Дәрілік препарат – қолдануға дайын дозаланған дәрілік зат. Дәрілік заттар мен препараттар келесі түрге бөлінеді:
Стандартты – салыстыру мақсатында қолдану үшін нақты өлшенген физикалық, химиялық немесе биологиялық параметрлерге ие дәрілік зат.
Галенді – балласты (тұнба, қайнатпа) заттары бар, жануарлар мен өсімдік шикізатынан жасалынған дәрілік зат.
Жаңа галенді – балласты заттары жоқ, жануар және өсімдік шикізатынан алынған дәрілік зат.
Емдік – азық заттарға ие, қосымша қорытуды қажет етпейтін дәрілік зат.
Дюрантты (ұзартылған әсері бар) – басқа препараттарға қарағанда ұзағырақ терапевтикалық әсер ететін дәрілік заттар.
Радиоактивті немесе радиофармацевтикалық – құрамына кіретін қандай да бір элементтің радиоактивтік изотобы бар дәрілік зат. Диагностика мен сәулелі терапияда қолданылады.
Мұндай шикізатты дайындаудың көзі дәрілік өсімдік болып табылады. Олардан мынадай дәрілік жиынтықтар дайындайды: дәрілік түр, кептірілген әртүрлі қоспалар, майдаланған дәрілік өсімдіктер және олардың бөліктері, жемістері, келесі кезекте дәрілік жиынтықтар шикізаттан қайнатпа және тұндырма сияқты дәрілік түрді жасайды.
Дәріханалық жүйе айналымында гомеопатиялық дәрілік заттар - бір немесе көпкомпонентті препараттар микродозалы активті қосындылар түрінде босатылады, оларды арнайы технологиямен жүргізеді.
Тауартанулық талдау мақсатында дәрілік заттардың жіктелуі бойынша жүзеге асырады:
Алфавит (мысалы, анықтамалық, мемлекеттік тіркеу және басқа анықтамалық әдебиеттер);
Әсер ететін заттың химиялық табиғаты (мысалы, имидазол туындысы – бендазол, клотримазол, метранидазол);
Фармакологиялық ісері (мысалы, жүрек-қан тамыр ауруларын емдеуде қолданылатын зат);
Дәрілік түрі (мысалы, таблеткалар, жағармайлар, суппозиторилер);
Сақталу жағдайына байланысты (мысалы, жарықтан, ылғалдан қорғауды талап ететін);
Босату тәртіптеріне байланысты (мысалы, дәрігердің жазған рецептісі, рецептісінсіз бойынша);
ЕПМ мен дәріхана ұйымындағы ерекше тіркеуді талап ететін (есірткілік және психотропты, күшті әсер ететін және улы).