Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата01.05.2018
өлшемі56,8 Kb.
#40360
Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша толық түсінік беру, жаңа сөздермен таныстырып, лексикалық бірліктерді меңгерту, сабақты бекіту барысында алған білімдерін одан әрі жетілдіру, білімдерін бағалау;

Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін, есте сақтау қабілеттерің дамыту, лексикалық минимумдарды қатыстыра отырып, қысқаша сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру, топпен жұмыс, жекелей жұмыстарды орындау мақсатында іскерлікке машықтандыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, мәдениетке, тианақтылыққа тәрбиелеу;

Өз бетімен еңбектенуге үйрету.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сөйлесу, ойын, қызығушылықтарын оятуға қатысты мәтінге құралған сызба, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, сызбалар, интерактивті тақта, бағалау жұлдыздары, смайликтер.

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

Бір,екі, үш деп

Орнымыздан тұрамыз

Тұрыңдар, балалар!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе, мұғалім!



2.Психологиялық дайындық

Келіңдер балалар қол ұстасып «Шаттық шеңберін» құрамыз.

Күлімдеп күн бүгін /қолдарын көтереді/.

Қарады маған да! /қолдарын кеуделеріне қояды/

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да! /қасындағы балаға қарайды/

Сәлем деймін достарға!

Сәлем барша ұстазға!

Тату болып халықтар,

Аман болсын балалар!



3.Балаларды гүл бойынша топқа бөлу

1топ-


2топ-

4.Сұрақтарға жауап алу

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Бүгін ауа райы қандай?

-Көктем айларын кім айтады?

-Көктемде не еріді?

-Бүгін сәуірдің нешесі?

II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

Кроссворд. Оқу құралдары



  1. Бульон

  2. Сахар

  3. Вода

  4. Яйца

  5. Мука

  6. Творог

  7. Масло

  8. Мороженое

  9. Магазин

  10. Мед

  11. Кефир

  12. Колбаса

III.Сабақта

1.Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, қонақтар келіп отыр, өзіміздің алған білімдерімізді сабақта көрсетейік.

Балалар,бүгін сабақ барысында сендерді жұлдызша арқылы бағалаймын. Дұрыс жауаптар үшін, тапсырманы дұрыс орындаған үшін жұлдызша таратамын.

Жұлдызша саны бойынша сабақ соңында баға қоямын.



Кластер /үш тілде оқу/

Оқу құралдары:

Қорап –пенал

Дәптер-тетрадь

Күнделік-дневник

Қайшы-ножницы

Өшіргіш-стирательная резинка /ластик/

Желім-клей

Түрлі түсті қарындаштар-цветные карандаши

Ұштағыш-точилка

Сурет дәптері- альбом

Қалам-ручка

Кітап-книга /учебник/

Сөмке –сумка /рюкзак/

Ермексаз –пластилин

Сызғыш –линейка

IV. Топтық жұмыс

«Сөмкені жина» ойыны /тақырыпты бекіту үшін/

Ойын ережесін еске түсірейін:

Мектепке оқу құралдары суреттерін сөмке суретіне жинау керек. Мектеп суретіне ілінген оқу құралдарының артындағы тапсырмаларды орындау. Сурет алынған соң артында тапсырмалар шығады.



Қызыл сөмке Көк сөмке

  1. Буынға бөліп жаз.

Қайшы, сызғыш, қалам, сөмке, кітап, дәптер.

1.Буынға бөліп жаз.

Күнделік , өшіргіш, желім, ұштағыш, сурет дәптері.

2.Көптік жалғауларын жалға.

Қалам+ ,бояу+ , ұштағыш+ , күнделік+ ,дәптер+ .

2.Көптік жалғауларын жалға.

Желім + , сөмке+ , кітап+ , қайшы+ , өшіргіш+ .

3.Сөз тіркестерін қазақшаға аудар.

Красивая сумка, синяя тетрадь, белый ластик, моя сумка.

3.Сөз тіркестерін қазақшаға аудар.

Длинная линейка, большая книга, новая ручка, мой дневник.

Сергіту сәті.

4. «Адасқан сөздер» ойыны. Орны ауысқан сөздерді ретімен қойып, сөйлем құрастыру. Дұрыс сөйлем құрастыр.

Кірді, мұғалім, сыныпқа.

Сыныпта, оқимын,екінші, мен.

4. «Адасқан сөздер» ойыны. Орны ауысқан сөздерді ретімен қойып, сөйлем құрастыру. Дұрыс сөйлем құрастыр.

Бар, оқу құралдарым, менің.

Ұштаймын, қарындашты, ұштағышпен.

5.Тыңда. Оқы. Аудару.

Мынау- менің сөмкем. Менің сөмкем қызыл және үлкен. Менің сөмкемде кітап, дәптер, күнделік, сызғыш, ұштағыш, желім бар.

5. Тыңда.Оқы. Аудару.

Айнұр, Сәуле, Айдос, Мәлік доспыз. Біз кітап дүкеніне бардық. Айнұр кітаптар сатып алды. Сәуле мен Айдос сызғыш, қалам, қарындаш сатып алды. Ал Мәлік қорап пен өшіргіш сатып алды.

6. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

Д...птер, ...алам, сыз...ыш, к...тап, к...нделік, қар...ндаш, ...шіргіш.

6. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

Жел...м, с...мке, ...айшы, ұшта...ыш, д...птер, ...орап, сыз...ыш.

7. Жұмбақ шешу.

1.Қабат-қабат қаптама

Ақылың болса аттама .

/кітап/

2.Жақ ізінде бас та, қас та, мойын да,



Ұзындығы жазулы тұр бойында.

/сызғыш/


7.Жұмбақ шешу.

1.Ортасында «шегесі»

Жіп- жіңішке денесі.

/қарындаш/

2.Ізі жол болып қалады,

Алтын жинап алады.

/қалам/

V. Дәптермен жұмыс

...сәуір

Сынып жұмысы:

2-тапсырма

Оқу құралдары не үшін керек? Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.


  1. Кітапты........

  2. Дәптерге.......

  3. Сызғышпен......

  4. Қарындашпен........

  5. Өшіргішпен.........

Керекті сөздер : сызамыз, сурет саламыз, оқимыз, өшіреміз, жазамыз.

VI. Рефлексия

  • Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

Үш түрлі стикерлер арқылы сабақты түсіндім бе? Сұрағына жауап беру, ойларын айту.

Жасыл түс –мен барлығын түсіндім, маған сабақ өте көңілді болды.

Сары түс – мен түсіндім, маған қызықты болды.

Қызыл түс –менің түсінбегендерім болды, бірақ сабақ қызықты болды.



Бағдаршамға жапсыру.

VII. Үйге тапсырма беру.

Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.



Жаңа сөздерді жаттау.

122бет 1тапсырма



VIII. Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын қорыту кезеңі.

  1. Сонымен, балалар бүгін қандай сөздерді білдік?

  2. Қандай сұрақтармен таныстық?

  3. Қандай оқу құралдарын білдік?

IX.Сабақты бағалау кезеңі.

Міндеттері: өзара бақылау, жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру / ынталандыру, мадақтау, ескерту т.б./

Ұпайларды санау: Әр топтың жинаған ұпай саның есептеу. Бағалау.

Қоштасу. Сау болыңдар балалар!



7ұпай- 5/бес/ 6ұпай- 4/төрт/

5ұпай-3/үш/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет