Реферат есеп 9 беттен, бөлімнен, 3-тараудан 37-пайдаланылған қайнар көзден, 4-қосымшадан тұрады



бет12/18
Дата04.12.2023
өлшемі10 Mb.
#194886
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
kz 63729 1048370 1604221345

ҚОРЫТЫНДЫ
2018-2020 жылдарда орындалған ғылыми-зерттеу жұмысы күнтізбелік жоспар міндеттері бойынша түгел орындалды.
2018 жылы жоғары көркемдік білім берудің қалыптасу кезеңдері анықталды; отандық және шетелдік көркем білім беру тәжірибесі талданды; «ұлттық сана», «мәдени құндылықтар» мәні нақтыланып, көркемдік педагогикалық білім берудегі мүмкіндіктері айқындалды; жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жоғары көркемдік білім беру концепциясы ғылыми-теориялық негізделді.
2019 жылы жоғары көркем білімнің жаңартылған мазмұны ашылды; көркемдік білім берудегі отандық және шетелдік тәжірибеге талдау жасалды; «ұлттық сана», «мәдени құндылықтар» ұғымдарының тілдік мәні; көркемдік білім берудегі заманауи педагогикалық технологиялардың тиімділігі анықталды, бейнелеу өнері, қолөнер мен музыкалық білім беру материалдары «Мәңгілік ел» идеясы аясында ұлттық сананы және мәдени құндылықтарды жандандыруда жүйеленді; тәжірибеге бағдарланған «Аруарт» оқу-өндірістік орталығы құрылды, оның мақсаты мен міндеттері анықталды.
2020 жылы халықтық қолөнер дағдыларын игеру тұрғысынан АруАрт оқу үдерісіне жаңартылған көркем білім беру концепциясының оқыту әдістері анықталды. АруАрт оқу-өндірістік орталығында студенттерге арналған «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысынан ұлттық сана мен мәдени құндылықтарды жаңғырту мәселесінде көркемдік-шығармашылық процеске ұсыныстар әзірленді. Ұлттық өнер туындыларын жасау арқылы ұлттық бірегейлік пен мәдени құндылықтарды дамыту бойынша онлайн-шеберлік сыныптары өткізілді. АруАРт оқу-өндірістік орталығында көркемөнер білімінің тұжырымдамасы іс жүзінде сыналды.
Көркем білім берудегі ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың өркендеуі атты ұжымдық монографияға авторлық куәлік; Көркемөнерден білім алуға арналған терминологиялық сөздік (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) авторлық куәлік(ҚОСЫМША В) тіркелді.
Жалпы қорытындыласақ ғылыми зерттеу жұмысының күнтізбелік жоспарынан да тыс жұмыстар атқарылды. Атап, айтсақ:

  • 2018-2020 жж жоба орындаушысы мен мүшелерінің зерттеу мәселесі бойынша мақалаларының артық жариялануы;

  • бір ғылыми туындыға (1-монография) авторлық куәлік жоспарланса, терминологиялық сөздікке де авторлық куәлік алынды. Барлығы: 2 авторлық куәлік.

  • терминологиялық сөздік үш тілде жоспарланып, төрт тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) шығарылды.

  • 2020 жылдың 18-20 ақпан айында Қахраманмараш қаласының 100 жылдығына арналған «Қахраманмараш тарихы, мәдениеті және өнері» атты халықаралық симпозиумы мен көрмесі өтті. Көрмеге ұлттық дәстүрлі өнер негізінде жасалған гобелен, ши, киіз басу өнерлері бойынша шығармашылық жұмыстар қойылды. Аталған өнер түрлері түстік және композициялық шешімдері жағынан да айқын көрінетін ұлттық элементтері бар туындылар ұсынылды.

Нәтижесінде ғылыми-әдістемелік және көркемдік-шығармашылық нұсқаулар бейнефильмдер, көрмелер, семинар түрінде алынды; сұрақ қою және ғылыми-зерттеу жобасының нәтижелері бойынша кері байланыс жинаудың ғылыми әдістері, бұл танымдық, көркем – шығармашылық, өндірістік оқытуды зерттеудің тиімділігін көрсетті.
Жалпы жүргізілген, байқау мен тақылаулар, іс-шаралар нәтижесі «Мәңгілік ел» идеясы контексінде ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың жоғары көркем білім беруде өркендеуі өте жоғары екенін айтуға негіз болды. Ұлттық сана, өзіндік ұлттық сана, қоғамдағы сана ұғымдарын нақтылауда, ұлттық сана мәдениетсіз дамуы мүмкін емес екені анықталды. Әрбір ұлттың генетикасында жатқан ұлттық сананың дамуы да, қалыптасуы мен кемелденуі де әрбір ұлттың мәдени құндылықтарынсыз жүзеге асырылмайтынын түсіндірілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет