Реферат Орындаған: Қабылдаған: алматы 2015 Жоспар Кіріспе 3


Астық дақылдарын ылғалдылығы бойынша жайғастыру



бет3/5
Дата03.04.2023
өлшемі462,44 Kb.
#173620
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-31636

Астық дақылдарын ылғалдылығы бойынша жайғастыру



Ылғал және өте ылғал астықты силостарға салуға болады, егерде оның температурасын үздіксіз қадағалауға термодатчиктерді пайдалануы тиіс және сақтау уақыты ылғал үшін бес тәулік, ал өте ылғал астық үшін үш тәулік, әсіресе күріштің ылғалдылығы 19% дейін бір тәулікке дейін сақтауға болады. Сақтайтын астықтың көлемі кептіргіштің осы уақыт ішінде жұмыс істеу өнімділігімен анықталады. Ылғал астықтарды тек сыртқы силостарға ғана жайғастырған дұрыс. Ішкі силостарға құрғатылған астықтар сақталынады.


Элеваторда силостарды реттеп пайдалану жоспары құрылады. Астықтың майда партияларын бекітілген ережелер бойынша әр дақылдың түрін, сортын, типін, сапалық көрсеткіштерін, зақымдалғанын, фузариоздың дәндердің мөлшерін, т.б. қажетті талаптарды ескеріп үлкен партияларды белгілі мақсаттарға пайдалануына байланысты топтайды[2].


Элеватордың астықты қабылдау қондырғылары


Автомобиль көлігінен астықты қабылдау
Автомобиль көлігінен астықты қабылдау-дайындау элеваторының негізгі жұмыстарының қатарына жатады. Қазақстанда дайындау элеваторларындағы 95% астам астықты қабылдау мен тиеу жұмыстары жүк және темір жол көліктерінің үлесіне тиеді.
Ақтау қаласының порттық элеваторы су көлігіндегі қабылдау және тиеу жұмыстарын біртіндеп .үлкейтіп келеді. Республиканың астық қоймаларында көліктен астықты түсіру барлық өлкелердің астық кәсіпорындарында кеңінен қолданылады. Олардың қазіргі кезде қолданылып жүрген типтері өте көп. Қабылдау қондырғыларының оперативті жұмысына мына факторлар әсер береді:
- астықтың екпінді келіп түсуі және көлік типтерінің көп болуы;
- әр түрлі қабылданатын партиялардың саны;
- астық дәндерінің сапалық көрсеткіштері;
- көлік аударғыштарының типтері;
- орналастырылған жабдықтардың техникалық пайдалану дәрежесі.
Осы келтірілген факторлардың тигізетін әсерлерін ескеріп қабылдау қондырғысына қойылатын көлік аударғыштар әмбебап негізінде жұмыс атқаруы тиіс.
Жүк көлігінен астықты қабылдау қондырғыларының мына түрлері бар:
-норияның түбіне орналасқан қораптарға астықты түсіру;
-силос корпусының шеткі транспортерлеріне жақындатып орналасқан қораптарға астықты түсіру;
-жұмысшы ғимаратынан қашық орналасқан көліктен жер астында көлденең орналасқан транспортерлер арқылы түсіру қондырғысы;
- жұмысшы ғимаратынан қашық орналасқан көліктен жер астында көлбеу орналасқан транспортерлер арқылы түсіру қондырғысы;
- қабылдау қондырғысының қораптары жер астына 0,5-0,7 м тереңдікте орналасқан, мамандандырылған нориялар арқылы ауа галереясындағы транспортерлермен тасымалданады[1].
Әр түрлі көлік аударғыштары бар қондырғылар (1 және 2-суреттерде көрсетілген).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет