Реал жүйелердің құрылысы және күй теңдеуі



бет11/11
Дата31.01.2018
өлшемі0,88 Mb.
#37015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4.68±0.04



W, Mэв

30.2±0.4



Сөйтіп, басқа физикалық тәжірибелерден осы кезге дейін анықталмаған радон газының атомдарының әсерлесу параметрлерін және термодинамикалық параметр мәндерін осы скейлингтік әдіспен тауып отырмыз. Бұл тапқан шамалардың мәндері жалпы инертті газдардың параметрлері өзгеруінің жалпы заңдылықтарына бағынып тұр. Әсіресе олардың келтірілген мәндері басқа инертті газдардағы мәндермен тең немесе соған өте жақын. Ал оларды анықтаудың қателігі 45 проценттен аспайды.

Сонымен жоғарыда жасалған анализ газдардың барлық қасиеттерін сипаттайтын көптеген термодинамикалық параметрлерді тәжірибеде өте жақын және түсінікті түрде көрсетті. Мұндай мәселенің үйлесімді түрде шешілуінің негізі мынада деп есептейміз.



1) Инертті газдардың атомдарының өзара әсерлесуі енгізілетін потенциалдың түріне (Леонард-Джонс, Морзе, т.б.) байланысты емес болуында. Біз бұл жерде потенциалдың екі ғана параметрін , W жұмысқа енгіздік. Атомдардың әсерлесуінің қысқа радиусты бөлігі ғана еске алынды. Әсерлесудің үлкен радиусты бөлігі есепке енген жоқ. Потенциалдың бұрышқа, т.б. микропараметрлерге еш байланысы жоқ деп есептедік. Олай болса ең жақын көрші орналасқан атомдар ғана әсерлеседі, яғни әсерлесу күшін бұл жағдайда қаныққан күш деп атайды. Мұның барлығы қарастырып отырған макрожүйеміздің молекулалары сфералық формалы болуынан деп есептеуге болады.

2) Сөйтіп, потенциалдың алыстан әсерлесу бөлігін есептен шығарып тастауға болады.

3) Кванттық эффекттерді де еске алғанымыз жоқ.

4) Сонымен бірге үш, төрт, т.б. көп бөлшекті әсерлесу түрлерінде есепке қосқанымыз жоқ.



Б.М.Смирнов осы инертті газдардың өте тығыз және конденсацияланған күйін сипаттау үшін Леонард-Джонс потенциалы жақсы келмейтінін жақында көрсеткен. Ал қысқа радиусты екі бөлшектік симметриялық потенциал мұндай жүйелерді сипаттауы өте үйлесімді екенін біз көріп отырмыз.

Мұндай анализді сфералық молекулалары бар басқа екі атомды жүйелерге, әсіресе қолдануға болатын келесі жұмыста қарастырамыз. Мұндай схема тіпті фуллерен молекулалары үшін де өте қолайлы екенін Елецкий А.В. мен Смирнов Б.М. көрсеткен.

Жалпы алғанда қарастырып отырған әдісіміз сфера түріндегі молекулалары бар жүйелер үшін кеңінен қолдануға болады. Тек бұл жағдайда молекула ішіндегі атомдық әсерлесу молекуланың спиндік бағытталуына байланысы әлсіз болса жеткілікті. Байланысқан жүйенің молекулалары еркін айналып жүретіндей күйде болса жетеді. Ал егер молекулалардың дипольдік моменті болса онда әсерлесу потенциалы күрделі бола бастайды. Мұндай жүйелердің сыры тіптен басқаша.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Матвеев А.Н. Молекулярная физика, М. 1987.

2.Reid R.C. , Parasite I.M. , Poling B.E. The properties of goes and Liquids, N.Y.1987.

3. Rabiovich V.A. Thermodynamical properties of Ne, Ar, Kr, Xe, W. 1988.

4. Смирнов Б.М. Успехи физических наук. 1994, 164, 1165.

5. Елецкий А.В., Смирнов Б.М. Успехи физических наук 1995, т 165, с977.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет