Редакция №2 02. 09. 09. орнына Редакция №3 13. 09. 12



бет3/5
Дата09.11.2016
өлшемі0,77 Mb.
#1322
1   2   3   4   5
Гештальттерапия

Гештальт-психологиялық кеңес берудегі бағыт. Ф.Перлз-бағыттың негізін қалаушы. Негізгі түсініктер; «гештальт»; «фигура-фон»; «осы кезде және қазіргі сәтте»; «толық түсіну», байланыс орнату және оған қарсылық білдіру, қорғаныс механизмдері, қуаттың еркін жүру блогы, көрсеткіштің болмауы. Кеңес беру процесі, мақсаты, роль, кеңес берушінің қызметі, клиенттің тәжірибесі, клиент және кеңес берушінің қызметі, клиенттің тәжірибесі, клиент және кеңес берушінің өзара әрекеттесуі, кеңес беруі техникалары және жүргізілу барысы; ролдік ойындар, проективті ойындар, қарама-қарсылыққа назар аудару, түс көрумен жұмыс және тағы басқалар. Бағытты бағалау; жетістіктері және шектеулері.
Жұмыстың транстік әдістері.

Сананың өзгерген күйі,транс түсінігі. Транс жағдайына ену және одан шығу Клиентпен транс және медитациялық жұмыс әдістері. Эриксон гипнозы. Клиентпен жұмыстың эзотерикалық элементтері. Аутотренинг.


Психологиялық кеңес беруде жүйелі бағыт

Трансактілі анализ.

Психологиялық кеңес берудегі трансактілі анализ.Э.Берн-бағыттың негізін қалаушы. Негізгі түсініктер; эго жағдайлар («Ата-ана»; «ересек»; «бала»),трансакция, трансакция түрлері, ерте қабылданған шешім және алдын-ала болжау, сипау, ойындар, өмірлік сценарий, ерте қабылданған шешімдерді қарастыру және сценарийдің шегінен шығу. Кеңес беру процесі; мақсаты, кеңес берушінің ролі және қызметі, клиенттің өзара әрекеттесуі, кеңес беруші техникалары және жүргізілу барысы. Бағыттың бағалауы, жетістіктері және шектеулері.



Трансактілік анализ

Теория

Трансактілік анализ – Эрик Берн жасаған топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдіс. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдауына негізделіп жасалған. ТА басты мақсаты тұлғалық өзгерістерге бағытталған. ТА теориясының негізінде бірнеше басты ойлар жатыр.

Эгоқалпы модельі. ТА негізі эго – қалпы модельі болып табылады. Эго – қалпы – бұл қазіргі уақыттағы біздің тұлғамыздың көріну тәсілі, ал бұл тәсіл қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің тәсілдерінің бір-бірімен байланысып бірігуі. Бұл модель үш әртүрлі эго – қалпын сипаттайды.гер мен «қазір және осында» деген принцип ұстансам, бүкіл ересек адам потенциялын қолдансам, онда мен Ересек эго – қалпында болғаным. Кейде мен өзімді ата-анамды немесе ата-анамдай қабылдайтын басқа адамдар тәрізді ұстаймын, ойлаймын. Бұл жағдайда мен Ата-ана эго – қалпында боламын. Кейде мен балалық шақтағы сезімдерге, ойларға, қылық-әрекеттке ораламын. Бұл жағдайда мен Бала эго – қалпында боламын.

Осылай біз тұлғаның үшмүшелі эго – қалпын аламыз.



Бұл модель тұлғаның қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің арасындағы нақты байланысты анықтауға көмектеседі.

Құрылымдық модель әр эго – қалып нені білдіретінін крсетеді.

Функционалды модель



Мұндағы ҚА – қадағалаушы ата-ана; ТА – тәрбиелеуші ата-ана; ББ – бейімделген бала; ЕБ – еркін бала; Е – ересек.



Бейімделген Бала және Еркін Бала. Ересек адам бола тұра мен кейде, ата-анамның үмітін ақтау үшін бала кезімдегідей әрекеттерді істеймін. Бұлай істеген кезде мен бейімделген бала эго – қалпында боламын.

Кейде балалық шағымда ата-анама айтқанына қайшы әрекеттер істейтінмін. Бұнда мен ата-анамының үміттеріне бейімделмейтінмін, керісінше қарсы шығатынмын. Мен өзімді өз қалауым бойынша ұстайтынмын. Бұл жағдайда мен еркін бала эго – қалпында боламын



Позитивті және негативті Еркін Бала. Кейде балалық әрекеттерім пайдалы болады, сондықтан оны позитивті, ал керісінше пайдасыз болса, негативті деп атаймыз.

Қадағалаушы Ата-ана және Тәрбиелеуші Ата-ана. Мен бала болған кезімде менің ата-анам мені басқарып, қадағалайтын, олар маған не істеу керек, не істемеу керектігін айтып отыратын. Егер мен осылай әрекет етсем, ата-анамды қайталасам, онда мен Қадағалаушы эго – қалпында болғаным.

Ал керісінше менің ата-анам мені қорғаштап, аялады.. мысалы, мен құлап қалдым да, тіземді ауыртып алдым. Егер мен осындай қылық әркет көрсетсем, онда мен Тәрбиелеуші (қамқоршы) эго – қалпында болғаным.

Біз эго – қалпының функцияларын екі жақты қарастырдық.

Позитивті және негативті Қадағалаушы және Тәрбиелеуші Ата-ана. Позитивті қадағалаушы тип адамның қамын, денсаулығын ойлауға бағытталған, алнегативті қадағалаушы басқа ата-аналық қалыптардан бас тартатын, басқа адамдарды мойындамайтын тип. Позитивті тәрбиелеуші ата-ана қамқор болады, көмек береді, көмек көрсетіп жатқан адамды силайды. Негативті тәрбиелеуші басым боу позициядан көмек көрсетеді де, басқа адамдарды мойындамайды.

Ересек. Кез келген әрекет егер «қазір және осында» жағдайына реакциясы болса, онда ол ересек әрекет ретінде сипатталады.

Джек Дюсей эго – қалпын сипаттайтын интуитивті тәсіл жасады, оны эгограмма деп атады. Дюсей константтылық болжауын ұсынды: «Бір эго – қалпы ұлғайған кезде, компенсация үшін басқалары кішірейу керек. Психологиялық энергия бөлінісінің өзгеруі кезінде жалпы энергия мөлшері бір қалыпта болады».

Функционалды модель көріп тұрған қылық-әрекет тәсілдерді классификациялайды, ал құрылымдық модель – есте қалғандылық пен стратегиялар.

Эрик Берн эго – қалпын танудың төрт тәсілін келтіреді: қылық-әрекет диагнозы, әлеуеметтік диагноз, тарихи диагноз, феноменалогиялық диагноз.



Қылық-әрекеттік диагнозда адамның қылық- әрекетін бақылау арқылы біз оның қандай эго – қалпында тұрғаны туралы қорытынды жасаймыз. Бақылау кезінде сөздерді, дауыс ырғағын, қимылдарды, дене тұрысын, бет әлпетін естіп-көре аламыз.

Әлеуеметтік диагнозда мен өзімнің қандай эго – қалпында тұрғанымды басқа адамның қандай эго – қалпында тұрып менімен байланыс жасап тұрғаны арқылы біле аламын.

Тарихи диагнозда біз адамның бала кезнде қандай болғаны туралы сұрақ қоямыз. Біз оның ата-анасы және парентальді тұлғалар жайлы сұраймыз.

Осы барлық төрт диагноз түрінде қолдану керек.

Кейде эго – қалыптарды қате қабылдауымыз мүмкін, бала эго – қалпын ата-ана эго – қалпы, ата-ана эго – қалпын ересек т.с.с. бұл жағдайды контоминдалған («ластанған») дейді.

Берн бойынша адамдар бірнеше эго – қалыптарын қоса алады.



Трансаккциялар. Коммуникация болғанда трансакцияда болады. Коммуникацияның бастамасын стимул, ал жауапты – реакция. Берн бойынша, транакция «әлеуеметтік өзара әрекет етудің негізгі единицасы».

Параллельді (толықтырушы) трансакциялар – трансакционды векторлар бір-біріне параллель, ал олар реакция көзі болып табылатын эго – қалпына бағытталғанды білдіреді.

С
Р


Мұндағы А – Б, Б – А параллельді трансакция: С – стимул; Р – реакция.

С
Р


Мұндағы ЕБ – ТА, ТА – ЕБ параллельді трансакция: С – стимул; Р – реакция.

Коммуникацияның бірінші заңы. Параллельдітрансакцияда күту элементі бар.кез келген әңгіменің соңы бар. Бірақта трансакция параллельді болып қалғанға шейін комммуникация процессінде стимул және реакция кезегі бітпейді.

Қиылысатын трансакциялар – трансакционды векторлар бір-біріне параллель емес және олар реакция көзі болып табылмайтын эго – қалпына бағытталған.



С

Р



Мұндағы Е – Е, А – Б Қиылысатын трансакциялар: : С – стимул; Р – реакция.

Коммуникацияның екінші ережесі бойынша қиылысатын трансакциялар кезінде коммуниказияның үзілуі болады, оны қалпына келтіру үшін біреуіне немесе екеуіне де өзінің эго – қалпын өзгерту керек.

Жасырылған трансакцияда бір уақытта екі мәлімет беріледі, біреуі – ашық немесе әлеуеметтік деңгейдегі мәлімет, екіншісі психологиялық деңгейдегі мәлімет. Әлеуеметтік деңгейдегі мәлімет көбінесе Ересек және Ересектің өзара әсер етуі блып табылады. Психологиялық деңгейдегі мәлімет көбінесе Ата-ана – Бала нмесе Бала – Ата-ананың өзара әсер етуі.








Эри Бернр тағы да бір жасырылған трансакцияны сипаттады, оны бұрыштық деп атады.бұл жағдайда мен өзімнің стимулымды әлеуеметтік деңгейде Ересектен Ересекке бере аламы, бірақта менің жасырылған мәліметім менің Ересектен сіздің балаңызға жібере аламын. Мысалы, сіз менің шақыруымды қабыл алпсыз деп ойлаймын деп ересекке айтылғакмен балаға бағытталған, яғни реакция баладан күтіледі.






Сә



Сп



Коммуникацияның үшінші ережесі бойынша жасырылған трансакцияның қылық-әрекеттік нәтижесі әлеуемметтік емес, психологиялық деңгейде анықталады.

«Сипалау». Олар әр түрлі болады.

Позитивті және негативті сипалау. Позитивті сипалау дегеніміз – оны қабылдап алушының жақсы сезімге бөленген кездегіні айтамыз, ал негативті сипалау керісінше ауыр қабылданады.

Шартты сипалау сіздің не істеп жатқаныңызбен байланысты, ал шарттсыз өзіңізді білдіреді.

Сипалаудың фильтрі белгілі бір қабылдаушының бұл ұнамаса немесе оны керек етпесе, онда ол бұны көрмеуге тырысады немесе оның маңыздылығын кішірейтеді.



Уақытты құрылымдау. Адамдардың кездесу кезінде өзінің уақытын өткізудің алты тәсілі бар. Эрик Берн бұл алты тәсілдерге келесідей сипаттама берді: кету, рәсімдер,уақытты өткізу, іс-әрекет, ойын, интимділік.

Кету. Адам кеткен кезде оның тәні топпен бірге қалуы мүмкін, бірақ топтың басқа адамдарымен өзара әрекетке түспейді.

Рәсімдер – бұл кәдімгі әлеуемметтік өзара әрекет ету формасы, ол алдын ала ойластырылған сценари арқылы жүреді.

Уақытты өткізу – таныс бағытта жылжиды, бірақ ритуалдағыдай нақты сценариі болмайды.

Іс-әрекет. Бұл жағдайда топ мүшелерінің арасындағы қарым –қатынасы тек талқылауға емес, сондай-ақ мақсатқа жетуге бағытталған.

Ойындар. Анда-санда бәрімізде ойын ойнаймыз. Барлық ойындар бала стратегиясын ойнауға бағытталған, бірақ бұл ересекке тән емес қылық. Сондықтан ойындар негативті тұрғыдан ойналады: негативті бейімделген бала, негативті қадағалаушы ата-ана немесе негативті тәрбиелеуші ата-ана. Ойындар ересектік тұрғыдан ойнала алмайды.

Интимділік. Мұнда әлеуеметтік және психологиялық деңгей бір-біріне сай болған кезде ойындар мен интимділіктің арасындағы айқын айырмашылық көрінеді. Мұндағы «интимділік» терминін арнайы техникалық термин ретіндеи ұғу керек.

Өмір сценариі. Сценари туралы теорияныалғаш Эрик Берн,өзінің әріптестерімен, әсіресе Клод Стайнермен жасалған болатын.

Сценаридың шығуы.

1)сценари шешімдері баланың бұл дүниеде аман қалу мақсаты қойылған ең жақсы сценариі түрінде көрсетіледі. Бұл әлем балаға қатерлі, қорқынышты болып көрінеді.

2) сценари туралы шешімдер баланың эмоциясына, оның шындықты бағалауына сәйкес қабылданады.

Мазмұнына байланысты сценарилер үшке бөлінеді:



Жеңімпаз сценариі. Берн мұнда жеңімпаз деп қойған мақсатарына оңай жететінді айтады.

Жеңілгеннің сценариі. Мұнда өзінің қойған мақсаттарына жетепегенді айтамыз.

Жеңімпаз еместің сценариі. Бұл жеңімпаз бен жеңілгеннің орта тұсы. Ол кейде жеңеді, кейде жеңіледі.

Ең бастысы кез келген сценариді өзгертуге болатынын түсіну керек. Ересектік шақта біз балалық шақта жасалған сценари бойынша келе жатқанымызды кейде түсінеміз, кейде түсінбейміз. Көптеген мәселелер осыдан туындайды.

Белгілі бес драйвер: ең жақсы бол, басқаларды қуант, тырыс, мықты бол,асық.

Э. Берннің ойының алты басымдылығы.


  1. Ішкі психологиялық басымдылықтар. Ойындар арқылы мен сценарлық пікірімнің тұрақтылығын сақтаймын. Әр кез мен осы ойынды ойнағанда мен өзімнің пікірімді нығайтамын: біреудің көңілін өзіме аударту үшін мені қабылдамау қажет.

  2. Сыртқы психологиялық басымдылықтар. Мен стресстік жағдайлардан қашамын, олар менің дүниетанымыма күмән келтіруі мүмкін. «Мені соқ» ойнын ойнасам, мен мына сұраққажауап беруден жалтарар едім: «Не болады, егер мен тура позитивті сипалауды сұрасам?»

  3. Ішкі әлеуеметтік басымдылық. Берннің айтуынша, ойындар «жеке өмірінде немесе қоғамдағы псевдоинтимдік әлеуеметтену үшін арнайы жүйені ұсынады».

  4. Сыртқы әлеуеметтік басымдылық. Ойындар бізге біздің әлеуеметтік ортамызда әңгімеге және өсекее тақырып береді.

  5. Биологиялық басымдылық. Бұл ойынның мақсатымен байланысты – сипалауды алу. «Мені ұр» ойынында негативтісипалау басым болғандықтан және мен балалық шақта шешіп қойғам, пазитивті сипалауды алу өте қиын, сондықтан мен негативті сипалаудың жолдарын қарастырғаным жөн.

  6. экзистенционалды басымдылық. Бұл ойынның функциясы өмірлік позицияларды растауда жатыр.

Шарт жасасу. Берн бйынша, контракт бұл екі жақты нақты әрекет ету жоспары.

Контракқа кретіні:



  • қатысушы жақтар;

  • олар бірге не істемекші;

  • бұл қанша уақыт алады;

  • бұл процесстің мақсаты немесе нәтижесі қандай болмақ;

  • олар мақсатқа жеткенін қалай біледі;

  • клиентке қаншалықты пайдалы және ұнамды болады.

Ашық коммуникация. Эрик Берн клиентте, терапевтте істеліп жатқан жұмыс жайлы толық мәліметке ие болғанын қалады. Терапевт пен клиент жеңіл, түсінікті тілде сөйлесулері керек.

Автономдылық. Эрик Берн бойынша идеал автономдылықта деген, бірақ оған нақты анықтама бермеді. Бірақ ол «үш адамның қасиетінің босауы мен толықтырылумен сипатталады: санамен ұғу, аяқ асты ой, интимділік».

Санамен ұғу – бұл жаңа туған нәрестедей сезіп, естіп, көріп, сезіну қабілеттері. Мұндай адам өзінің сезімдерін түсіндірмейді, ата-ана тұрғысынан сипаттамайды.

Аяқ асты ой – қылық-әрекет, ойлар, сезімдердің алуан түрлілігінің ішінен таңдау қабілеті.

Интимділік - өзінің және басқа бір адам арасындағы ашық, айқын сезімдерінің көріністерімен көрсетіледі.

Сонымен біз автонмдылыққа келесідей анықтама бере аламыз – бұл қылық-әрекет, ойлар, сезімдер «қазір және мұнда» шындығына реакциясы болып табылады.

Топтық психотерапия.

Кеңес берудің топтық формалары. Топтық терапияның даму тарихы. «Топтық динамика»,Курт Левин мектебінде «алаң» түсініктерінің қолданылуы. Топтағы динамикалықпроцестер. Топтық терапия процесінің кезеңдері. Лидер және әртүрлі терапевтік топтардағы жұмыс. Тренердің ролдік позициясы. Әлеуметтік –психологиялық тренинг. Тренинг топтар; тарихы, дамуы, негізгі түсініктері және жүргізілу барысы.


Кездесу топтары.

Тарихы және дамуы. Негізгі түсініктері, өзін ашу, өзіндік сана сезімі, жауапкершілік, сезімдеріне назар аудару,, осы жерде және қазір. Негізгі жүргізілу барысы,байланыс, сенімді қатынас орнату, дау-дамайды зерттеу, қарсылық білдіруді зерттеу, қолдау көрсету. Бағалау; жетістіктері және шектеулері.



Психодрама

Тарихы, дамуы, негізгі түсініктер (ролдік ойын, катарис, инсайт) және жүргізілу барысы. Бағытты бағалау. Психодрама дағдыларына үйрету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет