–
деп
,
Баймырзаның пәтеріндегі жайма-шуақ өмірден басталады.
Осы көріністің өзі-ақ қазекемнің маңдайының соры бес елі
екендігінен хабар береді. Оның біріншісі – көп қабатты үйлердің
тек бірінші не бесінші қабатының қазақтарға ғана берілуі. Міне,
Баймырзаның үйі де тек қазақтарға тиесілі болған бірінші қабатта
тұр. Бірінші қабаттың астынан қысы-жазы сыз өтіп, едені еш
уақытта жылымайды. Ондай денсаулыққа зиянды үйлерді өзге ұлт
өкілдеріне беруге болмайды. Қазақтар қонақжай халық
болғандықтан, жылы жұмсағын қонақтың аузына тосатыны
белгілі, бірінші қабатта тұруға өздері еш арланбайды. Сол үшін де
жоғары қабатты келімсектерге беруге қарсылық білдірмейді.
Екінші ерекшелік – кең далада еркін өскен қазақтарды
қаланың да өзгерте алмайтындығы. Ол – есіктің қашанда ашық
жататыны. Қала халқы әдетте есікке бірнеше ілгіш салып, қоңырау
соғылғанда сығалап қарап отырады емес пе? Ал қазақ – сығалауды
білмейтін, есігін шалқасынан ашып тастап, құдайы қонағын күтіп
отыратын дархан халық. Міне, оқиға басталмай жатып осындай
ұлттық ерекшеліктерге жолығамыз.
Қуғыншылардан қашып келіп, есігі ашық пәтерге
жансауғалаған Қайсар мен Ақмарал – екеуі бір-бірін танымайды
да. Бұл да сол кездің шындығы. Жайма-шуақ өмірде бір-бірімен ісі
болмайтын жастар, сол бір ауыр күндерде бір-біріне бауырмалдық
танытып, ағалы-қарындастай жақын болғаны белгілі. Мұздай
қаруланған әскерді бірде тықсырып, бірде шегініп кезек-кезек
шегініс жасап отырған кездерде әртүрлі қақтығыстар болды.
Сойылға жығылған қыздарды қорғамақ болып, олардың үстіне
құлаған жігіттер ол қыздарды шын мәнісінде танымайтын еді.
Үдере қашқан кездерде аяғы мұзға тайып, сүрініп жатқан
қыздарды екі қолтығынан сүйемелдеп ала қашқан да өзіміздің
бауырларымыз екені рас.
Шығармадағы Ақмарал есімді кейіпкеріміздің Қайсармен өз
сіңлісін таныстырғысы келетін әңгімесі де шындыққа саяды. Біздің
түсінігімізде алаңға барып, өздерінің қазақ екенін сезінген
патриоттар
мен
үйде
бұқпантайлап,
терезеден
қарап
отырғандардың айырмашылығы жер мен көктей еді. Алаңға
шығып келгендер ол жердегі қырғынды көрген соң, саябыр тауып
үйде отыра алмай, сол жаққа қайта барып қолға түскені белгілі.
307
Ал, алаңға бармағандар ол жақта не болып жатқанына басын
қатырып әлек болмай, үйлерінде шайларын ішіп, жылы көрпеге
оранып, қара басын сауғалағанына мәз-мейрам болды.
Қайсар мен Ақмаралдың ашық тұрған пәтерге тығылатыны
да шындық. Ит жетектеген жендеттер қоқыстың арасына дейін
тінтіп, демонстранттардың соңына түсті. Сол сәтте әр подъездің
есігін бір қағып, тығылатын тесік таппай қиналған құрбыларымыз
да болды. Меніңше, автор осындай оқиғалардан қорытынды түйін
жасап, Қайсар мен Ақмаралды Баймырзаның үйіне алып келген.
Баймырза мен Талшын – өмірден алынған шынайы кейіпкерлер.
«Әй, сен қоясың ба, жоқ па?! Біле білсең, бүгін маған бақ
пен бақыт қонған күн!.. Кенесары бабамның аруағын тірілтем деп,
сонау Сібірде отырған он жылда «Апыр-ай, бұ қазақтың аяққа
тапталған ар мен намысын жақтайтын ерлер қашан туады, не
қылған сорлы елміз, ез елміз...» – деп, көкірегім шерге толатын еді.
Кешеден бері сол сорлы елдің намысын қорғауға бел буған мына
балалардай мыңдаған ұл-қызды көріп, төбем көкке екі елі жетпей
тұр. «Бар екен ғой, иә, Жасаған!..» деп, ішімнен мың тәуба айттым
жаратқанға түнімен. Сен оны қайдан түсінейін деп едің...» –
дейтін, кезінде қуғын-сүргіннің талайын көрген, Кенесары үшін
он жыл жер аударылған Баймырзаның прототипі – тарихшы
Ермұхан Бекмаханов.
«Құт па, жұт па – оны бір Жаратушының өзі ғана біледі. Сен
менің өйтіп тілімді қышытпа, білдің бе!.. Қазақ-қазақ дегенде
көкірегің қарс айырылады. Сол қазақтың намысын жартып, он
жыл түрмеде, айдауда жүргенде солардың біреуі артында қалған
жесірін, мына мені мен ана қызыл иек, ашқұрсақ шиеттей үш бала-
шағаңа қол ұшын беріп пе еді? Соларды енді екі көзінен қанды жас
ағызып, иттей тістелеп жүріп, кәмелетке жеткізген сол сенің айта
беретін қазағың ба еді, әлде мына мен бе едім? Елуінші жылдың
аяғында түрмеден арып-ашып келгеніңде саған қызмет тауып
бермек түгіл, кеңсенің есігін сығалатпай қойған төрелер де сол
сенің айта беретін қазақтарың емес пе еді? Енді бүгін келіп... О,
несі, жүдә, көсемси қалғаны», – деп, қайдағы шерді қозғап
күйінетін Талшын әкелері мен жарлары «халық жауы» ретінде
ұсталып кеткенде, «халық жауының баласы», «халық жауының
жары» аталған, балаларын бағып-қағып, қатарынан қалдырмай
өсірген мыңдаған ардақты аналарымыздың жиынтық бейнесі.
308
Баймырза мен Талшынның мектепте оқитын немересі әке-
шешесін алдап, алаңға қашып кетеді. Тектіліктің қанмен келетіні
тәрізді, Отаншылдық, патриоттық сынды қасиеттердің қанмен
берілетіні белгілі. Ол – қалада орыс мектебінде оқып, қазақша
шала сөйлегенмен, жүректері қазақ деп соққан ұлтжанды қазақ
жастарының жиынтығы. Ұлтжандылық ауыл, қала тұрғындарына
олардың тұрғылықты жеріне қарай берілмейді.
Шығармадағы келесі кейіпкер Баймырзаның көршісі –
Мария Петровна. Басқа ұлт өкілі болғанмен алаңдағы оқиғаға
бейтарап қарай алмағандықтан, басы шытынап ауырып тұрғандай
әсер береді. Себебі, бұл – өздері қазақ елінде отырғандықтан
ұлтаралық қақтығыстарға үрке қарайтын өзге ұлыс өкілі. Ол бәрін
де білгісі келеді, Баймырзаның үйіне тұңғыш келіп отырған
қонақтарының алыс туыстары екеніне сенгісі келмей отырғаны да
сондықтан.
Келесі кейіпкер – Тимур Қалдыбаевич. Автор осы кейіпкер
арқылы қазақтың құрдымға кетіп бара жатқандығын көрсеткісі
келген. ХХ ғасырдың соңғы ширегіне шейін қазақтың оқығандары
елім, ұлтым, жерім деп еңіресе, Тимурдың қазақтың жастары
алаңда қырылып жатқанымен шаруасы жоқ. Ол жолдасының
кандидаттық диссертация қорғанына куә болып, сол дастарханның
басында ішкеніне мәз болып отырған кеудесі қуыс жан.
Шығарманың шешімі – жендеттерден үрейі ұшқан
Ақмаралдың мерзімінен екі ай бұрын босануы болып табылады.
Өмірге келген сәби өмірдің жалғастығын байқатса, осы оқиға
үстінде дүниеге келген шарана «мың өліп, мың тірілген» қазақ
халқының болашағы алда екенінен хабар береді. Шығарма
Баймырзаның: «...Бар екен ғой сендердей ержүрек ұл-қыздарым!
Тек мұнымды жаратқан асылық көрмесін...» – деп жас ұлтшылды
далаға ертіп кетуімен аяқталады. Бұл ХХ ғасырдың басындағы
және соңғы ширегіндегі «ұлтшыл» атанған азаматтардың тілегінің
бір жерден шығуы болса, олардың барлығы да қазақ халқының
бостандығы, тәуелсіздігі үшін күрескен күрескерлер екенінің
белгісі.
Шығармадағы әрбір кейіпкер өз ортасының, сол әлеуметтік
топтың, замандастарының жиынтық бейнесі болып табылады.
Драматург жоғарыдағы оқиғаға қатысқан кейіпкерлерінің
барлығын да типтік бейнеге көтерген. Баймырза кеңестік
309
идеологияның теріс саясатын қолдамағаны үшін жазықты болып,
қуғын-сүргін көрген мыңдардың бірі болса, Талшын – қиын-
қыстау күндерде күйеуіне сүйеу болған, шиеттей бала-шағасын
асырап шаңырақты шайқалтпай арды ойлаған қазақ әйелдерінің
жиынтығы. Өзінен екі мүшел үлкен адамның жағасына жармасып
жүрген Қайсар өзгеге намысын таптатпаған қазақ халқының
қайсар ұланы болса, Ақмарал – жігіттердің намысын қайрап,
оларға күш-қуат беріп, елге жау шапқанда атқа қонған жауынгер
қазақ халқының батыр қыздарының бүгінгі таңдағы жалғасы.
Көпшілік оқырман мен көрермендерге ой салған
шығарманың бірі – «Империядағы» туған күн кеші». Пьесаға
жазушының прозалық шығармаларына арқау болған оқығандар
өмірі негіз болған. ХХ ғасыр басындағы оқығандар өмірі
Ж.Аймауытов, М.Әуезов шығармаларынан мол орын алса,
С.Асылбеков біздің қоғамның оқығандары туралы көп жазатын
қаламгер ретінде кеңінен танымал. Драматург бір кештегі оқиға
арқылы бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы өзекті
мәселелерді бір жерге жинақтаған. Сондықтан да бұл шығармада
замандастар бейнесі жақсы сомдалған. Автор әртүрлі жастағы
әртүрлі ортада жұмыс істейтін жеті-сегіз кейіпкер арқылы бірнеше
мәселелеге көңіл аударуды жөн деп тапқан тәрізді. Оның біріншісі
– бүгінгі таңда бір басып, екі асап жүрген жекелеген кәсіпкерлер
ісінің өрге домалауы. Қазақта «семіздікті қой ғана көтереді» деген
аталы сөз бар. Мұнда Айдар тәрізді кәсіпкердің сол семіздікті
көтере алмай, ең жақын достарының, туыстарының алдында
масқара болғанына куә боламыз. «Империя» атты екі қабат
мейрамхананың қожайыны Айдарды туған күнімен құттықтап
келіп отырғандар – өзінің бұрынғы әріптестері, дәлірек айтсақ,
кафедра меңгерушісі Сұлтанбек Ертуғанұлы мен оқытушы досы
Тойболды. Сұлтанбек Ертуғанұлы аспиранты Гүлденмен, Тойбол
жары Нұрсұлумен бірге келіп отыр. Қонақтардың ішінде елден
келген інісі Берікбол және ұлы Болат пен жары Ұлжалғас бар.
Бұл отырысқа Айдардың туған күнімен бірге ұлы Болаттың
мектепті жақсы көрсеткішпен бітіруі, дәлірек айтсақ, ұлттық
біріңғай тестілеуден 95 бал алып отыруы себеп болған. Оқиғаға
негіз болған диалогтар мен эпизодтардың барлығы да белгілі бір
мақсатпен алынғанын аңғару оңа
й. Мәселен
қонақтардың
сыйлығы (балықшының киімі) Айдардың қолы бос уақытта балық
310
аулауға әуестігін байқатса, екі-үш рюмкеден кейін қызып қалып
Гүлденді мазалауын, оны қапсыра құшақтап дастарханның үстіне
көтеріп қоюын мастанғандық деп қабылдауға болады. Оның тіпті
үлкен қалаға елден келіп, даяшы болып істеп жүрген Сәнияда
көңілі бар екені жасырын емес. Жап-жақсы отырған қонақтарының
берекесін алған ол құттықтап келушілерді қуып шыққандай
болады. Бұл әрекеті – ақшаның буына мастанып, адамшылықтан
кете бастағанының мысалы.
Ал Берікболдың жайы бөлек. Елден қонаққа келген інісінен
ауыл-аймақты, туған-туысты сұраған болып отырған ол інісіне
үйге қон деп айтуға жарамайды. Ішіп алған ағасының жоқ жерден
бәле іздейтінін түсінген ол қонақүйге кетіп қалады. Баласы Болат
Қазақ политехникалық университетіне түскісі келгенмен, әкесі
оны еркінен тыс рейтінгі (көрсеткіші) жоғары деп есептелетін
Гарвард университетінде оқытқысы келеді. Себебі Жанбайдың
баласы Асқар Кембриджде үшінші курста оқып жатыр, Айдардың
одан қай жері кем? Автор кейіпкер сөзі оның бейнесін
толықтыруда үлкен қызмет атқаратынын дәлелдей түскен. Осы
тұрғыда Айдардың: «Барасың... Білсін, Айдардың кім екенін ана
біреудің жетістігін
көре
алмайтын,
іштеріне
шынашақ
айналмайтын қызғаншақтар...» – деген сөзінен оның ішінде
қызғаныш деген қызыл иттің ұлып жатқанын байқау оңай. Осы
сөздің өзі қазіргі таңда ақшалылардың баланы шетелде оқытуды
бәсекеге айналдырғанына мысал. Ондайларды не білім, не
баланың тағдыры қызықтырмайды, бастысы – бәсекелестерінен
басып озса болғаны.
Тойболдының жағдайы мүлде бөлек. Автор Тойболды
арқылы бүгінгі ғылым-білімнің жағдайынан хабар беріп отыр.
Кеңестік дәуір тұсында қазақ халқының тарихы теріс
түсіндірілгендіктен, еліміз тәуелсіздік алған соң мыңдаған
зерттеулердің қажетсіз болып, пайдаға жарамай қалғаны белгілі.
«Жетісуда Совет өкіметін орнатудағы Коммунистік партияның
рөлі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғағалы
жүргенде Кеңес үкіметі құлап қалып, диссертациясы жарамсыз
болып табылған Тойболдының енді «Алаш» партиясының тарихын
зерттеп жүрген жайы бар. Сондықтан да ол кафедра
меңгерушісіне, яғни ғылыми жетекшісіне күні түсіп тұрған адам.
Бірақ ақшалы досын да қимайды. Мол қаражат керек болып
311
тұрғанда Айдар досының он мың доллорды қолына ұстата
салғанын қалай ұмытсын. Екі оттың ортасында қалған
Тойболдының кімнің сөзін сөйлерін білмей, екеуіне де жағынуды
ойлап жүргенінің сыры осында. Олай болса, Тойболдының
бейшара күйі қазіргі таңда алған айлығы шайлыққа жетпейтін
оқытушылардың жай-күйінен толық хабар беріп тұр. Драматург
осылайша бір эпизодпен қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруге
болатындығын байқатады.
Алматы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы»
кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы,
профессор Сұлтанбек Ертуғанұлы – олардан мүлде бөлек жан. Ол
– нағыз зиялылар қауымына жататын ескінің көзіндей, өмірден
көргені мен жиғаны мол тәжірибелі ғалым. Алғаш көргенімізде
қолынан портфелін тастамай жүрген ол соңғы көріністе сол
портфелін іздеп қайта келеді. Себебі, қара портфельде
кафедраның бір жылдық есебі жатыр. Қызметкерлерінің жылдық
еңбегін
бағалағандықта,
меңгеруші
портфелін
көзінің
қарашығындай сақтауда. Мұның өзі оның әріптестеріне деген
құрметін, еңбекті бағалай білетіндігін, жұмысына деген
жауапкершілігін байқатады. Қайта келгенде өзіне басқаша
сайраған Тойболдың: «Манағы... әлгі ана шалдың сөзін сөйлеп,
сені біраз ренжітіп алғаным үшін... Өзіңнен кешірім өтінейін деп
қайта келіп отырмын. Кешір...» – деп лепіріп тұрғанының үстінен
түседі. Осылайша автор кейіпкерлерінің табиғи болмысын қас
қағым сәттегі пендешіліктері арқылы тұжырымдаған.
Шығарманы оқып біткенде кеш басталғанда «Айдар
Сейтқалиевичтің мынау «Империясы» жасасын!» деп тост
көтерген қонақтардың көз алдында сол «Империяның»
күйрегеніне көзіміз жетеді. Автор оның басты себептерін
Айдардың жеке басынан таба білген. Айдардың бұл «Империясы»
шындап келгенде маңдай термен келмеген табыс екенін
Сұлтанбектің: «Шатпа! Кәдімгі емес! Ол арақтардың бәрі қайдағы
бір белгісіз сасық «подвалдарда», жертөлелерде антисанитарлық
жағдайда жасалған «самопал», арақ-шарап болатын!.. Сенің
капиталың, сенің байлығың, сенің империяң өмірге осылай келген
болатын! Бұл ұрлық емей немене сонда?!» – деген сөзі айғақтап
тұр.
312
Автор арам жолмен келген ақшаның адамды қалай
бұзатындығын, екі аяқты пенденің қалай хайуанның дәрежесіне
түсетінін Айдардың тірлігі арқылы дәлелдеген. Бұл да өмірден
алынған шынайылығымен баурайтын шығарма. С.Асылбеков –
жалпыадамдық құндылықтарды сахнаға да алып келіп,
көрерменнің ыстық ықыласына бөленген драматург. С.Асылбеков
қойылымдары
жөнінде
М.Жұмабайдың,
С.Ковальдың,
С
И.Қалқаның, И.Сатбаеваның, А.Есалидың, А.Қорғанбаевтың,
З.Жылқыбаеваның мақалалары жарық көрді.
Қорыта айтқанда, жазушының жетпісінші, сексенінші
жылдары жазылған прозалық шығармаларына ауыл тақырыбы
негіз болса, сол ауылдың кішкентай тұрғындарының тіршілігі
келе-келе үлкен қалаларға қарай ауысқанына куә боламыз. Соңғы
ширек
ғасырда
жазылған
туындылардың
дені
қазіргі
замандастарымыз, соның ішінде зиялы қауым өкілдерінің өмір
тіршілігінен сыр суыртпақтайды. Автор оқығандар өмірі арқылы
бүгінгі таңдағы өнер-білім мен ғылымның жай-күйінен
толыққанды хабар береді. Ауыл өмірі, мектеп тіршілігі, білім-
ғылым саласы автордың өзіне етене жақын болғандықтан, бұл
тақырыптарда жазылған шығармалар да, олардың кейіпкерлері де
шынайылығымен баурайды. Әртүрлі жастағы, әртүрлі тағдыр
иелерінің бәрі де бізге жақын, етене таныс, себебі олардың
барлығы дерлік біздің жанымызда жүрген жандар. Бұл тұрғыдан
келгенде автордың бас кейіпкерлерін типтік бейнеге көтере
білгендігі даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |