Реферат Іскерлік қарым-қатынас формасы Орындаған: 7М02210 «Тарих» мамандығы І курс манистранты


Іскерлік қарым-қатыныстағы перцепция



бет4/7
Дата21.04.2020
өлшемі41,8 Kb.
#63753
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат Іскерлік қарым-қатынас формасы

Іскерлік қарым-қатыныстағы перцепция
Қабылдау немесе перцепция шынайы өмірде обьективті қалыптасқан идеалды құрылым болып саналады. Əлеуметтік психологияда қабылдау деп басқа адамның сыртқы түрі мен мінез-құлқын бағалау негізінде қалыптасатын біртұтас бейнесі түсіндіріледі.Əлеуметтік қабылдауды мына жүйе арқылы көрсетуге болады:

- бақылаудағы мінез-құлқы мен сырт келбетін қабылдау жəне баға беру.

- мінез-құлық себебі мен нəтежиесі арқылы интерпретация беру жəне алдын-ала болжау

-өзіндік мінез-құлық стратегиясын ойластыру

Іскерлік қарым-қатынаста өзара əрекет 1-н алғаш көрген адамммен 2-н жақсы білетін адаммен əрекетке түседі. Бұрын танымайтын адамдар арасында психологиялық механизмдер қалыптасады олар; 1.топаралық, 2, тұлғааралық.

Бір адамның екінші адамды қабылдауы қарым – қатынастың міндетті құрамдас бөлігі ретінде қарым – қатынастың перцепциялық жағында қарастырылады. Əлеуметтік перцепция – ортақтасу үрдісінде бірін – бірі өзін - өзі тану мен түсіну. Əлеуметтік перцепцияның құрылымы – адамның сыртқы келбетін қабылдау арқылы оның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін бағалау, талдау жəне оған орай өз эмоциялық қатынасын анықтау соның негізінде бақыланушының іс - əрекетін болжау.

Əлеуметтік перцепцияның қызметттері:

-өзін-өзі тану

-ортақтасу серігін тану

-түсінісу негізінде өзара іс-əрекет ұйымдастыру

-эмоциялық қатынас орнату

Қарым-қатынастың əлеуметтік перцепция механизмдеріне идентификация, аттракция, эмпатия, рефлексия жатады.

Идентификация- өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тəсілі,өзін өзгеге ұқсату.Идентификациялану барысында өзгенің құндылықтары, мінез-құлықтары ,əдеттерін өз бойына сіңіріледі.

Эмпатия-эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу.Эмпатияның негізінде жатқан жайт - өзгенің ішінде не болып жатқанын, ол не сезіп тұрғанын, дүниені қалай бағалайтынын дұрыс елестетіп білу.

Аттракция- өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген. Қарым-қатынас серігін жақсы түсінуге, оған қарай достық не сүйіспеншілік сезімдеріне негізделген қарым-қатынас себепкер болуы даусыз.

Əлеуметтік рефлексия- қарым-қатынас барысында өзін-өзі тану механизмі болып табылады.

Топаралық қарым-қатынастағы қабылдау механизмдеріне алғаш тану жатады.Соған байланысты адамдар арасында белгілі бір стериотип қалыптасады.Мысалы: А обьектісін көргенде автоматты түрде А бейнесі қалыптасады.Əлеуметтік стериотиптер мынадай түрлерге бөлінеді: этникалық, діни, кəсіби, идеологиялық, жас ерекшелік.Əлеуметтік стериотиптердің мынадай ерекшелігі бар:

1. Нақты өмірлік жағдайларды қабылдауының анықталуы нақты жағдайларға қатысты емес, жанамалы түрде біздің санамызға қалыптасқан бейнелерге қатысты болады.

2.Əлеуметтік стериотип меншігінен шығару қарым-қатынастың қалыптасуы арқылы «ойлауды үнемдейді», яғни алдын-ала қалыптасқан ойлар арқылы сол жағдайдағы əрекет өздігінен пайда болады.

3. Əрбір əлеуметтік стериотип əр түрлі пропорциядағы сипатта болады жəне ол адамның жекелік сипатына сай келеді

4.Стериотиптер өте берік қалыптасып қалады, тіпті тұқым қуалайды.

5.Біз қаншалықты əлеуметтік обьектіден алшақ болсақ, соншалық ұжымдық əсерге бағынушылық көп болады.

Стериотиптердің қалыптасу факторларына: таңдану, тартымдылық,қарым-қатынасқа түсу түрлері жатады. Таңдану факторы сыбайластардың тең емес жағдайында болады.Ол өзінен сыбайласының бір жағынан болса да артық деп бағалайды. Тартымдылық механизмінде адамға қойылатын баға ұнау, ұнамау жағдайына қатысты. Егер адамның сырт келбеті ұнаса, ол адамды жақсы, ақылды деп бағалаймыз. Қарым-қатынасқа түсу факторы, егер бізбен кім жақсы араласады, сол жақсы деп бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет