Тілдердің үштұғырлығының дамуы барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет: – оқытудағы тілдердің сөз әрекетін белсенді түсіну және айту процессі ретінде қалыптасуы керек;
– оқыту әдістемесі қызмет принципіне (қолда бар қызығушылық, қойылған мақсатқа сәйкес теңбе-тең тәсілдер мен мақсаттарды қолдану) негізделуі керек;
– қарапайым пікір айту машықтарын қалыптастыру үшін сөз таңдау, оның өзгеруі, сәйкес ойын жеткізу сөйлемдерін таңдау қажет;
– мектепке дейінгі жастағы балаларды сөйлеу жағдайындағы бағытталу машықтары және оқытылып жатқан тілдегі қарым-қатынасқа оқыту қажет.
Тіл үштұғырлығына кіретін тілдер ұйымдастырылған күрделі жүйені құрайды. Жаңа сөздерді сөйлеуде пайдалану кезінде оларды игеру және қарым-қатынас жасау тек белгілі сөздік қордың жинақталуы мен есте сақталу жағдайында ғана мүмкін.
Сөздік жұмыс тілдер үштұғырлығын оқытудың алғашқы кезеңінде басым болып табылады, себебі тілдерді тәжірибеде игеру алдын ала бейтарап сөздікті жинақтаусыз мүмкін емес. Белсенді сөздікке жаңа сөздерді енгізу: ойыншықтар, нақ пішін, табиғи заттар, сюжеттік суреттер, фотосурет, сызбаларға сүйене отырып, бейнелерді көру нәтижелі болып табылады. Жаңа сөздердің айтылуы мінсіз, айқын, ашық болуы тиіс. Меңгерудегі тілге енгізілетін жаңалықтар келесі кезеңдерден өту қажет: педагогтің үлгісіне сүйене отырып жаңадан естіген сөздерді елестетіп қалыптастыра білу; сөйлеу кезінде оларды тану және түсіну.
Оқытылу барысына жаңа сөздер мен сөз тіркесі қосылғанда өз ретімен енгізілуі қажет. Жаңа сөздер алғашқы рет енгізілсе, балалардың назарын оларға және ерекше айтылуына аудару қажет. Бірақ балалар жаңалықтарды шамадан тыс қабылдамауына көңіл бөлу керек.
Белсенді сөйлеуде пайдаланылатын сөздер біртіндеп енгізілуі керек және жүйелі түрде қайталанып тұру қажет. Белсенді сөздікті толықтыру фразалық сөйлеуді біртіндеп күрделендіру арқылы жүзеге асу қажет.
Мағыналы мәтінді, тақпақтар, өтірік өлеңдер, санамақтардың екпін мен мәнерлеп айтылуына аса назар аудару қажет.