Рецензия оқушының аты-жөні



Дата13.12.2021
өлшемі16,57 Kb.
#100156
түріКонкурс
Байланысты:
рецензия Жақсылықұлы Хангелді


«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
1-7 сынып оқушылары арасындағы облыстық зерттеу жұмыстар мен шығармашылық жоба «Зерде» конкурсының іріктеу кезеңі

РЕЦЕНЗИЯ



Оқушының аты-жөні: Жақсылықұлы Ханкелді


Аудан (қала), мектебі: ММ «ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «ЖАС ДАРЫН» МЕКТЕБІ», 5-сынып
Секциясы: Этномәдениеттану
Жобаның тақырыбы: «Әр түрлі ағаштар түрлерінен қазақ ұлттық аспапты (домбыра) дайындау технологиясы»


Жоба қорытындысы


5-сынып оқушысы Жақсылықұлы Ханкелдінің ғылыми жобасының безендірілуі талапта көрсетілген нормаларға сай емес. Жұмыстың көлемі жобада қойылған талаптан асып кеткен (25 бет). Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

Жұмыс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Практикалық бөлімінде оқушы өз қолымен домбыра жасап көргені қуантады.

Техникалық қателіктер баршылық. Жалпы жұмыстың орындалуы орта деңгейде. Бір мәтінде әр түрлі шрифтар қолданылған, сондай-ақ азат жол, тыныс белгілері де дұрыс сақталмаған. Зерттеу жұмысының тақырыбын филолог мамандарға редакциялатып алған жөн.



Қорытындылай келе, жұмыстың бірегейлік бағдарламасында аз пайыздық көрсеткіш көрсетуі зерттеудің құндылығын төмендететіні анық. Зерттеу жұмысы жоба талаптарынан бөлек, авторлық құқықты бұзған. Жұмыста ғаламтор желісінен алынған ақпараттар қолданылған.

Жұмыстың бірегейлігі: 5 %

Зерттеу жұмысын келесі кезеңге жіберу дұрыс емес деп есептейміз.

Рецензент: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, PhD докторант Куркеев Ержан Маралұлы


23 қазан 2020 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет