Реферат Орындаған: Қабылдаған: алматы 2015 Жоспар Кіріспе 3


-сурет. Қабылдау қондырғысы автомобиль аударғыштармен. 1 – НПБ-2с; 2 – ГУАР-30. 2-сурет



бет4/5
Дата03.04.2023
өлшемі462,44 Kb.
#173620
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-31636

1-сурет. Қабылдау қондырғысы автомобиль аударғыштармен. 1 – НПБ-2с; 2 – ГУАР-30.



2-сурет. Қабылдау қондырғысы автомобиль аударғыштармен.
1-УТБ-УРВС; 2-АВС-50[3].


Темір жол көлігінің қабылдау қондырғылары

Темір жол көлігінен астықты қабылдау қондырғысын элеватордан белгілі бір қашықтықта орналасқан жеке құрылыс обьектісі ретінде салады.


Вагондардан астықты түсіргенде тұрақты немесе жылжымалы ТЛМ типті механикаландырылған күректерді қолдану арқылы және ВРГ, ВГК, ЦНИИ МПС, «Нагема» пневматикалық сору арқылы түсіретін, «Вихрь» сияқты жүйелі вагон аударғыштарды пайдаланады.
Пневматикалық қондырғылар электроэнергиясын көп шығындайды, бірақ еңбекті жеңілдетіп санитарлық жұмыс атқаруға қолайлы жұмыс жасайды.
Ең көп тараған вагоннан астықты түсіруде қолданылатын тұрақты жұмыс істейтін механикаландырылған күрек, оның өнімділігі 60....110 т/сағ. дейін болады. Қабылдау қондырғысын салуға көп қаржы жұмсалады, себебі қабылдау қораптарының салу тереңдігі 6,0 м дейін барады. Мұндай тереңдік көп жерлерде жер асты суларының жиналуын тудырады, гидролизациялық қабатты жасау үшін көп шығынға әкеліп соғады.
Қабылдау қораптарын кіші тереңдікке 3,0 м дейін салуды қолданады. Бұл жағдайда вагоннан астық қабылдау қораптарына түскен сәттен, транспортерлер де жұмысын бастауы тиіс. Қабылдау қондырғысы мен жұмысшы ғимаратының арақашықтығы жақындау болады. Мұндай қабылдау қондырғысына кететін шығын қораптары үлкен тереңдікте орналасқан қондырғыларға қарағанда неғұрлым аз болады.
Вагондардан астықты қабылдау қондырғылары мына түрге бөлінеді:
-вагондардағы астықты нория табандарына және силос корпусының шет жақтарында жанамалап силостардың астындағы транспортерлердің бойымен орналасқан қораптарға түсіру;
- жұмысшы ғимаратына белгілі бір қашықтықта және қораптары жер бетіне 4,0-4,5 м дейін терең орналасқан қабылдау транспортерлері жол бойымен тасымалдап, көлденең траспортерлер арқылы жеткізу;
- жұмысшы ғимаратында тікелей және қабылдау қораптары жер бетіне 5,5-6,0 м дейін терең орналасқан қабылдау транспортерлері арқылы астықты нория табанына құяды. Мұндай қондырғы көлденең типті қондырғы деп аталады[5].
- қабылдау қораптары жер бетіне 3,0 м-ге дейін терең орналасқан және қораптарының деңгейі рельстің деңгейіне дейін көтеріліп тұратын қабылдау қондырғыларында астық мамандандырылған нориялар арқылы ауа галерея сындағы транспортерге келіп түсіп, жұмысшы ғимаратына тасымалданады.
- қабылдау қондырғыларында үлкен өнімділігі бар ВРТ, ВГК қондырғыларын және инерциялық вагон аударғыштарды пайдалану. Бұл аударғыштардың өнімділігі 240-300 т/сағ шамасы аралығында болады.
Негізгі вагоннан астықты түсіру қондырғылары 3-суретте көрсетілген.
Кейінгі кездерде астықты түсіру вагоннан қабылдау мен түсіру бір қондырғыда орындалып келеді.



3-сурет. Теміржол көлігіне келіп түскен астық қабылдау қондырғылары.
Мұндағы: а-көлденең типі; б-көлбеу типі; в-қабылдау және тиеу қондырғысы; г-вагондарды инерциялық әдіспен түсіру қондырғысы;

Су көлігінен астықты қабылдау қондырғыларының түрлері 49-суретте көрсетілген. Су кемелерінен белгілі жергілікті жағдайдың өзіндік ерекшелігіне байланысты өздеріне тән нұсқасы бар қабылдау қондырғыларын салады. Мұндай жағдайларға жататындар:


- су кемелерінің суда алатын орны және конструкциялық өзгешеліктері;
- су деңгейінің кеме тұратын жағасында тұрақты биіктікте болмауы;
- элеватордың орналасуы су кемелерінің жағада жайғасуымен салыстыр-малы жағдайда болуы;

4-сурет. Су транспортын қабылдау қондырғылары.
Мұндағы: а-жағадағы тұрақты конвейерге жүзетін нория аударғышы арқылы; б-элеватор нориясына жүзетін пневматикалық аударғыш арқылы; в-жағаға орналасқан қораптарға жүзетін пневматикалық аударғыш арқылы; г-элеватор силостарына жағада орналасқан мұнара арқылы; д-жағадағы қозғалатын аударғыш пен конвейер арқылы; е-элеватор жұмысшы ғимаратының ішінде орналасқан астықтықабылдау үшін тұрақты пневматикалық қондырғы арқылы; ж-жұмысшы ғимаратына орналасқан тұрақты пневматикалық қондырғы, жағада немесе фарватерге қойылған бойынша (пунктирмен көрсетілген); з-жүзетін пневматикалық аударғыш арқылы өзен баржасынан теңіз кемесіне астықты аудару.

Су кемелерінің астықты пневматикалық және механикалық әдістермен түсіруге болады. Механикаландырылған әдіспен тұрақты түсіретін нориялармен, грейфер крандармен және өзінше жүзетін нориясы бар баржалар арқылы атқарылады. Бұл қондырғылардың өнімділігі 100 т/сағ шамасы аралығында болады.


Пневматикалық әдіспен астықты кемелерден түсіруде тұрақты, жаға бойындағы рельспен қозғалатын және жүзетін қондырғылар қолданылады. Бұл әдіспен астықты түсіргенде электр энергиясы көп шығындалады, 1 тонна астықты түсіру үшін 2,5.....4,0 кВт энергия жұмсалады.
Кемелердің ұзындығына трюмдерінің санына байланысты жағаның бойына 1,2,3 тұрақты қабылдау мұнараларын орналастырады. Бір мұнараның өнімділігі 25,50 және 100 т/сағ шамасына дейін болады. Олардың жалпы өнімділігі 300 т/сағ шамасына жетеді[3].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет