Реал жүйелердің құрылысы және күй теңдеуі



бет9/11
Дата31.01.2018
өлшемі0,88 Mb.
#37015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3,4

3,5

3,2

3,5

3,4±0,1


Бұдан біз барлық газдар үшін анықталған шамалардың үйлесімді масштабы және оның дәлдігі өте жақсы, ал оның орташадан ауытқуы бар болғаны 4-5%-тен аспайтынын көреміз. Әсіресе соңғы салыстырмалы шамалар барлық газдар үшін бірдей. Бұл шамалардың ауытқуы ең баста тәжірибеде анықталған мен W –ның ауытқуы арқылы анықталады. Сөйтіп келтірілген термодинамикалық шамалар барлық газдардың кәдімгі күйімен кризистік күйлері үшін айырымы жоқ екен. Соңғы (8) теңдеуіндегі а мен b тұрақтылары әр түрлі. Сөйтіп газдың индивидуальды газ тұрақтысы олардың молярлық газ тұрақтылары -дан басқаша. Олай болса универсал газ тұрақтысы R газдың әр моліндегі молекула санына пропорционал екен. Онда кризистік күйде R-дің азаюы газ тұрақтысын жасаушы газдың құрылысын анықтайтын бөлшек санының кемуінен деуге болады. Бұл жағдайда газ молекулалары кластерге бірігіп, құрылыс кірпіші – болып табылатын молекулалардың саны азаяды деп түсіну керек. Кризистік күйден өткеннен соң кластер ыдырап құрылыс кірпішінің саны көбейе бастайды. Сөйтіп R-дің мәні арта түседі де оның мәні молярлық мәніне жетеді. Әдетте кризистік күйге жақын жағдайда болатын құбылыстарды зерттегенде практикада әр жүйе үшін өзінің жекелеген газ тұрақтысын пайдаланады. Ал біздің жағдайымызда R мәні барлық инертті газдар үшін бірдей болып шықты, сонымен бірге келтірілген шамаларда бірдей (әрине қателіктер шегінде алғанда). Мұндай болудың себебі қарастырып отырған газдарымыздың атомдарының құрылысының ұқсастығында және одан құралған молекулалардың бір-біріне ұқсас болуында. Олардағы электрондар қабықшасы толығымен толытырылған, жабық. Сыртында бос электрондар жоқ. Сондықтан олардың химиялық реакцияға қатысуы өте қиын мәселе. Сол себепті оларды инертті газдар деп атаған. Ол газдардың физика –химиялық қасиеттері өте ұқсас. Егер де мәселені өте дәл қарастырғымыз келсе молекулалардың әр сорты үшін әр түрлі күй теңдеулерін жазуға тиіспіз. Күйдің дәл теңдеуі вириал теңдеулеріндегі түрлі вириал коэффиценттері арқлы өрнектеледі. Міне сол себепті осы уақытқа дейін әр түрлі заттардың қасиеттерін зерттегенде әртүрлі жуықтап алған күй теңдеулерін пайдаланып келген. Сөйтіп, инертті газдар үшін жай газ күйінде де, олардың параметрлері біртұтас үлесімді масштабта болса, онда сұйық бетіндегі қаныққан буларының қасиеттері де осындай үлесімді параметрлерімен сипатталуы тиіс. Сол тәрізді осы газдардың қатты күйлерінен сұйыққа ауысу фазалық қисығының айналасындағы құбылыстарда осы суреттемеден сыртқа шықпауы тиіс. Біз бұл жерде мұндай мәселелерді қарастыруды кейінге қарлдыра тұрып, бір айрықша мәселеге тоқтала кетпекпіз. Атап айтқанда радон Rn газы да инертті газ тобына жатады. Біз, бірақ оның қасиеттеріне жоғарыда тоқталмай кеттік. Оның себебі қазірге дейін радонның атомдарының өз-ара әсерлесуі жөнінде тәжірибеден алынған мәлімет жоқ. Оның себебі бұл газдың атомдарының радиоактивтілігімен оның жеткілікті мөлшері зерттеушілер қолына түсе бермейтінінде болу керек. Дегенмен кейінгі кезде радонның өте тығыз және коденсацияланған күйінің параметрлері өлшене бастады. Оның үстіне жалпы инертті газдардың бәрінің параметрлері біртұтас үйлесімді масштабта деп есептесек, онда радон параметрлерінің келтірілген мәндерін үйлесімді түрде апроксимациялауға болады. Дәл осылайша табылған радон атомдарының параметрлерінің мәндері мен олардың келтірілген мәндері 4-кестеде берілген. Сонымен қатар осы апроксимация әдісімен табылған а мен b параметрлерінің мәндері және келтірілген мәндері де осы таблицада.

4 Кесте. Радон атомдарының әсерлесуінің параметрлері.



Параметрлер

Мәндері

Келтірілген мәндері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет