1.1.Қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін салушы Қытай халық Республикасы – 1949 жылы құрылған коммунистік партия басшылық ететін социалистік мемлекет.Жер көлемі 9 миллион 600 мың шақырыи шаршы километр.Дүниежүзі жан санының негізінен 1/3 – і осы елдің түрғыны.Негізгі халық есептелетін қытайлар ел жан санының 96% ін құрайды. Қытай елі әкімшілік жағынан 22 өлке,5 автономиялы районға бөлінеді.Қытайдан басқа 55 ұлт өмір сүреді.Соның бірі – қазақ ұлты.Ал ондағы қазақтар өмір сүріп отырған Шығыс Түркістанның солтүстік өңірі-табиғаты тамаша,жаратылысы аса көркем аймақ.Шығыстан батысқа көлбеп,көсіліп жатқан әйгілі Тәңіртауының (Тянь-Шань) терістігі мен атақты Алтай,Тарбағатай таулары- ежелден бері қазақтың ата қонысы,құт мекені.
«Қазақ қытайлары» деген ұғым қашан,қалай қалыптасты?! – деген сұрақ туындайды. Қытай қазақтары бүгінгі Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Іле қазақ автономиялық облысының Алтай,Тарбағатай,Іле аймақтарында,Санжы,Бұратала облыстарында,Құмыл аймағында, Гәнсу өлкесінде өмір сүріп отырған екі миллиондай қандастарымыз.Біреулер ол қазақтарды ежелден сол жердің ,сол елдің тұрғыны деп қараса,тағы біреулер XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы нәубетте ауып барады деп есептейді.
XX ғасырдың басына келгенде, күллі қазақ даласының түпкір-түпкірінен ұлттың ары мен намысын, азаттығы мен теңдігін ойлаған, армандаған есіл ерлер бас біріктіріп,тізе қосып Алаш партиясын құрғаны белгілі.Кейін Қазақстанда Кеңес үкіметі орнап,алашшылар қудаланып, оның көсемдері жаппай қырғынға ұшырай бастағанда,сол алашшыл бағыт ұстанушылардың біразы қытай асып кеткен тұғын. Сөйтіп алашшылар Қазақстанда жүзеге Қазақстанда жүзеге асыра алмаған арманын,Шығыс Түркістанда жүзеге асыруға әрекеттенеді. А.Үлімжіұлы,Ә.Найманбаев , К.Маралбайұлы, Т.Жолдыұлы, Ш.Әлғазыұлы қатарлы ақындар ұлт азаттық идеясының жанкешті насихаттаушылары ретінде, өздерінің саналы ғұмырларын сол қасиетті мұрат-мақсат жолына арнады.Ж.Шаихисламұлы,К.Маралбайұлы,Ә.Найманбаев қатарлы ақындар , қытай отаршылдарының тынымсыз қудалануына ұшырап, ақыры белгісіз жұмбақ өлімдермен көз жұмды.
Әсет Найманбайұлы қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі екендігін жұрттың бәрі біле бермесе керек.Әсеттің қытай қазақтары өлең-ән өнерінің өркен жаюына жасаған ықпалы мен сол жолда төккен терін күні бүгінге тарих таразысына салып, тиісьі бағасын бере алмай келеміз. Әсеттің өзге ақындардан гөрі,ондағы қандастарымыздың рухани өміріне тез де терең енуінің басты сыры оның өз өлеңдерін дерлік әуенмен айшықтап,сазбен сәндеп таратуында. Әлі де болса баспа технологиясынаг игіліктене алмай отырған қытай қазақтары үшін ол кезде Әсеттің жұрт жүрегіне әнмен жол табуы- өнерден гөрі ағартушылыққа пара-пар болып еді. Себебі ақын салдық құрып жүргенде тек қана «Мақпал», «Қоңыр қаз», «Қисмет» секілді әндерін ғана шырқап,жалаң қазақ қуып кетпеген.Сол әндерінің ара-арасында:
Қалдың ба,қайран қазақ, қамданбастан,
Барыңды қолыңдағы малданбастан?
Біріңе-бірің серік екеу болып,
Кемшілік жетпегенің жалғанбастан.
Білмейсің пайданы да,залалды да,
Құр думанға кеттік қой болып мастан.
Ойда орыс,қырда қытай не істеп жүр,
Елдік құрсақ болмас па әуел бастан?
Бұрыңғы атамыздан із қалмаған,
Бірлі жарым болмаса көзін ашқан.
Елдік құрсақ болмас па әуел бастан?
Бұрынғы атамыздан із қалмаған,
Бірлі-жарым болмаса көзін ашқан.
Білгенге ермей, білімге көңіл бөлмей,
Кор болдық ешнорсеге жарамастан.
Алты бақан, ала ауыз түрді көріп,
Қасқырлар езді алқымнан аямастан.
Қазақтын осы күні көпшілігі
Айырылды киер киім, шер астан.
Айырылып ата қоныс, мал мүлкімен,
Ақыры шыбын жанын алып қашқан.
Күйзелген ел,, жығылған туды көрмей,
Бір-біріне ойлайтының әлі қастан,-деген секілді халықтың санасына санлау ашуды, көкірек Көзін оятуды тақсаттаған ән-жырлары жиі орындалатын.
Өйткені Әсеи орыс бодандығына өтіп, "киер киімге, ішер асқа» жарымай «сорлап» қалған қазақтың кебін кимеу үшін,Шығыс Түркістан қазақтарын оятуды өз парызым, азаматтық борышым деп білген. Сондықтан да ақын өзін төбесіне көтеріп отырған сол шығыс түркістандық қандастарын:
Қулық, сұмдық, бас қамы баққанымыз,
Қыз бен қымыз қыдырып тапқанымыз,
Өнер, білім. бізге жоқ мәдениет,
Қысылсақ, аяқ асты жатпағымыз.
Пайдасыз дау, осек пен қулық, сүмдық,
Бұл сөздерді келеді жаттағымыз.
Ұйқы, еріншек,надандық,маскүнемдік.
Інжуді су моншаққа сатпағымыз,-
деп шырт ұйқыдан оята бастады.Әрине ақын еңбегі далаға кеткен жоқ, Осы тақылеттес жыр жолдары ән қанатымен әуелеп күллі Шыгыс Түркістан даласын шарлар кетті. Сөйтіп сезімі сергек, көкірегі ояу өнер адамдары Әсет ақынның әнімен қоса, жаңағыдай жанашыр ойларын да іліп әкетіп, өз жандарынан да қосып той жиында жалындата шырқап, өз жандарынан да қосып жіберіп, жүртты оятуға мықтап кіріседі. Осының нәтижесінде, Шығыс Түркістандағы қандастарымыздың ән-жыр өнері гана өсіп қалмастан, жалпы халықтың азаттыққа ұмтылысы да өсе түскені құпия емес. Мәселен,XX жылдардағы Шығыс Түркістан уақытша үкіметінің құрылуы ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдарындағы Іле аймағы қазақ үйғырларының үлт-азаттық көтерілістері, 40-шы жылдардағы Шығыс Түркістан уақытша үкіметінің құрылуы дегендердің бәріне, жалаң саяси насихатшы, әскери,ұйымдастырушылар мұрындық болған десек, қатты қателескен болар едік. Өйткені халықтың құрал алып майданға шығуының алдында, олардың ояну процесі болады. Міне,осы ояну процесінде адебиет-өнер қайраткерлерініңтуындылары шешуші рөл атқарғаны белгілі.
Дәл осы тұстарда өмір сүрген Ақыт Үлімжіұлы, Жүсіпбек қожа Шаихсламұлы, Көдек Маралбайүлы, Таңжарық Жолдыұлы қатарлы ақындардың шығармалары ондағы қазақ-ұйғыр жұртының оянуына, қытай отаршылдығына қарсы күрес ашуына тікелей мұрындық болғанын астын сызып айтуға хақылымыз, Басқа ақындардай емес, әсіресе Әсеттің белгілі бір орында түрақтамай, «салдық» желеуімен елді аралап жүріп, айтарын әуенмен, әнмен әдіптеп жеткізуі ұлт-азаттық төңкерісінің оттығына май құйып жібергенмен пара-пар болды. Ақын:
Қалам тарт, қалма ғапыл, талаптанып,
Шыққанша шың-мақсатқа азаптанып.
Еріншек, үйқы, жалқау кейін тартар,
Жасайды ғылымсыз жас салақтанып.
Бөрі жау айналанның аңдып жүрген,
Сайлап ал оған қару жарақтанып.
Кісі өлтіріп, мал талап әдепсіз боп,
Бұрынғыда бар ма екен бұ дүшпандық.
Басшысы адамзаттын шалғай жатыр,
Жете алмай, қытай жаққа жылыстадық-деп толғайды. Әсет Найманбайұлы Қытай жеріне 1916 жылы біржола қоныс аударды,Әрине оның алдында Әсеттің серілікпен бірнеше дүркін Қытайдағы қазақтар арасындаболып қайтқаны белгілі.Сол 1916 жылдан соңғы сағаттарына дейін ақын бар өмірін Алтай-Сауыр, Майлы-Жәйір, Іле-Текес өңірінде салдық құрып өткізді. Бұған ақынның:
Жапаны жаудан көрген шығайын деп.
Мен келдім бұл тарапқа ризық айдап,-деген өлең жолдарынан немесе:
Қамалып жүрдік Майлы-Жәйір тауда,
Мал емес, шыбын жанды етіп сауға.
Шәуешек даутайына тағзым қалдық,
Қамы деп тіршіліктің жан сақтауға.
Немесе:
Жын, Жымпан, Тақияның қыстауы бір,
Қарыс жер Бұратана айналасы.
Жатырмыз Қоныроба сазды жайлап,
Сапырып сары қымыз бие байлап.
Ішінде өстім албан-қызай елдің,
Жерлерін Күнес-Текес мекендедім.
Қызайга үйден шықтым июнь айда,
Ауылым Сайрам көлі деген жайда,-деп басталатын ұзақ толғауларының бәріне Әсет ақынның қытай жеріндегі өмір соқпақтарын аңғаруға болады. Міне,өзінде, ондағы ағайындар арасын түгел шарлап, жүрген ақын сол Шығыс Түркістан жерінде өткен оншақты жылының тұрған жерінде «арқыратып ағызып ән өзенін, толқынымен жүректі жадыратып» өткені анық.
Сонымен, қазақтың кең даласын, үш жүздің елін әнімен
тербеген бұлбұл көмей, жез таңдай - әнші-сазгер Әсет,
ақын Өсет, ағартушы Әсет 1923 жылы Қытайдағы Іле
аймағының «Кокқамыр» деген жайлауында, Ғафари деген
татар байынын үйінде қайтыс болды. Содан шығыс
түркістандықтардың қытайға қарсы ұлт-азаттық соғысы,
кейінгі қытайда жүргізілген "мәдени төңкеріс» аяқталған
сон барын, 1966 жылы тамыз айында, Көкқамыр жайлауының
«Тасжота» мазарлығында жатқан ақынның басына үлкен
кесене орнатылды.