Реферат Химияның негізгі заңдары мен түсініктері



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата23.02.2023
өлшемі214,7 Kb.
#169951
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
DOC-20221017-WA0085.

Авогадро тұрақтысы NA
- кез келген жүйенің (N) бөлшектер санының жүйе 
заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,02×10²³ моль

¹. 
Осыдан : 1) әртүрлі газдардың бірдей жағдайда (t,p) бірдей көлемдеріндегі 
молекулаларының саны бірдей болады; 2) Қалыпты жағдайда (қ.ж.) 
газдардың молярлық көлемі 22,4л/моль болады. Олай болса, 1 моль газдың 
қ.ж. көлемі 22,4л. 
Эквивалент көлем – заттың 1 эквиваленті алатын көлем. Сутегінің 
эквиваленті 1 моль , оттегінің эквиваленті 0,5 моль болғандықтан сәйкесінше 
эквивалент көлемдері 11,2 л/моль және 5,6 л/моль болады. 
Химияның негізгі заңдары 
Масса сақталу заңы; энергия сақталу заңы; құрам тұрақтылық заңы; еселік 
және көлемдік қатынастар заңдары; Авогадро заңы, эквиваленттер заңы. 
Заттардың массасы сақталу заңы:
Реакцияға түскен заттардың массасы 
реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Химиялық 
реакциялар кезінде атомдар массалары өзгермейтіндіктен, реакцияға 
қатысқан заттардың массасы тұрақты болады. Барлық химиялық реакциялар 
заттар массасы сақталу заңына бағынады. 
Құрам тұрақтылық заңы.
Заттар массасы сақталу заңы ашылуының 
химияны дамытудағы маңызы өте зор болды. Осы заңға сәйкес көптеген 
заттардың сапалық және сандық құрамдары зерттеліп анықталды. Заттың 
құрамы тұрақты, әлде айнымалы бола ма деген мәселе төңірегінде ХІХ 
ғасырдың басында екі ғылыми пікір айтылды. Қ. Л. Бертолле заттың құрамы 
айнымалы болуы тиіс десе, Ж.Л.Пруст заттың құрамы тұрақты болады деді. 
Бұл ғылыми айтыс жеті жылға созылды. Соңында Ж.Л.Прусттың пікірі 
қабылданып, ол заттың құрам тұрақтылық заңын ашты. Ол заңның қазіргі 
анықтамасы былай айтылады: Алыну жолына қарамастан молекулалық 


құрылысты әрбір химиялық таза заттың сапалық және сандық құрамы 
тұрақты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет