналарға сұрақтар қою.
Енді балаңыз өмірге келгенде алғашқы әсеріңіз? Не туралы ойладыңыз?
1.Енді балаңыз жүре бастағанда, біз бала үшін қорқамыз да, оған барма, шықпа, секірме дейміз. Сонымен аяғын байлаймыз.
2. Енді балаңыз жан-жағындағы дүниені тани бастайды, бәрін ұстап білгісі келеді. Біз оған ұстама дейміз. Сонымен қолын байлаймыз.
3. Баланың тілі шығады да, бәрін сұрай бастайды. Бұл не, мынау не деген кезеңі. Баланың сұрағынан шаршаймыз да сұрама, сөйлеме, айқайлама дейміз. Баланың аузын байлаймыз.
4. Көшеден әр-түрлі сөздер естіп, үйреніп келеді. Біз оған тыңдама, естіме дейміз. Біз сөйтіп құлағын байлаймыз.
5. Теледидардан неше түрлі бағдарламаларды көреді де, біз оған қарама дейміз. Сонымен баланың көзін байлаймыз.
6. Баламыз даладан ұядан құлап түскен балапанды, тастанды мысықтың баласын үйге әкелген кезде біз оған қайдан әкелдің? Неге әкелдің? Алма, ұстама, деп баланың жүрегін байлаймыз.
Енді қараңыздаршы, осындай бала сіздерге ұнай ма?
Ата–аналарға сұрақтар қою.
- Сіз өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? /ыңғайсыз/
- Біріншіден нені босатқыңыз келеді?
“Мен үшін қымбат...” (Ой қозғау) (Аялы алақаны, мейірімі, ыстық жүрегі, жан жылуы, махаббаты, мейірімді көздері, күлкісі)
4. Экранға назар салып бала тәрбиесіне қатысты видеоролигін көріп тамашалайық
5. Әлеуметтік педагог сөзі:
Ата - аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
4. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
6. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?
«Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Ендігі кезекте
6. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым тамашалаңыздар
Осы көрініс жайында өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер.
7. Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету
Ортаға оқушыларды шақырамыз
Оқушылар ата - аналарына барып өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап айтады
1 - оқушы Анашым, мен бүгін сабаққа бармай - ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы
2 - оқушы Әже мен сабақтан қашып келдім. Соңғы сабақ қиындау еді
3 - оқушы Анашым, маған айфон сатып әперші. Балалардың бәрінде бар.
Ата - аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін іс – қимылын салып) көрсетеді
Осы жерде мен ата - аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.
Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз
1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»
4 - қателік Балаларды тым еркелету
5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету
7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау
Міне құрметті ата - аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
«Ата - ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата - ана баласының түйсігіне қандай із салса бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |