ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Іскерлік қарым-қатынас формасы
Орындаған: 7М02210
«Тарих» мамандығы
І курс манистранты
Нұрахимова Жанерке
Тексерген:Токсанбаева Н.К.
Алматы 2020ж.
Іскерлік қарым-қатынас формасы
Мазмұны
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
Қарым-қатынас туралы түсінік
Қарым-қатынастың негізгі қызметтері
Іскерлік қарым-қатынас және психологиясың ерекшелігі
Іскерлік қарым-қатыныстағы перцепция
Іскерлік қарым-қатынастағы интеракция
Іскерлік қарым-қатынастағы тиімді өзара байланысу тəсілдері
ІІ. Қорытынды бөлім
III.Пайдаланылған адебиеттер тізімі
Қарым-қатынас туралы түсінік
Тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі қарым- қатынас болып табылады. Қарым– қатынас тұлғаның дамуында маңызды орын алатынын отандық психологтардың В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломова, А.Р.Лурья, В.Н.Мясищев, А.В.Петровскийдің еңбектерінде өз дамуын тапқан. И.А.Зимняяның айтуынша қарым – қатынас XX ғасырды қамтитын жас мəселе, егер Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде ораторлық өнер, риторика, эвристика жəне диалектика саласында зерттелінсе, қазіргі кезде қарым -қатынас мəселесі философия, əлеуметтану, əлеуметтік лингвистика, психолингвистика, əлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында зерттелінуде.
Адам қарым –қатынасының төрт қыры бар пирамида секілді: біз ақпарат алмасамыз, басқа адамдармен əрекетке түсеміз, оларды танып солармен қатар өзіндік уайымды бастан кешіреміз. Қарым –қатынасты адамдарды біріктіретін, дамытатын тəсіл ретінде де қарастыруға болады. Олар өзінің формасы, түрі бойынша əр түрлі. Қарым –қатынастың түзу, жанама, сөздік, бейсөздік т.б түрлері туралы айтуға болады. Сонымен қатар топтық жəне тұлғааралық қарым- қатынасты бөлуге болады. Біріншісі адамдардың топта немесе жұп болып қатысушылардың үнемі қарама- қарсы құрамының тұрақтылығымен байланысты, екіншісі таныс емес адамдармен байланысы, яғни сонымен қатар түрлі бұқаралық ақпарат құралдарымен себептендірілген қарым-қатынас болып табылады. Ал екіншісі тұлғааралық қарым-қатынас болып бөлінеді. Бірінші жағдайда қатысушылар болып нақты жеке сапаға ие жəне біріккен əрекетке ашыла түсетін нақты тұлғалар болып табылады. Рольдік қарым-қатынасқа қатысатын тұлғалар белгілі рольдерге (мұғалім –оқушы, сатушы- сатып алушы) ие болып орындайтын рольмен əрекет етеді. Бұндай қарым – қатынасқа адам белгілі қызмет атқаратын əлеуметтік бірлік, индивидуалдық ретінде көрініс бермейді. Қай ақпаратты беруде болмасын белгі, яғни белгілер жүйесінің алар орны ерекше қарапайым бөлінуде сөздік жəне бейсөздік қарым-қатынасты айырады. əрбірінен өзіндік белгілер жүйесі бар, сондықтан коммуникативті процестің 3 түрі анықталған:
Қарым-қатынастың интеракциялық жағы- бұл адамдардың қарым-қатынасының белсенді жағын білдіретін шартты ұғым.
Қарым – қатынас барысында адамдар ақпарат алмасып қана қоймай, олар іс - əрекеттерін жоспарлайды, бір бірімен əрекет,қимыл алмасады, өзара əрекеттін түрі мен нормаларын анықтайды.
Қарым – қатынастың интеракциялық жағынын өзара əрекет алмасуында адамдар əртүрлі мотивтерді мақсат тұтады. Солардың ішіндегі маңыздылары:
- кооперация, жалпы ұтысты көбейту,
- индивидуализм, өз ұтысын көбейту
- конкуренция, салыстырмалы ұтысты көбейту
- альтруизм, өзгенін ұтысын көбейту
- агрессия, өзгенін ұтысын азайту,
- тепетеңдік, ұтыстардың айырмашылықтарын азайту. Қарым – қатынасқа қатысушылардың бастапқы əлеуметтік мотивтеріне қарай олардың өзара əрекеттесу барысындағы 5 негізгі страгесиясын белгілеуге болады.
1.Қарсыласу стратегиясы, өз ұтысын көбейту мотивіне сəйкес. Адам тек өз мақсатына бағытталып, өзгенін мақсатын есепке алмайды.
2.Қашу стратегиясы,өзгенін ұтысын азайту мотивіне сəйкес. Шынайы өзара əрекеттен қашу, байланыстан бас тарту, өзгенін ұтысын азайту үшін өзінің де мақсатына жетпеу.
3.Жол беру немесе көну стратегиясы, өзінің ұтысын көбейту мотивіне сəйкес. Ортақтасу серігі мақсатына жету үшін өз мақсатын құрбандыққа салу.
4.Компромисс стратегиясы, ұтыстардың айырмашылықтарын азайту мотивін көздейді. Шартты теңдік үшін ортақтасу серіктері өз мақсаттарына толық жетпейді.
5.Ынтымақтастық стратегиясы, кооперация мен бəсекелестік мотивтерін жүзеге асырады. Бірлескен əрекетке қатысушылардың əлеуметтік қажеттіліктерін толыққанды өтеу.
Қарым-қатынас өзінің белгілеуі бойынша көп қызметті болып келеді. Соның ішінде 5 негізгі қызметті бөліп қарастыруға болады.
1.Прагматикалық байланыстыру қызметі – біріккен əрекет процесіндегі адамдардың əрекеті арқылы қарым –қатынас жүзеге асады. Қарым – қатынас бұл жерде кез – келген бірлескен іс əрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады.
2.Қалыптастырушы қызметі - қатынас адамдардың психологиялық бейнесінің қалыптасу жəне өзгерту процесінде пайда болады. Адамның белгілі даму кезеңінде мінез –құлық түрлі өзгерістерге ұшырайды. Соның арқасында баланы өзіне, əлемге қарым –қатынасы дамып отырады.
3.Растау қызметі - басқа адамдармен қарым –қатынас барысында тұлға өзін тану мен нақтылауға өзінің құндылығын анықтау үшін басқа адамдардан тірек іздейді. Адам өзінің бар екендігін ,өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі.
4. Тұлғааралық қарым –қатынасты қолдау жəне ұйымдастыру қызметі. Басқа адамдарды қабылдау жəне олармен түрлі қарым – қатынас (интимдіден тұлғалыққа одан іскерлікке дейін орнату жəне түрлі жағымсыз жəне жағымды эмоционалды қарым – қатынас орнату əрбір адам үшін бағасыз нəрсе болып табылады. Заманауи адамдардың əлеуметтік байланыстары тек эмоциялық қатынастармен шектелмесе де эмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рольдік қарым – қатынастарға өз əсерін тигізеді.
5.Тұлғаішілік қызмет – адамның өзімен - өзі қарым – қатынас жасауы (ішкі жəне сыртқы сөз ) бұл - адамның ойлауын əмбебап тəсілі ретінде қарауы мүмкін. Л.С.Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам қарым – қатынастың қызметін сақтап қалады.
Əлеуметтік психологияда тұлғааралық қарым – қатынастың үш типін анықтаған: императивті (бұйрық), манипулятивті (айла), диалогты (қосүн, қоссөз).
Императивті қарым - қатынас – авторитарлы, əрекеттік директивті формасы болып табылады, яғни патнердің мінез – құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі əрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады. Қарым – қатынас партнері тек əсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. əсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап ,əмір, тыйым салу, нұсқау пайдаланылады. Сонымен əміршіл қарым – қатынас басқаны өзіне қажетті белгілі əрекетке күшпен бағдарлау.
Манипулятивті қарым -қатынас – партнерлердің өз мақсатын жасырын жүзеге асыруға бағытталған форма. Алдап – арбау қарым - қатынасының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда – саттық, іскерлік, насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрдегі қарым – қатынасқа демеу берушісі, жаршысы Дейл Корнеги. Оқыту барысында сабақты қызықты өткізу, оқушының ынтасы мен назарын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады.
Диалогты қарым-қатынас–біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара əрекет. Диалогты қарым – қатынастың ерекшелігі–эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу.
Достарыңызбен бөлісу: |