Өткізу түрі: Семинар
Тақырып бойынша тапсырмалар
Тапсырма №1.
Норсульфазол дәрілік препаратының кодын оқу, К-ОКП және ОКДП бойынша, оның штрих кодын оқу.
Тапсырманы шешу эталоны.
1-кезең. Жіктелуі бойынша ОКП (К-ОКП) медициналық мақсаттағы тауарларды анықтаймыз, класс атауы, классасты, топ, топасты, тауар түрі.
2-кезең. Нәтижесін көрсетеміз, кестенің 2 және 3 бағанын толтырамыз.
1-кесте. ОКП бойынша зерттеп жатқан дәрілік заттың кодын оқу (норсульфазол, таблеткалар 0,25).
Разряд
|
ОКП бойынша зерттелетін дәрілік заттың коды
|
Кодын оқу
|
|
931522126610
|
|
Жіктелу бөлімі
|
1 және 2
|
930000
| |
3
|
931000
|
химико-фармацевтикалық препараттар жалпы химиялық белгілерімен
|
4
|
931500
|
сульфаниламидті препараттар
|
5
|
931520
| |
6
|
931522
| |
Ассортиментті бөлім
|
7 және 8
|
12
| |
9 және 10
|
66
|
сульфаниламидті препараттар (фармацевтикалық, топ)
|
КЧ
|
10
| |
3-кезең. ОКДП бойынша зерттеп жатқан дәрілік заттың кодын оқып, 2-кестеге енгіземіз.
2-кесте. ОКДП бойынша зерттеп жатқан дәрілік заттың кодын оқу (норсульфазол, таблеткалар 0,25).
Разряд
|
ОКП бойынша зерттелетін дәрілік заттың коды
|
Кодын оқу
|
1-4
|
2423000
|
Фармацевтикалық тауарлар медициналық заттар мен дәрілік өсімдік өнімдері
|
5
|
Классасты 2423100
|
Сульфаниламидті өнімдері
|
6,7
|
2423142
|
Сульфаниламидтің ұзартылмаған әсерлі гетероциклді өнімі
|
4-кезең. Қораптың штрих кодын табамыз, оны дәріханашы- РЛС кодымен салыстырамыз, өндіруші мекемесі мен шығарылу жерін оқу үшін, 2-кестеде көрсетілген деректерді қолданамыз.
1-сурет. Қораптағы норсульфазолдың штрих коды (а) және дәріханашы- РЛС коды (б).
4600828003601
4 600828 003601
а
5-кезең. Қорытынды: препаратты қабылдауға болады, қораптағы штрих код пен дәріханашы- РЛС штрих коды бірдей.
Тапсырма №2. Берілген тақырып бойынша негізгі түсініктеріңізді жұмысшы дәптерге жазу.
Тапсырма №3. Тесттер мен сұрақтарға жауап беру.
Таратылатын материал
Шертаева К.Д., Жаңбырбаева А.Д. «Медициналық және фармацевтикалық тауартану», оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2012ж.
Билеттер мен тесттер.
Бақылау (сұрақтар, тесттер):
1. Медициналық және фармацевтикалық тауарларға түсініктеме беріңіз?
2. Медициналық мақсаттағы тауарлардың тұтынушы қасиеті қандай?
3. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тауартанулық жіктелуі?
4. Жіктеудің негізгі түрлетін атаңыз?
5. Медициналық мақсаттағы тауарлардың тауартанулық жіктелуі не үшін қажет?
6. Кодтаудың негізгі анықтамасы, мақсаты?
7. Штрихты кодтау нені көрсетеді?
8. Медициналық және фармацевтикалық тауарлар ассортименті дегеніміз не, ассортименттің қандай түрлерін білесіз?
9. Медициналық мақсаттағы тауарлардың ассортиментін сараптау қалай жүргізіледі?
10. Дәріханалық мекемелерде дәрілік заттар ассортиментін сараптауды қандай көрсеткіштермен жасау оңтайлы?
Достарыңызбен бөлісу: |