Дене шынықтыру тәрбиесі – келешек ұрпақ тәрбиесінің ажырамас бөлігін құрайды. Ол өнегелі, ақыл-ой, эстетика тәрбиесі мен жүзеге асырылады. Жоғары оқу орнындағы дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттері, студенттердің денсаулығын нығайту, дұрыс дамуына көмек беру, тіршілікке қажетті қимылдатқыш дағдыларын үйрету, жігерлік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу. Жан-жақты дене шынықтыру тәрбиесінің әсерлі шараларының бірі қимыл ойындары. Бұл ойын сан түрлі қимылдардан құралғандықтан қимыл ойындары деп аталады. Мұнда ойыншылар әрекеттерінің түрлері және мақсаты, берілген ойынның сюжетіне байланысты анықталады. Қимыл ойындарына өз бетінше шығармашылық қимылдатқыш әрекеттер ән. Қимыл ойындарының шарттары бойынша, ойыншылар саны әр-түрлі болуы мүмкін, сондай-ақ ойыншылардан арнайы дайындық талап етілмейді. Қимыл ойындарының атаулары әр жерде әр-қалай болып келеді. Көрнекті чеш педагогы Ян Амос (1592-1670) «дененің қимылын, шаттықты, тәртіпті ережелерді сақтауды, жеңіске ерлікпен жетуді», ойынның әшекейі деп санаған. Ал, Е. А. Покровскийдің (1838-1895) қимыл ойындарын практикалық өмірге дайындау білімінің ерекше саласы ретінде арнайы үйрену қажеттілігі туралы айтылған ақылы қазіргі заманға сай болып табылады. Қазіргі таңда П.Ф.Лесгафтың қимыл ойындарына байланысты негізгі талаптары өз мағынасын жоғалтпаған: 1. Әр ойынның өтілуінің алдына белгілі міндет қою. 2. Ойын қатысушылардың жасына, күшіне, қабілеттеріне сай болуы керек. 3. Ойыншылардың жақсы сезімдерін, шығармашылық ынталарын, өз бетінше әрекеттерін көрсетуін қамтамасыз ету. 4. Ойындарды ұйымдастыруда жүйелілікті сақтау. Білімгер жастарға қимыл ойындары демалудың маңызды болуына көмектеседі, дене шынықтыруымен шұғылданатын 3 білімгердің дене күштерін нығайтады. Педагогикалық тұрғыда қолдануда олар, білімгерлердің жігерлі қимылдатқыш белсенділігін көрсетуге спорт оқуларына қызығушылығын тудыру көмектеседі. Дене шынықтыру сабақтарында кейбір қимыл ойындарының қолдануы бағдарламада қосымша жаттығулар ретінде көрсетілген, олар: жеңіл атлетикадан, волейболдан, баскетболдан тұрады. Спорттық секциялардың сабақтарында қимыл ойындарына жаттығу процесінде қосылады. Жаттығуға қосылған ойындардың шамамен алынған тізгіні: қарсы жақпен тікелей шектесу, топтық ойындары, жүгірі эстафетасы және қосымша тапсырмаларды орындай... эстафетасы, жарыстыру ойындары, қарапайым ойындар.
Дене тәрбиесі қандай пән?
Балалар, кез келген адам бұл сұрақты өзіне-өзі қоя бермейді. Сендерде де мынадай қалыптасқан дағды бар: мектеп стадионында жүгіресіңдер, секіресіңдер, спортзалда гимнастикамен айналысасыңдар, баскетбол, волейбол ойнайсыңдар және т.б. Көпшіліктерің дене тәрбиесі пәні деген осы деп ойлайсыздар. Қазір сендерге 11-сыныпты, яғни мектепті бітіргенше, дәлірек айтқанда, кәмелеттік жасқа толған ересек адамдардың қатарына қосылғанша әлі бірталай жыл бар болып көрінуі мүмкін. Біраз уақыттың соншама тез өтетінін де байқап жүрген боларсыңдар. Әсіресе, мектепте жүрген күндерің өте тез өтеді. Сондықтан әрбір пайдалы нәрсені өз кезінде бойға сіңіріп отыру керек. Сол пайдалы нәрселердің бірі – дене тәрбиесі пәнінің мәнін жете ұғыну. Қолдарыңда оқулық, қастарында мұғалім, ересек достарың мен ата-аналарыңның қамқорлығы бар болып тұрған кезде, ең алдымен, әрбір мектеп пәнінің мән-мағынасын, алдына қойған мақсат-міндетін, білім берудегі рөлін жете біліп алу керек. Сонда ғана алатын білімдерің жүйелі, сапалы болады. Мәселен, жас шамаларың ұлғайып, белгілі бір мамандық иесі болған кездеріңде еңбектерің жемісті болуы үшін, денсаулықтарың мықты, саналарың сергек, ойларың ұшқыр болуы қажет. Міне, осы 4 бағытта дене тәрбиесі пәні көп пайдасын тигізеді, яғни сендерді салауатты болашаққа дайындайды. «Дене тәрбиесі» деген сөз «дене мәдениеті» деген ұғымды білдіреді. Бұл өз денеңнің жақсы өсіп-жетілуіне мәдениетті түрде қарай біл, денең дұрыс өсіп-жетілсе, ол ойлаған армантілектеріңнің орындалуына да көп көмегін тігізеді деп сену керек. Адам – табиғаттың бір бөлшегі және ол табиғаттың өзі секілді өте күрделі құбылыс. Ендеше, адам шын мәнісіндегі адам болып шығуы үшін оның рухани мәдениеті мен дене тәрбиесі мәдениеті, яғни оның барлық адамдық қасиеттері өзара үйлесіп, бір тұтастықта жүйелі түрде дамуы қажет болады. Сонда ғана адам мәдениетті адам болып шығады. Мәдениетті адам көп ізденетін, көп білетін, өз ісінің шебері болады. Сонымен бірге мәдениетті адам өз білімі мен қабілетін орнымен пайдалана біледі. Күнделікті өмірде, жұмыста, үйде үнемі сыпайы болып, балалармен инабатты қарым-қатынас жасайды. Өз еліне пайдасын тигізуге әрқашан дайын болып тұрады. Ол үшін оның дені сау, күшті, төзімді болуға тиіс. Мәдениетті адам еңбектің қадірін де жақсы біледі және оның еңбегі де жемісті болады. Ал дене тәрбиесі – дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану адамның күшін молайтуға, жігерлі болып өсуіне, терең білім алуына септігін тигізеді. Мәдениетті адам дұрыс демалуға да уақыт табады. Жұмыстан бос кездерінде өзіне қажетті дене шынықтыру жаттығуларын орындап, ерік-жігерін шыңдай түседі, жүректің қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасайды, күш-қуатын толықтырады. Бір ескере кететін жайт – адамның өз бойында танымдық, рухани және дене тәрбиесі мәдениеттері дұрыс үндестік табу үшін оның бойында саналы өмір сүруге деген құштарлық, қызығушылық сезімі жоғары болуы керек. Өмірге қызығушылық адамды жақсылыққа бастайды. Дене тәрбиесі пән, ең алдымен, дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы және осымен айналысудың тиімді жолдары туралы білім береді. Сонымен бірге адамның өмірге деген құштарлығын да арттырады. Мәселен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылдану адамды сергек етіп, өмірге, жақсылыққа деген қызығушылығын оятады. 5 7-сыныпты бітіргенді әрбір пән бойынша алған білімдерің, яғни оның көрсеткіші болып табылатын бағаларың сендердің қандай дәрежеге жеткендеріңді көрсетеді. Табельде басқа пәндермен қатар дене тәрбиесіне де «өте жақсы» деген баға қойылған болса, бұл – сендердің мәдениетті адам болып өсіп келе жатқандарыңның бір көрінісі. Дене тәрбиесі сабағы не береді? Дене тәрбиесі сабақтарында сендер денені шынықтыруға қажетті аса маңызды деген білімдерді игеретін боласыңдар. Өздеріңнің жас шамаларыңның мүмкіндігіне қарай өз қабілеттеріңді одан әрі дамыта түсесіңдер. Сабақ барысында мұғалім арқылы берілетін теориялық білім мен жаттығу тапсырмалары сендердің жас шамаларың мен білім қорларына сәйкес ұсынылады.Бір мұқият ескеретін нәрсе – сабақ барысында өздеріңе өткен жылдардан таныс дене шынықтыру жаттығулары мен тапсырмалар және қимыл-қозғалыс ойындары кездесетін болады. Алайда, бұл жаттығулар мен тапсырмалар бұрынғысынша болғанымен, оларды орындауға қойылатын талаптар мүлде жаңа, күрделі, «қатал» болып келеді. Дәлірек айтқанда, сол жаттығуларды орындау тәсілдері қиындатыла түседі. Сондықтан, 7-сыныпта «норматив», «тестік тапсырмалар», «даярлық денгейі» деген сөздер жиі қайталанатын болады. Бұл сөздердің мән-мағынасын да тез түсініп кетесіздер. Өйткені онда сендердің дене тәрбиесіндегі кез- келген жетістіктерің бағаланады. Бағалау белгілі бір өлшемдер, ережелер, дербес сынақ жүргізу жолдары арқылы іске асырылады. Бұл сынақтар немесе тест жүргізу шаралары басқа сабақтарға қарағанда анағұрлым жиірек өткізіледі. Мәселен, сынақ тек тоқсан аяқталатын тұста ғана емес, әрбір айдың соңында да өткізіле береді. Бұл – сендер спорттың белгілі бір түрін қаншалықты игере алғандарыңды анықтау үшін істелетін шара. Осы сынақ түрлері, сонымен бірге сендердің тамаша жетістіктерің мен олқылықтарыңды күні бұрын анықтап, тоқсанның аяғына дейін әлгі кемшіліктеріңді түзету үшін де қажет. Мәселен, сендер «Жеңіл атлетика» бөлімін, яғни ондағы тиісті тапсырмалар мен жаттығуларды оқып үйреніп жатыр екенсіңдер дейік. Бірақ, бұл 6 бөлімде қосымша игеруді қажет ететін өмірлік маңызы бар жаттығулар да кездеседі. Сондықтан мұғалім сендердің жетістіктеріңді жалпы түрде айқындайтын әр түрлі қашықтыққа жүгіруден, секіруден және т.б. көрсеткен нәтижелеріңді ескеріп, мәліметтерді журналға тұрақты түрде енгізіп отыруға тиіс болады. Бұл сынақ пен тест жүргізудің қорытындылары болып есептеледі. Кез келген сыныпта дене тәрбиесі сабағының талаптарың орындау үшін осы пән арқылы берілетін теориялық материалдарды жете меңгерген жөн. Сонан кейін берілген жаттығуларды орындауға, әр түрлі нормативтерді тапсыруға әзірлену керек. Кез келген сыныпта жеңіл атлетика, гимнастика, спорттық ойындар, шаңғы тебу, жүзу нормативтерін орындап шығудың маңызы өте зор. Алайда оқушылар Қазақстанның қай аймағына тұруына байланысты бұл аталған спорт түрлерін нормативтері не қиындатылуы немесе жеңілдетілуі мүмкін. Мәселен, қысы ерте түсіп, қары қалын жауатын жердің оқушылары күзге қарай жеңіл атлетика немесе ойындар бойынша меңгеруге тиісті білімдерді толық игере алмауы да ықтимал. Керісінше, қыс кеш түсетін оңтүстік аймақтарда жеңіл атлетика сабақтарына көп көңіл бөлініп, дала жарысы жиі өткізіледі. Демек, жаттығулардың осы түрдһлеріне қатысты нормативтік талаптар да барынша күрделене түседі. 7-сыныпта мендер жүзуді толық үйреніп болуға тиіссіңдер. Әлі үйренбеген болсаңдар, бұл іске шұғыл кірісу керек. Өйткені, 9- сыныпта Президенттік тест бойынша өтетін жарысқа міндетті түрде қатысатын боласыңдар. Сол себепті мекткпте «Жүзу білмеітіндерге арналған он сабақ» дейтін сабақтар ұйымдастырылған кезде, оған міндетті түрде қатысып, жүзуді үйреніп алуға қажет. Дене тәрбиесі сабақтарында алған білімдерің мен машықтарын өз беттеріңмен жаттығулар орындау барысында да пайдасын тигізеді. Өйткені жыл өткен сайын ондай жаттығулардың басым көпшілігі курделене түседі. «Жүзу білмеітіндерге арналған он сабақтың» әрқайсысына 30-40 минуттан ғана бөлінсе де, осы мерзім ішінде тестің жүзуге қойылатын талаптарын орындай білуге тырысқан жөн. Дене жаттығуларының түрлері өте көп және олармен айналысқанда біреуіне аз уақыт кетсе, екіншісіне көп уақыт 7 жұмсайға тура келеді. Сондай-ақ біреуі уақытты көп қажет етсе, екіншісі күштілікті қажет етеді. Мәселен, күшті боламын деп турникке тартылуды үйреніп, гантельмен жаттыға бастадыңдар дейік. Мұндай жағдайда, әрине, футбол немесе баскетболдағыдай 25-30 минут бойы олармен үздіксіз айналысу қиынға соғады. Сондықтан кейбір едәуір күш жұмсауды қажет ететін жаттығулар оқтын-оқтын үзіліс жасап, демалып алуды керек етеді. Денені шынықтыратын жекелеген жаттығулар спорттық жаттығулар орындауға дайындық жасау қызметін де атқарады. Ерінбей-жалықпай, жігерлі түрде жаттыккан бала мектеп спорт секцияларында немесе спорттық мектептерде жақсы нәтижелерге қол жеткізбей қоймайды. Ал спорттың нақты бір түрімен айналыспаған оқушы жиі өткізіліп тұратын мектеп жарыстарында өз сыныптастарының соңында қалады. Дене шынықтыру жаттығуларымен өздігіңнен айналысу мектеп жарыстарында ойдағыдай нәтиже көрсетуге игі ықпалын тигізеді. Мәселен, мектептегі «Былғары доп», «Алтын шайба» және т.б. атты жарыс түрлері әрбір оқушы дене шынықтыру жаттығуларын үздіксіз орындап, өзін ұдайы шынықтырып, жетілдіріп отыруын қажет етеді. Дене тәрбиесі сабақтары оқушыларға белгілі бір пайдасын тигізуі үшін балалар өздері ерінбей оқып үйреніп, тұрақты жаттығуды әдетке айналдыру қажет. Қолдарыңдағы оқулықта қамтылған материалдар осы тұрғыда көп көмегін тигізеді. Одан кейінгі бағыт сілтейтін ақылшыралың мұғалім, ата-анаң және жанашыр ересектер екенін есте сақтандар. Дене тәрбиесі және спорт Әрбір жасөспірім дене тәрбиесі деңгейін арттыра отырып, жан-жақты дамыған адам болыпқалыптасуға тырысады. Ол үшін, ең алдымен, жақсы оқу керек. Сонан соң денені шынықтырып, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білуге дайын болу қажет. Жан-жақты дамыған адам дегеніміздің өзі – дені сау, кез келген еңбек түрін істей алуға қабілетті адам. Оның үстіне ондай адамның дене бітімі сымбатты, ақыл-ойы жоғары болуға тиіс. Мектеп жасындағы балалар болашақта жан-жақты дамыған адам болып өсуі үшін спортпен жүйелі түрде айналысуды дағдыға 8 айналдыруы керек. Дене тәрбиесінің ең басты артықшылығы – ол қимыл-қозғалыс дағдыларының жақсаруына ықпал етеді. Жалпы адам туралы, оның табиғи қабілеттері мен мүмкіндіктері туралы білімдермен қаруландырады және үлкен спортқа бастайды. Оқушы мектеп спортзалының табалдырығын алғаш аттаған сәттен бастап дене тәрбиесімен тұрақты айналыса бастайды. Дәл осы арада үлкен спортқа ден қойып, армандайды және сол жолда тер төгіп еңбектенуге қадам басады. Тіпті, спортшычемптондардың үштен бір бөлігін оқушылар құрайтыны белгілі. Әсірісе, спорттық гимнастика, акробатика, жүзу, суға секіру сияқты спорт түрлерінде оқушылардың үлесі едәуір басым. Сондай-ақ еліміздегі жасөспірімдердің футбол, күрес құрама командалары негізінен мектептерден іріктеліп, жасақталған. Біздің мемлекетіміз балалардың дені сау да білімді болып өсуі үшін бар мүмкіндіктерді жасау үстінде. Сонымен бірге балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға үлкен қамқорлық көрсетуде. Спорт мектептері мен клубтарының жұмыстарын қайта жандандыруда. Жастарды спорттық олимпиадаға даярлау ісі де жақсарып келеді. Қазақстан Республикасы - әлемдік спорт жетістіктерімен әйгілі болған ел. Тәуелсіз еліміздің спорты жоғары қарқынмен дамып келеді. Кеңестер Одағы кезеңінде де республикамыздың спортшылары тамаша жетістіктерге жетті. Біздің спортшыларымыз еуропалық және әлем рекордтарын да жаңартуда. Қазіргі кезде Қазақстан Азия континенті елдеріндегі жарыстарда спорттың кейбір түрлерінен алдынғы орындарға ие болып жүр. Қазақстанның көптеген спортшы-атлеттері әлем спортының нағыз майталмандарына айналды. Әлемнің күштілері. Өз дербестігін алған біздің мемлекетіміз спортты дамытуға айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Қазақстан Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі болды. Қазақстан спортшыларының ірі халықаралық жарыстарда күш сынаса бастағанына небәрі он-он бір жыл өтсе де, республика командалары спорттың көптеген маңызды түрлерінен жүлделі орындарға ие болып келеді. Қазақстан спорт мектептерінің кейбір атлет түлектері әлемдік ірі табыстарға қол жеткізуде. 9 Қазақстан спортшылары өткен жылдар ішінде барлық әлемдік біріншіліктерде, сондай-ақ қысқы және жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, өте жоғары нәтижелер көрсетті. Қазақстанныңкөптеген атлеттері әлемдік спорт тарихына енді. Балуандар Әбілсейіт Айханов, Жақсылық Үшкемпіров, боксшылар Әбдісалан Нұрмаханов, Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрайымов, шаңғышы Владимир Смирнов, штангышы Анатолий Храпатый, гимнаст Нелли Ким сияқты спортшыларымызға Олимпиада ойындары, әлем чемптонаттары кезінде, сондай-ақ аса ірі халықаралық жарыстарда ел мәртебесін биіктете түсті
Ойын таңдау.
Ойын өткізуге дайындық оны таңдаудан басталады. Сабаққа ойын таңдаудың алдында оның негізгі міндеттерімен санасу керек. Ойын таңдауға оны өткізу орныда әсер етеді. Әртүрлі жақтарға жүгіретін ойындарды, үлкен, бос жерлерде, спорт алаңдарында, кең көгалды жерлерде өткізу керек. Ойын таңдау алдында , жыл мезгілі ойын сюжетіне сәйкес болуын ескеруі тиіс мысалы: көктемде «құрбақалар көктемде құтан» ойыны, ал қыста «Екі аяз» ойыны қолайлы. Ойынға дайындық. Ойынды таңдап болған соң, мұғалім оның өтілу барысын ұйымдастыру керек, ойыншыларды дұрыс орналастырып, міндеттерін бөліп, ойын жүріп жатқанда қандай сигналдар беретіндерін түсіндіріп өтуі тиіс. Ойынның табысты болуы оның өтілу барысын дұрыс түсіндіргеніне де байланысты. Түсіндіру қысқа, көрнекті және эмоционалды болып келуі шарт. Ойын нұсқауы. Ойынның басталуы, аяқталуы және ойын арасындағы әрекеттердің кідіруі сигналдармен қоса жұреді. Сигналдар есту жіне көру деп екіге бөлінеді. Ойынның аяқталуы. Ойынды ойыншылар жақсы эмоционалды күш-қуат алған кезінде аяқтау керек. Ойыншыларды тәртіпке, ұйымшылдыққы үйрету үшін, ойын қалыпты жағдайына келгенде аяқталады. 23 САБАҚТАРДАҒЫ ОЙЫНДАР. Жүгіру ойындары. «Аңшы» Мұғалім жүргізушіні таңдайды яғни ол аңшы. Аңшы алаңның ортасына шығып, қатты дауыстап: «Мен аңшымын» - деп айқайлайдыда қашып бара жатқандарды ұстауға тырысады. Аңшының қолы тиген ойыншы аңшы болады. Ол тоқтап: «Мен аңшымын»- деп қолын көтереді. Жаңа аңшы бірден бұрынғы жүргізушіге қол тигізбейді. Басқа ойыншыларды ұстауға тырысады. «Қарғалар және торғайлар» Алаңның орта сызығынан 1.5 – 2м... ара қашықтықты сақтап, бір – бірлеріне арқаларымен екі топ тұрады. Оның бірін «Қарғалар», екіншісін «Торғайлар» деп атау көзделеді. Әр топтың алаңының шетінде үйлері болады. Жүргізуші – мұғалім топтардың атын бірінен соң бірін созып айтады: «Қар-ға-лар» немесе «Тор-ғай-лар». Аталған топтың ойыншылары айналып, қашып бара жатқандарға қолдарын тигізбеуге тырысады. Соңынан топ орнына қайта келіп, қодары тиген ойыншылардың санын шыгарады. Жүгіріс алты рет қайталанылады. Ең көп ойыншыға қол тигізген топ жеңеді. Ескрту: екі топ бірдей жүргізуші және қуушы болуы керек. Жүгіріс қашықтықтағы үйден ортаңғы сызыққа дейін 10- 15м... болуы тиісті. «Екі аяз» Алаңның қарама – қарсы жақтарында сызықтармен үйлер белгіленеді. Ара қашықтықтарды 1.5 – 2 м. Ойыншылар үйлердің біреуіне орналамады. Мұғалім екі жүргізуші таңдайды да, оларды алаңның ортасына, ойыншыларға бетімен қаратып тұрғызады. Біреуі қызыл мұрында аяз, ал екіншісі көк мұрынды аяз. Белгібойынша екі аяз: «біз бауырлармыз Мен қызыл мұрынды аяз, ал Мен көа мұрынды аяз қайсың қорықпай жолға шығасың?» - дейді. Ойыншылар қосыла: «Біз бай – баламнан қорықпаймыз, бізге аяз да қорқыныш емес» деп жауап береді. «Аяз» деген сөз кейін ойыншылар алаңнан арғы бетіндегі уйге жүгіреді, ал жүргізушілер оларға қолдарын тигізуге тырысады, тоңдырады. «Тоңып қалған ойыншылар» ұсталынған жерлерінде ойын аяқталғанша тұрады. Соңында Аяздар қол тигізген санайды. Жүгіріс 2 – 3 рет қайталанады. Кейіннен жүргізушілерді ауыстырып ойынды жаңадан бастайды.