Өзіндік жұмыстың жүргізілу әдістемесі 1-саты. Дәрілік заттарды сақтау кезінде сапасы мен тұтыну қасиетіне қандай сыртқы факторлар әсер ететінін анықтау.
Ол үшін:
Оқытушыдан дәрілік препараттың атауын алып, құрылымдық формуласын және функционалды тобы мен өзіне тән химиялық қасиетін табу.
РЛС сөздігінен: халықаралық патенттелмеген атауын, барлық дәрілік формаға әсер етуші затты, синонимін және өндіруші фирмасын табу.
Кестені толтырыңыз.
2-саты. Берілген дәрілік препарат қандай сақтау тобына жататынын анықтау.
Ол үшін:
Берілген алдынғы мәліметтерге сүйене отырып №377 бұйрық бойынша осы препараттың қандай топта және қандай жағдайда сақталу керектігін анықтау.
3-саты. Берілген дәрілік препаратқа орауышты ұсыну.
Ол үшін:
Берілген дәрілік препаратқа дәрілік форманы таңдау.
Рационалды орауышты таңдау.
Кестені толтыру.
4-саты. Дәрілік препараттың физикалық қасиетін сипаттау
Ол үшін:
Органикалық химия бойынша сіздердің білімдеріңіз бен анықтамаларды қолданып дәрілік препараттың физикалық қасиетін сипатта?
1-кесте. Дәрілік препрепараттардың сапасына және тұтыну қасиетіне әсер ететін факторлар.