Реферат «Адамзаттың бұлбұлы»



бет5/5
Дата05.07.2022
өлшемі53,11 Kb.
#147291
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
МОЛЯ РЕФЕРАТ

Қорытынды
XX ғасыр басындағы әдебиеттің жаңа дәуірін шығармашылықпен өркендеткен Әсет ақынның поэтикасындағы қисса жанры,ән өлеңдері мен айтыс саласындағы мол мұраларының әлі де болса,толыққанды,әрі толымды түрде жиналып,жан жақты ғылыми зерделеніп,сол кезеңдегі әдебиет тарихынан өзіндік бағасын алып,әдеби процесстегі өз орнын тауып,түрлі әдеби-ғылыми жинақтарға енбеген ақынның артында қалған туындылары баршылық.
Кенен Әзірбаев атамыз Әсет жөнінде : «Әлі есімде. Жас кезім. Атағым жаңа шыққан әншімін. Іле бойында үш жүз ақ боз үй тігілді. Жарты ай бойы сауық, бәйге, көкпар, салым, күрес болды. Күн сайын кешке қарай өнер таласы, әншілік сайысы басталады. Міне, осы жиында Әсетті көрдім. Өзім көрген әншілердің ішінен Әміре болмаса, Әсетке пар келер ешқайсысы жоқ-ау! Оның үстіне киген төңірегін зерлеген қызыл мәуіті шапанына дейін көз алдымда қалды» - деген. Ал белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы Әсет жайлы өз ойын былайша түйіндейді: «Әсет қазақ жырының ғаламат сұлулығы мен ұлылығын, қазақ тілінің телегей теңіз байлығы мен орасан зор оралымдығын көзге шұқып көрсеткен ақындарымыздың бірі һәм бірегейі еді. Қазақтың қара өлеңінің Құлагері Ілияс Жансүгіровтің алтын бастауы осы біздің Әсетте жатыр. Ілекеңнің «Күй», «Күйші», «Құлагер» дастандарындағы төгілген әуен, ыршыған ырғақтар, қазақ тілінің ғажайып бояу өрнектері көзге Әсет жырының асау ағысын елестетеді.
Әсет Найманбайұлы келер ұрпаққа үлкен мұра қалдырды. Өкінішке орай көзі тірісінде,әндерін жинақтап үлгермеді.Бүгінде Әсет Найманбайұлының қазақ мәдениетіне,қазақ өнеріне әдебиеттің діни-тәлімгерлік, демократтық-тәлімгерлік,ұлт азаттық бағыттарныа өзінің орасан үлесін қосты.
Әсет Найманбайұлы сияқты өнерпаз бүкіл қазаққа,әрісі алты алашқа ортақ.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Мәсімханұлы Д. Таңдамалы 1-ші т.

  2. Аршабек Т. Арқаның Әсет ақыны\Т.Аршабек,-2017

  3. Ақпанбаева Т. Өнегелі өмір белестері\Т.Ақпанбаева 2003

  4. Толыбаев Қ.Әсет\Қ.Толыбаев;ред.А.Тұрлыбаева -1995

  5. Ердембеков Б Пушкин-Абай-Әсет\ Б.Ердембеков\\Қазақ тілі мен Әдебиеті,2007,№7, с55-65

  6. Ақсұңқарұлы С.Құлжадан Әсет қайтты Ақсораңға\Ақсораңұлы С.\\Орталық Қазақстан,-Қарағанды,2007, 2 тамыз, с 5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет