Анықтама
2017 жылдың 16-ақпан күні мектебімізде «Шаңырағым шаттығым» апталығы аясында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - Отбасы» тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың байланысын нығайту, ұстаздармен бірлескен әрекетке тарту.
Дөңгелек үстелге ауылымыздың батыр аналары, жас әжелер, көпбалалы жас отбасының аналары шақыртылды.
Дөңгелек үстел жұмысын мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Мырзатаева қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың, қадағалаусыздықтың, зорлық- зомбылықтың және басқа да бала өміріне жат қылықтардың алдын алу. Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыруда тиімді модельдерін іздестіру, балалар өміріндегі ата-аналардың рөлі туралы мағлұмат бере отырып, Отбасы, мектеп, қоғам арасындағы байланысты нығайта отырып, бала тәрбиелеудің әдісі мен тәсілі, қыры мен сырын қолдана білуге жол ашуды мақсат етіп, барша аналарды пікір алмасуға шақырды. Ұрпақ-болашақ! Иә, солай десекте бүгінгі күннің ащы шындығы, күн тәртібінен түспей тұрған мәселе- ол ұрпақ тәрбиесі. Қанша жерден «болашақ тұлғаны мектеп қабырғасы қалыптастырады», «орта өз дегенін істейді», «қоғам бағытынан алыс кету мүмкін емес» делінгенімен, адам баласына тәлім-тәрбиенің түп негізін қалаушы –ата-ана, отбасындағы ахуал. Осы тұста балаларға әрдайым жылы сөз, мейірім жан жылулығы жетіспейді қай кезде? деген сұрақ төңірегінде ойлар тыңдалып, дөңгелек үстелді ұйымдастырушы мектеп психологтары «Танысу», «Алақанынан танып, біл» ойын-жаттығуларында ата-аналар белсенділік танытып, бала тәрбиесіне қатысты бейнероликті тамашалап, ой-пікілерімен бөлісті. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады»- десек те, бүгінгі жасөспірім бала қысқа ойлап, еліктегіш, балалардың өмірімен денсаулығына жат қылықтарға тез мойынсынатын дәрежеге жеттік. Бұған кімді айыптаймыз? Осы тұста Тәрбиені қай тұсынан босаңсытып алдық? «Кінәлі Заман ба, әлде Адам ба?-деген сауал туындап, сауал төңірегінде ой пікірлер тыңдалды. Пікір айтушылардың екінші біреулері бала тәрбиесіне әкелеріміз көңіл бөлмейді, тек ананың тәрбиесінде, көбіне әкелер сыртта, отбасында болсада күйбең тіршілік, әкелер тарапынан қараусыз, сондықтан да әкелер беделі төмендеп кетті т.б. (әрине көпшілікті кінәлі деп санаудан аулақпыз). Дегенменде, Әке беделін орнына әкелер қандай шара бар? Осы кезде бұл сауалдың түйіні балалар тәрбиесіне «ӘКЕЛЕР КӨҢІЛІ БӨЛІНСЕ ЕКЕН...» - деген ой түйді. Негізінде бәрі де адамға байланысты. Заманды да, өзін де өзгертетін сол адамның ары, болмыс-бітімі. Сондықтан әңгіме айналып келгенде тәрбиеге, халықтық дәстүрге, қала берді ортаға, яғни қоғамдық сапаға тіреледі екен. Бұл бүгінгі күннің ақиқаты. Балаларды ата- аналарынсыз тәрбиелеу желді күні жапырақ терумен тең екен. Тамызығын тапсаң қар да жанады. Тамшыдан көл құралады- деген сөздерді ту етіп ұстаған дөңгелек үстелге қатысушылар «Ертеңде күн бар ғой, тәйірі, бәріне үлгереміз» деп салдыр-салақ күн кешетіндердің өкініші удан да ащы боларын сезіне отырып, «Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ» іс екенін ойға түйді. Балаларымызға күннің шуақты шапағындай мейірім, жылуымызды шаша отырып, «Отбасы мықты болса, Отан да мықты» яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі –саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болуы даусыз екеніне көз жеткізе отырып , релаксациялық жаттығу барысында «Бағбанның алма бағына» саяхат жасап сол бақтан терген алмаларына (стикер) балаларына деген тілектерін, осы дөңгелек үстелден алған әсерлерін жазып «Мәуелі жеміс» ағашына апарып жабыстырды.
Міне ағайын! Барлығымыз бір отбасымыз. «Мәңгілік ел- ұлттың ұлы бағдары»- деп Елбасымыз атап көрсеткеніндей Еліміздің болашағын бүкіл ел болып жасайық!– деген ұранмен дөңгелек үстел жұмысы қорытындыланды.
Мектеп психологтары: А.Әбілова
С.Қалмағанбетова
Достарыңызбен бөлісу: |