Реферат қазақстан Республикасындағы көпмәдениеттік тәрбие


Рухани-адамгершілік тәрбиесі



бет11/17
Дата25.04.2020
өлшемі48,4 Kb.
#64676
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы көпмәдениеттік тәрбие

Рухани-адамгершілік тәрбиесіөзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның  қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.

● Отбасы тәрбиесі  адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы  арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені  таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі   болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады.

● Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.  Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу,  өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өзін-өзі тану  өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Өзін-өзі тану  нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен  оның мәнін жете түсінеді. 

● Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық)  әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден  дереу және тең әсер алу,  белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.

● Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және  шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде  қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және  түзетуге көмек береді.

● Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және  оған   қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын,  табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және  адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет