Рецензенттер


Өлшемді зертхана-лық ыдыс



бет72/95
Дата21.12.2022
өлшемі0,94 Mb.
#163817
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95
Байланысты:
МФТ книга

Өлшемді зертхана-лық ыдыс

Өлшемнің нақты мәні (мл)

Шыны ауытқулары

Түйін мен тамшы

Ауа кеңістігі

Саны (дана)

Өлшемі (мм)

Саны (дана)

Өл-шемі (мм)

1

2

3

4

5

6

7

ГОСТ 1770-74 бойынша

1

Тұмсығы бар цилиндр 250 мл (құймалы)

250,0

4 аспайды

2 аспайды

5 көп емес

3 көп емес

Факт бойынша

2

Тұмсығы бар цилиндр 250 мл (құймалы)

252,5

5

2,5

4

1,0

Қорытындысы

3


Сәйкес
келеді

Сәйкес келмейді

Сәйкес келмейді

Сәйкес келеді

Сәйкес келеді

Қорытынды: Бұл цилиндр жеткізушіден қабылданбайды, ГОСТ-тың түйіндері мен тамшылар көрсеткіші бойынша талаптарына сәйкес келмейді


Тапсырма №4.
10 тест тапсырмасын дайындау.


Таратылатын материал

  1. Шертаева К.Д., Жаңбырбаева А.Д. «Медициналық және фармацевтикалық тауартану», оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2012 ж.

  2. Билеттер мен тесттер.



Бақылау (сұрақтар, тесттер):
1. Стандарттау дегеніміз не?
2. Стандарттаудың негізгі қызметі неде?
3. Стандарттау жүргізудің құқықтық негізі?
4. Стандарттаудың негізгі әдістері мен тәсілдері?
5. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі қағидалары қандай?
6. Стандарттардың қандай категориялары мен түрлері бар?
7. Тауартану талдауында стандарттаудың ролі қандай?


Тақырып № 3. «Жалпы хирургиялық аспаптардың тауартанулық талдауы»


Мақсаты: Студенттерді жалпы хирургиялық аспаптардың талдау негіздерімен таныстыру және тауартанулық талдау сараптамаларын жүргізуді үйрету.


Оқыту мақсаты:
- жалпы хирургиялық аспаптардың жіктелуі мен қолдану туралы білімін қалыптастыру;
- жалпы хирургиялық аспаптардың тауартанулық талдауы бойынша тәжірибелік дағдылар мен білім алу.


Өткізу түрі: Презентация


Тақырып бойынша тапсырмалар
Тапсырма №1.
Жұмыс дәптеріңізге тақырып бойынша негізгі түсініктер мен жағдайларын жазыңыз.


Тапсырма №2.
Ұсынылған жалпы хирургиялық аспапқа тауартанулық талдау жүргізіңіз және тауарлы сараптамалық акт толтырыңыз.


Тапсырма №3.
Тақырып бойынша презентация дайындау.


Тапсырма №4.
Сұрақтар мен тесттерге жауап беру.


Таратылатын материал

  1. Шертаева К.Д., Жаңбырбаева А.Д. «Медициналық және фармацевтикалық тауартану», оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2012 ж.

  2. Билеттер мен тесттер.



Бақылау (сұрақтар):

  1. Жалпы хирургиялық аспаптардың медицинада қолданылу аясын көрсетіңіз? Оларға қойылатын талаптарды тұжырымдаңыз.

  2. Жалпы хирургиялық аспаптардың жіктемесін ұсыныңыз?

  3. Кесетін аспаптар жіктемесінің қандай түрлерін ұсынуға болады.

  4. Жалпы хирургиялық аспаптарды өндіруге арналған негізгі материалдарын атаңыз?

  5. Қысқыш жалпы хирургиялық аспаптарды қандай мақсатта қолданады?

  6. Қысқыш аспаптарға қандай негізгі талаптар қойылады?

  7. Ығыстырғыш аспаптарды қандай топшаларға бөлуге болады?

  8. Зондылау және буждау аспаптардың міндетін түсіндіріңіз, қолданылуы.

  9. Залалсыздандырудың белгілі әдістерінің қайсысы жалпы хирургиялық аспаптар үшін оңтайлы болып табылады?

  10. Жалпы хирургиялық аспаптардың орамдау ерекшеліктері қандай?



Кесетін аспаптар сапасын бағалау (тауартану талдауының элементі):


Пышақтар мен қандауырлардың сапасын бағалау

  • Қандауырлар мен пышақтардың бүтіндігінін қарап анықтаңыз. Бұл жағдайда жүзі мен кесетін бөлігіне ерекше назар аударыңыз, онда үгітілген, жаншылған жерлері және кетіктері болмауы тиіс;

  • Жабындының салмағына, атап айтқанда қыртыстану, дақтардың, коррозияның болмауына көз жеткізіңіз.

  • Функционалдық қасиеттерін екі тәсілмен тексеріңіз:

а) күдеріде ішперделік қандауырмен немесе ампутациялық пышақпен, ал резекциялық немесе шеміршек пышағымен теріде немесе орташа қалыңдықты картонда тілік жасаңыз. Барлық жағдайда пышақтардың жүзі өтпес болып қалмауы және деформацияланбауы, ал тілік шеттері тегіс болуы тиіс;
б) жұқа қағазды алып, оны қырынан қандауыр немесе ампутация пышағының өткірлігін тексеру үшін тіліңіз, бұл жағдайда пышақ тегіс тілік беруі және қағазды мыжымауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет