Реферат Іскерлік қарым-қатынас формасы Орындаған: 7М02210 «Тарих» мамандығы І курс манистранты


Іскерлік қарым-қатынастағы интеракция



бет5/7
Дата21.04.2020
өлшемі41,8 Kb.
#63753
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат Іскерлік қарым-қатынас формасы

Іскерлік қарым-қатынастағы интеракция

Іскерлік қарым-қатынас кезінде бұған қатысушылар бір-біріне қабылдап, түсініп қана қоймайды, бір-бірімен мəлімет алмасады. Сонымен қатар, өзара əрекетке түседі, ортақ əрекетті жоспарлайды. Біріккен əрекеттің формалары мен тəсілдерін ойластырады. Қарым-қатынастағы өзара əрекет – ортақ əрекеттің шартты жүйесі, жүйесі, қарым-қатынастағы сыбайластық бір-біріне əсері. Осы əсер арқылы ойларын, эмоциясын, мінез-құлқын өзгерту бағытталады.

Өзара əрекеттің негізгі сипаттары:

1. Өзара əрекет қажетті жəне міндетті біріккен əрекеттің тəсілін ойлап табу;

2. Өзара əрекеттің негізі əртүрлі бейнелер тұлғаарлық контакт жəне əрекет құрайды. Оларға жанамалы жəне тікелей кездейсоқ жəне алдын-ала ойластырылған, жеке жəне бұқаралық, ұзақ жəне қысқа мерзімді, вербальды жəне вербальды емес əрекеттер жатады.

3. Өзара əрекетке серіктестің бір-біріне тəуелділігі тəн. Егер əр адамның əрекетіөзгелермен бір уақытта жүргізілсе, өзге қатысушыларға да əсерін тигізеді. Осы серіктестік арасында өзара байланыс пайда болады. Осы мақсатқа байланысты мінез-құлықтар мынадай стратегияға бөлінеді:

1. Бірлесу – ол қатысушының өзара əрекет кезінде өз мақсатына максимальды түрде жетуін көздейді.

2. Қарсыластық, бəсекелестік – мұнда сыбайластарөз мақсатын көздейді.

3. Компромисс – мұнда сыбайластар тең жағдайды сақтап қалу үшін əрекет етеді.

4. Жол берушілік – сыбайластың мақсатына жету үшін өз қажеттілігіңді құрбан ету.

5. Қашқақтау – қарым-қатынаста алшақтау, өзге адамның жеңіп шығуы үшін өз мақсатыңнан бас тарту.

Басқарушылық əрекеттің түрлері төмендегідей:

1. Сендіру

2. Иландыру

3. Еліктеу

4. Күштеу

5. Манипуляция

6. Сынау

Сендіру – бұл іс-əрекетін тудыру себебінде ақпаратты беру жəне еркін қабылдауды мақсат еткен интеллектуалдық, психологиялық əсер. Басқаша айтқанда сендіруде текақпаратты қабылдау ғана емес, онымен іштей келісу жəне соңғы қорытындыны, ақпаратты өздігінен қабылдаушы жасау керек. Сендіру əсер ету əдісі ретінде иландыру,жұқтыру механизмдерінен бұрын əлеуметтік практикада жайырақ қолданыла бастады.Ақпаратты қабылдау немесе қабылдамау түскен сыни игерудің қажеттігі адамның интеллектуалдық дамуының жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді.Сендіру əсері процесінің қиындығы, рационалды əсер ету сияқты тұлғаның эмоциялық сферасына да əсерін əсер етуші инициатор мен адресаттың бірлескен белсенді əрекетін бастайды. Сендіруге көбінесе мына адамдар беріледі:қиялы ашық, өзіне қарағанда басқаларғабағытталатын, өзін-өзі бағалауы төмен адамдар. Сендіру тиімділігімына талаптарды сақтау керек:

-контакт орната білу, сенімділік тудыру;

-шыдамдылық, төзімділік, такт;

-дəлелдеу, түсіндіру, жоққа шығара алатын;

-бұрын игерген нəрселермен байланысатын жаңа идеялар беру;

-тұлғалық ашықтық;

-екі жақ қолданатын терминдерді, түсініктерді бірдей түсіну;

-сендіретін адамның жеке тұлғалық ерекшелігі мен шағын топтың психикасын есепке алу.

Сендіру 3 əсер ету түрінен тұрады:ақпараттық, түсіндіру, дəлелдеу немесе жоққа шығару

Ақпараттық тыңдаушының нақты іс-əрекет тудыруға қажетті оған фактілер мен қорытындыны жеткізу мақсатында ақпаратты бейнелі, əсерлі түрде жеткізу,жұмысшыға бар нəрсені айта отырып, индуктивтік немесе дедуктивтік жолдарды таңдап алады. Біріншісі, жалпылау қорытындысы бар фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды қарастыру.

Дедуктивтік жол – бірінші жалпы жағдайдың өзін айтып, содан кейін фактіге дəлелдемелер келтіру. Түсіндірудің бірнеше түрін көрсетеді:

1. Инструктивтік – жұмысшы жеткен ақпаратты игеріп, есінде сақтауы керек.

2. Хабарлау – жұмысшыға фактілер, шынайы əңгіме ретінде түсіндірді – бұл белгілі бір сəйкесті қорытындығы алып келеді.

3. Талдау – жұмысшының ойлау əрекеті, оған бірнеше сұрақтарқою арқылы белсендендіреді, ол логикалық талдауға жəне керекті қорытынды жасауға алып келеді.

4. Мəселелік – басшы қойылған сұрақтарға жауап бермейді. Жауапқа жұмысшының өзі келеді., бірақ түсіндіруге қажетті материалдар басшыны қорытындыға итермелейді.

Сендіруге дəлел логикалық заңдылықта, қарым-қатынаста жеткілікті негізде құрылады. Дəлел тиімді болады, егер өз мəнінде дұрыс болып келетін фактілерге сүйенсе немесе жұмысшы дұрыс деп қабылдаса. Логиканың көзқарасымен қарасақ, жаққа шығару да дəлел сияқты сипат алады. Бағынышты адамдарға бір идеяны дəлелдей отырып, басшы басқасын жоққа шығарады. Психологиялық жағынан айырмашылық анық байқалады. Дж.Майерстің пікірінше, сендіруəсерінің жүзеге асуында Кім? Не? Қалай? Жəне кімге беретінін есінде сақтау маңызды.

2.Иландыру – эмоционалды ерікті сипаттағы психологиялық əсер ету тəсілі. Тұлғаның ақпаратты мақсатты түрде сыни емес тұрғыда қабылдау. Иландыру мəні адамның сезіміне əсер ету арқылы оның ақылы мен еркіне əсер ету. Иландыруға бейім тұратындар суггестивті деп аталады. Қарым-қатынас процесінде бір мезгілде формасына, мазмұнына негізделеді.Иландырудың əсер ету мазмұны «жабысқақтылығымен» ерекшеленеді. Ол иландырылған жағдайдағы бірігушілік пен түзету мағынасында қиын беріледі. Ол гетеросуггестиялы (яғни жан-жақтан) жəне аутосуггестиялы (өзін иландыру) формалары арқылы жүзеге асады.

Иландырудың объектісі – үлкен топпен бұқара болуы мүмкін. Иландыруда ең үлкен эффекті мынадай жағдайда болады, егер де иландырылып берілген ақпарат адамның қажеттілігі мен қызығушылығына сəйкес келген жағдайда. Іскерлік қарым-қатынаста əр адам əртүрлі деңгейде иландыра алады, қабылдау деңгейі əртүрлі, иландыруға бейімділігі де əртүрлі адамдар болатынын əрдайым есте сақтау керек. Иландырудың эффективтілігі келесі факторларға тəуелді:

1.суггестордың қасиеті мен жағдайы (заңгер консультантқа, менеджер – бағынышусына т.б.) иландыруды іске асырушысы.

-оның əлеуметтік статусы мен беделінің жоғары болуы;

-еріктік, интеллектуалдық жəне мінез-құлықтық жайы;

-жетістікке жету қабілеті жəне оптимистілігі;

-ақпаратты жеткізуде аргументті, логикалы, эмоционалды компоненттерін дұрыс құрастыра білу;

-ақпарат көздеріне ерекше, қосымша сенімді əсер ету стимулын жасау қабілеті.

2.суггеренттің қасиеті мен жағдайы, яғни иландыруы бағытталған кісі

-оның астеникалық жағдайы, эмоционалды психофизиологиялық қосылу (стресс, дистресс, шаршау, əлсіз, ашу, т.б.)

-төменгі бағалау, өзіне сенімсіздік, шешім қабылдай алмаушылық;

-мазасыздану, үрейлену, ұялу, эмоционалдылығы жоғары, өзінің толық емес сезімдерінен комплекстену;

-бейнелі ойлау жəне беделге сенуі дамыған.

3.суггестер мен суггеренттің арасындағы эмпатия мен сенім маңызды орын алады.

-кілт сөздерінің нақтылығы жəне бейнелілігі;

-суггестердің комментариясындағы «жоқ» деген сөздер кездеспейді;

-сөздік динамикасы – бұл суггестияның негізгі тəсілі сөзінің тілдік спектрі үлкен қиыншылықпен ерешеленеді; мимика, жестикуляцияны суггерент эмоциональды қызығушылық, болашақтағы жақсы, сенімді, жағымды қатынастарын қалыптастыруға себін тигізеді.

-дауыс ырғағының сəйкес келуімен эмоцияға əсер етеді.

3.Еліктеу деп – бір адамның сыртқы құлқын қабылдаудағы бірнеше психикалық қалыптың тууы жəне сонымен қатар сол адамның құлқын белгілерін өзінде қайталау. Өзгелерге еліктеу негізінен санасыз болады, бірақ кейде бір мақсатқа жету барысында саналы қолданылады. Біреуге еліктеу ерікті жəне еріксіз түрде де болады. Еліктеу баланың əлеуметтену механизмінің негізгі бөлігі болып табылады. Еліктеуді ғылыми тұрғыдан зерттеген, негізін салған француз психолог-социологы – Г.Тард. Оның тұжырымдамасы бойынша, еліктеу, қоғам дамуының негізгі принципі болып табылады. Сонымен қоса, еліктеу – «қайталаудың əлемдік заңдылығы». Жануарлар əлемінде бұл заңдылық тұқым қуалау арқылы болса, адамдар қоғамында еліктеуарқылы болады. Г.Тардтың көзқарасынша, еліктеу – прогресстің көзі: жұрттың еліктеуі арқылы кезең мен қоғамда өнер туыдылары жасалуда. Бұл туындылар мен ашылулар қоғам құрылымына еніп, еліктеу арқылы меңгеріледі. Еліктеу психологиялық əсер етудің тəсілі ретінде нақты заңмен жүзеге асады:

Біріншіден, еліктеу іштен сыртқа бағытталады, яғни ішкі бейнелер сыртқыға қарағанда тез жүреді.

Екіншіден, əлеуметтік баспада төмен тұрғандар жоғарыдағыларға еліктейді.

Үшіншіден, неғұрлым адам ересек жəне білімді болған сайын еліктеудің қарапайы белгілеріне икемді. Мысалы, балалармен салыстырғанда ересектердің əлемді қабылдаудағы адамның ішкі жеке сипаттамасына үңілмей, сыртқы бейнесіне негізгі көңіл аудару.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет