Реферат есеп 9 беттен, бөлімнен, 3-тараудан 37-пайдаланылған қайнар көзден, 4-қосымшадан тұрады



бет2/18
Дата04.12.2023
өлшемі10 Mb.
#194886
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
kz 63729 1048370 1604221345

АНЫҚТАМАЛАР
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) – дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.
Сәндік қолөнер - дәстүрлі тарихы мен дамуы бар, халықтың тыныс-тіршілігімен тұрмыстық бұйымдарын ың көркемдеп дайындалған үлгілері.
Дәстүрлі музыка - ұлттық дербес бейненің жарқын сапасын танытатын жоғары көркем ойларды білдіреді.
Жанр түсінігі (французша genre, латынша. genus - түр) өнердің барлық түрлерінде бар. «Музыкалық жанр» ұғымының көпжақтылығы мен ерекшелігі «музыкалық шығарманың түрлері мен қалыптасу тарихына, олардың қабылдауы мен өмірлік мәніне, орындау шарттарына, тәсілдеріне, мазмұны мен формасының ерекшеліктеріне» қарай анықталады.
Технология – ( грек. Techne – шеберлік, іскерлік, logos – сөзі ілім) – обьектінің күйін, қасиетін, формасын өңдеудің, жасаудың, өзгертудің әдістерінің жиынтығы
АруАрт – оқу өндірістік отралығы.

Арт-дизайн өзінің даму процесінде тәуелсіз дизайн және көркем мәдениетке айналып қана қоймайтын, сәулет, мүсін, сәндік-қолданбалы өнерлеріндегі формалардың қалыптасуына әсер ететін бағыт.




КІРІСПЕ
2018 жылғы ғылыми зерттеу жұмысының аралық есебі № 0218РК012334; 2019 жылғы ғылыми зерттеу жұмысының аралық есебі №0219РК00817 күнтізбелік жоспар бойынша түгел орындалды. 2020 жылы қорытынды есебі де күнтізбелік жоспар бойынша түгел орындалып, алынған нәтижелер оқу-өндірісіне сынақтан өткізуге ұсынылды.
Көкейкестілігі. Бүгінгі күні біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалана білуі тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі – «білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр». Инновациялық процестерді ендіру енгізілген технологияның ерекшеліктерімен, жаңашыл инновациялық әлеуетімен, жаңалықты енгізу жолдарымен өзара байланыс негізінде анықталады. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыруды қажет етеді.
Тақырыптың жаңашылдығы Қазақ ұлтының көркемдік өнер туралы қордаланған білімі мен эстетикалық танымын лингвистикалық, поэтикалық, өнертанымдық, мәдениеттанымдық, музыкатанымдық тұрғыдан зерттеу бүгінгі таңдағы тың да, өзекті мәселе. Бұл мәселеде, әсіресе ұлттық тілдің, ұлттық сананың, ұлттық мәдениет пен өнердің категорияларын арнайы қарастырудың маңызы зор. Себебі олар – этностың көркемдік өнер кеңістігі туралы танымдық әрекетінің формалары көрініс тауып, мәдени кеңістіктің орнын толтырушы модельдер ретінде саналады.
Көркемдік білім беруде ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың өркендеуін, оның ішінде көркем эстетикалық танымды кешенді түрде талдаудың ұлт мәдениетін танудағы маңызы жоғары. Көркемдік білім беруде ұлттық сана мен мәдени құндылықтар жүйесіне басымдық беру арқылы, білім алушылардың эстетикалық әлемін кеңейтіп, өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдени мұраға деген қызығушылығы жоғары білімді де мәдениетті интеллектуалды тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ғылыми жоба жұмысының басқадай ғылыми зерттеулермен байланысы жан-жақты себебі, жоғары көркем білім беру педагогикалық мамандықтарда қарастырылуына орай, психология, философия, әлеуметтану, мәдениеттану ғылыми зерттеулерімен тығыз байланыста жүзеге асырыалды. Зерттеу нысан жоғары көркем білім беру үдерісіндегі оқу, тәрбие және тәжірибеге бағытталған оқыту болғандықтан, өнертану, тарих, бейнелеу өнері, сәндік қолөнер, музыкалық білім бағыттарындағы өзара пәндік зерттеу мәселелеріне де негізделген. Білім беру жүйесінің құраушылары оқу әдістемелік материалдар сапасына, инновациялық қырларына, теориялық материалдардың мазмұнына, таңдау пәндерінің жаңашылдығы мен білім беру бағдарламалары құзіреттілігіне өзара жақын байланыста жүргізілуі жалғасын табуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет