Реферат «Адамзаттың бұлбұлы»



бет1/5
Дата05.07.2022
өлшемі53,11 Kb.
#147291
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
МОЛЯ РЕФЕРАТ


Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
«Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ

Ғылыми жұмыс


Реферат
«Адамзаттың бұлбұлы» Әсет Найманбайұлы
Орындаған:Қабкен М.Е

Нұрсұлтан 2021

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..........................................................................................................3
I.Өмірбаяны.......................................................................................................4
1.1.Қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін салушы.........................................9.
II.Шығармашылығы........................................................................................14
2.1.Әсет-ақын...................................................................................................14
2.2.Бейтаныс поэма..........................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................27

Кіріспе


Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып делебені, әсерлі етіп.
Ілияс Жансүгіров

Ақтабан болып шұбырса да, жорық кезеңдерде «қайырлы болсын Сіздерге» деп өз жұртынан ауа көшсе де, қолдан жасалған аштықтың құрбаны болса да, елім деген азаматтарды азапқа салып, жанын қинап, шімірікпей қиса да рухы өлмеген әлемде бір халық болса – сол біздің Қазақ. Басынан қаншама қиын-қыстау кезең өткенменен еңсені тіктеп, егемендікке жеткен де – Қазақ. Қазақтың рухын төмендетпей, әрдайым ұштап отырған халқымыздың рухани жәдігерлері екені даусыз шындық. Рухани жәдігерлеріміздің ішінде мақтаныш етер бай мұрамыздың бірі – дәстүрлі әндер. Музыка зерттеушілерінің айтуына қарағанда, халқымызда 12 мыңға жуық ән бар көрінеді. Бұл – қазақ халқының әншілік өнерінің сан ғасырлық даму тарихы бар екендігінің бірден бір айғағы болса керек.


А.Байтұрсынұлы: «Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде салып толғай алуында» - деп, ақын поэзияссының халық тілегінің айнасы екендігін әдеби шығарма тек көркемдік қасиетімен ғана емес,қоғамның дамуына игілікті әсерімен бағаланатындығы турасында ой түйген ғалымның сөз зергерінің шығармашылығының талғамдық мәнін ашып көрсетуі құнды.
Осыншама бай мұра бізге оңай жеткен жоқ. Әр ғасырдың сан салада дара тұлғалары болғаны да тарихтан белгілі. Дәстүрлі ән өнерінде ғана емес, «айтыс» өнерінде де өзіндік ірі із қалдыра білген, сонымен қатар халқымыздың бай ауыз әдебиетімен де сусындай өсіп, жадынан шығарған небір меруерттей қастерлі сөздерді қиыннан қиыстырып қисса-дастандарға айналдырған зерделі де білімді, алғыр да дарынды, ұлы тұлғаларымыздың бірегейі – Әсет Найманбайұлы.

Әсеттің кіндік қаны тамған Қызыларай-Ақсораңның бір етегінде һас Сақ дәуірінің шағын макеті Бегазы-Дәндібай мәдениеті жатыр.Екінші бір етегінде Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханның ата-бабасы жерленген Төретам тұр.Балқаш көліне жер астынан құятын Тоқырауын өзенінің жағасын Әшімтай,Аққыз,Мағауиялардың домбырасы сиқыр сазға бөлеген.Атой салып Абылай өткен,қаңғырып қалмақ кеткен жер бұл.


1867 жылы шілде айында Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарасты сегізінші ауылда (Қазақ совет энциклопедиясы,1973 жыл,2 том,45 бет),қазіргі Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданының,Қызыларай селолық округінде дүниеге келген.Осы маңдағы Қызыларай,Керегетастаулары Қаршығалы өзені Әсеттің ата-мекені. Әсет Арғын тайпасының Қаракесек руы ішінде Майлық бұтағынан тарайтын Қожамберлі деген атадан шыққан. Оның өмірбаяны, шығармашылық мұрасы Кеңес өкіметінің кезінде-ақ көптің көңілін аударып, қазақ халқының рухани мұрасына қосылған "інжу-маржан" деп танылған, Әсет Найманбайұлының сөзі сегіз қырлы, бір сырлы талантына лайық «Адамзаттың бұлбұлы» атанған.Әсеттің туған, өскен ортасы әлдеқашан баршаға мәлім болса да кейінгі кезде көпке өзіндік жазушылық онер өрнегімен танылған талантты жазушы Қабдеш Жұмаділовтің оны Қытай жерінде, шәуешекте туған, сондаөскен етіп көрсетуі шындықтан шығандап кету болып көрінгенін айтпасқа болмады. Қазақта «Күн ортақ,Ай ортақ, жақсы ортақ» деген тәмсіл бар. Ал, Әсет сияқты өнерпаз Қытайда тумай-ақ өзінің ата-бабасының мекенінде туса да бүкіл қазаққа, әрісі алты Алашқа ортақ емес деп кім айта алады?
Әсеттің рулас туыстары атақты ұстаз Әбдірақым Смағұлов, белгілі ақын Ғабдиман Игенсартов,Мұхтар Өмірзақов және Әсет шығармаларын ел ара-сынан жинап, мұрағаттарға тапсыруда еңбек сіңіргенжурналист Оспанбай Орынтаев үлкен таланттың өмір жолын, туындыларын зерттеп өз пікірлерін жазып қалдырған. Егер Әсет Қытайда туып, өссе,Кеңес өкіметі кезінде оның шығармалары біздің слімізге жетпес та еді, құлағымызға тимес те еді.
Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермекас кедей адамдар болған. Туған жерден жұмыс іздеп әуелі Семейге, кейін бір саудагерге жалданып, Мақаншы ауданына барған. Семейде Найманбай Әсетті медресеге оқуға береді. Мұнда ол жазушы Сапарғали Бегалиннің әкесі Ысқақпен бірге бір жыл бірге оқиды. Одан кейін Бақты селосына (Мақаншыдан)қоныс аударуына байланысты қазақ-орыс мектебіне қабылданып, кейін Лепсі қамалында медреседе оқып тәрбиеленеді. Медреседе араб, парсы тілдерін
үйренеді. Әсет бала кезінде өте зерек болыпты. Сол шақтың өзінде орыс, араб, парсы тілдерінде еркіне сөйлеп, тақпақтап өлең шығаратындығымен жұрт көзіне түсе бастайды, Жас адам үшін ғылым мен білімнің, имандылықтың орны ерекше екенін өлөндеріне қосып, жастарды білімді меңгеруге шақырады.
Дүниеге адам болып жаралған соң,
Білімсіз құрт жүрегінің - бейне есек.
«Ақыл - қанат, ғылым - дос, иман - серік» деген сөздерінен осындай пиғыл аңғарылады. Әсет өлеңдерін тыңдаған хазірет: «Жоқ, мынауың сайтанның азаны емес екен. Оқимын десең, оқи бер.Оқымаймын десең, батамды берейін», - деген көрінеді, Содан оқуды тастап, Әсет біржолата өлеңқуып кетіпті. Оның:
Атым - Әсет, ұраным арғын шордан,
Құт дария қырандай шықтым молдан.
Хазіреттің қасында шәкірт едім,
Адастырды осы өлең орта жолдан, дейтіні осыдан, Әсеттің өмірбаяны жөнінде естелік жазушылар Оның мінезі,түр тұлғасы және әдеттері туралы бірыңғай пікір білдіреді. Олардың айтуынша Әсет орта бойлы, балуан тұлғалы, денесі шымыр, дөңгелек жүзді, қара күз,қой көзді адам болған. Ол көп сөйлемейтін, мінезі ауыр, көбінесе ой үстінде жүретін, әңді аса бір қимаған жағдайдағы отырыста шырқататын. Ол домбырада да, гармонда да қатар ойнайтын. Айтулы шығармасын жұрт сұрағанда ғана айтатын. Ауыз қалжыңды, біреуді сыртынан даттап сөйлегенді ұнатпайтын. Жұрт көзіне ерекше түсетіндей жарқырап киінбейтін, қарта ойнағанды, аң аулап, құс атқанды жақтырмайтын. Шаңқай боз бен қанжирен атты,қандай жорға, жүйрік болса да қаламайтын, қоңыр қарагер, торы түсті атқа мінуді ұнататын. Жұма күні қандай жағдайда болса да тас булау жасатып терлеп, жуынып, сақал-мұртын бастырып, шашын қардырып отыратын. Үйде отырғанда басына тақия,жазда шашақты маржан өткізген ақ қалпақ, күзде саусар бөрік, қыста түлкі тымақ киетін, Сағатын дәл түскі он екіде бұрайтын, жолға шығар болса таңертеңгі тоғыздан қалса, ол күні сапарға аттанбайтын, көбіне сәрсенбі, бейсенбі күндерінде жолға шығатын. Жазатын қағазын дымқыл жерге қойып, сия қарындашпен жазатын. Ол жәдитше де,қадимше де жаза беретін, татар, түрік тілдеріндеқатесіз сөйлейтін де, құранды да мәнерлі ережесімен сауатты оқып, және оның әрбір сүресін өлеңмен аударып, жұртқа түсіндіретін делінеді.
Әсеттің азан айтып қойған есімі «Хикімет» екен. Әсет әні мен сөзін өзі жазған «Хикіметінде»:
«Хикімет азан айтып қойған атым,
Есіне ап әкем жиі ойланатын.
Даналық деген сөзі ол арабтың
Өнерге болдым білем содан жақын.
Елеусіз көптің сөзі қалмасын деп
Әдейі қойдым арнап әннің атын», - дейді Хикіметті қойып, Әсет атануына келсек, әкесі Найманбай баласының атын кейін өзі өзгертіпті,себебі, бірінші Хикімет өте ауыр ат, екінші балам қашан туғанын біліп жүрсін деп, арабша Әсет (арыстан) айында туғандыктан Әсет деп өзгертіпті. Әсет айы шілде, тамыз айына келеді. Біздің бала кезімізде Ауылдың ең үлкен ақсақалы Байжұманов Смағұл (Әсеттің 7 жас үлкен халық «батыр» деп атайтын) Каршығалы өзенінің бойындағы «Тастыбұлақ» деген суы мол бұлақты «Әсет туған бұлақ» деп көрсететін. Халықтың бәрі «Әсет бұлағы» деп кеткендігі сондықтан.
Ал Әсеттің әкесінің Керегетастағы қыстағы осы жерден бас аяғы 7-8 шақырымдай ғана жерде.
Әсет шығармаларын зерттеп, жариялауда көп төсінде еңбек сіңірген ғалым Балтабай Адамбаев. Әсет халық арасында ән салып, өлең шығарумен ғана шектелмей халық басына қиыншылық түскенде қасынан табылып, жасығанда ақылшысы, рухтандырушы болғанын нақтылы дәлелдер келтіре отырып айтады. 1916 жылы соғыстың қара жұмысына қазақтан адам алу туралы патшаның жарлығы шыққанда Әсет оған қарсы батыл әрекет жасайды. Үржар,Шарбақты, Алакөл, Еміл-Барлық, Көктал болыстарын аралап, жалынды өлеңдерін жазып таратады,елді патшаға жігіт бермей көтеріліс жасауға шақырады.
Әсетпен бұрыннан пікірлес Алакөлдің болысы Омар Мейірманов қарамағындағы болыстығынан адам беруден бас тартып, елді Қытайға қарай көшуге жиыстырады. Оқиғадан хабар алған ояз (уезд) әкімшілігі 200 атты әскерден тұратын жазалаушы отряд шығарады. Омар Мейірмановты Жаманкөл Деген жерден ұстап әкетіп,Алакөлде атып кетеді.
Содан кейін жазалаушылар Әсет ақынды іздейді.Міне, осы уақытта, яғни 1916 жылы Әсет патшаның жазалаушыларынан бой тасалап, Қытай жеріне өтіп кетеді.Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Қытаймен шекарабекітіле бастайды.Бекеттер салынып, әрі бері екі жаққа ағылып өтушілер азаяды.Соған қарамастан жасырын келушілер тоқтамайды. Ата қоныс- Қазақстанда не болып жатқанын, большевиктердің бір халықты екіге бөліп, тап күресі легенді басшылыққа алып қазақ халқының бетке ұстар, бедел тұтар ұл-қыздарын атып, асып, түрмеге жауып, жер аударып жазалауға кіріскенінен де хабар алып отырды.Әсет осындай жағымсыз хабардың әсерімен большевиктер саясатына қарсылық ретінде өлеңдер жазады:
Асуға ат шықпаған арба шықты,
Қыранды қанды балақ қарға жықты.
Құл-сұлтан, күң-ханша болған заман,
Кешегі торғай билеп самұрықты.
Қопада қабан соққан жолбарыстар,
Жалтаңда қоян көрсе, жарға бұқты.
Білімсіз, өңкей надан, жалаңаяқ,
Бүлдірді-ау Ресейді аямай-ақ.
Айтпай ма кісі ұғарлық сөзі болса,
Дікілдеп мылтықтарын таямай-ақ
Не үлкен, не кішіге рақымы жоқ,
Көрмеген өмірінде адам аяп…
Кедейлер еңбегімен күн көрмей ме,
Бас салып байдың малын таламай-ақ.
Мал ортақ, баспана ортақ, қатын ортақ,
Ішек ас, бірге болмақ қазан-аяқ.
Әсеттің бұл өлеңі де көп кешікпей, қолы ұзын,құлағы түрік Қытайға жасырын жіберілген ГПУ тыңшыларының қолына түседі. Олар Кеңес өкіметі үшін Әсет сияқты тілі бар, үні бар, халыққа беделді «жаулар» екі есе қауіпті деп есептеп, оны қанды мылтығының қарауылына алады.
Көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділов 2004 жылы«Жұлдыз» журналының 4 нөмірінде жарияланған "Тұл дүние" хикаятында Шәуешекте консулдықтын қызметкерлері деген жамылғы атпен жүрген ГПУ-дың салпаңқұлақ сақшылары, патшаның ақ офицерлері мен генералдарын қақпанға тусіріп,көздерін жоюмен қатар қазақтан шыққан би, болыстарды, байларды ақындарды қоюға да тапсырма кіріскенін жазады. Ол тізімнің басында Әсетақын тұрғаны ақиқат. Айласы мол, құдіреті күшті ГПУжансыздары Әсеттің соңынан қалмай, көзін жоюға белсене кіріседі. Түрмеге жабады, тергеуге алады.Таныстары мен достарының көмегімен түрмеденбосап шығады. Біраз тыныққаннан кейін ел аралауға аттанады. Осы сапар Әсеттің ең соңғы ел аралап, ән салуы болады. Көптен білетін ескі таныстарының бірі Ғапары қажының ауылына қасына ерген Қадірі хан, Бітімші деген көмекшілері, достарымен келеді.Әсет жүрген жерде ән жүретіні белгілі. Ел жиналып,ән айтуын сұрайды, «Бәйге аттар аяғынан кетсе,әншілер тамағынан кетеді», - деген сөз өмірден алынған ғой, Әсеттің кейінгі кезде тамағы ауыратын болғандықтан, Қытай қазақтарының салты бойынша,дауысын ашу үшін мұсатыр жалайды екен. Сондай сәтті көз жазбай бақылап жүрген Кеңес чекистерінің жансызы мұсатыр орнына ақ алмас береді. Оны қабылдаған Әсет содан уланып өледі. Сөйтіп Әсет Найманбаев Қытайда 1923 жылы 56 жасында кайтыс болған. Ақынның сүйегі Сайрамкөл дейтін көлдің жағасында қойылған.
Өлер алдында Тәтежанға:
"Үш арманым бар, -дейді: бірінші - артымда екі жетім балам қалды,қызымды ұзатып, ұлымды бастап-баулып,ел қатарына қоса алмадым; өлеңдерімді баспа орнына бере алмадым; үшінші сүйегім туып-өскен жерімде қалмады, «Уа, дариға-ай!», - деп екі қолын төбесіне қойып жатты да тағы да көзін ашып алды. Маған қарап; «Тәтежанға сәлем де, тез орыс жеріне көшсін, екі баланы өз еліне жеткізсін!…» деді де азаматтың бұлбұлы мәңгі көз жұмды. (Әсет Найманбаев. Шығармалар. Құрастырғандар: Б. Адамбаев, С.Ордалиев, «Жазушы» баспасы, Алматы, 1968 жыл 16 бет)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет