Рдістері, есімдер


Гүлжаһан ОРДА, филология ғылымдарының докторы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата02.03.2022
өлшемі1,19 Mb.
#134066
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
annotation112946

Гүлжаһан ОРДА, филология ғылымдарының докторы,
қауымдастырылған профессор 
 
 
 
 


294 
СЕРІК АСЫЛБЕКОВ 
(
1951 жылы туған

 
Серік Асылбекұлы 1951 жылы Қызылорда облысының 
Қазалы ауданында дүниеге келген. 1973 жылы Абай атындағы 
Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті) филология факультетін тәмамдаған. 
1973-1980 жж. мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1980-1986 
жж. республикалық «Жалын» баспасының редакторы, 1986-1992 
жж. «Жалын» журналының бөлім редакторы, 1992-1993 жж. 
Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат 
министрлігінің жетекші маманы, 1993-1998 жж. «Жазушы» 
баспасының көркем проза бөлімінің меңгерушісі, 1998-2001 жж. 
«Парасат» журналы бас редакторының орынбасары, 2001-2008 жж. 
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының аға 
оқытушысы, доценті, профессоры болып қызмет еткен. Қазір Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ 
әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. Қазақ повестері жөнінде 
докторлық диссертация қорғады.
Жазушының қаламынан туған «Кешігіп қайтқан тырналар» 
(1981), «Оттан да ыстық өмір» (1984), «Мұғалімдер күні» (1986), 
«Зимние каникулы» (1989), «Прощальный бал», (1993), 
«Сағыныш» (1994), «Ата жұртта» (1996), «Сырдария кітапханасы» 
сериясымен екі томдық «Шығармалары» (2008) тәрізді кітаптары 
әр жылдарда жарық көрді.
Еңбек жолын шалғайдағы ауылда ұстаздықтан бастаған ол 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп директорының оқу 
ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Ұзақ уақыт 
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының аға 
оқытушысы, доценті, профессоры болса, қазіргі таңда Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ 
әдебиеті кафедрасында шәкірт тәрбиелеуде.
Оның әдебиетке қызығушылығы бала кезінен бастау алады. 
Мектеп қабырғасында жүргенде кітапханашы әпкесіне көмектесе 
жүріп, алғашында қазақ, татар, башқұрт, түрікмен халықтарының 
ертегілері мен жырларын құмарта оқыған бала келе-келе Даниель 
Дефоның «Робинзон Крузо», Стивенсонның «Қазына арал», 


295 
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестеріне ауысты. 
«Байқожа» теміржол стансасы кітапханасына түскен кітаптарды 
екі-үш қайтара оқыған баланың кітапқа деген сүйіспеншілігі уақыт 
өте әдебиет әлеміне алып келді.
Ол 1970 жылы алғашқы әңгімелерінен бастап-ақ өзінің 
әдебиетке икемінің бар екенін танытты. Жазушы туындыларының 
кейіпкерлері де, оған арқау болатын оқиғалар да алуан түрлі. 
«Қоңыртаудың басында бір топ жусан» әңгімесінің кейіпкерлері 
де, оқиғасы да ерекшелігімен есте қалады. Бір отбасы төңірегінде 
өрбитін 
оқиғаға 
әлеуметтік 
талдау 
жасаған 
жазушы 
кейіпкерлерінің жан дүниесіндегі психологиялық иірімдер 
нанымдылықпен таратылады. Әңгімеде Түрксіб (Түркістан – 
Сібір) темір жолын жағалай қонған бекеттердің (станция) бірінде 
байпағынан су өткен Елтайдың тоқсан бесінші нөмірлі поездан 
әртістің оқуын оқып жүрген әпкесін күтіп отырғанына кезігеміз. 
Өкпесі алқымына тірелгенде демі бітіп, қиқылдап, шеке 
тамырлары білеуленіп жатқан атасының қиналған түрін көргенде 
Елтайдың жанын қоярға жер таппай бүк түсуі арқылы олардың 
жан дүниесіне үңілуі – автордың психологизмді терең 
игергендінің мысалы.
Жазушы он бір құрсақ көтерген ананың жалғыз қызының 
жолын тосып жүруі арқылы сол бір ел басына түскен ауыр 
күндерден хабар беруге тырысқан. Титтей баланың бетіне қарап 
отырған бұл шал мен кемпірдің өмірден көргені аз емес. Екі-үш 
бала жасына жетпей шешектен, үш-төртеуі обадан, қалғаны ер 
жеткен шағында Ұлы Отан соғысына кетіп қайта оралмаған он 
баланың артында қалғаны – Алматыдан әне келеді, міне келеді деп 
жолына қарап отырған жалғыз қыз.
Елтай – шалдың жалғыз балдызының баласы. Жасына 
жетер-жетпес кемпір мен шалдың бауырына салған Елтай бүгінде 
онның үстіне шығып қалған. Сондықтан ол атасының баласы 
екеніне кәміл сенеді. Жазушы осы жалғыздардың бәрін бір 
отбасының төңірегіне тегін жиып отырған жоқ. Бұлар – кешегі 
отызыншы жылдың ашаршылығынан, сталиндік репрессиядан, 
Ұлы Отан соғысынан әр әулеттен аман қалған жалғыздар еді. Иә, 
сол бір ауыр жылдардың екі-үш ұрпақтың тағдырын тәлкекке 
салғаны да жасырын емес. Ел өмірінен үлкен орын алған бұл 
мәселе сол үшін де қазақ әдебиетінде көптеп қаузалды. Себебі осы 


296 
бір аумалы-төкпелі кезеңдерден қазақтың бірде-бір шаңырағы 
аман шықпағаны тарихтан мәлім. Атасының терең күрсінгенін 
түсінген титтей Елтайдың: «О, Құдай, мені осы шалдың баласы 
қылып неге қоя қоймадың», – деп барлық ынта-шынымен 
налитыны» да сондықтан. Ауру шалдың көкірегін қарс айырып 
отырған жанына батқан тән жарасы емес, жан жарасы екендігін 
автор осылайша нанымды бейнелеген. Жазушы атасының 
«Қоңыртаудың басында бір топ жусанды» сырнайға қосып 
айттыруы арқылы шал өмірінің қайғы-мұңмен өткендігіне көңіл 
аударса, мұңлы әуеннің көңілі жарым шалдың жанына жақындығы 
да содан.
Автор адам мен табиғатты тығыз бірлікте қарау арқылы, 
табиғат-ананың сүйікті пендесін қимай, алай-дүлей мінез көрсетіп 
жатқанына сендіреді. Он баласынан айырылған, артында тай 
ұстары қалмаған шалдың өмірге келгені де, кеткені де белгісіз 
болуын орынсыз көрген автор марқұмның соңғы сапарға атанар 
алдындағы табиғаттың тосын дүлейімен толықтыруды дұрыс деп 
шешкен.
Ауылдың қарапайым тіршілігі мен қарапайым тұрғын-
дарының өмірін нанымды суреттеген жазушылар қатарына 
қосылатын С.Асылбековтің келесі туындысы – «Сағыныш» атты 
лирикалық әңгіме. Мұнда да атасы мен әжесінің қасында жүрген 
ойын баласы Жасұланға кезігеміз. Әңгімеде небәрі үш-төрт қана 
кейіпкер бар. Әңгімедегі негізгі оқиға Жасұланның көзқарасымен 
суреттеледі.
Қосқұдықтың басында кемпір мен шалдың баласы болып, 
әкесі мен шешесін аға-жеңге деп қабылдап жүрген Жасұланның 
бір күнде әжесінен айырылып, жетімдікке душар болғанына 
кезігеміз.
Автор бір эпизодқа Жасұланның әжесіне деген сағынышын, 
қала тіршілігіне деген наразылығын сыйғызған, ал түсті екі дүние 
арасындағы тылсым байланыстың жібі ретінде пайдаланған. 
Қазақтың ұғымында жақын адамдары қиналғанда аруақтар келіп, 
желеп-жебеп жүреді деген наным-сенім бар. Олай болса, автор 
фольклорлық наным-сенімді шығармаға қиюластырып отыр.
Осы әңгіме жөнінде Айгүл Кемелбаева «Сағыныштан» 
«Рәбиғаның махаббатына» дейін...» деген сұхбатында: «Қыр 
баласы енді қала тұрмысына, тар, шектеулі дүниеге бейімделуі 


297 
керек. Осы әңгіме арқылы 1975 жылдары қазақ халқы үшін 
урбанизация процесі шапшаң дендей бастаған дилемманы шынайы 
көрсетесіз», – деген болатын. 
«Қысқы каникул» әңгімесінің бас кейіпкері – қыстауда 
отырған қойшының интернатта оқитын баласы Таңатжан. Қысқы 
каникулға үйіне келген баланың күн ұзаққа ойын соңында 
жүретіні ойын баласының ойынға тоймайтынының белгісі ретінде 
алынып отыр. Жазушы интернат балаларының әке-шешенің 
мейірімін аңсап тұратынын Таңаттың бір сәттік сезімімен 
нанымды бейнелеген. «Жетінші «А»-ның «бикеші»» әңгімесін 
оқып отырғанда қазақ әдебиетіндегі балалар мен жасөспірімдер 
әдебиетінің үлгілері ойға оралады. Мұнда «Қысқы каникул» 
әңгімесіндегі күні бойы сырғанақ теуіп жүретін Таңатпен және 
кезігеміз. Таңат Жайлыбаев – жетінші «А» сыныбының оқушысы. 
Ол – қатардағы көптің бірі емес, бірегейі, оқу озаты. Әңгімеде 
«Тумысынан тұйық мінезді момақан» баланың бір күнде азан 
шақырып қойған атынан айырылып, «жетіншінің бикеші» болып 
шыға келуі қызғылықты баяндалған.
Жетінші «А»-ның старостасы Мұрат Байсариннің бірде-бір 
ойынға икемі жоқ, қыз мінезді Таңатты «бикеш» деп атауы мұң 
екен, сол ұзын тұра қылжақбастың сөзін күллі мектеп балалары 
бір-ақ күнде бір-біріне жайып үлгерді. Бұл қорлыққа төзбеген 
намысқой баланың өз қатарларын бұрышқы апарып, екінші рет 
айтпайтындай еткенмен, өзінен төменгі сыныпта оқитындардың 
аузына қақпақ бола алмауы өкінішті.
Әңгіме соңында ел ұйқыға кеткенде Таңаттың теңбіл добы 
қақпа торын ауық-ауық бүлк-бүлк еткізіп жатқанын көреміз. Бұл – 
үлкен қуаныштан кейін ұйқының қашып кететінін танытатын 
көркемдік деталь.
«Мектеп бітіру кеші» әңгімесіне мектеп бітірушілердің кеші 
негіз болған. Әңгімеде өзімізге таныс ұяң жігітпен және 
кездесеміз. Староста Айбар сияқты көптің алдында шешен сөйлеп 
өзін таныта алмағанмен, Нұраш та оқу озаты. Оның бар кемшілігі 
– ұяңдығы, ұялшақтығы. Сол мінезінің қырсығынан Бибіжанға 
деген махаббатын жеткізе алмай жүрген жайы бар. Бүгін оған аяқ 
астынан батылдық пайда болып, Алмагүлді бір-екі рет қапсыра 
құшақтап сүйіп алуы шынында да балаң жігіт үшін үлкен ерлік еді. 
Жастардың осы сәттегі көңіл күй сезімдері «Бір сәтке екеуінің де 


298 
басы айналып, дүние өз-өзінен дөңгеленіп жүре берді...» деп әсерлі 
бейнеленген. Бұл жағынан келгенде, автор адам жанын, оның ішкі 
иірімдерін суреттеуге шебер-ақ.
Жазушы кейіпкерлері жөнінде бірді-екілі әңгімелерді еске 
түсірген бола отырып, ол туралы толыққанды мағлұмат беруге 
ұста. Мәселен, Рақат Жағыпаровичтің осы ауылға мұғалім болып 
келуінің де үлкен сыры бар. Автор оны Нұраштың: «Папамдар 
айтады: «Ертеректе тәуір-тәуір қызметтерде болған. Анық басы 
істейтін жігіт. Бір себептермен төмендеп келген жері ғой», – деп», 
– деген сөзіне сыйғызған. Оның негізгі себебін білмегендіктен, 
баланың аузымен айтылған әңгімеге мән бермеуге де болады. 
Мұның өзі – жазушының негізгі ойды жанамалап жеткізе 
білетіндігінің белгісі. Балалардан жасырын ішкенмен, дүйсенбі 
күндері көзі қып-қызыл болып келетін ағайларының өмірінде 
құпия сырлардың бар екенін екі оқушының осындай сөздерінен 
байқауға негіз бар. Осы сөздерге қарағанда Рақат Жағыпаровичтің 
отызыншы жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, шалғайда жатқан 
ауылға жер аударылуы ықтимал. Кеңестік дәуір тұсында мұндай 
құпияларды айтуға болмағандықтан, жазушы оны екі баланың 
түсініксіз әңгімелері ретінде беруі орынды.
Ақындардың шығармаларын оқып отырғанда олардың 
лирикалық кейіпкері уақыт өте келе толысып-толғанына көзіміз 
жетеді. Сол сияқты С.Асылбеков әңгімелерінен де бес жасар 
жұқалтаң сары баланың келе-келе үлкен азамат болғанын байқау 
қиын емес. Сондықтан да жазушы әңгімелерін бір-бірінен бөле 
жармай, тұтас күйінде қараған орынды тәрізді. Жазушы 
әңгімелерінің бірсыпырасына әртүрлі жастағы балалардың өмірі 
негіз болған. Осындай ерекшеліктеріне қарап, бұл әңгімелердің 
бірқатарын балалар мен жасөспірімдер әдебиетіне жатқызуға 
болатын тәрізді. «Сағыныштағы» бес жасар Жасұлан,
«Қоңыртаудың басында бір түп жусан» әңгімесіндегі он жастағы 
Елтай, «Қысқы каникулдағы» 5-6 сынып оқушысы Таңат, 
«Жетінші «А»-ның «бикеші»» әңгімесіндегі Таңат – бәрі де мектеп 
жасындағы балалар болса, «Мектеп бітіру кеші» әңгімесінде сол 
ойын балаларының бозбала болып, қыздарға көңіл бөле бастауына 
кезігеміз. Осы әңгімелері жөнінде автор: «Қоңыртаудың басында 
бір топ жусан» деп аталатын туындыдағы шалдың прототипі 5-
сыныпқа дейін қолында өскен атам Қани Қосымұлы болса, 


299 
«Қысқы каникулдағы» шеше мен бала – менің анам Ләтипа мен 
менің өзім», – деген болатын.
Ал, «Үшқара» әңгімесінде оқуға түсе алмай қаладан келген 
жұқалтаң сары баланың Оқас қойшыға көмекші болған сәті негіз 
болса, «Сарықызда» сол тапалтақ баланың институтқа түсіп, 
Сарықызға гүл сыйлап тұрғанына жолығамыз. Осылайша жазушы 
кейіпкерлері біртіндеп қала тіршілігіне араласа бастайды.
Әңгімеге өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы мал 
шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер негіз болған. Мұңлы да 
зарлы «Үшқара» күйін сүйіп тыңдайтын Оқастың тіршілігі де 
сондай ауыр екенін автор күй құдіретіне сыйғызғанын жадымызда 
ұстағанымыз жөн. Сонымен бірге автор шығармада туған жерге 
деген сүйіспеншілік сезімдерді кейіпкер сөзімен, ісімен беруді 
көздеген. Көмекші қойшының: «Мен орнымнан тұрып, бір ауық 
төңірекке көз жіберемін! Неткең кең дала! Ата-бабаларымыз 
атыңды қалай тауып қойған. Дала десең – даласың ғой: далиып 
жатысыңды қарашы мынау!..» – деген сөзінен авторлық 
ұстанымды аңғаруға болады.
Әңгіменің шешімі – қатты сырқаттанған қойшы баланың 
елге қайтуы болса, оның Үшқараны, сары атанды, ақылды Ақтөсті, 
кәрі бүркітті, даланың мамық жүн қояндарын, Жазира мен Оқасты, 
Үшқараны қимай қоштасуы –достыққа, туған жерге деген ыстық 
махаббатының белгісі. Жоғарыдағы сұхбатында жазушы: «Қазақ 
Анасы мен өзін сонау есте жоқ ескі заманнан бүгінге дейін азық-
түлікпен қамтамасыз етіп, асырап келе жатқан Қазақ қойшысына 
айрықша қарыздар. Ендеше Алматы мен Астананың басқа да ірі 
қалаларымыздың ең көрнекті жерлерінің біріне осы екі тұлғаға 
арнап ең еңселі ұлттық ескерткіштерімізді асқақтатып қоюымыз 
керек, өйткені дүниедегі қазақ атаулының бәрі – қара да, хан да, 
батыр мен би де – қазақ анасының қойнына өрбіп, өркендеді, ал 
қойшылыққа келетін болсақ, біздің бәріміз сол алдынан құт-береке 
кетпеген қасиетті қазақ қойшысының ұрпағымыз, жеті атамызды 
алсақ, солардың кем дегенде екі-үшеуі заманында мал баққан 
бақташы болып шығады, өйткені, мал шаруашылығы дала 
көшпенділерінің, номадтардың ең басты кәсібі болған. Сондықтан 
да ата-бабаларымыз бір-бірімен амандасқанда: «Мал, жаның аман 
ба?!» – деп, әуелі малдың амандығын сұраған, мал аман болса, 
жанның да аман болатынын олар жақсы білген», – деген болатын. 


300 
Қаламгердің осы сөзіне сүйенетін болсақ, ол сол шіліңгір 
шілде мен қақаған қыста қой соңында жүрген малшылардың 
жағдайы қандай екендігіне жан бітіріп, сөзден ескерткіш соғып 
отырғаны анық.
Осы қатарды толықтыратын әңгіменің бірі – «Шеше». 
Күйеуінен ерте жесір қалып, ұлы мен қызын қанаттыға қақтырмай, 
тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген Толқынның тағдыры арқылы 
«Ананың көңілі – балада, Баланың көңілі – далада» екендігін 
ұқтырса, келесі топтағы әңгімелер қатарына шалғайда жатқан 
қазақ ауылдарының қарапайым тіршілік иелерін жатқызуға 
болады. Солардың бірі – «Алдош – Алданыш, Алдекең» әңгімесі. 
Әңгімеде өзімізге таныс ферма меңгерушісі Шардарбекпен тағы 
кездесеміз. Әңгімеге арқау болған – Алданыштың қоңыр өгізі. 
Жазушы Алданыштың тірлігі арқылы қарапайым ауыл 
тұрғындарының 
тұрмыс-тіршілігінен 
сыр 
суыртпақтайды. 
Сондықтан бұл да ұлттық әдебиеттегі ауыл тақырыбын 
толықтыруға қызмет ететін туындылардың қатарына қосылады.
Жазушының тәуелсіздік жылдары жазылған әңгімелерінің де 
қазақ әдебиетінен алар орны ерекше. Олардың қатарында «Әке», 
«Шер тарқату», «Дүние жарты» (автобиографиялық әңгіме) тәрізді 
әңгімелерін атасақ та жетіп жатыр. Бұл әңгімелерде автор 
жалпыадамдық құндылықтар туралы ой қозғайды. Әңгіме 
кейіпкерлері – өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы замандастар. 
Бірі өмірден көргені көп көнекөздер болса, екіншілері өмірді жаңа 
бастап жатқан жастар. Жазушы жастардың ұлттық әдет-ғұрыптан 
аттап бара жатқандығын бүгінгі жаһанданудың кері әсері ретінде 
тұжырымдаған. Ал, Бауыржан Момышұлының өмірбаянына 
арналған «Дүние жарты» әңгімесінде батыр бейнесінің жаңа бір 
қыры ашылған. Жазушы Ресей империясының 250 жылға жуық 
жүргізген отаршылдық саясатына қарсы болған батыр бейнесіне 
тағзым жасау арқылы бүгінгі тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін 
түсінуге шақырады.
Шағын жанрдағы жоғарыдағы типтік характерлер келе-келе 
хикаяттарға (повесть) жол аша бастады. Бұл тұрғыда жазушының 
«Қалқаш», «Рабиғаның махаббаты», «Жезкиік», «Ақ қарға» 
хикаяттарын атауға негіз бар. «Қалқаш» хикаятында өзімізге таныс 
мектеп оқушыларының жазғы каникулды қалай өткізетіні арқау 
болған. Жаз бойы үйде қарап жатпай, әке-шешелеріне қолғанат 


301 
бола білген балалар ферманың егіс даласында үлкендерге қолғанат 
бола жүріп еңбекпен шыңдалатыны кешегі өзіміз куә болған 
ұжымдық шаруашылықтардың тіршілігін еске салады.
Хикаят 13-14 жасар баланың көзқарасымен баянда-
латындықтын негізгі кейіпкерлердің өзі де осы Қалқаштың 
көмекшілері. Мұнда да өзімізге таныс бұрынғы кейіпкерімізбен 
қайта жүздесеміз. «Жасымыз қатар болғанмен, бой жағынан 
бұлардың қай-қайсысы да менен сойлылау. Сондықтан бірдеңеге 
жүгіріп келу керек болғанда, үлкендер сұғын бірінші маған 
қадайды», - деген сөзінен өзімізге таныс кейіпкерімізді тани 
кетеміз.
«Рәбиғаның махаббаты» хикаяты Ұлықпанның жаман түс 
көріп шошып оянуымен басталады. Жазушы түсінде тісі ақсиған 
қасқырмен алысып жүрген Ұлықпанның өміріндегі сондай 
арпалысқан сәтімен кездестіреді.
Шығарманы оқып біткенде түз тағысына қарағанда екі аяқты 
қасқырлардан сақ болу керектігін жадыңа түйесің. Авторлық 
ұстаным оқыған, көзі ашық қасқырлардың зымияндығы мен 
залымдығынан ешкімнің құтылмайтынына меңзейді. Оны бас 
кейіпкерінің тағдыр тәлкегі арқылы нанымдылықпен бейнелеген. 
Хикаятқа «Қайрақты» орта мектебінің оныншы «Б» сынып 
оқушысы Жанұзақова Рәбиғаның сірке суын ішіп, мезгілсіз қаза 
табуы негіз болған. Аяқ астынан болған бұл іс мектепті ғана емес, 
бүкіл ауыл-аймақ пен аудан басшыларының бәрін дүр сілкіндіреді.
Авторлық ұстаным отызыншы жылдардың қуғын-сүргінін 
көріп, Ұлы Отан соғысының қан майданын кешіп келген, 
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Дәулет Бүркітбаевтың: 
«Міне, біздің бәрімізді советтің әділ заңы ақтап алып отыр. Бірақ 
адамның ар-ұжданы, ұяты – осыған ұқсас барша қасиетінің бәрі 
заңға сыя бере ме? Кешегі Рәбиғаның қапия қазасы соны дәлелдеп 
кеткен жоқ па? Былығымыз бен шылығымызды бетімізге басып 
кеткен жоқ па?»,– деген сөзі арқылы берілген. Жазушы осы 
арқылы өз замандастарын ар сотының алдында тізе бүктіреді. 
Кеңес соты ақтағанмен ар сотының алдында олардың 
ақталмайтындығына оқырман да сенеді. Жазушы «айран 
ішкендердің құтылып, тостақ жалағанның тұтылатынын» сынып 
жетекшісі Ұлықпанның жұмыстан босатылуымен нанымды 


302 
бейнелеген. 
Осы 
оқиға 
үстінде аудандық 
оқу 
бөлімі 
меңгерушісінің бейнесі жан-жақты ашылады.
Ал «Жезкиік» хикаятының айтары басқа. Жазушы онда да 
параллелизмді пайдаланған. Оқиға бастауыш сыныпты жаңа 
бітірген Қанаттың көзімен суреттеледі.
Жазушының бір жетістігі – кейіпкерлерінің бар болмысын 
олардың іс-әрекеттері, сөйлеген сөздері арқылы беру болса, оны 
қалаға келген шалдың «Бот суда!», «Ысматри», «Ызнаю» деген 
сөздерінен аңғару оңай. Сонымен бірге жазушы тіліндегі юморды 
аңғару да қиын емес. Оны атасының поезға отырар сәттегі және 
купедегі көршілерінің тамағына ашқарақтана кіріскен кезіндегі: 
«Жарты билеті несі?.. Шырағым-ау, біз бұны бір үйдің азаматы 
деп, әдейілеп қалаға оқытқалы әкеле жатырмыз ғой. Берсең, 
бүтінін бер, қарағым» немесе: «Же, тойып ал...» – деп, менің 
алдыма қарай тықпалай береді. Ай, мәдениетсіздік-ай!.. 
Әншейінде шаруаның жайына келгенде ешкімге дес бермейтін 
атамның осыған шынымен миы жетпей отыр ма екен?» – деген 
сөздері растайды.
Жазушы кейіпкерлерінен ұлттық мінез-құлық анық 
байқалады. Оны немерелерін бауырына басқан кемпір-шал мен өз 
балаларын иіскей алмайтын аға-жеңгенің іс-әрекеті айғақтайды.
Жазушының туған жерге деген ыстық сезімді: «Шіркін, 
дүниеде жайлауға жетер не бар екен?! Шіркіннің ауасының өзі 
неге тұрады? Әжемнің тілімен айтқанда, кісіні ішпей-жемей мас 
қылады ғой. Мен қазір сусыма ақ шағылдың үстінде ішпей-жемей 
мас болып отырмын», – деген кейіпкер көзімен сипаттауы орынды. 
«Тасқарадағы» бастауышты бітірген Қанат осындай жер жәннатын 
қалайша қаланың асты да тас, үсті де тас суық қабырғаларына 
айырбастасын. Жазушы ауылдан ұзап шықпаған баланың 
алғашында Ақтау қаласына барғанша асыққанмен, атасынан 
қалмай жанталасып вокзалға қарай шаба жөнелгенін нанымды әрі 
қызғылықты етіп баяндайды. Баланың жас ерекшелігіне қарай 
психологиялық иірімдерінің сақталуы көңілге қонымды.
Қанат жайлауда қой бағып жүргенде қақпанға түскен киіктің 
жәудіреген көздерін аяп, босатып жібергенмен, қорқынышты 
үлкен қалада атасынан айырылып жалғыз қалған кездегі аянышты 
көздеріне қарап Қайыркен ағасы оны ауылға жібере қойған жоқ. 
Аяушылық тәрізді нәзік сезімдерді Алла тағала екі аяқты 


303 
пенделеріне бірдей етіп бермеуі өкінішті. Жазушының аталған 
шығармалары қаламгерлер тарапынан жоғары бағаға ие болды. 
Олар жөнінде Н.Қазыбек, Қ.Жиенбай, А.Мантаева, Р.Әбдіғұлов, 
Қ.Мәдібай, 
Д.Төлебаев, 
Ж.Қорғасбек, 
Б.Тұрсынбайұлы, 
А.Кемелбаевалардың мақалалары мен сұхбаттарында жан-жақты 
әңгіме болды.
* * *
Соңғы ширек ғасырдағы қаламгер шығармаларын сөз 
еткенде оның бұл жылдары драматургияға бет бұрғанын байқау 
оңай. Оны «Рәбиғаның махаббаты», «Желтоқсан түні», «Күзгі 
романс», ««Империядағы» туған күн кеші» пьесаларынан көруге 
негіз бар. Бұл туындылардың барлығы да облыстық және 
Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен жас өспірімдер, М.Әуезов 
атындағы Академиялық драма театрларда сахналанып жүрген 
қойылымдар.
Жазушы 1985 жылы жазылған «Рәбиғаның маххаббаты» 
хикаятын тоқсаныншы жылдары еліміз тәуелсіздік алған соң, 
сахнаға ыңғайлап, пьесаға айналдырды. Бала тәрбиесі арқау болған 
шығармада ар-иман мәселесі қоса көтерілгендіктен, оның қай 
қоғамда да өзектілігін жоймайтындығы белгілі. Қазіргі таңда 
мектеп бітірушілер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) 
көбейіп тұрғандықтан, жалпыадамдық құндылықтарды көтерген 
шығарманың біздің замандастарымыз үшін де ауадай қажеттілігі 
белгілі.
Пьесаға негізінен мектеп мұғалімдері мен оқушылары ғана 
араласқан. 
Сахнаға 
икемдеп 
жазғандықтан 
хикаяның 
ықшамдалғаны көрініп тұр. Екі актілі, төрт суретті пьесаға 
қатысушылар бізге хикаяттан таныс кейіпкерлер. Автор совхоз 
директорының жиналысқа келмеуі арқылы оны адам тағдырынан 
гөрі малдардың жағдайы қатты алаңдататына көңіл аударған. 
Авторлық ұстаным адамын керек етпеген қоғамның кімге керегі 
бар дегенге саяды. Түймедейді түйедей қылған қыздар кеңесінің 
төрағасы Розаның «тексертеміз» деген сөзін жанына ауыр алып, 
сүйген ағайының опасыздығына төзбеген Рәбиғаның өзіне-өзі қол 
жұмсауы – оның тығырыққа тірелуі. Осы оқиға арқылы автор бала 
тәрбиесімен балалардың психологиясын түсінбейтін жандардың 
айналысуына 
болмайтындығына 
сендіреді. 
Мадриддің 


304 
көрсоқырлығы мен Розаның шайпауыздығы он екіде бір гүлі 
ашылмаған қыздың түбіне жетсе, оның әке-шешесі Алланың 
жазуына мойынсұнған иманды жандар ретінде есте қалатын 
кейіпкерлер.
«Күзгі романс» – жазушы шығармаларына негіз болған 
оқығандар (интелигенция) өмірінің тағы бір қырын сахнаға алып 
келген пьеса. Драматург көпке топырақ шашудан аулақ, 
сондықтан да ол Сюзанна тәрізді ғылым кадидатын оқиғаға 
араластырады. Сайлау мен Сюзанна шығармашылық адамдары 
болғандықтан, олардың пікірлері ортақ, жүректері тым нәзік. 
Олардың не болсын соған сеніп қалуы да сондықтан. Мәселен, 
Назымның қан қысымы көтеріліп, ауруханаға алып кеткен кезде 
Сайлаудың үйіне қарай құстай ұшуы – оның сол нәзік жүрегінде, 
өкпе, реніш дегендерге орын жоғын байқататын эпизод.
Оқиғаға араласатын келесі кейіпкер – Әлібек. Ол да Назым 
тәрізді жеке кәсіпкер. Сондықтан да олардың пікірлері бір-біріне 
ұқсас. Бұл екеуінің айырмашылығы Назым табысын таба жүріп 
отбасын сақтап қалуға тырысса, Әлібек «қазақ байыса, қатын 
аладының» кебін киіп, қалтасы қалыңдаған соң, баласы мен әйелін 
тастап, екінші әйелмен кетіп қалған. Бұл жағынан алғанда олардың 
арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Драматург оны әйел-
ана мен еркек кіндіктілердің психологиясындағы ерекшелік 
ретінде көрсетуге тырысқан. Әйел жандарының көпшілігі 
құмырысқалар тәрізді үйге тасыса, енді бірсыпыра еркектер 
қауымы тапқанын далаға шашып жүретіні белгілі. Сол тәрізді 
Әлібек те өзі тәрізді кәсіпкер әйелмен тіл табысып, қол ұстасып 
кеткенмен, ол өзінен де асып түсіп, жарының бар кәсібін өзіне 
аударып алып, мұны жұрдай етіп бір чемоданымен үйден қуып 
шығады. Автор мұның өзін көп асқанға бір тосқан етіп көрсеткен.
«Қолда бардың қадірі жоқ» дегендей, кезінде Сюзаннаның 
қадіріне жетпеген Әлібек басына таяқ тиген соң, оның аяғына 
жығылып, қайта келіп тұр. «Аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей
Сюзанна екінші рет адасудан аулақ. Себебі Әлібектің дөкір мінезі 
мен дүниеқорлығы өзгермегені анық. 
Атам қазақ материалдық байлықты «Мал – бір жұттық», 
«Дүние – қолдың кірі» деп түсіндірсе, автор осы нақылға жан 
бітірген. Сондықтан да драматург осы шығармасы арқылы 
мәңгілік құндылықтардың рухани мұрамызда жатқандығы, 


305 
материалдық байлықтың бізге мұра болмайтынығы жөнінде 
замандастарына ой салған. Себебі бұл бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің 
«Мәңгілік Ел» идеясының негізі болып табылмақ.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын арқау еткен «Желтоқсан 
түні» пьесасы екі бөлімнен тұрады. Оқиғаға бар-жоғы алты-ақ 
адам қатысады. Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы қарсаңында 
аталған спектакльдің Жастар мен жас өспірімдер театрында 
тұсаукесері болды. Бұл туынды сол уақыттан бері үздіксіз 
қойылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мұнда автор 30 
жыл бұрынғы сол бір атышулы қаралы күндерді қайта тірілткен.
Драматург сол қаралы күннің бар шындығын көрсету үшін 
алаңға жақын маңдағы бір бөлмелі пәтерді таңдап алыпты. 
Ондағы мақсат – алаңдағы оқиғаны терезе жарығы арқылы 
перденің арғы бетінен көрсету. Оқиға өтетін жерді дұрыс таңдай 
білген, бұл – екі күнге созылған қырғынның шешуші сәті болып 
табылатын 1986 жылдың 18 желтоқсан түні. Оқиғаға 
қатысушылардың әрқайсысы жекелеген әлеуметтік топтардың 
өкілдері. Оның бірі – сталиндік репрессияның қуғынын көрген, 
Сібірге жер аударылып, өмірінің он жылын азаппен өткізген қарт 
зейнеткер.
Пәтер иесі – бүгінде зейнетке шыққанымен білікті ғалым, 
Одаққа танымал тарихшы Баймырза. Екіншісі – зейнет жасындағы 
Баймырзаның жұбайы Талшын. Келесі кейіпкер – әскерден жаңа 
келген, демонстрацияға қатысушы жасы 21-дегі студент жігіт 
Қайсар. Келесі демонстрантымыз – жасы 24-тегі аяғы ауыр жас 
келіншек Ақмарал. Ал, жасы 45-50 шамасындағы Баймырзаның 
көршісі Мария Петровна Қазақстандағы өзге ұлыс өкілі. Жасы 45-
тер шамасындағы беймезгіл қонақ Тимур Қалдыбаевич – 
Коммунистік партияның мүшесі. Бұл буын өкілдері кешегі 
сталиндік қырғын мен екінші дүниежүзілік соғысты (Ұлы Отан 
соғысы) тарихтан ғана білетін, бір аяғы социализмде, екінші аяғы 
коммунизмде тұрған бақытты ұрпақтың интеллигенциясы. Көріп 
отырғанымыздай автор оқиғаға қатысушыларды әртүрлі ортадан, 
әртүрлі жас шамасынан таңдай білген. Бірақ бәрі – кәмелетке 
толған өзіндік көзқарасы қалыптасқан жандар.
Екі бөлімнен тұратын шығарма «Алматы. 1986 жыл. 18-
желтоқсан. Қысқы кеш. Ел орынға отырған мезгіл. Бір бөлмелі 
қалалық жайлы пәтер. Үстіне пижама киген Баймырза залдағы 


306 
диванның үстінде электр шамның жарығымен кітап оқып отыр»,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет