Рецензенттер


Тақырып №8. «Дәрілік заттар, дәрілік формалар, дәрілік препараттар тауар ретінде» Мақсаты



бет88/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95
Байланысты:
МФТ книга

Тақырып №8. «Дәрілік заттар, дәрілік формалар, дәрілік препараттар тауар ретінде»


Мақсаты: Студенттерді тауар ретінде дәрілік заттар, дәрілік формалар, дірілік препараттармен таныстыру.


Оқыту мақсаты:
- дәрілік заттардың жіктелуі мен негізгі түсініктемесін беріңіз;
- дәрілік заттардың тұтынушылық қасиеттеріне фармацевтикалық тауарлардың әсерімен таныстыру.


Өткізу түрі: презентация


Тақырып бойынша тапсырмалар:
Тапсырма №1.
Дәрілік заттар, дәрілік формалар, дірілік препараттар тауар ретінде тақырыбында презентация дайындау.


Тапсырма №2.
Тақырып бойынша сұрақтар мен тесттерге жауап беру.


Тапсырма №3.
Жұмыс дәптеріңізге негізгі терминдер мен түсініктерді түсіру.
Фармацевтикалық тауартануда мына сөздерді нақты ажырата білу керек: дәрілік шикізат, дәрілік зат, дәрілік құрал, дәрілік түр, дәрілік препарат және т.б.
Дәрілік шикізат – жасанды және табиғи материалдардың және заттың жиынтығы, олар дәрілік заттардың жасалуына қолданылады.
Дәрілік зат – ауруды алдын-алу мен емдеуде және диагностикалауда, жүктілікті алдын-алу мақсатында қолданылатын табиғи немесе синтетикалық заттардың қоспасы.
Дәрілік құрал – бір химиялық қосылыстан немесе химиялық элементтен тұратын дәрілік зат.
Қосымша заттар – белгілі бір дәрілік түр алуға мүмкіндік беретін, күшейтетін немесе әлсіздендіретін әсерге ие құрал немесе фармокологиялық әсерге ие емес дәрілік препараттардың құрамына кіретін ингредиенттер.
Тауартанулық талдауда дәрілік препараттардың белгілі бір құқықтық дәрежесіне ас көңіл аудару қажет. Заңда мыналыр ажыратылады:

  • Патенттелген дәрілік заттар – ҚР заңды патенттеліп қорғалған, сатуға және өндірісте қолдануға құқығы бар дәрілік заттар.

  • Белгісіз көшірмелі дәрілік заттар - ҚР патенттелген заңдылықты бұзған айналымдағы дәрілік заттар.

  • Оригиналды дәрілік заттар – өзінің атымен тіркеліп айналымға түскен дәрілік заттар.

  • Өндірілген дәрілік заттар – айналымдағы оригиналды дәрілік затқа мерзімі өтіп кеткеннен кейінгі патенттелуге тиым салынған дәрілік заттар.

Сонымен қатар, ВОЗ халықаралық патенттелген атын да қолдануды ұсынады. Қысқа түрде МНН әдістеме нұсқаулығында көрсетіледі. ВОЗ бен және оның барлық мүшелерімен қабылданған бұл дәрілік заттың атауы оның белгілі фармакологиялық топқа жататындығын білдіреді. Дәрілік заттар айналымында көбінесе патенттелген коммерциялық атауы қолданылады. Ол дәрілік затты шығаратын фирмамен патенттеледі, берілген және оригиналды дәрілік заттарға патенттердің басқасының мерзімі анықталмаған. Соңғысы, сол берілген елден белгілі бір заңдастырылған қолдану мерзіміне ие болады.


Дәрілік түр – қажетті емдік эффект көрсетуге жету үшін құрғақ дәрілік затқа немесе құрғақ дәрілік өсімдікке ыңғайлы пішін беру. Консистенциясына қарай ажыратылады:

  • Қатты (ұнтақтар, таблеткалар, драже, капсулалар);

  • Жұмсақ (жағармайлар, пасталар, суппозиторилер);

  • Сұйық (ерітінділер, тамшылар, тұнбалар, қайнатпалар, экстракттар, микстуралар);

Енгізу тәсіліне қарай ажыратылады:

  • Инголяциялық – бу, газ, аэрозельдердің инголяциялы түрде тыныс алу жолынан енгізілуі;

  • Парентеральді – асқорыту трактісінен бөлек (тамыр арқылы, тері астына, бетке, теріге, шырышты қабатқа);

  • Энтеральді – асқорыту трактісі арқылы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет