Реферат есеп 9 беттен, бөлімнен, 3-тараудан 37-пайдаланылған қайнар көзден, 4-қосымшадан тұрады



бет9/18
Дата04.12.2023
өлшемі10 Mb.
#194886
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
kz 63729 1048370 1604221345

Түрік елінің «Kumaş üzerıne renklendırme» атты әдісі - мата бетіне қайнатылып алынған табиғи бояулар арқылы сурет салу дегенді білдіреді. Табиғи бояуларға қызылшаның, бойында түрлі бояуы бар шөптерді қайнату арқылы шырынын алып, оны суытып бояу ретінде қолдану. Сонымен қатар, ағаш бетін шайдын сығындысымен не болмаса кофені қайнатып алып, сырлау.


Эко бояу ретінде қайнатылған өсімдіктердің шырынын, ал резерв ретінде бал шырынын қолданса болады. Мысал келтіретін болсақ: композицияны жасау барысында табиғаттан алынған (воск) бал шырынын қайнатып, композицияның белгілі жерлеріне басқа бояу түстері жұқпасын деп оны резерв ретінде нобайыңыздың контуры бойынша қылқаламмен жағып шығып, сүзбеден өткізілген өсімдік шырынына бір қайнатып аламыз.

Бұйымды кептіріп алып, бетіне қағаз төсеп үтікке басамыз. Үтікке басылған бұйымға өң кіріп, әдемі қалыпқа түседі. Дәстүрлі мәдениетте қолданыста болатын материалдарды тарихи, мәдени, салт-дәстүрімізден қалған дүниелер түбірін сақтап, заманауи пішінде бұйымдар дайындауды затты өңдеудегі шығармашылық көрініс деп айта аламыз.




1.2 Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың «мәңгілік ел» идеясы контекстінде өркендеу концепциясы
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Өнер, мәдениет және спорт институтында педагогикалық және шығармашылық мамандықтар бойынша мамандар даярлануда. Жоғары білім беру талаптарының жаңартылуы көркем білім беруде де өзіндік инновациялық талапатарды қажетсінуде. Себебі, суретші, кескіндемеші, сән өнері, сән дизайны мамандары да заманауи даму мүмкіндіктерін меңгерулері аса маңызды. Сонымен, педагогикалық дайындық бойынша көркем еңбек пәнінің жалпы орта мектептерде жүргізілуі. Яғни, жаңартылған білім беру мазмұны негізінде. Көркем еңбек пәні мазмұны өнер мен ғылым байланысына негізделген мазмұны кең пән болып тұр. Сондықтанда тек қана, тәжірибелік деңгейде ғана емес, өнерге оқытудағы ізденістер мен жобалауға, шығармашылық ұсынымдар жасауға бағытталған. Жалпы, айтқанда бейнелеу өнері, сызу және технология пәндері мұғалімдері де қайта дайындықтан өтіп, бейімделуде. Жоғары педагогикалық білім беру ісіндегі бейнелеу өнері, сәндік қолөнері, дәстүрлі киіз басу өнері, дизайн салалары бойынша, қазақ ұлттық киімдерінің дамуы мен тарихына және заманауи түрлеріне арнап, өнер мамандарын дайындауда суретші және ғалым оқытушылары ықпал етуде. Жоғарыда берілген шығармашылық іс-шаралардың да көркем білім беру ісінде, дәстүрлі қолөнердің дамуына, жаңартылуына да негізгі себеп бола алады деп есептейміз.
Жалпы орта білім берудегі мектептегі көркем еңбек мұғалімдерімен және шетелдік дәріс оқуға келген профессорлармен арнайы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көркем еңбек пәнін талқылап, мектеп мұғалімдерінің жанжақты пікірлері тыңдалды. Өзара сұрақтар мен ұсыныстар болды. Яғни, жалпы жаңартылған көркем еңбек пәні мектептегі мұғалімдердің біразының көңілінен шықпайды, не себепті? Бейнелеу өнері, технология, сызу пәндерінің кіріктірілуі; көркем еңбек пәні әлеуеті; мектептегі тәжірибелі мұғалімдер көзқарастары және т.б., сұрақтар айналасында өзара пікірлер тұжырымдалып, мүмкіндіктерге ұсынымдар дайындалды. Өткізілген іс-шаралар жайлы мәліметтер Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеінің, Өнер, мәдениет және спорт институты сайтында жарияланды.
Бүгінгі көркем білім беру жағдайы әлемдік білім беру ісіндегі тәжірибемен жаңартылуы да заңды құбылыс. Көркем білім беру қоғамның құн­дылықтық дәс­түрлерін сақтау мен қайта тірілтудің күшті механизмі. Болашақ жастардың жеке тұлға болып қалыптасуының негізі. Қазіргі жаңғыру уақытында ұлттық мәдени мұраны біліп, сақтау жеткі­ліксіз. Оны мәдениеттер диалогы арқылы дамыту да өте маңызды» екенін аңғарамыз.
Дәстүрлі өнер шығармаларында – тоқылған алаша, кілем, бау-басқұрда, ұлттық киім өрнектерінде, т.б. жеке адамға тән өзіндік қолтаңба көрініп тұрады. Мұндай өнерде қалыптасқан канондық заңдылық өнерге ғана тән өзіндік эмоционалдық-мазмұдық мән мүмкіндіктерін шектей алмайды.
Мазмұндық мән мен терең сезімді эмоционалды көңіл-күй дәстүрлі өнердің пластикалық шешіміне, ою-өрнектің өзіндік жүйесіне, пішіндердің құрылымдық ерекшеліктеріне, колоритке, әуен ырғағына, әр шебердің өзіндік қолтаңбасына байланысты. Дәстүрлі шығармашылықтың тұрақты сипаты жөнінде айтқанда оны қатып қалған өзгермейтін канон деп есептеуге болмайды. Тұрақты қалыптасқан оның өзегі. Осы өзектен қоректенген өнер нақыштары түрлі формада дамуы немесе көрінуі мүмкін [36]. Көркемөнерден өнегесі мол, өзіндік дара жолы естелік болып, осы күнге дейін артынан қалған құнды еңбектері бар [Байжігітов Б.К.] берген дәстүрлі өнер жайлы тұжырымдары да, ұлттық өнер мүмкіндіктерін көрсете отырып, негізгі «өзегі бар өнер» деп, анықтауы да, біздің ұлттық сана мен мәдени құндылықтарды көркемөнерде өркендеуіне ықпалы жоғары екенін көре аламыз.
Қалыптасқан дәстүрлі шығармашылық қарым-қатынас жүйесін зерттеу, оның мүмкіндіктерін білу, меңгеру болашақ ұрпақ тәрбиесін жетілдіру үшін де, қәзіргі халық шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық ізденісінің сипаттық ерекшелігін айқындайтын да рухани бастау болып табылады [36]
Рухани бастауларды жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің негізі ретінде қарастыратын болсақ, бала тәрбиелеп отырған микроортаға, салт-дәстүрге, ырым-жораларға, ауыз әдебиетінің тәрбиемен қатысты проблемаларына көңіл бөлгеніміз жөн екені де, [Б.К. Байжігітов] еңбегінде айтылған.
Жаңартылған көркем білім беру концепциясының кешенді оқыту процестері: танымдық; көркем шығармашылық; өндірістік бойынша жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет