Реферат Орындаған: Ақылбекова Назым Тобы: ки-22-1 Қарағанды қаласы,2022 жыл Мақал-мәтелдердің қазақ фольклорында зерттелуі



бет1/4
Дата27.10.2022
өлшемі34,79 Kb.
#155184
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
мақал мәтелдер срсп
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

«Мақал-мәтелдер»
Реферат

Орындаған:Ақылбекова Назым


Тобы:КИ-22-1

Қарағанды қаласы,2022 жыл


Мақал-мәтелдердің қазақ фольклорында зерттелуі
Фольклортану ғылымын толық біліп, әрі қарай дамыту үшін алдымен фольклордың жиналу мен жариялану және зерттелу процесін біртұтас күйде қарастыру керектігі күмәнсіз. Мұндай ойды көптеген алыс және шет ғалымдары, сондай-ақ қазақ фольклорын зерттеушілер құптайды. Мақал- мәтелдердің жиналу процесін сөз еткенде, әрине әрбір зерттеушінің жинаушылық қызметіне толықталумен бірге, оны бір жүйеде қарастыру қажет.
Жазба әдебиеттен фольклордың негізгі айырмашылықтарының бірі – оның ауызекі таралу мен сақталу формасында. Ал, бұл зерттеушіге де, жалпы оқырманға да халық шығармасының толыққанды жетуі үшін, ең алдымен оны жинау, мұқият қағазға түсіру, содан кейін баспадан басып шығаруға кірісу міндетін жүктейді. Міне, мұның өзі фольклорды жинаушылық мызметтің қаншалықты жауапты, ауқымды мәнді екендігін көрсетеді. Сондай-ақ халық мәдениетінің алтын қоры болып табылатын фолклорды жинау – бұл ел шығармашылығының қаншалықты талантты, жан-жақты екендігін діттеуге жол ашады.Сонымен қатар фольклор үлгілерін жинау ісі – бай фольклорлық мұраның жойылып кетпей, кейінгілерге аманат етіп сақтап қалудың бірден–бір жолы екені айдан анық.
Фольклорды жинаудың, жариялаудың, зерттеудің алғашқы тәжірибелері сонау ХVІІІ, ХІХ ғасырдан бастау алғаны мәлім. Яғни бұл процес фольклортанушы ғалымдар: Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, М.Ж.Көпеев т.б. еңбектерімен тығыз байланысты. Бұлардың еңбектерінде фольклор үлгілерін әрі жинаудың, әрі жариялаудың, әрі зерттеудің не бір үздік, әрі өзіндік әдіс-тәсілдері қолданыс тапқан. Олардың тәжірибесі келесі ұрпақтың фольклорды жинау ісін әрі қарай дамытуына жол ашты. Соның арқасында бұл дәстүр XX ғасырдың бірінші жартысында да тоқтап қалмай, өз жалғасын тапты. Бұл кездегі жиналған фольклор үлгілері, оның ішінде мақал- мәтелдер де өзінің мәнерлілігімен, көркемдік күш-қуаты неғұрлым толық сақталумен ерекшеленеді.
Қазақ мақал-мәтелдер жинау, жариялау, зерттеу жұмыстары заманның әр кезінде жекелеген көзге түскен фольклортанушы ғалымдар еңбегімен тығыз байланысты жүргенін білеміз. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы мақал-мәтелдер жинау жұмыстары, негізінен, тарихи-этнографиялық сипатта болды.
Қазіргі таңда мақал-мәтелдерді зерттеу 3 кезеңге бөліп қарастырылып жүр:
1) ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 40-60 жылдарына дейінгі кезең қазақ мақал-мәтелдерін халық аузынан жинақтау, қағаз бетіне түсіру, жеке басылым ретінде шығару жұмыстарының жүргізілуімен Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, А.Байтұрсынов, Ө.Тұрманжанов, т.б. еңбектерінде сипатталады.
2) Мақал-мәтелдердің зерттеудің ғылыми айналымына түскен кезеңі. Әдебиетші М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов, Т.Кәкішев, З.Қабдолов зерттеулерінде қазақ мақал-мәтелдерінің әдеби табиғаты, тілші-мамандар Ә.Қайдар, З. Ерназарова, А.Нұрмұханов, С.Сәтенова зерттеулерінде мақалдардың тілдік ерекшеліктері сөз болады.
3) Қазақ тіл білімінде перемологияның дербес ғылым саласына айналып, мақал-мәтелдердің антропоцентристік бағытта қарастыра бастаған кезең.
ХХ ғасырдағы Қазақстанда фольклор үлгілерін жинау мәселесі 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін кең жолға қойылып, қоғамдық маңызы бар іске айналды. Партия мен өкіметтің бастауымен бұл жағдай қазақ халқының түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетінің гүлденуіне әкеледі деп есептелді.
1920 жылдардың алғашқы кезеңдерінен-ақ үкіметтің арнаулы қаулысы бойынша бір топ ғылыми орталықтар жұмыс істей бастады: Қазақ оқу халық комиссариат, Академиялық орталығының коллегиясы, Түркістан республикасының Халық комиссариаты советі жанындағы Қазақ ғылыми комиссиясы, Қазақ оқу халық комиссариаты жанынан ашылған Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы және тағы басқа да Түркістан республикасы мен Түркістан өлкесінің қоғамдары мен мекемелері Ғылым академисының орталық өлкетану бюросымен бірігіп жұмыс істеді.
Қазақстан фольклортанушылары 1920 жылдарда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап бастыруды қолға алды. Сөйтіп, бұл шаралар қоғамдық маңызы бар істің біріне айналды. Сондықтан да қазақ мақал-мәтелдер жинау мәселелері сол кездің ғылыми съездерінің күн тәртібіне еніп, баспасөз бетінде ол жайлы пікір алысу басталған.
Қазақ мақал-мәтелдерінің жиналу, жариялану жағдайы «Қазақ фольклористикасы» атты еңбекте былайша берілген: «Қазақ мақал-мәтелдері – ертек, аңыз-әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр. Олай дейтініміз XII – XIII ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Мәселен, Орхон жазуларында: «Жырақ болса жаман сыйлық берер, жақын болса жақсы сыйлық берер», «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» («Күлтегіннен»), «Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай», «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөктен») – деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмут Қашқаридің «Дивайни луғат-ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң кішік бол, халық үшін бәлік бол». «Кісі аласы ішінде, жылқы аласы сыртында», «Тай ат болса – ат тынар, ұл ер болса – ата тынар» – дейтін мақалдарды, ал «Құдатғу біліктен» «Біліп сөйлеген білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр», «Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер» – дейтін мақал-мәтелдерді оқимыз.
Алайда, ертедегі құлпы тастарда, сирек кітаптарда жазылып қалған бірен- сарандары болмаса, қазақ мақалдары мен мәтелдері, негізінде, халық жадында ауызша айтылып сақталған. Оларды жинап, жазып қағаз бетіне түсіру, баспасөз арқылы жариялау XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Ш. Ш. Уәлиханов пен Л. И. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтел сакталған. Солардың ішінде күні бүгінге дейін құнын жоймаған «Ақыл – дария, көңіл – дүлдүл», «Тотықұс бойын көріп сырланады, аяғын көріп қорланады» деген сияқты ондаған мақал бар. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері әр түрлі ведомостілерде, жинақтарда, хрестоматияларда жазылып жарияланып келді. Қазақ фольклорының басқа түрлерімен бірге (кейде дербес) оны жинап жариялаушылар: Ш. Ибрагимов, М. Терентьев, Ы. Алтынсарин, Я. Лютшь, Ф. Плотников, Н. И. Гродеков, А. А. Васильев, П. М. Мелиоранский, А. А. Диваев, Н. Ф. Катанов, Н. Н. Пантусов, В. В. Катаринский т.б. болды.
Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, соның ішінде мақал-мәтелдер жарияланған революцияға дейінгі әдебиетте Орынборда 1879 жылы шыққан, 1906 жылы толықтырылып қайта басылған Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясының алатын орны ерекше.
Сол сияқты В.Катаринскийдің Орынборда 1899 жылы «Памятная книжка Тургайской области на 1899 год» дейтін кітапта жарияланған қазақ мақалдарының жинағын да атай кеткен жөн. Бұл жинақта оған дейін жарық көрген қазақ, мақалдары мен мәтелдері жинақталған – бір мың бес жүздей мақал-мәтел жарияланған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет