Айтылу жағынан сөйлеуін жетілдіру, есту ықыласын дамыту, есту арқылы сөйлеуін жетілдіру үшін мынадай әр түрлі тәсілдер қолданылады: – оқыту тіліндегі педагогтың үлгісіне қарап дыбыс және сөздерді дұрыс айту;
– кейіпкер және бұйымдарды келтіру барысында дұрыс екпінді қолдану; -бұйымдар мен кейіпкерді сахналау кезінде дұрыс екпін пайдалану;
– қажетті мәнерлі құралдар таңдау үшін балаларға қарастырылған сұрақтар;
– сөйлемдерді әр түрлі екпінмен (қуана, ренжулі, немқұрайлы) айту бойынша шығармашылық тапсырмалар;
– жеке сөздер, сөйлем, логикалық екпін қоюлары, дауыс ырғағын және күшін өзгертуді (қосылып, жекеше) қайталау үшін жаттығулар;
– рөлмен оқу.
Жаттау немесе жатқа оқу кең қолданылады (ертеңгілікте орындау, сәбилердің алдында көңіл көтеру, туыстардың сыйлығына және т.б.). Осы жаттығулар баланың күш-қуатын жұмылдырады, әрі басқа тілде өз қалауынша айтуға ықыласын арттырады.
Мектепке дейінгі жастағы үлкен балалардың мәнерлеп сөйлеуі әр түрлі болып қалыптасады, сондықтан ұйымдастырылған оқыту қызметінде бірнеше қатар әдіс-тәсілдер қолданады.
Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтен жеңілдеткен түрде еске сақтау тәсілдерін қолдану талап етіледе. Балалармен лексикалық мәліметті нақты бекіту үшін, оны бірнеше рет қайталау қажет. Баланың сөздік қорын толықтыру үшін, қайталау барысында тек белгілі ғана емес, жаңа лексиканы пайдалану қажет.
Бастапқы кезеңде орыс тілінде оқытылып жатқан топтардың қазақ, ағылшын тілдерін оқыту барысында лексикалық, грамматикалық және фонетикалық дағдыны қалыптастыруына үлкен назар аудару қажет. Осы дағдылар болмаса сөйлеу өнері айтарлықтай сапалы болмайды, балалар дұрыс айтуды және оқытудағы тілдердің сөйлеу қалыптылығын сақтай алмайды.
Күнделікті, әртүрлі тұрмыстық жағдайда ұйымдастырылған оқу қызметі процессінде және дидактикалық ойын барысында өздігінен әртүрлі сөздіктерді қолдануда жүзеге асады. Маңызды тілдесуді ұйымдастыруды, балалардың сөйлеуге назарын аудару, сөздік қорына, баланың жинақталған сөз құрамы байлығын пайдалану педагогтың рөлі болып табылады.
Театр әрекеті, сүйікті ертегілердің ерекше үзінділерін сахналау, кейіпкерлер диалогін пайдалану орыс және ағылшын тілдерін үйренуді белсендіруге, грамматикалық құрылымды және жүйелі сөздің дамуына мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі жастағы баламен (орыс және ағылшын) тілдерді үйрену барысында тілдің үштұғырлығы жағдайында дыбыс мәдениетін меңгеру – балалардың белсенді сөздік қорын толықтыру барысын анағұрлым қарқындатады, тіл байланысын кеңейтеді.
Оқытылып жатқан тілдердің дыбыстарын дұрыс айтуды қалыптастыруға оқыту барысында сөйлеу жаттығуларын өткізу қарастырылған. Мұндай жаттығуға дыбысты жеке сөздің, сөйлемнің ішінде айтылуы кіреді. Педагог балаларды әрбір үйретілетін дыбыстың артикуляциясымен таныстыруға және оның барлық балалармен дұрыс айтылуын қадағалауға міндетті.
Тілдің үштұғырлығын дамытудағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру және дұрыс жоспарлау үшін балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту мен байытудың жалпы жағдайын анық білу қажет.
Оқытудағы жетістік көбінесе балалармен жұмыс жасаудың құрылымына тәуелді. Оқытудың басында (2-3 минут) баланы қазақ және ағылшын тілдерінде еркін қызықты араласатын күйге түсіретін, кернеу мен шығармашылықты шешетін оқыту-ойнату әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс.
Балалардың белсенділігін арттыру үшін олардың қазақ және ағылшын тілдерінде күлімдеп, жақсы рең білдіріп, : «Жақсы!», «Жарайсың!», «Дұрыс!» және т.б. сөздермен мадақтап отырған дұрыс.
Ұйымдастырылған оқыту әрекетінде балалардың фонематикалық есту қабілетін, сөйлеу қабілеттері мен дағдыларын, қарапайым сөйлеу талдауын дамытуға бағытталған 2-3 минуттық фонетикалық жаттығуды («Фонетикалық минут») өткізу қажет. «Фонетикалық минут» келесі ойындар ретінде өткізілуі мүмкін: «Жаңғырық», «Алқа», «Сағат», «Сөздер адымдайды» және басқалары.
Балаларға таныс емес тілдегі жаңа сөздермен алғаш танысу кезінде кең мағынада көрнекілікті пайдалану қажет. Тек бұйымды көрсету мен оның атын атаумен ғана шектелуге болмайды. Шет тілінің сөзі баланың жадында ешқандай аудармасыз сақталу үшін оның тек есту және көру қабілетін ғана емес, сонымен қатар басқа талдағыштарды іске қосу қажет: түйсіну (бұйымды ұстау), иіс сезімі (мысалға, раушан гүлін иіскеу), татым (мысалы, қант, балдың, тосаптың дәмін көру). Мүмкіндігінше заттың өзін көрсеткен жөн, содан соң ол заттың әртүрлі жағдайдағы басқа заттармен салыстырмалы түрдегі суреттерін көрсету қажет. Мысалы, үстел әр түрлі пішінде, әр түрлі өлшемде және тек қана төрт аяқты емес, үш аяқты да немесе бір аяқты да болады.