Орындаған:Тәжен Мақпал логопедия 2 топ Тексерген:Хаби Айгерім
2022 жыл
Жоспар:
Афазия ауруына жалпы сипаттама.
Афазияның турлері оның айырмашылықтары.
Афазияны жою жөніндегі педагогикалық түзету жұмысының бағыттары.
Афазия Сөйлеудің бұзылуы
Афазия Сөйлеудің бұзылуыКлиникалық практикада сөйлеудің бұзылуының келесі түрлері белгілі: :афазиядизартрияалалиямутизмЖалпы сөйлеудің дамымауы Афазия – дамыған сөйлеудің орталықтан бұзылуы. Яғни адамның өзінің ойларын жеткізу үшін және қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату үшін жартылай немесе толығымен сөйлеудің бұзылуы, бұл кезде артикуляция мен есту функциялары бұзылмаған. Афазия түрлері – моторлы, сенсорлы, амнестикалықМоторлы афазия – өздігімен сөйлей алмайды. Науқас өзінің есінде қалған жеке сөздермен буындарды қайталайды (сөйлеу эмбол). Жеке сөздерді қысқа сөйлемдерді, нұсқауларды және жазылған сөздерді түсінеді. Моторлы афазия сол жақ маңдай иірімінің артқы төменгі бөліктерінің (Брок зонасы) зақымдалу кезінде дамиды.Науқас өзінің қателіктерін түсінеді.Сенсорлы афазия – науқас өзінің және басқалардың да сөйлегенін түсінбейді.Науқас сөйлеуді шу ретінде немесе өзіне түсініксіз тілде сөйлеп тұрғандай сезінеді. Науқас көп және тез сөйлейді (логорея), бірақ сөйлеуі басқаларға түсініксіз. Сөйлем мағынасыз, қажетсіз, түсініксіз дыбыстардан (сөздік окрошка) тұратын сөйлеудің бұзылуы. Сенсорлы афазия сол жақ самай бөлігінің (жоғарғы самай иірімінің ортаңғы және артқы бөлігінде – Вернике зонасы) зақымдалуы кезінде дамиды.Амнестикалық афазия – төбе мен самай бөлігінің төменгі және артқы бөліктері зақымдалған кезде дамиды және науқастың заттардың атын ұмытуымен сипатталады. Науқас заттың не үшін қажет екенін біле тұра, қандай зат екенін айта алмайды. Мысалы, қаламды көрсетсек, ол оны «жазу үшін қажет» деп айтады. Егерде, сыбырласа ол дәл тауып айтады. Мутизм – сөйлеу аппаратының жұмысы бұзылмаған кездегі науқастың сөйлемеуі. Көбіне реактивті неврозда, истерияда, психикалық ауруларда (шизофрения) кездеседі. Алалия – үш жасқа дейінгі қыртысты сөйлеу зоналарының зақымдалуы кезіндегі жүйелі түрде сөйлеудің дамымауы. Алалия афазия сияқты моторлы және сенсорлы деп бөлінеді. Дизартрия - артикуляцияның бұзылуы, ол орталық (екі жақты зақымдалуы кезінде ) болуы мүмкін және перифериялық (сөйлеуге қатысатын бұлшықеттер параличі кезінде) немесе мишық зақымдалғанда, стриопаллидарлы жүйе зақымдалған кезде кездеседі. Дизартрия кезінде науқас сөздері дұрыс құралған, сөз қоры қалыпты, бірақ кейбір сөздерді айтқан кезде артикуляция үшін қиын әріптерді айта алмайды. Мысалы, «р», «л», әріптерГнозис және оның бұзылыстарыГнозис (греч. gnosis — білу, білім) — бұл заттарды сезім мүшелері арқылы қабылдап, тану. Оның бұзылысы– агнозия деп аталады. Көбінесе, екіншілік зоналар деңгейіндегі қандайда бір анализатордың зақымдалуы кезінде пайда болады. Көру агнозиясы шүйде бөлігінің сыртқы аймақтары зақымдалған кезде пайда болады. Науқас заттарды танымайды, тек олардың кейбір қасиеттерін ғана көреді, соған байланысты сол зат туралы мағлумат жинайды. Жиі науқастар «білмеймін», «көрмеймін» деп жауап береді, бірақ заттарға соғылмай айналып өтеді. Есту агнозиясы заттарды көрмеу, оларға тән дыбыстар арқылы заттарды ажырата алмау. Бұл кезде есте анализаторы зақымдалмаған. Есту агнозиясы доминатты жарты шардағы самай бөлігіндегі екіншілік зоналар зақымдалған кезде дамиды. Сенситивті агнозия (астереогноз) – көзді жауып тұрып заттарды ұстау арқылы ажырата білу. Орталық артқы иірімнен кейнгі төбе бөлігіндегі екінші зона зақымдалған кезде пайда болады. Иіс және дәм сезу агнозиясы сирек кездеседі жәнеде көбіне аносмиямен агевзиядан айыру өте қиын.Праксис және оның бұзылыстарыПраксис ( греч. praxis — қимыл) – жоспар бойынша рет-ретімен мақсатты қимыл қозғалыс. Идеаторлы апраксияжоспар жоқтығынан күрделі қимыл қозғалыстарды жасай алмау, бұл кезде қимылдардың реттілігі бұзылады (Мысалы, науқасқа темекіні тұтатып көрсетуді сұраған кезде, ол темекімен сіріңке қорабын тұтатады, сондан кейін сіріңкені алып аузына салады). Доминантты жарты шардағы (оңанақайларда сол жақ) төбе бөлігіндегі қыр үсті иірім ( gyrus supramarginalis) зақымдалған кезде дамиды және әрдайым екіжақты болады. Конструктивті апраксия кезінде қимылдың бағыты бұзылады, науқастар бөліктерден бір бүтін нәрсе шығара алмайды. Мысалы: сіріңкелерден геометриялық фигураларды құрастыру (ромб, квадрат, үшбұрыш). Бұл кезде зақымдалу доминантты жарты шардың төбе бөлігінің бұрышты иірімінде (gyrus angularis) орналасады. Апраксиялық бұзылыстар әрдайым екіжақты. Моторлы апраксиябұл кезде қимылдың тек қана аяқасты еріксіз қозғалысы ғана емес, сонымен қоса бұйрықты орындаумен қайталауы бұзылады. Көбінесе біржақты (мысалы, сүйелді дене зақымдалған кезде тек қана сол жақ қолда).Бас миы жеке бөліктерінің зақымдалу симптомдары Маңдай бөлік симптомдарыКонтралатеральды қол немесе аяқтың орталық параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық алды иірім зақымдалған кезде)Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі)Паркинсонизм, сирек гиперкинездерЯнишевский-Бехтеревтің ұстап алу феноменіМаринеску-Родовичи рефлексі Хоботковый рефлексі Маңдай атаксиясы (астазия-абазия)Моторлы афазия (Брок зонасы)«Жекеленген» аграфия (ортаңғы 2-ші маңдай иірімінің артқы бөлігі)Апатико-абулиялық синдром, маңдай юморы (мория) эйфорияМаңдай бөлігі – тітіркені синдромдарыДжексонның тартылу ұстамалары– тонико-клоникалық (алдыңғы орталық иірім)Оперкулярлы ұстама– ( төменгі маңдай иірімнің жабатын бөлігі)Адверсивті ұстамалар – (ортаңғы маңдай иірімінің артқы бөлігі )Маңдай автоматизм ұстамасы– күрделі пароксизмді психикалық бұзылыстар, тәртібінің бұзылуы, бұл кезде науқастар қоршаған ортаға қайшы келетін қимыл қозғалыстар жасайды (өртеу, өлім).Кіші эпилепсиялық ұстамалар– лезде, бірнеше секунд ішінде науқас сөзі тоқтап, қолынан заттары құлап, көрініс беретін ұстама. Төбе бөлік симптомдары АнестезияАстереогнозАпраксия (доминантты жартышарда) – идеаторлы немесе конструктивтіАутотопагнозия – науқас өзінің дене бөліктерін танымау немесе бұрмалап қабылдау, сол мен оңды айыра алмау Төменгіквадратты гемианопсия – төбе бөлігінің тереңіндеПсевдополимелияАнозогнозияСамай бөлік симптомдарыЕсту агнозиясыЖүйелі бас айналу ұстамасыКонтралатеральды астазия-абазияЖоғарыквадратты гемианопсия – самай бөлік тереңіндеСенсорлы афазияАмнестикалық афазияСамай бөлік – тітіркену симптомдарыГаллюцинациялар және үлкен генерализденген ұстамалар әр түрлі аурамен бірге: Иіс сезу (Гешле иірімі)Дәм сезу (аралша бөлігі)есту (жоғарғы самай иірімі)вестибулярлы (самай, шүйде және төбе бөліктерінің түйіскен жерівисцеральды (медиобазальды бөлім)Түс көрген тәрізді жағдай– ешқашан көрмеген, ешқашан естімеген Самай автоматизмі – ориентировканың бұзылуы – өз үйін танымайды, мақсатсыз қимылдар жасайдыКейде кіші ұстамалар қимыл қозғалыс бұзылуынсыз болуы мүмкін.Шүйде бөлік симптомдарыЖоғарыквадратты гомонимді контрлатеральды гемианопсия (тіл иірімі, ішкі бөлігі)Төменгіквадратты гомонимді контролатеральды гемианопсия (клин)Көру агнозия (сыртқы бөлімі)Алексия (жазуды түсінбеу) шүйде және төбе бөлік шекарасындаАкалькулия (санаудың бұзылу)Контралатеральды атаксияМетаморфоксия (көрген заттарды бұрмалап қабылдау– микропсия, макропсия)Шүйде бөлік тітіркену синдромыФотомдар – шүйде бөліктің ішкі беткейінің тітіркенуі.
Афазияның түрлері
Медициналық және / немесе психологиялық әдебиеттерді дамыту барысында әртүрлі афазиялардың 20-дан астам жіктелімдері бар (Ардила және Росселли, 2007).
Бостон тобы жағдайында үш негізгі кортикальды афазия типтері ерекшеленеді: 1) Броканың афазиясы, 2) Верникенің афазиясы және 3) Кондуктивті афазия (Ардила және Росселли, 2007).