Рецензент: Ш. Ш. Уәлиханов атындағы кму м.ғ. к. Турлубеков К. К. Кусаинова Г. Т


Дәріс №13. Кеңес беру және әлеуметтік жұмыстағы делдалдық



бет4/12
Дата15.09.2017
өлшемі4,31 Mb.
#32618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәріс №13. Кеңес беру және әлеуметтік жұмыстағы делдалдық
Жоспары

  1. Кеңес беру және оның ерекшеліктері

  2. Өшпенді ниетті агрессияшыл клиенттерге кеңес беру

Психолог кеңесі – бұл практикалық психолог пен клиенттің психологиялық әдістер мен емшаралар қолданылатын жеке жұмысы.


Психологиялық кеңестің ерекшеліктері:
- ұзақтығы 1 сағ - 1,5 сағ
- орта есеппен аптасына 1 - 2 мәрте
- кеңес беру курсы түрінде жүргізіледі (3 кездесуден 15 кездесуге дейін)
- тек психологиялық әдістер қолданылады (дәрі-дәрмек пен ББҚ қолданылмайды)
- психологияның түрлі бағыт әдістері пайдаланылады (психоанализ, гештальттерапия, транстық әдістер т.т.)
Емшаралар мен кеңес беру әдістері:
- алғаш кездескенде танысу;
- түйінді мәселелер себебін зерделеу және пысықтау;
- мәселеге орай әрекет ету ("шығару") - ағзадағы жағымсыз эмоциялардан арылу;
- күйзеліс күйдің пайда болу және тоқтатпау механизмдерін түсіне білу;
- адамның шынайы мұқтаждықтарын және оларды іске асыру амалдарын сезу;
- жағдаятты шешу ресурстары мен қабілеттерін қарқындату;
- мақсатты жағдаят және оған жету амалдарын жасау;
- қол жеткен жағымды жағдайды бекіту;
- түрлі үй тапсырмасын пайдалану (қажет болса).

Кеңес беру барысында кері ниетпен келген немесе өшпенді клиенттер (сирек кездеседі) көп қиыншылықтар туғызады. Олардың мінез-құлқына, әсіресе, Bird нақты сипаттама берген (1973). Кеңес берушілер мұндай клиенттерге әртүрлі көзқараспен қарайды: кейбіреуі өшпенділікке ызақорлықпен немесе өшпенділікпен жауап қайтарады; басқалары клиентті өз пайдасына қарату және қаһарланудың орынсыз екендігін түсіндіру үшін ықылас пен ілтипат танытуға тырысса, енді біреулері клиенттердің мінез-құлқына назар аудармай, өздерін ештеңе болмағандай ұстайды. Мүмкін, кейбір жағдайларда клиенттерге ашулану орынды болар, бірақ олардың осы жағдайының себебін түсінуге тырысу маңыздырақ. Клиентке оның қаһарлы және өшпенді көрінетіндегі жайлы айту қажет. Шын мәнінде, «қаһарлы» және «өшпенді» деген түсініктер сипаттауда өткір естілуі мүмкін, сондықтан ойды үзілді-кесілді білдіруге болмайды. Мысалы: «Сіздің бір нәрсеге көңіліңіз толмай отырған тәрізді», «Көңіліңіз қалды ма?», «Ештеңе айтқыңыз келмей ме?», «Бұл сіздің ашулы екендігіңізді білдіретін сияқты» және т.б. егер кеңес беруші клиенттің өшпенді ниетті екндігіне күдіктенген болса «Не болды?», «Мен бір нәрсені дұрыс айтпадым әлде істемедім бе?» деп сұрауы тиіс. Қандай да болмасын жағдайда, клиенттің өшпенділігімен бетпе-бет келе, өзіңді жер төңкерілгендей ұстау орынсыз. Әлбетте, клиентке мысқылмен немесе жек көрушілікпен қарауға болмайды – оның өшпенділігі әрқашан парасаттылықпен талқылануы тиіс, өйткені бұл терапевтикалық әрекеттестікке бөгет жасайды.

Клиенттің қанағаттанбау себебі қарапайым болуы мүмкін – кеңес берушінің түрі немесе сөзі, жастығы және т.б ұнамайды. Себептері болады. Клиенттің өшпенділігінің нақты себебін анықтау және оған тиімді қарсы тұра алу үшін, кеңес беруші бұл жағдайдың басты ерекшеліктерін түсіне білу керек.

Ең алдымен, ашу – паталогиялық немесе ерекше көрініс емес. Әр адам кейде ашуланады, нақтырақ айтқанда, ашулана алады. өмірде ашулық сезім, зұлым ой немесе әрекет туындамайтын жағдай болуы мүмкін емес. Өмірде жасалатын кейбір істер, аз да болса, зұлымдықты бастамаға алады. Өшпенділіктің мәні бар – ол өзін-өзі қорғау әдісі болып табылады және де ол қорқынышпен салыстырғанда әсерлірек болып келеді. Басқаша айтқанда, қаһарлық, қорқыныш пен үрей сияқты, қауіптілік жайында ескертетін белгі ғана емес, сонымен қатар, өзін-өзі қорғауға бағытталған сезім, ол агрессияны туындатады.

Кеңес беруші өшпенділіктің туындау себебін білуі тиіс. Әрбір клиенттің өшпенділігінің мәні оның өміріндегі мәселелерде жасырынып жатыр. Қаһарлық – «тарихты», яғни оның өткені бар және әрбір адамда әр түрлі. өмір жолында, әсіресе балалық шақта, не себепті және қалай ашулануына байланысты әрбір адамда жеке «өшпенділік стилі» қалыптасады. Кейбір клиенттер кеңес беруші бұйырып сөйлегенге, басқалары – не істеу қажеттігін түсінікті және нақты айтпағанда, үшіншілері – тым әуесқойлық ретінде түсінгендіктен, жеке басына байланысты көп сұрақтар қойған жағдайда ашуланады. Ұқсас мән-жайлар кейбір клиенттерді ызаландырса, енді біреулері ашуланбауы мүмкін. Негізінен, бұл айырмашылықтар өмір тәжірибесінің мазмұнына байланысты. Клиенттің ашулануының жеке мазмұнына бақылау жүргізу кеңес берушіге оңай емес, бірақ, зұлымдықтың кеңес беру үрдісіне сырттан келетінін және әдетте кеңес беруші екендігін түсіну ең бастысы болып табылады. Кей-кезде нақты жағдайларда кеңес беруші клиенттің өткен өмірінің белгілі бір жағдайын немесе белгілі бір адамын алмастырады. Клиент, әсіресе кеңес берудің бас кезінде өте өшпенді ниетті, күдікті, зұлым болып келген жағдайда кеңес беруші бұл мінез-құлықтардың себебі клиенттің ішкі дүниесінде екендігін білуі қажет. Көп жағдайларда кеңес берушілер барлық кінәні өздерінен іздей бастайды. Өйткені, олардың ойларынша, клиенттер жақсы кеңес берушілерді құрметтеп, оларға ренжімеулері тиіс деп түсінеді. Ол қате тұжырым, өйткені зұлымдық әмбебап сезім болып табылады, және оның жақсы кеңес беру кезінде жоқ болатындығына жалған арман тұтуға болады. Ол әрдайым пайда болады. Егер клиент кеңес берушіге өзінің зұлым сезімдерін немесе қанағаттандырылмаған ашық білдіре алмаса, ол кеңес беруші жаман кеңес беруші екендігін білген жоқ.

Кеңес беру кезінде кейбір кездерде зұлымдық артында уайым жасырын тұрғанын ескеру қажет. Мұндай жағдайларда клиенттің шынайы сезімдерін талқылауға жәрдемдесу керек. Міне, осылай клиенттің өшпенді ниетін ауыстыруға болады.

Әрине, кеңес берушіге клиенттің өшпенді ниетімен кездескенде және өзі туралы әртүрлі оғаш сөздерді естіп, өз-өзін ұстау оңайға соқпайды. Бірақ оның клиентке дәл солай өшпенділікпен жауап қайтаруы – клиентті одан да сорақы өшпенділікке итермелейтіндігі туралы ұмытпау керек.

Мұндай жағдайларда кеңес беруші өз сезімдерін түсініп, қанағат тұтпағандығын тануы қажет. Сонда ғана ол клиенттің өшпенділігін жеңуге нәтижелі көмек бере алды. Егер де біз клиенттің өшпенділігі теріс ниетпен бермесек, ақыр аяғында клиентпен арамызда өзара түсінушілік нығайтып, ортақ мақсаттарға қол жеткізуде бірлестігіміз ұлғаяды. Кеңес беру кезінде туындайтын клиенттің өшпенділігі мен кеңес берушіге бағытталған тура тіл тигізу арасында үлкен айырмашылық бар. Кеңес беруші ешбір жағдайда клиенттің мән бермей қоймауы керек, өйткені ол клиенттің өзіне зиянын тидіреді. Әдетте кеңес берушіге бағытталған агрессия жанама түрде байқалады. Мұндай мінез-құлықтың бір нұсқасы – клиенттің бұрын соңды кездескен өзге кеңес берушілерді еске алуы. Кей кезде клиенттердің келіспеушілігі орынды болып келеді, өйткені психологтар мен психотерапевтердің барлығы да қанағаттанарлық емес. Бірақ көптеген жағдайларда толықтай жалған немесе өте қиғаш ақпарат беріледі. Сондықтан клиент кеңес берушіні өзімен немесе пікір-таласқа итермелейді. Мұндай жағдайда екі бағыт та дұрыс емес. Кеңес беруші өзін ыңғайсыз сезініп, ал клиент жауап талап етіп отырады. Мұндай жағдайларда өзіңнің ұстанымдарыңды ұстанып алмай , тек қана клиентке өзінің қиыншылықтарымен бөлісуге мүмкіндік беру керек. Енді бақылауға жатпайтын кеңес берушіге деген келетін болсақ психикалық ауруларға кеңес берудің ерекше қауіпі туралы кең тараған аңызды еске түсірейік. Шын мәнісінде нағыз қауіпті мұндай аурулардың тек бір ғана бөлігі (параноялы шизофрения, мания және психиканың органикалық бұзылуларымен ауыратындар) төндіреді. Сонда да олардың көп түрі өздерінің өтпенділігін бақылай алады. Алайда қауіпті жағдай туған кезде кеңес беруші орынсыз ердік көрсетпеуі керек. Кеңес беруші өз-өзін тыныш қалыпта сақтап және клиентке қатер тигізбей, өшпенді мінез-құлық көрсетуге болмайтындығын және қажеттілік туған кезде тәртіп шаралары қолданатындығы туралы ескертуі керек. Ақыл айту кезінде өшпенділік болмауы қажет. Әдетте клиенттер шектеулермен келіседі, өйткені өздерінің мінез-құлықтарының салдарына мазасызданады. Кеңес беру кезінде жасырын өшпенділік жиірек кездеседі. Әдетте кеңес беруші оны сезіп отырады. Ашық өшпенділікке қарағанда жасырын өшпенділікпен күресу қиынға түседі. Клиенттердің көпшілігі жасырын өшпенділікке ашық көрсетуге дайын болмайды және де кеңес беруші де жасырын өшпенділікті ашық өшпенділікке айналдыру қаупсіз емес болып табылады. Сонда да егер клиентпен сөйлесу біз әлдебір қауіпті сезінсек, клиентке өзінің уайымдары туралы ашық айтуға мүмкіндік беру керек. Өйткені барлық көрсетілмеген, әсіресе теріс эмоциялары ойлау қабілеті мен мінез-құлқын бұзады, психоматикалық симптомдардың пайда болуына әкеп соғады және кеңес беру үрдісін қиындатады. Біз жасырын өшпенділік мәселесіне психосоматикалық шағымдары бар клиенттерге кеңес берудің ерекшеліктері туралы тарауда әлі де тоқталамыз.




Дәріс №14. Әлеуметтік жұмыстың технологиясындағы әлеуметтік алдын-алу шаралары
Жоспары

  1. Әлеуметтік алдын-алу ұғымы, мақсаттары

  2. Әлеуметтік алдын-алу стадиялары және әдістері

Әлеуметтік алдын –алу бұл - мүмкін болатын әлеуметтік, психолого-педагогикалық, құқықтық және т.б. мәселелерді алдын – алу мақсатында тиімді нәтижеге жету үшін саналы және мақсатты түрде ұйымдастырылған қызмет түрі.

Алдын –алу қызметін ұйымдастыру адамдардың барлық өмір кеңістігінде қажетті. Яғни адам өмір жолында түрлі әлеуметтік, психологиялық және тағы басқа да кедергілергі кездеседі, ал бұ өз алдына конфликтілі жағдайларға әкеп соқтырады. Осындай жағдайлар кез-келген адамда, топта қанағаттанбаушылық сезімі пайда болып, әрбір адам осы жетіспеушіліктердің барлығын өз пайдасына шешуге тырысады. Алға қойған мақсатты шешу үшін қабылдаған әдістердің барлығы қоғамда қабылданған әлеуметтік нормаларға сәйкес келе бермейді. Алдына қойған мақсатқа жете алмау, әлеуметтік қысымшылық көру адамның ішкі жан-дүниесіне кері әсерін тигізіп, оның құндылықтар жүйесіне, өзін-өзі бағалау деңгейіне, оның әлеуметтік қызмет жасау процесіне кері әсерін тигізеді.

Дұрыс ұйымдастырылып, жүзеге асырылған әлеуметтік алдын-алу шаралары осындай келенсіз жағдайлардың пайда болуының алдын алады.

Әлеуметтік алдын-алудың негізгі мақсаттары:


  • қандай да болмкасын мәселенің пайда болуына негіз болатын мәселенің себептері мен жағдайларын анықтау;

  • адамда немесе топта мүмкін болатын әлеуметтік-мәдени, психологиялық және басқа да коллизийлардың пайда болуына жол бермеу;

  • адамдардың оптималды өмір сүруін сақтау, қолдау және қорғау;

  • адамның немес топтың алға қой,ан мақсаттарына жетуге әрекеттесу, олардың ішкі потенциалы мен шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттардың негізінде әлеуметтік жағдайына байланыссыз кез-келген адам, әлеуметтік топ, ұйым немесе ұжым әлеуметтік алдын-алуды қажет ететінін көре аламыз.

Нақты әлеуметтік субьектімен жүргізілетін әлеуметтік алдын-алу жұмысы субьектінің жеке бас қажеттілігімен, ерекшелігімен мүмкіншіліктерімен сәйкесінше жүргізіледі. Көбіне, назарға физикалық және психикалық статусы, материалдық жағдайы, әлеуметтік статусы, білім деңгейі, қажеттіліктер жүйесі мен мақсаттары алынады. Осы мінездемелердің ерекшеліктері нақты бір алдын-алу қызметін таңдауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік алдын-алудың объектісі ретінде әлеуметтік топтар мен бірлестіктерден басқа әлеуметтік мәселелер де бола алады.

  Әлеуметтік алдын-алудың алдыңғы қатарындағы объектілеріне төмендегі әлеуметтік топтар мен бірлестіктер жатады:



  1. психикалық және физикалық ауытқушылықтары бар тұлғалар ( мүгедектер, созылмалы аурулармен ауыратын науқастар, қатты жарақат пен травма алған адамдар);

  2. кейбір жасерекшелік топтар (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар);

  3. «әлеуметтік риск» топтары;

  4. әлеуметтік орнықпан тұлғалар (қаңғыбастар, жұмыссыздар, қашқындар);

  5. қандайда бір себептермен мемлекеттің қарамағына өткен адамдар (емханалық, интернат-үйлері, приют, балалар үйлері, стационар пациенттері және бас бостандығынан айырылған азаматтар);

  6. қайта қалыптасып жатқан әлеуметтік топтар (кәсіпкерлер және мал шарушылығымен айналысатын азаматтар).

Әлеуметтік алдын-алуды саналы және әлеуметтік ұйымдастырылған қызмет ретінде қарастыра отырып, оны жүзеге асыру стадиясының төмендегідей сатыларын бөліп көрсетуге болады:

1.Ескерту стадиясы – негізгі мақсаты адамда құндылықтар жүйесін, қажеттіліктер мен оны көз алдына елестете білу мүмкіншілктерін қалыптастыру. Бұл үрдіс адам өмірінде пайда болған мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауға және айналасындағы әлеуметтік ортаның өмір сүруіне кері әсер етпеуіне негіз болады.

2. Жол бермеу стадиясы – субьектінің өмірін қиындатып жіберетін жағдайларға жол бермеу. Мысалы, балаға жол ережесін үйрету, болашақта мүмкін болатын жол апатына ұшырау рискін алдын-алады.

3. Тиым салу стадиясы – жеке адамға немесе әлеуметтік ортаға жағымсыз әсер тигізетін тәртіп пен қызмет формаларына жол бермеу. Осы мәселені шешу мақсатында әрбір қоғамда өз заңдары, моральды-адамгершілік, педагогикалық, әкімшілік және т.б.санкциялары болады.

Осы стадияларды жүзеге асыру барысында түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Осы күні әлеуметтік алдын-алудың төмендегідей әдістері бар:


  1. медико-әлеуметтік әдіс – адамның физикалық және әлеуметтік денсаулығын сақатуда қолданылатын қажетті жағдайлар. Оның құрамына медико-әлеуметтік ағарту, салауатты өмір салтын сақтау, медико-әлеуметтік патронаж жатады;

  2. ұйымдастырушы-әкімшілік – әлеуметтік профилактика жасау барысында органдар және мекемелер жүйесін құру, әлеуметтік бақылау жүйесін жасау, құқықтық және заңдылық базасын өңдеу. Бұның әдістеріне әлеуметтік бақылау, әлеуметтік қадағалау, әлеуметтік басқару және әлеуметтік жоспарлау және т.б. жатады;

  3. құқықтық – кез-келген кеңістікте адамдар қызметін ұйымдастыратын құықтық нормалар мен ережелерді өңдеу және жасау. Әдістеріне: құқықтық ағарту, құқықтық бақылау, құқықтық санкциялар және т.б.

  4. педагогикалық – білім деңгейі мен кругозорды кеңейту мақсатында адамдарда құндылықтар, нормалар, стереотиптер, және идеалдардың қалыптасуы. Оның әдістеріне білім беру, тәрбиелеу және ағарту жатады.

  5. экономикалық – адамдарды материалды қажетті жағдайлармен қанағаттандырылуы мақсатында қажетті жағдайларды жасау. Осы мәселлерді шешу әдістеріне экономикалық стимул жасау, экономикалық көмек көрсету, экономикалық жәрдемақылар және экономикалық қолдау көрсету жатады.

  6. саяси – қоғамда субьектілердің өз құқытары мен қызығушылықтарын ортаға салуға мүмкіндік беретін құқықтық, құндылықтық және ориентирлік жағдайларды жасау.

Дәріс №15. Әлеуметтік сараптау технологиясы

Жоспары

1. Әлеуметтік сараптама жасаудың қадамдары

2. Сараптаманың мақсаты, принциптері

3. Сараптаманы әлеуметтік саясатта қолдану
Әлеуметтік сараптама жүргузіде кешенді жұмыс жүргізудің қадамдары мынадай:

• әлеуметтік нысанның өз жағдайына диагностика жасау (экология, әлеуметтану, демография, медицина, заң, атқарушы және заң шығарушы биліктің көмегімен);

оның қоршаған ортасы туралы ақапарат (геология, сәулет, тарих, биология, гидрология, т.б.);

• ендігі өзгеріс салдарын анықтау, басқару шешімдері мен әлеуметтік жобалау үшін ұсыныстар дайындау (түрлі сала сарапшыларымен).

Әлеуметтік сарптаманың пәні – адамға әсер ететін немесе адам әрекеттестікке түсетін дүниелер болуы мүмкін. Оған біздің өмірімізге, әлеуметтік тәжірбиемізге енетін кез келген новациялар (ғылыми, техникалық, әлеуметтік, т.б.) мен технологияларды (жаңа әлеуметтік бағдарламалар мен заңнама, т.б.) жатқыза аламыз. Тек қана жаңа тәжірбиелік қолданысында кері әсері бар немесе оның адамдарға әкелер пайдасы мен зиянын анықтауды қажет ететін қолданыстағы технологиялар мен бағдарламалар да бола алады

Тапсырыс беруші сараптама жасалынуы тиіс мәселені сарапшы алдында айқын, нақты, оның білікітілігі шеңберінде қоя білуі керек. Сараптамалық жұмыс бір тұлға немесе комиссиямен жүргізілуі мүмкін. Комиссиялық -  бір сала мамандарының бірігуімен біртекті сараптама және әр түрлі сала мамандарымен кешенді сарпатама болып бөлінеді.   Кешенді сараптама: көпсубъектілі ( әр түрлі білім салаларындағы түрлі мамандар) және моносубъектілі (бір сарапшы әр түрлі саланы игерген) болып бөлінеді.

Сараптама жасаудың сауалнама немесе сұхбаттан айырмашылығы ақпарат көзі респонденттер (қарапайым адамдар көп жағдайда) емес сарапшылар (белгілі бір саланың мамандары) болып табылады. Белгілі бір әлеуметтанулық мәселеге өз көзқарасын білдіретін субъектіні де біз «Эксперттік сауалнамада» сарапшы-эксперт деп атаймыз. Бірақ бұл нақты сарпшылық сауалнама емес, репрезентативті сауалнамаға жатқызамыз.  Біз қарастырған әлеуметтік сараптамада кәсіби біліктілігі, білімі, тәжірбиесі жоғары субъект алынады.

Ал эксперттік сауалнамада кездейсоқ немесе іріктелініп таңдап алынған, зерттелінген тақырыпқа  қатысы бар субъект сарапшы ретінде алына береді.

Сарапшы пікірі не үшін құнды, бәлкім «халық айтса қалып айтпайды» деген аксиомаға сүйеніп, дүстүрлі сауалнама әдісін қолданып, кез келген мәселенің оң шешімін табуға болатын шығар.  Бірақ «бірдің білгенін мыңның біле бермесі анық». Тарихтан мысал келтірсек, жер айналады деп тұжырымдаған «сарапшылар» Бруно, Галилей, Коперникке қарсы шыққан қарсы топтың және аса сене қоймаған қара халықтың, яғни  «қоғамдық пікірдің» бұрыс екендігі анық.

Сонымен жақсы сарапшыны анықтайтын мынадай негізгі талаптарды атап өтуге болады:

- Кәсіби қызмет бойынша еңбек өтілі;

- Кәсіби қызметтің күрделілігі;

Кәсіби қызметінің әртүрлілігі және сәттілігі.

Жалпы алғанда сараптаманы қолданудың өзі көпшілік пікірге қарсы шығып отырады. Мәселен, кейбір мәселе бойынша қоғамның көпшілік пікірі мен сарапшы пікірі сәйкес болмай шығуы қалыпты жағдай. Себебі сараптама жасағанда біз үшін құндысы көп таралған пікір емес, білікті, негізделген пікір болып табылады. Білікті, ғылыми, т.б. негізделген пікірді сарапшы айтады. Ал кез келген маманның сарапшы болуы үшін мынадай талаптар бар: кәсіби біліктілік, авторитарлы тұлға, тәжірбиелік өтіл, мағыналы сараптамалық ақпарат беру қабілеті мен дайындығы. Ал сарпшының деңгейін анықтауда: құжаттық, тестілік, өзін өзі бағалау, т.б. әдістерін қолдануға болады. «Сарапшы – бұл жақсы аналитик, асқан ғалым, зерттеуші, керемет ұйымдастырушы, білімді және білікті бағалаушы, өз саласының білгірі, ғылыми және тәжірбиелік кеңістікті анықтайтын маман, мәндес мамандар арасындағы шебері». Сарапшыны бұлайша бағалау Ресей секілді посткеңестік мемлекеттрде басым. Ал АҚШ пен Батыс Еуропада мұндай бағалау жоқ. Мәселен сарапшы белгілі бір сала бойынша білімі бар кез келген адам бола алады. Ал сарапшылық қауымдастықтардың толыққанды мүшесі болу үшін біліктілікпен қатар, тәжірбие, еңбек өтілі де көп сұралады.

Бүгінгі таңда  Қазақстанда сауалнамалық сараптама  БАҚ-та кеңінен қолданылады. Мәселен Айқын, Жас Қазақ, т.б. газеттер мен Хабар, Қазақстан, т.б. арналарының тілшілері сарапшы пікірлерімен жиі санасады. Осы тұста белгілі бір мәселені бойынша сарапшы таңдағанда негізінен мынадай талаптарға сүйенетіні анықталды


  • Сарапшының танымал болуы маңызды;

  • Сарапшының беделі бар, оң имиджді болғаны дұрыс;

  • Сарапшы мәселенің тікелей қатысушысы немесе сол саланың кәсіби маманы;

  • Сарапшының біліктілігі маңызды;

  • Сарпашының саяси көзқарасы маңызды (оппозициялық, билік).

Сараптамалық жұмыстың мәні – бұл көбіне сұрақтың қойылу деңгейін кеңейтеді. Тапсырыс берушімен  қойылған  мәселені  сарапшы жан-жақты қарастыра, көре білуі керек. Сонымен сарапшының негізгі міндеті – жағдай, тәуекелдің ашылмаған, жасырын аспектілерін ашу.  Сараптамалық жұмыс ақиқатты табу үшін емес, мәселенің мәнін анықтау, шешімдерді (шешім емес) табу үшін керек.

Сарапшы  субъективтілік, жауапкершілік, тәуекелшілдікпен сипатталады. Дегенмен, сарапшы талдаудың толықтығы мен түсініктілігіне, ойларының негізділігіне жауап береді.

«Сарапшы – жақсы аналитик, зерттеуші-ғалым, тамаша админстратор. Сарапшы – белгілі бір пән, саладағы зерттеуші, данышпан бағалаушы, қажетті саланың білгірі, ғылыми және тәжірбиелік кеңістіктегі маман».

Сараптамалық зеттеудің мақсаты – әр нақты жағдай бойынша қойылады. Зерттелінетін нысан бойынша анықталуы тиіс сұрақтар шеңберінде жасалынады.



Принциптер бағалау және сараптамалық зерттеу жұмыстарында ерекше мәнге ие. Олар әрдайым өңделіп және жандандырылып отырады. Мысал ретінде 2004 жылы Американдық бағалаушылар ассоциациясы  қабылдаған «Бағалаушылар басшылыққа алатын негізгі принциптердің» соңғы редакциясын ұсынамыз (Guiding Principles for Evaluators, 2004):

A. Зерттеудің жүйелілігі.

B. Зерттеушінің (бағалаушы, сарапшының) біліктілігі.

C. Зерттеудің Тазалығы және Честность.

D. Адамдарға құрмет.

E. Зерттеушінің қоғам қызығушылығы мен қоғамдық благоға жауапкершілігі.

Сонымен қатар, бағалау, сараптамалық жұмыстар жүргізудің құндылықтары мен этикалық нормаларын сақтаудың мәні зор.

Сараптама жасағанда ғылыми зерттеу нәтижесінде алынатын мәліметтің объективітілігін қамтамасыз етеді. Яғни бұлайша кең мағынадағы сараптамалық жұмыс жасау бұл тек қана біреудің пікірі ғана емес, сарапшы-зерттеушілердің (көбіне зерттеушілер топтары немесе ғалымар) сараптамалық сұрақтар бойынша негізделген жауаптардың зерттеу нәтижесін  көрсетеді. Негізгі айырмашылық дәлелді, дәйектелген қорытындылау талап етеді. КМС жасауда сарапшының функциясының шеңбері кеңейеді. Бұл тұста оның тек жеке білімі, жеке тәжірбиесі мен оны жеткізу қабілеті ғана емес, ендігі жерде зерттеу жүргізу біліктілігіне баса назар аударылады. Сұрақтың жауабын ол білу, білмеу деңгейі емес, сұраққа жауап таба білу, толыққанды зерттеу жүргізе білу қабілеті есепке алынады.



  • Сауаланамалық сараптама жасаудан гөрі зерттеу сараптамасы таным әдісіне жатады, әрі мынадай артықшылықтары бар:

  • Күрделі және жан жақты зерттеу, ұзақ және еңбекті талап етеді;

  • Нәтижелері мен қорытындыларында көп дәлелдер мен шынайылыққа қол жеткізу мүмкіндігі бар;

  • Зерттеу процедураларын таңдағанда еркін таңдау бар;

  • Зерттеудің этикалық нормалары, құндылықтары мен мақстттарын анықтауға ерекше көңіл бөлінеді;

  • Сарапшы «өлшеу құрылғысы» ретіндегі субъект ғана емес, зерттеу сарпатамасының авторы, ұйымдастырушысы болады, ол нәтижелерді талдайды, қортынды шығарады және оларға жауапты болады;

Кең және тар мағынада сараптама жасау көтерілетін мәселенің ауқымы мен өзектілігіне байланысты қолданылады.

Қатаң және жұмсақ саратама жасау деп бөлудің себебі, оның формальдандыру деңгейімен тығыз байланысты. Мсәелен, қатаң сараптамада, оның әр бөлігі, кезеңі, құрылымдық элементтері қатаң тәртіп, заң, ережемен бекітіледі. Ал жұмсақ сарптамада біртекті ережелер жоқ, көп нұсқалық белең алады. Қатаң сараптама жасалынғанда оның барлық элементтерінің біртекті, анық құқықтық негізі болады. Мысал ретінде  көптеген мемлекеттік сараптамалады келтіруімізге болады. Мәселен сот-сараптамасында мақсат, міндет, нысан, пәні, сараптама жүргізудің принциптері мен кезеңдері, әдістері мен қолдану шарттары, сараптамалық қорытынды жасасау талабы анық заңнамалық құжатпен анықталған. Бұл сарпатама қорытындысы заңдық күші бар құжат болып есептелінеді.

Жұмсақ сараптама жасу керісінше, ешқандай бекітлген ережелер мен нормалар мен талаптарсыз қолданылады.

Сараптамалық жұмыстың талаптары (критериилер) – evaluative research  теориясы мен практикасының классигі Майкл Скривен (Scriven) пікірі бойынша, «талаптарды таңдау бағалау логикасының бірінші қадамы болып табылады».  Талаптардың жүйесін жасаудың жолы – зерттеудің мақсатты негізгі ұғымдарын   опреационализациялау және мәнін ашу.

Сараптамалық зерттеу жұмысының әдістері мен процедураларының әдісі әр түрлілікті қамтитын болғандықтан өте күрделі тақырып болып табылады. Барлық жағдайға қатысты анық немесе универсальды әдістер жүйесін дөп басып айта алмаймыз. Мұнда да сараптамалық сауалнама оның кез келген деңгейінде: болжамдар жасау, мақсаттарды қою, нәтижелерді қорытындылауда  қолданылады.  Бұл ғана емес сараптамалық зерттеу кез келген сапалық зерттеу түрінен бас тартпайды.  Кешенді әдістерді саналы түрде қолдану, интерфейс принципі қолданылады.

Кез келген сараптамалық жұмыс жасаған кезде мынадай ортақ талаптар сақталынса, атқарылған жұмыстың нәтижелілігі мен сапасы жоғары болады:

- Тәуелсіздік. Белгілі бір мамандар, тәуелсіз сарпшылар, мекеме, ұйыммен жүргізілген, ұйымдастырылған сараптама  оның нәтижесіне мүдделі топтраға тәуелді болмауы керек немесе олардың ықпалы болмауы керек. Бұл жүргізілген сараптамалық жұмыстың объективтілігіне кепілдік береді

- Біліктілік. Сараптамалық жұмытың субъектілері (яғни сарпшылар) жеткілікті дәрежеде кәсіи біліктілігі жоғары болуы тиіс.

- Ғылыми-әдіснамалық негізділік. Сараптамалық жұмыс жасау барысныда қолданылатын әдістер мен технологиялар ғылыми негізделген және дәлледенген, сараптамалық қауымдастықтар бекіткен талаптарға сай болуы керек.

- Регламент. Сарпатамалық ұмыс жасаудың жалпы ережесі заңмен бекітілуі  немесе сараптамалық қауымдастықтармен қабылдануы  керек.

- Жариялылық. Жүргізілген сараптамалық жұмыстың нәтижесі қоғамға жариялануы тиіс.

- Бәсекелестік. Сарпатамалық жұмыстың қорытындысы альтернативті сараптамаламен бәстесе алуы керек. Публикалық дәлелдер жасау мүмкіндігі болуы керек.

Жоғарыда аталған  талаптар мен принциптер сараптамалық жұмыстың шынайы және сапалы болуын қамтамасыз етеді.


Әлеуметтік сараптаманы әлеуметтік сараптамада қолдану

Әлеуметтік (әлеуметтанулық) сараптама –бұл топ, тап, жалпы қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тенденцияларының абсолютті негізгі әлеуметтік, экономикалық талаптардан ауытқу ұзақтығы мен деңгейін анықтау мақсатында қолданылатын арнайы зерттеу. Осыған орай, әлеуметтік сараптама аналитикалық тәжірбиенің бір формасы ретінде ғылыми танымның шынайылығын анықтау талабы болып табылады. Яғни, кез келген әлеуметтік нысанның нормативті көрсеткіштер мен концептуальдық дамудағы негізіне сай нақты жағдайда жүзеге асырылуын көрсететін қолданбалы зертету саласында бұл сапалық, сандық сараптама болып табылады.

Мәселен Қазақстан Республикасының  әлеуметтік саясатының теориялық, концептуалдық, нормативтик құжаттары  бар болса, оның нақты жағдайда, адамдардың ілеуметтік өміріндегі көрінісіне сандық және сапалық  әлеуметтанулық әдістерді қолданып әлеуметтік сараптама жасаудың маңызы зор. Осы тұста Қазақстанның әлеуметтік саясатын сипаттай келе, әр бағытын талдау керек.
Дәріс №16. Әлеуметтік болжаулардың технологиялары
Жоспары


  1. Әлеуметтік болжау мен жоспарлау жүйесі.

  2. Әлеуметтік-экономикалық  дамуды жоспарлаудың әдістері  және оны жасау  тәртібі 

Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс” қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.

Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.

Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай деді: “Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.

Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу. Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зеттеу объектісі, пәні, оған тән заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және пәнаралық ретінде сипаттайды

Жоспарлау мен болжамдау қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерінін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылық саоаларының өзара байланысына бір біріне обьектівті тәуелділігіне, ғылыми тәуелділігіне және әлеуметтік тенденцияларында заңдарында негізделген.

Болжам дегеніміз – белгілі бір обьектінің болашақта жай-күйі, даму жолдары түралы ғылыми дәлелді пікір. Болжамды зерттеу дайындық процесі болжау деп аталады. Болжау қоғам өмірінің барлық саласында теориямен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып табылады.

Ол негізінде 2 мағына туралы.

Біріншісі, болжам айту, яғни мәселелердің болашақтарын, перспективасын, жай күйін суреттеп, бейнелеп беру.

Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашағы туралы барлық информацияны пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау. Болжау мәселесіне біз, нкі тұрғыдан теоретикалық танымдылық және басқару тұрғысынан қараймыз.

Болжау мерзіміне байланысты:


  • Оперативті (1 айдан – 1 жылға дейін)

  • Орта мерзімдік (1жылдан – 5 жылға дейін)

  • Ұзақ мерзімдік (5-12-20жылға дейін)

  • Алыс мерзімдік (20 жылдан аса)

Зерттейтін процестерге әсерлерінің нақтылығына жән өзгешіліктеріне қарай байланысты үш түрі айқындалады:

  • Гипотеза

  • Болжау

  • Жоспар

Әлеуметтік қызметтің алдын ала болжаудың алғашқы формасы – ғылыми болжам (гипотеда, негіздеме, жорамал дегенді білдіреді). Ғылыми болжамдау дәрістерінде сапалық мінедемелер ғана бар. Гипотеза тексеріліп, тәжірбиелермен салыстырып, дұрыстап көз жеткезуден кейін жалпы теориялық негізінде ғылыми болжауға негіз бола алады.

Болжау (прогноз) – алынған мәліметтерді негізін білу. Гипотезамен салыстырғада, болжак арқылы анығырақ көрінеді.

Ал жоспар зерттеліп, отырған нысананың жағдайын алдын ала нақты көре білу сол арқылы көздеген мақсатқа жету жолы болып табылады. Онда қойылған мақсатқа сәйкес дамудың жолдары мен тәсілдерін көрсетеді. Сондай – ақ оны шешудің басқа жолдары анықталады. Сонымен жоспарды алдын –ала көре білу дәлірек және айқынырақ көрініс табады.

«жүйе» деген ұғым, грек тілінен алғандағы мағынасы бөліктер мен бөлшектерден тұратын бүтін. Жоспарлау түсінігі қоғамда экономикалық заң талаптарын жүзеге асыру негізінде қолданылатын ұйымдардың формалары мен әдістерінің жиындығы болып табылады. Оның құрамында бір бірімен өзара байланысты. Әлеуметтік экономикалық дамудың барлық деңгкйлік болашағы бір ағымдағы жоспарлар кіреді. Бұл жоспарлаудың мақсаты, оларды жасау әдістері және көрсеткіштері өзара осындай сәйкестікте алынады.

Нарық жағдайында жоспарлау түсінігі өзара байланысты екі бағытта дамиды.


  • Республикалық және аймақтық

  • Шаруашылық жоспарлау.

Болжау қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара байланысына бір – бірінің объективті тәуелділігіне ғылыми техникалық және әлеуметтік тенденцияның заңдылығына негізделеді. Дельфи әдісі нәтижелерді математикалық өңдеудің құрамдас жүйесі. Осы нәтиженің негізінде көптеген ғалымдар ғылыми технологиялық және басқа да прогресстің әскери, саяси, сонымен қатар көптеген мәселелердің тиесілі он жылдық болжамын жасайды. Жоспарлау жүйесі нарықсыз нарықтық қатынастар сәтсіздікке ұшыраса тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды.

    Әлеуметтік-экономикалық  дамуды жоспарлаудың әдістері  және оны жасау  тәртібі 

      Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.

Болжам  дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары  туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды  зерттеп дайындау процессі болжау деп аталады. Болжау - қоғам өмірінің

барлық  саласында даму теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды  түйін болып саналады.

      Ол  негізінде екі мағынадан тұрады. Біріншісі, болжап айту, яғни мәселенің  болашактағы перспективасын, жәй-күнін  суреттеп, бейнелеп беру. Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашағы туралы барлық ақпаратты тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау.

      Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша  экономикалык болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде қолданылады.

      Сыртқы  белгісіне сәйкес, болжау әдістерін  екі топқа бөлуге болады: интуициялық  әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалык әдістер.

      Интуициялык әдістер, (эксперттік баға әдістері) екі топқа белінеді: дербес эксперттік бага беру және коллективтік эксперттік бага беру әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалык анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия кұру; коллективтік идеяны жинақтау ("дөңгелек стол") және "Дельфи" әдісі кіреді.

      Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модельдер  кұру әдістері. Бірінші топка ең кіші квадраттар; экспоненциялдық түзеу; тұраксыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа кұрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.

      Жоспарлаудың  ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.

      Жоспар  жасау логикасы - барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған  реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады: 

      1. жоспарлау кезеңіндегі экономика  дамуының максаттарының жүйесін  калыптастыру (логиканың негізгі  пункті);

      2. базистік   кезеңдегі   экономика  дамуын   талдау   және   оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;

3. жоспарлы  кезеңдегі  қоғамның қажеттіліктерінің  көлемі мен кұрылымын аныктау;

      4. қоғамның   қорлары   мен   кажеттіліктерін   үйлестіру   және жоспарлы кезеңдегі экономика  дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;

      5. жоспар жобасын талқылау және  бекіту.

      Жоспар  жасау логикасы жоспарлау кағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға  сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жаткызуға болады:

      1. Басқарудың ғылыми нақтылы және  тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті  заңдарының талаптары, отандық   және   шет   елдік   тәжірибе   мен   ғылымының   жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылымң нақтылануы жиналған тәжірибені,    нақты    қалыптасқан    жағдаиларды    елемеумен    және жоспарлаудағы жагымпаздыкпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сиыспайды.

      2. Жоспарлаудың   үздіксіз   болуы.   Ұзақ  мерзімдік  жоспарлар  бірнеше орта мерзімдік, ал  орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан кұрылуы тиіс.

      3. Жалпы мемлекеттік және жеке  мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе  жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар   мен  жеке   адамдардың  мүдделерімен   қаншалықты  тиімді үйлескеніне     байланысты.     Аталған     мүдделерді     назарға     ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.

      4. Жетекші   салаларды   белгілеу   аркылы   экономикада   тиімді  үйлесімділікті     (сандық    катынастарды)    қалыптастыру    қағидасы. Жетекші салаларды, басынқыларды белгілеу - бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.

5. Жалпы мемлекеттік   жоспарлардың  бірлігі   мен   кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі - жоспардың     методологиясының, көрсеткіштер    жүйесі    мен    реттегіштерінін    бірлігі, екіншіден-материалдык бірлігі.    Жоспарлардың   кешенді    болуы   кез   келген

деңгейдің жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай  қамту керек екенін білдіреді.

Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше  әдіс қолданылады. Олар: экономикалык анализ (талдау), нормативтік, баланстык, экономикалык-математикалық, бағдарламалық-мақсатгықт.б. әдістер.

Жоспар  жасау ісі, біріншіден, экономика  дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалык даму деңгейін, пайдалынылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардын орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу, индекстер мен корреляциялық коэффициенттерді есептеу, статистикалық әдістері қолданылады.

      Экономика дамуы жоспарының барлық көрстеткіштерін  нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланатын материалдар мен шикізат ресурстарының кажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу институттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтерді пайдаланады.

      Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін колданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлык пропорцияларды құру кұралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың калыптасқан жүйесі колданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді. Олар: материалдык, еңбек ресурстары, кұндык баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.

      Еңбек баланстарының көмегімен экономика салаларында еңбек ресурстарын  тиімді пайдалану жолдары, халық  шаруашылығын жұмысшы. және .маман кадрларымен  камтамасыз ету көрсеткіштері анықталады.

      Құндық  баланстар арқылы қоғамдық жиынтык  өнім мен ұлттық табысты бөлудегі дұрыс экономикалык пропорциялар кұрылады. Мемлекеттің, кәсіпорындардың, халыктың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалану  жолдары анықталады.

      Жоспардың экономнкалық тнімділік тұрғысынан оптималді вариантын аныктау үшін экономикалык-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математнкалық модельдері кұрылады. Мысалы, болжамдық халық шаруашылығы балансының моделі, салааралык өнім өндіру және тұтыну балансының моделі.

      Сызықтық  программалау әдістерін пайдалану  арқылы өндірісті жоспарлау ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.

      Жоспарлаудың  бағдарламалык-мақсаттык әдісі экономикадағы  кұбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзкарас керектігіне негізделген. Себебі, кез келген саланың дамуы басқа да салалардың - шикізат беретін, отын-энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін пайдаланатын, сол салага әр түрлі қызмет көрсететін салалардың дам.у көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады. Сондықтан, алға койған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар жасалған кезде осы байланыстардың бәрі ескерілуі керек.

      Бағдарламалық-мақсаттық  әдіс мемлекеттік, салааралық және аймақтық бағдарламалар жасағанда қолданылады. Бағдарламаларда алға койған мақсат анықталады және сол мақсатқа жету жолдары мен құралдары көрсетіледі.

      Бағдарламалық-максаттық  әдіс: біріншіден, экономика дамуындағы күрделі мәселелер ішінен ең негізі, ең көкейкесті ғылыми-техникалык, экономикалық, әлеуметтік мәселені айқындауға мүмкіндік береді; екіншіден - сол мәселені шешу үшін керекті материалдық, еңбек және каржы ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді; үшіншіден, кешенді мәселелерді шешу мақсаты мен мерзімін экономика мүмкіндіктері мен ресурстарын үйлестіреді, соның арқасында жоспардың баланстық үйлестіру деңгейін көтереді; төртіншіден - кешенді бағдарлама көрсеткіштерін салалық және аумактық жоспарлардың көрсеткіштерімен байланыстырады.

Индикативтік  жоспар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің "Министірліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына", Қазакстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялык даму жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынады.

      Әлеуметтік-экономикалык дамуының индикативтік жоспары жыл  сайын республика, облыс, сондай-ақ аудандар мен калалардың орта мерзімге дейін арналып әзірленеді және әміршілдік емес, ұсыныс сипатына ие, яғни нарык субъектілеріне бағыт беруші болып табылады. Индикативтік жоспар экономиканың барлық салалары (қаржы, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, экспорт, импорт және т. б.) бойынша аймақтың алдагы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалык дамуының мақсаты мен міндеттерін және негізгі багыттарын қамтнді.

Индикативтік  жоспарлау қазіргі таңда тұрған мәселелерді кешенді шешуге және этап бойынша стратегиялық мақсаттарға  жетуге бағыттылған мемлекеттің  орта және ағымды мерзімге әлеуметтік-экономикалық саясатын айқындайды.

      Жоспарлау барысында, ен алдымен мақсат айқындалады  немесе жобаланған  кезеңде неге жетуіміз керек. Сосын  стратегия айқындалады, қойылған   мақсатка  жетуге   есептелген   істің  тәуір   болып   бітіуінің тәсілдерін   таңдалады.   Қолда   бар   ресурс,   басымдылықтарға   және  мүмкіндіктерге     карай,     әр     экономика     саласының     стратегиясы жасалынады.

      Мұнда облыстың  әлеуметтік-экономикалық  даму перспективалары өндірістік және әлеуметгік инфрақұрылымның, шағын және орта бизнестік, кедейшілікпен және жұмыссыздыққа қарсы күрестің басымды бағыттары карастырылады. 


 

Дәріс №17. Әлеуметтік қамқорлық және қамқорлыққа алу
Жоспары

  1. Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымы, ерекшеліктері

  2. Бала асырап алу, баланы патронатқа тәрбиелеуге беру


Қорғаншылық және қамқоршылық Қорғаншылық пен қамқоршылық мақсаты — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады. Әркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп кояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік органдар — қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке алынуы керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін алуды үйымдастыру ережесі бекітілген.



Республикамызда балаларға қамқорлық көрсету, оларды мемлекеттік қолдау балалар уйлері мен интернат мекемелері жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда 1994 жылы балалар мен жас аналарды қолдау үшін Үміт уйі құрылды, онда жеке басты аналар балаларын қамтамасыз етуге тиісті жағдайлар туғанша уақытша орналастырады.

14 жасқа толмаған балалар қорғаншылыққа алынады, ал қамқоршылық 14—18 жастағы кәмелетке толмаған балаларға жасалады. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу қорғаншы немесе қамқоршы адамды тағайындау жолымен іске асырылады. Бұл адамдарды қорғаншылық және қамқоршылық органдары тағайындайды. Көмелетке толған, іс-әрекетке қабілеттері бар азаматтар ғана қорғаншылар және қамқоршылар бола алады. Бұлардан басқа, жеке басының сапасы, жасы, денсаулық жағдайы ескеріледі.

Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құкықтары мен міндеттері: • баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, рухани және ізгілік адамгершілік көзқарастарының дамуына қамқорлық жасауға құқықты әрі міндетті;

• баланың пікірін, корғаншылық және қамқоршылық органының ұсьшыстарьш ескере отырып, баланы тәрбиелеудін тәсілдерін өз еркімен дербес белгілеуге құқықты;

• өзінің қамқорлығындағы баламен бірге тұруға міндетті. Қамқорлығындағы бала 16-ға толғанда қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен бөлек тұруларына жол беріледі;

• қамкорлығындағы баланың өкілі болып табылады және заңға сөйкес кез келген азаматтық-кұқықтық мәмілелер жасай алады.

Қамқоршының қорғаншыдан айырмашылығы көмелетке толмаған бала жасына байланысты, өзі дербес жасай алмайтын мәмілелер жасауға келісім береді (мысалы, қамқорлығындағы адамның үйін сату, мұрасынан бас тарту және баскалары).

Қорғаншылар мен қамқоршылар өз міндеттерін ақша талап етпей тегін орындайды және олардың құқықтарының белгілі мерзімдік сипаты бар. Қамқорлығындағы адам 14 жасқа толғанда оған қамқорлық жасау токтатылады, ал қорғаншы міндетін атқарушы адам көмелетке толмаған баланың қамкоршысы болады. Өз кезегінде, қамқоршылық камкорлығындағы адам 18-ге толғанда немесе ол көмелет жасына жетпей некеге тұрса тоқтатылады.



Бала асырап алу Ата-анасыз қалған балалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін заң оларды асырап алу мүмкіндігін белгіледі.

Мемлекет бала асырап алуды қолдайды, өйткені ата-анасынан айырылған балалар отбасылық қамқорлыққа бөленеді, тиісті тәрбие, материалдық жағдайға, ата-ананың сүйіспеншіліғі мен мейіріміне ие болады. Екінші жағынан, балалы бола алмай жүрген отбасылар да көп. Бала асырап алу оларға өздерінің табиғи өкелік жене аналық сезімдерін қанағаттнидыруға мүмкіндік береді.

Бала асырап алу нәтижесінде, бір жағынан, бала асырап алушылармен және олардың туысқандарының арасында, асырап алылған бала арасында қандастығы бойынша туыстар арасындағы сияқты құқықтар мен міндеттер туындайды. Сонымен қатар асырап алушының туған балалары мен, егер ондай балалары болса, асырап алған балаларының арасындағы құқық тең деп танылады.

Заңда бала асырап аларда біркатар шарттар көзделген: • бала асырап алушының келісімі;

• баланың ата-аналарының келісімі. Олардың келісімі жазбаша түрде беріледі және нотариус арқылы куәландырылады;

• 10 жасқа толған баланың келісімі. Баланың келісімі жазбаша толтырылады. Егер келісім іс сотта қаралған кезде берілетін болса, ол ауызша келісім болып табылады. 10 жас- ка толмаған баланың келісімі кажет емес;

• егер ерлі-зайыптылардың біреуі ғана асырап алатын болса, онда соның келісімі керек. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі бұған қарсы болса, асырап алынған баланың мұндай отбасыңда тұруы қажетсіз. Бұдан басқа, бала асырап алу практикасы, өдетте, ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана бала асырап алуына рұксат етпейді. Балаға дұрыс отбасы керек.

Бала асырап алу шарттарынан басқа оған тыйым салулар да белгіленген. Мысалы, көмелетке толған баланы асырап алуға болмайды; некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушының арасындағы жас айырмашылығы 16-дан кем болса, бала асырап алуға болмайды.

Соттың асырап алушынын қалауы бойынша асырап алу құпиясын сақтау жөніндегі мәселені қарауына болады. Баланың туған күні мен орнына өзгеріс енгізуді осындай шараларға жатқызуға болады (3 жасқа дейінгі баланы асырап алғанда ғана оның туған күнін өзгертуге жол беріледі); баланың тегін, атын және өкесінің атын өзгерту; асырап- алушыларды ата-анасы ретінде жазу және басқалары.

"Неке жәнө отбасы туралы" Заңның 76-бабына сөйкес Қазақстанның жетім балаларын шетел азаматтарының асырап алуына жол беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы больш табылатын балаларды Қазакстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, шетелдіктерге тәрбиелеуге беруге болады.

Республикада балаларға көмек беру жөніндегі "ФРЭНК" халықаралық қайырымдылық қорынын өкілдігі қызмет етеді. Ол шетел азаматтарына бала асырап алуда көмек көрсетеді, сондай-ақ шетелдерде асырап алынған балалардың жағдайына бақылау жасайды. Қазакстан балаларын шетел азаматтарыныи асырап алуы — біздін мемлекетіміздін практикасында жаңа құбылыс. Жөне бұл арада қоғамдық пікір біркелкі емес — кейбір азаматтар мұндай асырап алушылыкты қолдамайды, ал көпшілігі — қолдайды. Асырап алынған балалар Қазақстан азаматтығынан айырылады.

Баланы патронатқа тәрбиелеуге беру Патронат — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенін бір түрі. Бұл шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен корғаншылык және қамқоршылык органы арасында жасалады. Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Бұл арада патронат тәрбиешіге баланы бағыпкұту үшін ай сайын ақша төленіп тұрады.

Баланы тәрбиелеуге беру оның пікірін есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Ал жасы 10-ға толған бала өзінің келісімімен ғана тәрбиелеуге беріледі. Ағалары мен қарындастарын медициналық қорытындылар немесе басқа да себептерге байланысты, олардың бірге тәрбиеленуіне мүмкіндігі жоқ жағдайларда болмаса, ажыратуға жол берілмейді.

Патронат тәрбиепгілерді іріктеп алу қорғаншы және қамкоршы органдар міндетіне кіреді, патронат тәрбиешілердің жеке басының сапасы, олардың бала тәрбиелуге қабілеті, балаға көзқарасы ескеріледі. Кәмелетке толған екі жыныстың адамдары патронат тәрбиеші бола алады, яғни не әйел не еркек немесе озара некеге тұрған екеуі де шарт жасаса алады. Патронат тәрбиешілерге қорғаншылар мен қамкоршылар сияқты құқықтар мен міндеттер беріледі (баланың жасына қарай). Баланы патронатка алған отбасы немесе адам баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін ақылы түрде орындайды, яғни қорғашпылар мен қамқоршылардан айырмасы бұларға ақша таленеді.

Қазақстан Республикамызда 2000 жылғы 13 желтоқсан- да "Отбасылық тұрпатмндағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер үйлері туралы" Заңы қабылданды. Отбасы тұрпатындағы балалар деревнялары мен жасөспірімдер үйлері балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке даярлауды, еңбек нарығы сұранысындағы қандай мамандықтарға окытуды, әрбір балаға жинақ қорын ашуды көздейді.

Республикамызда бүгінгі күні отбасылық тұрпатындағы балалар деревнялары құрылып жұмыс істеуде (мысалы, Алматыда "СОС- Киндердорф" деревнясы жұмыс істейді). Бұл деревнялар жетім балаларды қорғаудың жаңа үлгісі болып табылады. Деревнялардың негізгі міндеті — тәрбиеленушілердің өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінетіндей, отбасы жағдайында тәрбиеленіл жатқандай әсерлі жағдайлар туғызу екендігі кездейсок емес.

Балаларды балалар деревнясының отбасына беру қорғаншылық және қамқоршылық органы мен тәрбиелеуші-ана арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

Тәрбиеші-ананың тәрбиелеуіне жасы 18-ге дейінгі 7—10 бала беріледі (отбасы ішіндегі балалардың жасы әр түрлі — 5,7,10,15 болуы мүмкін). Мұндай әрбір отбасы балалар деревнясынын құрамына кіреді, пәтер тұрпатындағы тұратын үй-жайлары бар (отбасы тұратын), үй іргесіндегі және қосалкы шаруашылықтары, өкімшілік үйлері мен құрылыстары бар өзінің окшауланған аумағы болады. Сондай-ақ балалар деревнясынын жанынан жасөспірімдер үйлері кұрылуы мүмкін, олардың негізгі мақсаты — балалар деревнясының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерін бітіргендерге әлеуметтік бейімделуден өтуге, қоғамға кірігуге, тәрбиеленушілердін көсіби даярлығы мен еңбекке орналасуына көмектесу. Тәрбиеленушілер жасөспірімдер үйінде 23 жаска дейін бола алады.

Сонымен, ата-аналық құқықтан айыру баланың құқықтары мен мүдделерін басқа жолмен қорғауға мүмкіндік болмаған жағдайда қолданылатын ең соңғы қатал шара. Ата-аналық құқықтан айыру тек сот арқылы іске асырылады. Бала асырап алынғаннан кейін, асырап алынған бала мен оның негізгі ата-аналарының арасындағы құқықтық мімдеттер тоқғатылады. Бұл мімдеттерді орындау жүктелген — қорғаншы және қамқоршы органдар сияқты арнаулы мемлекеттік органдар бар. Бұл органдар мұндай балаларды іздестіріп тауып қоймай, оларды орналастыруды, сондай-ақ бұл балаларды содан арғы тұрмыс жағдайын бақылап отыруды жүзеге асыруға міндетті.



Дәріс №18. Отбасындағы әлеуметтік жұмыс технологиялары
Жоспары

  1. Отбасы әлеуметтендіру институты ретінде.

  2. Отбасылық мәселердің сипаттамасы.

  3. Отбасына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері және формалары.


Мемлекеттің ірге, тасы мемлекеттің мықты болуы отбасының берік, бақытты, мерейі үстем болуымен тікелей байланысты.Қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселенің бірі толық емес отбасы мәселесі болып отыр.ал отбасыға тоқталсақ - бұл адамдарды біріктіретін үй, онда адамдар қарым қатынастарының негізі қаланып , жеке тұлғаның бірінші әлеуметтенуі жүреді. Қай мемлекетте болмасын жеке тұлғаны әлеуметтік қорғау, оның отбасы жағдайын жақсарту арқылы жүзеге асады.

«Біздің алдымызды отбасыларды қолдау және бала тууды көбейту кешені бағдарламасын жүзеге асыру кешені тұр » тұр деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі отбасылардың жағдайын жақсартуға көп көңіл бөліп отыр.

Отан отбасынан басталады . әсіресе сәби мен анаға арналған жеңілдіктер әрбір отбасы үшін айтарлықтай көмек болары сөзсіз. Елбасымыз халыққа жолдаған жолдауында мемлекет тарапынан ана мен балалның өмірін қорғау үшін бөлінетін қаражаттың көбейетіндігі көрсетілді. Мысалы:2005 жылдан бастап 5 жасқа дейінгі балалар дәрә дәрмекпен , жүкті әйелдер құрамында йоды бар препараттармен тегін қамтылатын болды. Ал 20006 жылдан бастап , диспансерлік есептегі балалармен жасөспірімдерді дәрә- дәрмекпен тегін қамтамасыз етуге көшу жоспарланып отыр. Сонымен қатар толық емес отбасыларға да әлеуметтік , материалдық көмектерде көрсетіледі делінген .

Ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз бере отырып , 2008жылдың 1 қаңтарынан бастап ,баланы тууына байланысты бір жылғы жәрдемақы мөлшері 34740 теңгеге дейін немесе 2 есеге артылды.

Бала I жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақы тұңғыш бала туғанда – 5790 теңгеге дейін немесе 177 пайызға;

II. бала туғанда – 6369 теңгеге дейін немесе 167 пайызға

III .бала туғанда – 6948 теңгеге дейін немесе 159 пайызға

IV.және көп бала туғандар-7527 теңге немесе 153 пайызға көбейтіледі.

Балалы ртбасыларды қолдауға қоысымша қаражат 9,5 млрд теңгенң құрайды.Қазіргі қоғам отбасылардың берік болғанын қалайды, отбасында өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу үшін оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін ұжымдық бастаманың болуын қалайды.

Қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі: толық емес отбасы, отбасы, ажырасу мен некеге отырудың теңесуі, кісі өлімі мен бала өлімінің теңесуі, жұмыссыздық , әрбір үшінші баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі , ата –ананың беделінің төмендеуі, бала тәрбиесіндегі проблемалар, тәрбиеде ұлттық тәрбиенің жойыла бастауы, тастанды балалар, тастанды қариялар.Соның ішінде мен тоқталып қарастыратын мәселем ол – толық емес отбасыларының қазіргі қоғамымызда алатын орны, өзекті мәселесі, қандай әлеуметтік көмек түрлерін қарастырамын.

Әлеуметтік жұмыстың ең басты міндеті:- толық емес отбасының ішкі дағдарыстарын шығару. Ол үшін біріншіден проблманы талдау, талқылау қажет, екіншіден балалар мен кеңес өткізу керек,үшіншіден дағдарыстан шығу жолдарын іздеу керек.

Әлеуметтік жұмыстың жұмыс істеу әдістері: толық емес отбасын зерттеу, толық емес отбасында жаңа қарым – қатынастар орнату,

толық емес отбасында баланың алатын орнын білу, толық емес отбасының катасын құру, баланың толық емес отбасында қалай тәрбиеленіп жатқанын білу. Мемлекет тарапынан қандай көмек түрлері көрсетілетінін ,әлеуметтік қызыметкер мен психолог ,педагогтың алатын орнын қарастырып толық емес отбасыға толықтай етіп көмек түрлерін өрсету.
I – тарау

«Неке » және «Отбасыға, Толық емес отбасыға» анықтама.

Бұрынғы ойшылдар отбасының табиғатын, мәнін анықтауда түрлі көз қарастарды ұстанды. Неке- отбасы қарым – қатынастарының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі- ежелгі герк филосыфы Платон . Оның пікірінше ,отбасы дегеніміз - өзгермеймейтін бастапқы қоғамдық ұйашық :отбасылардың бірігуі нәтежесінен мемлекет пайда болған. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо «Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам – отбасы. Соны мен отбасы – бұл керек болса, саяси қоғамдардың бейнесі, үкімет -әке тәрізді, халық балалары іспеттес,басшы – ана сияқты » -деп жазды. «Неке » және «Отбасылар, Толық емес отбасылар» арасында тығыз байланыс бар. Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде «Неке» және «Отбасылар » синоним ретінде қолданылады , алайда бұл ұғымдардың жалпы ортақ ұғымдардың ортақ жалпы мәні де өздеріне ғана тән жеке мәндері де бар. Ғалымдардың дәлелдеуінше неке отбасы әр түрлі тарих кезеңінде пайда болған. Қазіргі социологтардың айтуы бойынша , неке дегеніміз - әйел мен еркек арасындағы тарихи өзгеріп тұратын қарым –қатынастардың әлеуметтік нысаны . Осы нысан арқылы қоғам олардың жыныстық өмірін тәртіпке келтіреді және оған рұқсат береді, олардың ерлі зайыпты құқықтарын белгілейді. Отбасы дегеніміз - некеге қарағанда күрделірек қарым – қатынас жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, оны мен қатар балаларды , туыстарды, жұбайларға жақын азаматттарды біріктіреді. Отбасы бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың ата- аналардың балалар мен басқа туысқандардың өз ара қарым – қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың , санкциялардың және мінез –құлық үлгілерінің жиынтығы мен сипатталады. Отбасы неке немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ ,оның мүшелерінің тұрмысының ортақтығы мен өз ара моральдық жауапкешілікке және өз ара көмекпен байланысты.ал толық емес отбасылары дегеніміз - отбасында әкесі немесе анасы жоқ болып келетін отбасылар .

Толық емес отбасылардың әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктермен өмір сүру сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістердің әсерінен толық емес отбасының әлеуметтік функциялары өзгереді. Толық емес отбасында бала өсіру, тәрбиелеу, ол отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа да жекелеген функциялардың маңыздығы өзгеріп, түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы ғалымдардың зерттеулерінің көрсеткеніндей , әлеуметтік ортада толық емес отбасының өмір сүру орталығына байланыстылығына қарасақ толық емес отбасыны әлеуметтік қызыметкер зерттеуінше бірнеше бағыттар жүргізіледі екен.Олар мыналар :

  • Толық емес отбасының қоғамда қалай көбейгенін қарастырунеліктен қазіргі қоғамымызда толық отбасы аз, ал толық емес отбасы көп екенін зерттеу.

  • Толық емес отбасының типтері мен түрлерін қарастыру.

  • Толық емес отбасының өз ара қарым – қатынастарында психологиялық мәселелерін қарастыру.

  • Толық емес отбасында тәрбиелік мүмкіншіліктерін анықтау , олардың әдіс- тәсілдерін жасау.

  • Толық емес отбасында жалғыз басты ананың баланы тәрбиелеуі, білім беріп ,адал жолға түсіруін қарастыру .

  • бертінін қарастыру.

  • Толық емес отбасына матириалдық көмек түрлерінің қандай түрлері берілетінін қарастыру.

Қазіргі философтар мен психологтар Толық емес отбасының институтына жеке тұлғаның қалыптасуында болатын факторлардың бірі деп зерттеген. Толық емес отбасы жағдайларының мақсаты психологиялық жұмыстың мақсаты ғана болып қоймайды ,ол әлеуметтік жұмыстада орасан зор орын алады. әлеуметтік қызыметкердің өмірден теріп жинаған деректері бойынша мынандай жағдайларды қарастыратын болсақ:

Толық емес отбасы негізінде ата – ананың келіспеушілігіен ,немесе әкесі қайтыс болса, не анасы қайтса не болмаса олар айрылысқан жағдайда т.б. келеңсіз нәрселерден туындайтын мәселелерден ата –ана ажырасуына әкеп соғады. Осындай мәселелер адам жанын күйзелтеді емес пе? ол отбасындағы ортада өскен баланың көңілі бірінікі қаяау , ал бірін бұлаң болып өсіреді. Анасының аялы алақанын көріп өскен балалар ғана ерке , бұлаң болып өседі меніңше . Ал әке қолында өскен бала «әкенің жақындығы жездедей » демекші, әке үйленіп толық отбасы құрса бала көңілі оданда қаяаулай түседі. Баланың өз анасы емес, басқа ананың қолында өсуіне ол өте қиын болып келеді. Ана қоғамдық өмірде балама бір орын тауып берсем екен деп жанын тасқа да , тауға да ұрады. Соны түсінетін бала болады ,және түсінбейтітін бала болады.Баламның табанына кірген шөңір менің маңдайыма қадалсын деп күні түні жұмыс істейді. Оны бір бала біліп өседі, ал бірі ана қадірін білмей өседі. Анасы еркелетіп ешкімнен балам кем болмаса екендеп жалғыз болсада қазіргі қоғамда қымбатшылықта баласына білім алғызып , болашақ өзінің наны ,ертең ешкімнен қайыр сұрамаса екендеп көзімнің тірісінде оқытып білім берейін деп еркелетсе бала түсінбей өсетіні де болады екен . Көбінесе толық емес отбасында анасы жоқ балаларға әлеуметтік көмек түрлері көп көрсетіледі, ал әкесі жоқ отбасыға сондай қаражат , материалдық көмек түрлері жоқ.

Ондай отбасында өскен балалардың психикасы орнықты болмайды .Олар тез ашуланшақ ойын көтермейді , біреулері халерикке , меланхоликке , ал біреулері сангвиник, флигматиктік болып өседі . Біреулері мінез- құлықтың осалдығынан немесе қатылығынан өздері толық емес отбасында өскен балалар өмірде өз орнын таба алмай көп қиналатындары да болады . Ана қолында өскен бала анасына көп күш түсіріп ,ал әке қолында өскен бала әкеге көп күш түсіретіндері де болады . Оларға осы кезде психолог пен педагогтың орны өте зор болып келеді. Ақыл кеңес беретін толық емес отбасы балаларына бағыт – бағдар көрсететін жол ашулары керек . Оған тек ана ғана немесе әке ғана емес мамандардың да үлесін яғни көмек көрсеткені өте зор болып келеді.

Әлеуметтік қолдаудың объектісі ретіндегі толық емес отбасы құрылымы мен түрлері.

Толық емес отбасынларының құрылымы былай анықталады:

1)оның мүшелері арасындағы қарым- қатынас

2)рухани , ізгілікті қарым- қатынас жүйесі. Толық емес отбасында үй міндеттерін әйел не болмаса, әйелі болмаса ер адам атқарады.

Еуропалық толық емес отбасында әйелдің жұмыс бастылық деңгейінің жоғары болуы мен , ажырасу деңгейінің жоғары және бала тууы деңгейінің төмендігі мен сипатталады. Орта Азиялық толық емес отбасында керісінше әйелдердің жұмыс бастылық деңгейі төмен болуы, бала туу деңгейінің жоғарлығы және ажырасу санының төмен деңгейде болуы тән. ТМД – ның бірқатар елдерінде - Қазақстанда, Кавказда толық емес отбасының аралас түрлері кездеседі. Толық емес отбасының қарым – қатынасқа рұқсат беретін әлеуметтік нормалар жиынтығы , сондай- ақ олардың отбасы мен толық емес отбасы тобының өмір сүруі үшін қажет өзара құқықтары мен міндеттер жүйесі түріндегі әлеуметтік институт.

Кейбір нормалар мен құқықтар , міндеттер заңды сипатта болады және заң мен реттеліп отырады. Заң мен реттелген нормаларға мүлікті иелену жөніндегі мәселелер некені бұзуға байланысты бірқатар құқықтық проблемалар жатады. Қазіргі қоғамда толық емес отбасыларға соңғы 20007 жылы шыққан заңда былай делінген:

«толық емес отбасыларға әлеуметтік эканомикалық ,материалдық психологиялық көмек түрлері » көрсетілсін деген.

Мысалға алатын болсақ толық емес отбасында өскен балаға қазіргі студенттік өмірлеріне мынандай көмек түрлері көрсетіледі.

Жатаханаға тұрғызуға құжатттарында толық емес отбасы екені көрсетіліп құжаттарын түгендеп әкелсе кезексіз тұрғызу, оқуға төленетін ақшаларының кейбір жоғарғы оқу орындарында жартылай төлемақы төлеу, емханаларға барғанда толық емес отбасы екені құжатта көсетілсе жарты төлемақысын төлеп емделу , мемлекеттік мекемелерде аналары немесе әкесі жұмыс істесе баласының мектеп асханасында жарты баға мен тамақ ішу , акиматтан әлеуметтік көмек түрлерін алу . Толық емес отбасында бала тәрбиесі , отбасыдлық демалыс нормалары берілуі керек. Отбасында дінге деген көз қарасы мұсылмандыққа тәрбиелеу немесе қоғамға етене араласуы қошаған ортада бала өзін - өзі ұстай білетіндігін , достар мен қарым - қатынасын кішіпейілділікті, үлкенді сыйлай білуін отбасында ана тәбиелеп отырады немесе әке тәрбиесі ана баласы емес ел баласы болуға , патриоттықа, адал ,батыр, ержүректікке , тәрбие берсе ал толық емес отбасында бұл тәрбиелерді анасы немесе әкесі беру ол үлкен ауырлыққа түседі. Сондықтан қазіргі өмірде бала тәрбиесіне әлеуметтік қызыметкер, психолог, педагогетене араласқаны жөн өйткені баланың анасы немесе әкесі асырап бағам деп , ақша табам деп жүргенде бала тәрбиесіне кедергі тиуі мүмкін . Сондықтан толық емес отбасында балаға қарасып көмектесетін бір адам керек.

Қазіргі заманда отбасының көптеген типологиясы бар .Әлеуметтік қолдаудың объектісінде толық емес отбасы болуы мүмкін. Алайда әлеуметтік қолдаудағы қажеттілік дәрежесі , оның нақты мазмұны,

толық емес отбасының қажет ететін немесе қажет ету мүмкін әр түрге жататын көмек түрлері сияқты әр түрлі болады. Бұл ең жақыны – М. В.Шакурова ұсынған толық емес отбасы типологиясы.

Нормативтік және нормативтік емес дағдарыстарды шешуде пайда болған қабілеті негізіндегі толық емес отбасындағы типологиясы.

Өз ара әрекетттестік жүйесі оалдау, өздерінің сезімдері мен тілектерін еркін көрсете алатын , өздерінің пайда болған пролемаларын қарым –қатынастың жаңа бір жолын тауып , беретіндей бірлесе отырып талқылайтын толық емес отбасы өзінің толық емес отбасылық құрамына бара – бара өзгертеді. Мұндай типтегі толық емес отбасыларға жүйкеге нормативтік емес жүк түскен жағдайда , аса қауыпты табиғи қайғылы оқиға, қатерлі ауру , дене немесе ақыл –ой кемістігі сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған мезгілсіз қаза, және т.б. оқиғаларға тап болған да әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Соны мен бірге толық емес отбасыларға көмек көрсететін әлеуметтік қызыметке ерікті түрде көмекшіде бола алады. ӨЗара әрекеттестіктері былыққан және дағдарысқа жетелейтін , ұдайы дау мен жанжалдан арылмайтын , соны мен бірге өмірлік тәжірибелері алдағы уақытта лайықты мінез – құлықты қалыптастыруға бағыт бағдар бола алатын толық емес отбасылардың былық шылық құрылымдарға ие болғандарын ,ұйымшылдығы төмен, жанжалды және дағдарысты жағдайды шешуде өздеріне тән салмаққа кейбір толық емес отбасылар ие бола алмайды. Сондықтан мұндай толық емес отбасыларға жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік қолдауды қажет етеді

Қызыметтігіне байланысты толық емес отбасылардың жұмысқа бейімдісі және жұмысқа бейімсіздігі болатын типалогиясы.

Толық емес отбасыларға шартты түрде жұмысқа бейімдісі және жұмысқа бейімсіздік деп бөлуге болады. Қызыметке бейімді толық емес отбасылар яғни бала тәрбиесін игере алмайтын толық емес отбасылар арасында 30 – 35 пайызын олардық қоғамға деген қарым – қатынасы , психологиялық – педагогикалық мәдениеті төмен, педагогикалық жағынан бейімсіз келетін ана немесе әке, бала, ана немесе әке қарым –қатынас жолы теріс , жан –жалды деп аталатын қолайсыз әлеуметтік факторлар мен сипатталатын толық емес отбасылар құрайды. Бала мен ана немесе әке арасында әр түрлі дұрыс емес стильдік қарым –қатынас байқалады: қатаң беделді , күдікті , иландырушы, дәйексіз шеттеу – шелқостық , бетімен жіберу, қамқорлық және т.б. Әдеттте ана немесе әке әлеуметтік психологиялық және психологияляқ –педагогикалық мәселелеррінде өздерінің қиындықтарын сезіне біледі , әлеуметтік қызыметкер , психологтардың көмегіне жүгінуге ұмтылады, өйткені маманның көмегінсіз өзінің қателіктерін , өз баласының ерекшеліктерін түсініп толық емес отбасындағы қарым –қатынасты қайта құрып үй ішіндегі немесе мектептегі , қоғам мен араласқанда болған келеңсіздіктерді шешу әлеуметтік қызыметкерлер біледі және көмектесе алады.

Соны мен бірге толық емес отбасындағы мәселелерді мойындай қоймайтын балалардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіретін жағдайларды елемейтіндерде болады, мұндай отбасыларда қоғамға жат және қылмыстық өмірінің салтын қалыптастыратын балаларына отбюасында анасы немесе әкесі бар жасөспірімдерге қоғамға қайшы келетін немесе қылмыстық қылықтарға итермелейді .Ол мынандай отбасылар; өздері жалғызбасты толық емес отбасы , өздері ішеді, өмірге солғын қарайтындар , тұрақты бір жерде тиянақты орында жұмыс істей алмайтындар, мемлекет тарапынан көмек көрмейтіндер балаларын күнделікті нан үшін анда да мында да жұмсайтындар балаларын қылмыстыққа итермелейді. Мұндай отбасыларға құқық қорғау органдарының , психологтардың , әлеуметтік қызыметкердің көмегі өте қажет.

Толық емес отбасында түрлі себептер мен өзін - өзі басқара алмайтын мүшкіл халге душар болуы ерекше түрдегі қорғау мен қамқорлықты қажет етеді. Солардың арасынан кәмелетке толмаған , мүгедек, созылмалы ауру мен ауратын , еңбекке жарамсыз , материалдық та, әлеуметтік –психологиялық көмекті қажет ететін толық емес отбасылар қазіргі қоғамда көбею ағымы байқалып келеді.

Өз мүшелеріндегі әлеуметсіздендірудің әсерін ескеретін толық емес отбасылардың типалогиясы. әлеуметсіздендірудің тура әсеріне іліккен толық емес отбасылардың әлеуметке жат қылықтары белгілі бір әрекеттермен астасып, қоғамға жат қылықтар туғызады.

Мұндай қылмыстық – биморальдық толық емес отбасылардың қоғамға жат қылықтары, құбылыстары мен бағыт –бағдар мен сипатталатын қылмыстық факторларға және әлеуметтік қайшы келетін әрекеттерге жиі ұрынады. Қылмыстық –биморальдық отбасылары теріс қылықтар мен өздерінің балаларына қауіп төндіреді. Мұндай отбасындағы балаға деген қрапайым ған қамқорлықтың жоқтығы , балаға қаталдықпен қарау, ішімдіке салыну, үнемі жанжал шығару отбасыға кері әсерін тигізеді. Мұндай әлеуметтік жетімдер деп аталатын мемлекеттік қамқорлыққа алынуы тиіс. Олай болмаған жағдайда баланың тым ерте қаңғыбастыққа салыну, үйден қашып кетуі, қаталдық пен қараудан толығы мен әлеуметтік қорғауға алынуы керек. Олардың азаматтық құқықтарын ескере отырып көмек түрлерін көрсету керек.

Тәрбиелік қателік типтері бойынша толық емес отбасылардың типологиясы.

Бетімен жіберіп алып қамқоршы бола алатын мәнерде толық емес отбасының тәрбие беруі. «балалардың бәрі бірдей», «өзімізде сондай болғанбыз», олардың әрекетінен онша қауіп күтпей , кейбір қылықтарына мән бере бермейтін толық емес отбасы болады. Мұндай жағдайда психолог, әлеуметтік қызыметкер, анасы немесе әкесіне бала тәрбиесінің проблемалық тұстарына шын мәнінде көңіл аударуына әлеуметтік қызыметкер мәжбүр ету керек. Тәрбие берудің мығым қорғанысын ұстанған толық емес отбасылар: өздерінің айналасындағы қарым –қатынасын «біздің баланікі қашанда дұрыс» деген көз қараста тұрады . мұндайда толық емес отбасында балаларының қисық қылығын көзге шұқып айтқандарын жаратпайды, оларға өшпенділік пен қарайды. Кейде жасөспірімдердің істеген көңілге толымсыз қылықтарына анасы уайымдайды. Осындай толық емес отбасылардан шыққан балаларға аса ауыр моральдық сана ақаулығынан зардап шегеді. , жалақор , қатал, болады, оларды қайта тәрбиелеу толық емес отбасығада, әлеуметтік қызыметкерлерге де, психологтарға да өте ауыр тиеді. Тәрбиелеу мәнін ашықтан-ашық көрсететін толық емес отбасында шешесі немесе әкесі баласының қылығын жұртжылыққа жәйіп көрінгенге шағымданған жағдайда әлеуметтік қызметкер міндетті түрде көмек көрсету керек. Осындай толық емес отбасында өскен бала өзінің қылықтарына өкінбей мінез-құлқына іс-әрекетіне есеп беріп қалыптаспайды, оның бойында ересектерге ана қолында немесе әке қолында өссе оларға деген ызақорлық пен өшпенділік туындайды. Жүйке жүйесі бұзылып психикалық ауытқуға әкеліп соғады. Мұндай толық емес отбасымен әлеуметтік психолог сөйлесіп психологиялық жәрдем беруі қажет. Тәрбиелеудің қатаң беделді манері мен жүргіземін деген толық емес отбасы баласын жазықсыз ұрып-соғып ешқайда шығармай қатаң тәрбие көрсетілсе бала әдетте бұндай жағдайда қарым-қатынастан қалып өзін қоршаған ортада ұстай алмай адамға деген өшпенділік қатыгездік өзінен кішілерді сыйламау, үлкендерге құрмет көрсетпеу адамгершілік қасиеттерден тыс қалады. Тәрбиелеуді иландыру манерімен жүргізілетін толық емес отбасы баланы ақыл кеңеске көндіруге қоршаған ортада өзін-өзі ұстай білуге достарымен қарым-қатынасқа ықпал етуге әлеуметтік –педагогтың баламен жұмыс істеуі міндетті түрде қажет етеді. Тәрбиелеудің шеттетілген нем-құрайлы стиліндегі отбасы, Мұндай отбасындағы ана немесе әке өзінің жеке басының ғана қамын ойлайды. Мысалы: екінші рет күйеуге шыққан әйел бірінші некеден қалған баласына қарауға уақытта, рухани күште таба алмай баласының қылықтарына ат –үсті қарайтын болып келеді Ал бала болса өз бетімен кетіп өздерін артықпын деп сезініп үйде сирек болуға тырысадыжәне шешесінің нем-құрайлы көз қарасынын жүрекке жақын қабылдай отырып жек көрушілік те пайда бола бастайды. Мұндай жас өспірімдер сырт ересектердің өзіне тартатын жақсылық тілейтін қасиеттерін жүрегіне жылы қабылдап оның қамқорлығына ризалық пен сеніммен қарауға тырысады, оның тәрбиелік

Бағыттарын тыңдауға тырысады, Мұндай отбасын әлеуметтік қызметкерлер сырттай қадағалап жүруі керек. Тәрбиелеудің жүйесіз манері типіндегі толық емес отбасыларындағы жүйелік тәрбие жүргізу тактикасын аяғына дейін жеткізуге шыдамды келеді.

Түрлі диагностикалық әрекеттердің нәтижесінде қол жеткен толық емес отбасына байланысты дәлелдемелер белгілі бір дәрежеде әлеуметтік-психологиялық бағыттағы жұмыстардың тиімділігіне қол жеткізеді, бірақ мүмкін деген кемшіліктер мен қателіктер сақтап қалмайды. Толық емес отбасы мен жұмыс жүргізу ұйымдастыруда олардың типтерінде мыналарды ескеруге болады:

- Кез келген ана немесе әкесі баласы үшін сөз есту, сондықтан баласының жақсы жағы мен тәрбиеленегенін қадағалайды.

- Баласының қателіктерін даурығып айқайламай ақырын сөзбен түсіндіру.

- Тәрбиеге қиын көнетін балаларға амал тәсілдер арқылы жұмсап , оларды даурықтырып алмай, жұртшылыққа жамандамау.

- Бала тәрбиесін анасы немесе әкесі күнделікті қадағалап мән беру.

-Жеке артықшылығы бойынша түрлі прбелмаларды шешуде теңестірілетін толық емес отбасылар типологиясы.

- Әрбір мүшесі басқа мүшелермен еркін араласып және өздерінің семдерімен тілектерін ащық та еркін айта алатын толық емес отбасылылар болады.. Мұндай толық емес отбасыларда мәселе шешу өте қиынға соғады. Бұл толық емес отбасының мүшесіне қатысты, мәселелерді үйлесімді шешуге мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметкер.

- Мүшелер мен араласутолық емес отбасыға қиын. Мұндайда толық емес отбасында табиғи байланыстар босаңси түседі. Осы екі топтың екуіде әлеуметтік қызмет бола алады. Алайда бірінші жағдайда толық емес отбасы әлеуметті қолдауды көбірек қажет етеді., әлеуметтік осалдықтың объективті тәуекеле қатысты иолық емес отбасылар типологиясы..

Толық емес отбасын былай сараптасақ бұларға ерекше жағждайды материалдық қолдауды қажет ету дәрежесін анықтау керек. Толық емес отбасыларды нығайтуға бағытталған әлеуметтік саясат отбасы саясаты үшін, әлеуметтік экономикалық дағдарым жағдайында мәңгі ие бола алады. Яғни мемлекет материлды қолдау ерекшк жеңілдік пен қызметті талап ететін объектілер әлеуметтік қызметкерлер қызметінің объектісі болып табылады. Әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жүргізетін дәстүрлі отбасыларына аз қамтылған отбасы толық емес отбасы, жұмыссыз отбасы,, көп балалы отбасы ,а балалы отбасы жағдайы жәйсіз отбасылар жатады.

-Аз қамтылған толық емес отбасы тұтыну қоржыны адамның денсаулығын сақтау мен оның тіршілігін қамтамасыз ететін және тамақ өнімдерінің төменгі мөлшері шаруашылық тоуарларымен қызмет көрсете алатын қаржы мөлшері. Отбасының жалғыз басты азаматтың жан басына шаққанда табыс мөлшері тұтыну қоржыны, көрсеткішіне төмен болса онда ол кедей деп саналады., мемлекеттік әлеуметтәк көмек құқығына ие бола алады. Кедей деп шын ара немесе толығымен еңбекке жарамсыз еңбекке жарамды жақын жуықтары жоқ азаматтар. Зейнеткерллер, мүгедектер жалғыз басты жасы жеткендер. Көп балалы отбасы жағдайы жайсыз отбасылар жұмыссыз толық емес отбасылар болып табылады..Қазіргі кезде аз қамтылған немесе толық емес отбасыларға жас баласы бар отбасыларға , жа отаулаға жәрдемақыы түрлері төленеді. Толық емес , аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттің жүзеге асырылатын шаралары арасындағы ең маңызды жеңілдетілген қызымет көрсету , толық емес отбасыларға , жұмыссыздыққа, жаңа құрылған отбасыларға балаларға, зейнеткерлерге, жәрдемақы төлеу. Матириалдық немесе қаржылай көмек көрсету кезінде отбасының мүліктік жағдайы ескеріледі. (тұрғын үй, авто көлік, т.б.) сондай – ақ оның типтері ескеріледі. ( сәтті жан ұя, уақытша қиындықты өз беті мен өзі шеше алатын толық емес отбасы, қылмысқа бейім, дағдарысты отбасылар) көмек көрсетідледі.

Әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының мемлееттік мекемелер кедейшілік таңбасын халықтың жекелеген катигориясына ( бұлар кө балалы толық емес отбасылар, жалғыз басты аналар , зейнеткерлер , әскери қызыметкерлер отбасыларына әкімшіліктен қаражат бөлінген болса өз ұпайларын алады. Қазақстан қазіргі кезде толық емес отбасыларға , жаңа қүрылған отбасыларға көп балала отбасыларға және т.б. отбасылар түрлеріне көмек көрсетілуде.

Жағдайы жайсыз отбасылар

Меніңше өткір проблемалардың бірі әлеуметтік – эканомикалық , психологиялық – педагогикалық , және биологиялық (мүгедектік т.б.) басқа себептер мен пада болатын жағдай жайсыз толық емес отбасылар болып табылады. Жағдайы жайсыз толық емес отбасыларға мыналар жатады:

1) жанжалды даукез толық емес отбасы

2)Биморальды толық емес отбасы ( маскүнемдік, төбелес ,былапыт сөз.)

3)Әлеуметтік дәрменсіз толық емес отбасылар – жалпы мәдениет деңгейінің төмендігі мен психологиялық – педагогикалық, матириалдық көмектің жоқтығы.

4)ассоциалдық толық емес отбасы - жағдайы жалпы қабылданған әлеуметтік нормалары мен талаптарына сәйкеспейтін отбасы.Мұндай толық емес отбасылары түрлі жайсыз көріністерге жол беріп , баланың психикасы мен мінезіне қаяу салып нұқсан келтіреді. (ерте бастан ішімдікке , нашақорлыққа үйрену, үйінен қашып қаңғыбастыққа салынуы мүмкін және т.б. )Қазіргі заманғы толчқ емес отбасылар типологиясына шолу жасауды қортындылай келе , түрлі санаттағы отбасылар мен жұмыс жүргізетін болашақ әлеуметтік қызыметкерлердің кәсіби дайындығына негізделген , отбасы институтына елеулі ықпал ететін әлеуметтік – эканомикалық түрлі факторлар болатындығын айту керек.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет