Реферат Іскерлік қарым-қатынас формасы Орындаған: 7М02210 «Тарих» мамандығы І курс манистранты


Іскерлік қарым-қатынастағы тиімді өзара байланысу тəсілдері



бет6/7
Дата21.04.2020
өлшемі41,8 Kb.
#63753
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат Іскерлік қарым-қатынас формасы

Іскерлік қарым-қатынастағы тиімді өзара байланысу тəсілдері
Іскерік қарым-қатынастаың ең басты міндеті сыбайласыңның өзіңе жағымды қарым-қатынасқа қалыптастыру. Іскерлік қарым-қатынста жағымды əсер қалыптастыру əдістері:

-мұқият тыңдау.

- киім үлгісін сол жағдайға байланысты таңдай алу. сыбайласыңа сыйластық қатынас орнату.

-əлеумет қабылдаған жест, мимика, тұлғааралық қарым-қатынасты қолдана білу.

-жағымды эмоция қалыптастыра білу.

-əңгімелесу кезінде жазып алуға ынталану,

-мұқияттылық.

Іскерлік қатынаста кейінгі кезеңде кеңінен қолданып жүрген əдістер қолданбалы психологияда көптеп қолданылады.Нейролингвистикалық бағдарламада байланысу өзінің мінез-құлқыңды өзгенің мінез-құлқына бейімдеу мақсатында қолданылады.Басқарушылық қатынастағы байланысудың негізгі əдістеріне мыналар жатады:

« Кіріспе»- бұл сыбайласыңыздың дене тұрқы жест, сөзін қайталау реакциясы.Бұл əдісте сіздің жестіңізді қайталанса сыбайласыңыздың сіздің бағытыңызға қарай ауысқандығын білдіреді.Егер сыбайласыңыз санасыз түрде сіздің мимикаңызды қайталап тұрса ол сіздің ойыңызбен келіскендігі.

«Якорь»-бұл адамның бір көңіл-күйдің негізінде барлық көңіл күйді туғыза алу қабілеті.Ол үшін сыбайласыңды жақсы біліп оны қолданудың ұтымды сəтін таңдай білуі керек.

«Ауысу»- сөздік құрал арқылы адамның қалыпты жағдайдан жеңіл, икемді жағдайға көшу. Егер сіз сөйледі дұрыс құрып, сөздің арасында үзіліс болмаса, сыбайласыңның зейіні шашырап, талдау қызметі төмендейді. Бұл жағдайда қосымша мəліметке уақыт өткізбеу үшін, сыбайласың сізбен жеңіл келіседі.

«Трюизм»-жалпы бекітуді білдіреді.іскерлік қарым-қатынаста трюизм нақты құбылыстан жалпы құбылысқа ауысу үшін падаланылады.

«Таңдаусыз таңдау»- контексте байланыссыз іскерлік қарым-қатынас кезінде қатаң жəне жұмсақ стиль түрінде қолданылады. Мысалы: «Біз келісімді сіздің əлде біздің кеңседе өткіземізбе?бұл ұсынысқа тек таңдау ғана қалды»

«Таңдау құқы»- бұл жоғарыдағыдай таңдауға иллюзия құрады, бірақ таңдау жоқ. Мысалы» Сіз бұл тапсырманы аласыз ба?қасыңызға көмекші алыңыз, бұны тиімді жасай алатыныңызға мен сенімдімін.

Сонымен қатар іскерлік қарым-қатынаста сыбайласыңмен тиімді перспективалы іс жүргізу үшін адал өзінде сенімділік болуы тиіс.

Сенімділік-ол адамның ынталанатын жəне оған жету мақсатында əрекет ететін мінез-құлқы. Ол білік жəне сапа кəсіби əрекетте жетістікке жетуге əсер етеді. Сенімділікті мына жағдайларда қалыптастыруға болады:

-нақты алдыңа мақсат қойып жоспарлау, іске асыру,

-өз мүмкіншілігіңе сай қалыпты іспен айналысу,

-кəсіби жəне өмірлік мақсаттарды ұғыну, қойған міндеттерді ұтымды шеше білу,

-туындаған келіспеушіліктің қателігін дұрыс талдау, алдағы уақытқа ескерту ретінде қабылдау,

-адамдармен қарым-қатынаста түрлі жағдайларда өзін қалыпты ұстау,

-жұмыс күш қабілетін жəне денсаулықты нығайту,

-өзіндік имидж жəне сыртқы келбетіне көңіл бөлу,

-өз ойыңды анық жеткізе білу, өзін бақылау білігін меңгеру.

Адамдар арасындағы қарым-қатынасты меңгеру де өнер болып табылады. Өйткені қарым-қатынастың да өзіне сай арықашықтықтары бар. Əр мəдениетте проксемикалық дистанция бар, яғни ол қарым-қатынастың əр түріндегі шекарасы. Вербальды емес мінез-құлық жүйесінің ең көп тараған жəне зерттелген аймағы болып аймақтық қарым-қатынасты ұйымдастыру проксемика болып табылады.оның негізін салушы американдық мəдени антрополг Э.Холл. Э.Холл тұлғааралық кеңістіктегі дистанцияның 4 түрін анықтады.Америкалық мəдениетке тəн түрлі жағдайлардағы бір-біріне жақындасу нормасы

-Интимдік(0-45см),

-Персональды дистанция(45-120)

-Əлеуметтік(120-400см)

-Қоғамдық дистанция(400-750см)

Көптеген мəдениетте адамдарға жақындасу нормасы өзгеше. Латын Америкасы, Араб елдері жəн Оңтүстік Еуропада тығыз қарым-қатынас қажеттілігі жоғары болса, қиыр Шығыс орталық жəне Оңтүстік Шығыс азия жəне Америка елдерінде төмен. Дистанциядан басқа кеңістіктегі қарым-қатынастың өзге де компоненттері бар. Оның бірі бағыт алу жəне қарым-қатынас бұрышы. Бағыт алу Латын Америкасы, Оңтүстік Еуропалықтар өз бұрыш жасап байланысқа түссе, Жапондықтар үлкен бұрыш жасаған. Проксемиканың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі-персональдық кеңістік немесе адамның ойша сызып қойған шекарасы. Бұл шекараға ол біреудіңкіргенін қаламайды.мысалы біздің елде қалыптасып қалған шеара-0,5м.Осындай кеңістікте адам өзін қолайлы сезінеді.

Іскерлік қарым-қатынастағы мəдениеттің бір бөлігін жағымды тартымды имидж алады.Э.Тофманның айтуы бойынша-бұл əсерді басқару өнері. Əрбір адамға өзге адамдардың көзінде қалай көрінетіні өте маңызды. Имидж өзіндік менін самопрезентациялау.Имидж ағылшын тілінен аударғанда « бейне» деген мағына береді.Имидж ұғымына адамның тек табиғи тұлғылық құрылымы ғана емес арнайы құрастырылған құрылымдар кіреді. Оған адамның сырт келбеті,ішкі əлемі, жəне психологиялық типі. Барлық адамдар табиғатынан тартымды болып дүниеге келмейді. Олар ең күшті тұлғалық құрылымдарын дамытып көрсете білуі тиіс.Тартымды болу- бұл ерлік өйткені өзіңмен үздіксіз жұмыс жасау. Ол тек сырт келбетіңнің əдемілігі ғана емес ол сенім арту, адамға жан дүниеңмен жақын болу.

Имидж қалыптастыру сапаларының үш түрі бар:

1-топқа табиғи сапалар оларға комуникабелділік,эмпатия, өзгелерді түсіне алу қабілеті, шешенділік.

2-топқа адамның білім алу мен тəрбие нəтижесі олардағы адамгершілік, психологиялық денсауылық жəне тұлғааралық қарым-қатынас жасай алу қабілеті.

3-топқа өмірлік жəне кəсіби тұлғалық тəжірибелілік.Адамдарды басқару ол өнер.зерттеушілірдің айтуы бойынша 92% адамның өзгеге əсер етуі оның қалай киінуі мен сөйлесуінде. Ол ережелерге күлу өнері, дауыс ырғағы жест, мимика техникасы жатады. Бұл қасиеттерді қалыптастыруға имиджммекерлер көметеседі.

Қорытынды


Қарым-қатынас – бұл адамның өзара қарым-қатынаста болу тәсілі, және де басқа адамдармен өзара қарым-қатынаста болуы. Қарым-қатынаста адамдар ақпаратпен, ойлармен, эмоцияларымен алмасады, нәтижесінде адамдар арасында өзара қандайда бір форма қалыптасады және өзара әсерлер, бұл қандайда әртүрлі мақсаттағы іскерлік қарым- қатынас нәтижесінде жетудегі бағыт. Іскерлік қатынастағы этка – бұл ғылымның, практикада және әлемдік тұрғыдан этникалық талаптарды, қағидаларды, нормаларды, заңдылықтарды сақталуы іскерлік қатынастағы субьектілер арасында өзара түсінушілік пен өзара сенімді қалыптастырады, бұл қатынастың жоғарғы эффектісі мен өзара істегі соңғы нәтижесін көрсетеді. Іскерлік қарым-қатынас негізінде маңызды қызметтік сұрақтар, іске қатысты жауапкершілік, материалдық ақшалай шығын, кейде шағын бизнес субьектілерінің құқықтық қатынастары шешіледі. Сонымен қатар, жетекші туралы сөз болғанда, оның этникалық қарым-қатынасы қол астындағыларына әсер ететіні сөзсіз белгілі, сонымен қоса олардың қызметтік дәрежесіне әсер етеді. Сондықтан, іскерлік қарым-қатынас туралы білім мен оны билеу құқық қорғау органдарының кәсіпқойлығын және қазіргі заманғы талапқа сай дәрежесін көрсетеді. Зерттеулер көрсеткендей, жұмыс уақытында адам іскерлік өмірінің көп бөлігінде 70-85 % іскерлік қарым-қатынас алады. Басқаша айтқанда, адамдардың қызметтік істің нәтижесін басқа адамдар мен қарым-қатынасқа түсу арқылы қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет