Реферат есеп 9 беттен, бөлімнен, 3-тараудан 37-пайдаланылған қайнар көзден, 4-қосымшадан тұрады



бет5/18
Дата04.12.2023
өлшемі10 Mb.
#194886
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
kz 63729 1048370 1604221345

Қазақтың музыкасы ұлттық-дербес бейненің жарқын сапасын танытатын жоғары көркем ойларды білдіреді. Оның жанрлары сан алуан.
Жанр түсінігі (французша genre, латынша. genus - түр) өнердің барлық түрлерінде бар. «Музыкалық жанр» ұғымының көпжақтылығы мен ерекшелігі «музыкалық шығарманың түрлері мен қалыптасу тарихына, олардың қабылдауы мен өмірлік мәніне, қабылдауы мен орындау шарттарына, тәсілдеріне, сондай-ақ мазмұны мен формасының ерекшеліктеріне» қарай анықталады. Музыкалық жанрдың мазмұны мен формасының шеңберінде кешендік мәнерлі құралдарды қолдану арқылы шығарманың объективті мазмұны беріледі.
Музыкалық жанр өзінің дамуында эволюцияға ұшырады. Музыкалық тілдік дамуы, халықтың музыкалық шығармасы мен кәсіби өнерінің бірлестігі, өзгеру жағдайындағы музыкалық шығармалар ескі жанрлардың түрленіп, жаңа туындылардың пайда болуына алып келді.
Музыкалық жанрдың мәні адамның өмірлік қажеттілігіне қатысты (өнердің аралас түрлерінен бөлінбеген кезеңде пайда болған музыка жанрының халықтық-тұрмыстық және тұрмыстық еңбектердің үдерістерінде, салт-дәстүрлік қызметте қолданды) және белгілі бір өмірлік-тұрмыстық қызметтерге жатпайтындар деп бөлінді.
60-70 жылдары музыкалық жанрдың мәселелерін Б.B.Aсафьев зерттеді. Музыканың эстетикалық және әлеуметтік әлеуетін негіздеді. Л.A.Mазель [28] және B.A.Цуккерман [29] еңбектерінде музыкалық жанрдың белгілі бір кешендік мазмұнға құрылатыны дәлелденді. Зерттеушілер музыкалық жанрдың алғашқы негізі (B.A.Цуккерман) ән мен күй, (C.C.Cкребков) декламациондық – моторлық – ән айту десе, онда A.H.Coxop оларға дыбыстық және әуендік өнердің аспабын қосады. Күрделі музыкалық жанрдың жіктелуі оның факторларын анықтауына байланысты біркелкі болмайды. Сондықтан музыкалық ғылымда музыкалық жанрдың жіктемесіне қатысты әртүрлі жүйелер қалыптасты. Олар негізгі сападағы факторларға қатысты қарастырылады. Мысалы, егер B.A.Цуккерман бірінші жоспарға типтік мазмұндағы жанрды анықтайтын мазмұндық факторды алға шығарса, онда A.H.Coxop – анықтаушы фактор ретінде қоғамдық тұрмыстық, өмірлік музыка мен оның орындалу және қабылдау жағдайына қарай анықтаған. Орындау факторына қарай музыкалық шығарманы қабылдауда тыңдаушылардың белсенділігі – дене бітіміне дейін орындауға қатысады (қонақ асы дәстүрі) [30].
Қазақ әндері мен күйлерінің ең маңызды ерекшелігі студенттердің эмоционалдық қасиетін оятуы, яғни, бұл шығармашылық іс-әрекеттің қажетті шарты болып табылады. Қазақ музыкасы жастарды эстетикалық әсерге бөлеп, рухани өрлеуге, сезімдеріне ықпал етіп, көңіл-күйлерін тудыруға мүмкіндік береді.
Кәсіби музыканы дамыту үшін кәсіби композиторлық музыкаға жататын халықтық ән-күй аспаптық жанры болатын бірден бір жанр, халықтың және ұлттың ритмі, типтік интонациясына бағытталған тұрмыстық музыкалық жанрларға ие болады.
XX ғасырдың этномузыкалық білімінің жіктелуіне қарай Е.В.Гиппиус жанр қоғамдық қызметтің әсерінен қалыптасады деген. Оның сөзінше, жанрды құрайтын үдеріс «қоғамдық қызметтің әсерінен құрылатын типтік құрылым» қызметі музыкалық фольклордың бейнесіндегі музыкалық-ақындық құрылымның тұрақтылығымен анықталады. В.Я. Пропптын анықтамасы бойынша фольклорлық жанр музыкалық құрылым мен орындаушылық формасы, тұрмыстық мәні, ақындық жүйесінің бірлестігі, шығарманың жиынтығы болып табылады. Оның сөзінше, әрбір жіктеме белгілі бір белгіні жасау мен түрлерді ұсынатын анықтамаларға негізделеді (нақты немесе бір белгісінің жоқтығынан, бір белгінің әртүрлігімен, бір-бірінен алшақ тұруынан және т.б.) [31].
Қазақтың халық музыкасының ерекшелігі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, тарихи, географиялық өмірі мен халықтың тұрмыс жағдайына сай – көшпелі өмірлік бейнеден саяси қуғынға ұшыраған, территориялық бірлескен әсерде қалды. А.Досаеваның пікірінше, қазақтың музыкалық ойлауы «диалектикалық динамикаға қарағанда, метафизикалық жағдайға сай келеді, тарихи-философиялық көңіл күй, жоғары деңгейде болады» [32]. Ансамбльдік (аспаптық, хорлық) және қазақтың дәстүрлі би музыкалық ойлауының жетіспеушілігі дәстүрлі жеке орындаушылықты қалыптастырды.


1.1 Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың «мәңгілік ел» идеясы контекстінде өркендеуі (бейнелеу өнері, сәндік қолөнер және музыкалық білім) – зерттеу ортасы мен әдістемесі
Қазақ халқының ағартушысы Ы.Алтынсарин халықтың көркемдік шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің құндылығын түсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептеген. Өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мектептегі мәдениетілікке де үндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш қыздар қол өнері мектебінің ұйымдастыруы да қажырлы еңбегі болып табылады. Оның педагогикалық еңбектері эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: «Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мектеп мәдениеттінде өмір сүрудің – жаңа әдет-ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет,» - деп атап көрсетті [16, 22 б.].
Қазіргі кезде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланбай тыныс-тіршілігін, салт-санасын жаңарту жолында әрекеттенбей жүрген тұлғаларға Ж. Аймауытовтың мына сөздері де ерекше маңызды болмақ: «Оқыған азаматтың қызметке тұрлаусыздығы, білімі аз, шалалығы, құр даурық, бос көкірек боямалылығы, еліктегіш, мансапқорлығы, пайдакүнемділігі, негізгі мақсат-мұратының жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы - осының бәрі шын әлеумет қызметкерлерінің піспеген, шынықпағандығын көрсетеді» деген [33, 35 б.].
Бұл мәселелерді шешу оқытушының өзіндік кәсіптік шеберлігі мен даярлығын жоғарылату мақсатында жаңа педагогикалық технологияны меңгеруді қажет етеді. Себебі мемлекетіміздің саяси тұрақтылығы, материалдық және рухани тұрғыдан кемелденуі, жастардың алар білімі мен тәрбиесінің деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан да қоғамның білім және тәрбие беру жүйесін жаңарту мен жетілдіру мәселелері оқытушының алдына жүктелген үлкен міндет. Орыс халқының педагогі К.Д.Ушинский айтқандай «Педагог өз біліктілігін дамытып отыру» қажет етеді. Инновациялық білім беру әдіс-тәсілдері мен формалары заманауи білім беру технологияларын ендіру және бүкіл әлемдік телекоммуникация желісіне ену еліміздің білім беру жүйесінің маңызды салаларының бірі болып табылады [34]. Бұл заманауи білім беру технология құралдарын пайдалана отырып, оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Көркемдік білім беру жүйесінде ұлттық сана мен мәдени құндылықтарды «Мәңгілік ел» идеясы контексінде оқытудың заманауи техникасы мен технологияларын, әдіс-тәсілдерін анықтап, қолданбалы өнер индустриясында «әдіс», «тәсіл» ұғымдарынан бөлек «техника», «технология» ұғымдарына түсінік берілді. «Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б [35, 50 б.]. Технология әрекеттің ұйғарымын, жағдайын және бір тізбектілігін көрсетеді, ал адаммен, табиғатпен қарым-қатынас процессін қамтиды, әрі іс-әркетінің қажеттілігін қанағаттандыру бойынша жоспар құрып, технологиялық ойды іске асыру үшін қажетті құрал ретінде техниканы қолданады. Әлемдік индустриясының жан-жақты дамуы мен жаңа технологияларды енгізу кезеңдері әрбір халықтың өркендеуінде елеулі үлес қосатыны белгілі. Заманауи дизайн индустриясының дамуында технологиялардың да озық тәжірибелері еленіп келе жатқандығы дәлел.
Әдіс-тәсілдер білім сапасын арттырудың басты құралы- деп әбден айтуға болады. Яғни, өнер жолындағы мамандардың шығармашылық жұмыстарын іске асырар алдында, жасалу жолдарын, бірізділігін, қолданылатын материалдың пластикалық ерекшелігін, қасиетттерін, құрамын білуі керек.

Дизайн. Жалпы дизайнның объектісі ретінде адам өміріне тікелей әлеуметтік-мәдени байланысы бар кез-келген жаңа техникалық өнеркәсіп бола алады. Яғни, Дизайн өнеркәсіптік өндіріске байланысты адам ортасының барлық аспектілерін қамтуға тырысады - деген сөз.

Дизайнның жеті бағыты бар: өнеркәсіптік (индустриялдық) дизайн, графикалық дизайн, кеңістік дизайны, экологиялық дизайн, адам имиджінің дизайны, компьютерлің дизайн, арт-дизайн. Аталған дизайн бағыттарының барлығы белгілі заман талабына қарай өзгерістерді талап етеді.

Жоғарыда айтылған дизайн бағыттарын айта келе, біз экологиялық дизайн, адам имиджінің дизайны, арт-дизайндарды біріктіретін киім дизайнының түрлі техникалары мен технлогияларына тоқталғымыз келіп отыр. Киім дизайнында жобалау барысында, бояу кезінде, бұйым жасауда түрлі әдіс-тәсілдері бар. Соның ішінде біз бояудың заманауи жолдары мен әдіс-тәсілдеріне нақты толқталатын боламыз.

Киім дизайны үшін маңызды рөлдердің бірі ол түстер үйлесімі. Яғни, ол маталардың фактурасын мен түстер үйлесіту ғана емес, сонымен қатар, өсімдік және жануар тектес табиғи материалдарды бояудың әдіс-тәсілдерін білуді қажет ететін өнер түрі. Табиғи маталардың бетіне болашақ дизайнердің қиялындағы композициялық бейнелерді түсіруге, бұйымға ерекшелік пен қайталанбас түр беруге, жеке авторлық қолтаңба болатыныдығы анық.

Жалпы кез-келген авторлық бұйымды жасарда, қолданылып отырған материалыңыздың құрамын білген жөн. Материалдың қаншалықты табиғи не жасанды екенін анықтап алған соң, онымен әрі қарай жұмыс жасау процессі жеңілдей түседі. Материалдың қаншалықты бояу түсін алатынын, оның байланысын алдын ала болжамдауға болады. Тоқыма талшықтарының құрамына қарай бояу материалдарын таңдап, табиғи және химиялық бояудың әдіс-тәсілдерін белгілі бірізділік бойынша бояп шығаруға болады.

Қазіргі заманауи терминде өріс алып жатқан экопринт, медиум принт, ботаникалық принт - деп аталатын бояудың әдіс-тәсілдеріне, олардың айырмашылығы мен ерекшеліктеріне тоқталып кетелік.

Экопринт - бұл табиғи бояу әдісі, өсімдіктерден алынған табиғи түстерді матаға немесе қағазға металл тұздарын (ашутас, сірке су, тұз, кальциленген сода) қолдана отырып, мата мен жапырақтың бір-бірімен тығыз байланысуы арқылы болатын штамп немесе трафорет ретінде мата немесе қағаз бетіне бастыру. Негізінде, экопринт - бұл бірі-бірімен тығыз байланыста болатын ботаникалық бояу. Бұл әдісті матаға, ағашқа, қағазға және былғарыға қолдануға болады. Яғни, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін бояудың табиғи түрі. Сонымен қатар, өзіңіздің гардеробыңызға ешкімде қайталанбайтын ерекше әдемі және виртуозды киім жасап алудың тәсілі. Жоғарыда айтылған экопринт, медиум принт, ботаникалық принт деген балама сөздер. Жалпылама оларды экопринт деп атайды. Экопринт құбылмалы, белгілі бір нақты болжам жасауға келмейтін, үлкен тәжірибені талап ететін әдістердің бірі.

Аталған техникада жұмыс істеуге тырысқан адам өмірге ғашық болады, өйткені ол жағымды эмоцияларға толы болады. Ең қызығы, бояу процесінің өзі емес, гүлдер мен өсімдіктер жинау барысы, композициялар таңдау мен оны ойластыру кезеңі. Санаңыз табиғатқа, адам қолданысына зиян келтірмейтін бояу түрін жасап жатқандығыңыздың өзі адамзатқа жағымды әсер беретіні анық. Экопринт - бұл табиғатқа және өзімізге деген құрмет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет