Реферат мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі пәнінен



бет2/12
Дата07.02.2022
өлшемі57,39 Kb.
#85352
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
РЕФЕРАТ

Жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде тіл дамыту жұмыстарын бір ретке келтіріп, жұмыстың әлдеқайда тиімді жолдарын топтап алу
Жұмыстың міндеттері: Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін:
- тіл дамыту жұмыстарының тиімділігін айқындау.
- тіл дамыту арқылы бала қасиеттерінің ашылуына,өз күшіне сене білуіне, қалыптасуына мүмкіндік туғызу.
- бала тілін дамытудағы тәрбиелік мәнін ашу;


Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үрдісі
Зерттеу заты: Тіл дамыту жұмыстары
Зерттеу әдісі:
- педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау;
- тәрбиеші-педагогтардың озық іс-тәжірибелерімен танысып,зерттеу, байқау;
- педагогикалық эксперимент жүргізу;
- әртүрлі мәтінмен, сюжетті суретке әңгіме құрау әдістерін қолдану;
- әңгеме, сауал сұрақтар, байқау, салыстыру;
- педагогикалық эсперимент нәтижелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылау.


1. Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі

Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі – топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы – 8-12 адамнан артық болмау керек. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 4-5 жастағы балаларға – аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға – аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында алынған білім барлық режимдік кезеңдердің үдерісінде күнделікті: сәлемдесу, киіндіріп шешіндіру, тамақ ішу, ұйқыға дайындық, ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.


Әдістемелік құралдың педагогикалық пайдалылығы – мектеп жасына дейінгі балаларға тілдердің үштұғырлығын үйрету көптілді тұлғаның негізін қалыптастырудағы алдын-ала маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы әдістемелік құралының мазмұны негізінде балалардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, ана тіліндегі және басқа тілдегі сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.
Әдістемелік құралдың педагогикалық маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың заманауи қоғамдағы жалпы қолданылатын тілдердің негізін меңгерумен шарттастырылады. Тек қана ана тілі емес, сонымен қатар ұлтаралық қарым-қатынастағы шет тілдерінің ауыз екі сөйлеу тілін меңгеру тұлғаның зияткерлік, эмоционалдық және адамгершілік дамуымен тығыз байланысты.
Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5–10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет