2 Жасушалық биотехнологияның негізгі бағыттары
Жасушалық биотехнолгияның негізі - жеке бөлініп алынған жасуша және ұлпа өсінділері. Клеткаларды толық меңгеру үшін оларды өсімдіктер, жануарлар мен адам организмдерінен бөліп алу және оларға организмнен тыс өсу үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Жеке бөлініп алынған жасушалар мен ұлпаларды жасанды қоректі орталарда асептік жағдайда өсіру (in vitro) биотехнологияда кеңінен қолданылады.
Жалпы биотехнологиялық процестер жасанды ортада өсірілген микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлар мен адамдардың жасушалары және ұлпаларының биосинтетикалық потенпиалына негізделеді. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде биотехнологияның дамуына көп көңіл аударылады, себебі басқа технологиялармен салыстырғанда биотехнологияның көп артықшылығы бар: биотехнологиялық процестер энергияны аз мөлшерде қажет етеді; ешқандай қалдықсыз; экологиялық таза технология. Бүгінгі таңдағы биологиялық технология, тек алдыңғы қатарлы жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды қолдану арқылы жүзеге асады, сонымен қатар оның тағы бір ерекшелігі - зерттеулер климаттық жағдайларға тәуелсіз және шағын орын ала отырып, жыл бойы жүргізіледі. Осындай ерекшеліктермен жасуша мен ұлпа өсінділерінің технологиясы сипатталады.
Жасуша және ұлпа өсінділері адам тіршілігіне қажетті үш бағытта қолданылады.
Бірінші багыт:
• жеке бөлініп алынған жасушалардан медицина және парфюмерияға, косметикаға қажетті екінші метаболиттік- өнімдер (алколоидтар, стериодтар, гликозидтер, гормондар, эфирлік майлар т.б.) алу;
• жасушалық технологияның негізінді қажетті медициналық препараттар алынады (диосгенин, аймолин);
• жасуша өсінділерін қолдана отырып, тағам өнеркәсібіне қажетті биологиялық қоспалар мен препараттарды алу.
Екінші бағыт:
• жасуша өсінділерін өсімдіктерді вирустық және басқа да агенттерден сауықтыру үшін қолдану;
• өсімдіктердің микрокөбеюі арқылы бір жылда жалғыз меристемадан жүз мың өсімдіктерді алуға болады;
• жасуша өсінділерін қолдана отырып, адам мен жанурлардың инфекциялық ауруларына қарсы вакциналарды алу;
• жасуша өсінділерін қолдана отырып, инфекциялы ауруларды анықтау үшін қолданылатын диагностикумдарды алу.
Үшінші бағыт:
• жасуша өсінділерін қолдана отырып, селекциялық жұмыстардың нәтижесінде жылдам өсетін, қолайсыз факторларға төзімді өсімдіктерді алу;
• оқшауланған протопластарды қоса (құйлып қосылу) отыра, өсімдіктердің жаңа түрін алу;
• гендік инженерияға негізделіп, протопластарға бөгде генді енгізе отыра, тұқымқуалаушылық қасиеті бар өсімдіктер алуға болады;
• жасуша өсінділерін қолдана отырып, вирустық аурулардың патогенезін толық зерттеуге болады;
• жасушаларды организмнен тыс (in vitro) пробиркада ұрықтандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |